295
Материалдары мен әдістері:
Зерттеу жұмысының материалы ретінде дәрілік өсімдік шикізаты тікенді
қандым (
Calligonum setosum L.
).
Құрғақ қалдық мөлшерін анықтау -
мөлшері 2,0 мл тұндырманы алдын-
ала 100-105 С
температурада тұрақты салмаққа дейін құрғатып,
дәлдікпен
өлшенген диаметрі 50мм болатын фарфор шыныаяққа немесе 0,0001 г дейін
өлшенген бюксқа салып, су моншасында кептіреді және 3
сағат кептіргіш
шкафта (102,5 ± 2,5) С температурада құрғатады. Эксикаторда 30 мин
аралығында салқындатып өлшейді. Нәтижелер пайызбен өлшенеді. Құрғақ
қалдық мөлшері МФ мақаласына және нормативтік құжатта көрсетілген шекке
сай болуы керек (ҚР МФ Ⅰ, 1т., 2.8.16. 235 бет).
Салыстырмалы тығыздықты анықтау -
тұндырманың салыстырмалы
тығыздығы мақалада көрсетілген шектеулерге сәйкес болуы керек. Ареометр
немесе пикнометр көмегімен өлшенеді.
Тұндырмалардың тығыздығы оның құрамындағы этанолмен ғана емес,
сонымен қатар экстрактивті заттардың
кешенімен де анықталады, олардың
болуы қатты әсер етеді. Сұйықтың тығыздығы
ареометр көмегімен өлшенді
(ҚР МФ Ⅰ, 1 т., 2.2.5 44 бет).
Достарыңызбен бөлісу: