II. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ/ ОБЩЕСТВЕННОЕ ЗДРАВООХРАНЕНИЕ УДК: 616 МРНТИ: 76 CONDITION AND PROBLEMS OF MATERIAL AND TECHNICALEQUIPMENT OF MEDICAL ORGANIZATIONS Aldabergenova S.A., Brimzhanova M.D.
Kazakhstan Medical University "Higher School of Public Health",
Almaty, Republic of Kazakhstan
СОСТОЯНИЕ И ПРОБЛЕМЫ МАТЕРИАЛЬНО-ТЕХНИЧЕСКОГО ОСНАЩЕНИЯ МЕДИЦИНСКИХ ОРГАНИЗАЦИЙ Алдабергенова С.А., Бримжанова М.Д.
Казахстанский медицинский университет «Высшая школа общественного
здравоохранения», г. Алматы, Республика Казахстан
МЕДИЦИНА ҰЙЫМДАРДЫНДА МАТЕРИАЛДЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ Алдабергенова С.А., Бримжанова М.Д.
"Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі" Қазақстан медицина университеті,
Алматы қ., Қазақстан Республикасы
Кілт сөздер: ресурстық қамтамасыз ету, материалдық-техникалық
жарақтандыру, медициналық ұйымдар, денсаулық сақтау жүйесі, тиімділік.
Кіріспе: Материалдық-техникалық
жарақтандыру
медициналық
ұйымдардың тиімді жұмыс істеуінде шешуші рөл атқарады. Пациенттерге
сапалы медициналық қызмет көрсету үшін заманауи жабдықтың болуы өте
маңызды. Алайда, медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық
жабдықтаудың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық жағдайда емес. Біз
зерттеуімізде
медициналық
ұйымдарды
материалдық-техникалық
жабдықтауға байланысты мәселелерін қарастырдық.
Материалы: Астана қаласының 29 мемлекеттік денсаулық сақтау
объектілерінің (13 аурухана объектілері және 16 амбулаториялық-емханалық)
деректеріне талдау жүргізілді.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) және тегін
медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде
халыққа медициналық қызметтер көрсететін медициналық ұйымдар таңдалды.