Сборник предназначен студентам, интернам, резидентам, магистрантам



Pdf көрінісі
бет65/333
Дата18.11.2023
өлшемі4,77 Mb.
#124365
түріСборник
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   333
Байланысты:
sbornikkonferenczii19iyunya2023

 
Кілтті сөздер:
инфекция, жөтел, әлсіздік, ентігу, гипомия, аносмия, 
терлеу, қантты диабет, артериалды гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы. 
Аннотация: 
Коронавирустық инфекция пандемиясында медицина 
бірқатар жаңа мәселелерге тап болды, олардың бірі постковидтік синдром. 
COVID-19 инфекциясымен ауырған көптеген адамдарда симптомдар ұзақ 
уақыт сақталуы мүмкін, бұл өмір сапасына айтарлықтай әсер етеді. Бұл жағдай 
постковидтік синдромды әлеуметтік маңызды ауруға айналдырады
науқастарды динамикалық бақылауды және оңалту бағдарламаларын әзірлеуді 
қажет етеді. 
Зерттеудің өзектілігі:
Коронавирустық инфекциясымен байланысты 
жаңа белгілердің дамуы және олардың ұзақ уақыт сақталуы халық пен оның 
Денсаулық сақтау жүйесі үшін өзекті мәселе болып табылады. Тыныс алу 
құрылымындағы өзгерістер ең көп кездесетініне қарамастан, өкпеден тыс 
көріністер де көп.
Коронавирустық инфекция COVID-19 вирус арқылы дамитын ауыр 
респираторлық инфекция. Жедел респираторлық вирустық инфекциясы жеңіл 
түрде де, ауыр түрде де өту қауіпі бар ауру. Оның ерекше асқынулары 
вирустық пневмония, жіті респираторлық дистресс-синдромға, тіпті өлімге 
әкеп соқтыруы мүмкін. Аурудың ең көп тараған белгілеріне дене қызуы
шаршағыштық және құрғақ жөтел жатады. Көптеген жағдайларда адамдар 
арнайы емдеулерсіз сауығып кетеді. Аурудың ауыр түрлері қарт адамдарда 
және демікпе, диабет және жүрек аурулары бар адамдарда дами алады. Вирус 
құрамында вирусы бар тамшылар арқылы жөтелу немесе түшкіру кезінде, 
сондай-ақ көзге, мұрынға немесе ауызға түсуі арқылы таралады. 
Егде жастағы (қарт) адамдарда, сондай-ақ қосымша аурулары бар 
адамдарда (анамнезінде жүрек және өкпе аурулары, қант диабет, терең тамыр 
тромбозы, тромбоэмболия және т.б. аурулары бар адамдарда) аурудың ауыр 
ағымы мен асқынуы жиі кездеседі. Алайда, әрқайсысы COVID-19 жұқтырып, 
оны ауыр түрде өткеруі әбден мүмкін. 


67 
Ғалымдардың зерттеуі бойынша, аурудың белгілері шамамен 5 күннен 
кейін біліне бастайды. Кей адамдарда бұл кезең одан ұзақ болуы мүмкін. БДҰ 
мәлімдемесі бойынша, инкубациялық кезең 14 күнге дейін созылады. Өзге де 
дәрігерлердің анықтамасы бойынша бұл кезең 24 күнге дейін созылуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет