Сборник школьных сочинений на патриотическую тему по ре зультатам Республиканского конкурса на лучшее школьное сочинение



Pdf көрінісі
бет23/71
Дата13.02.2017
өлшемі3,11 Mb.
#4011
түріСборник
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   71

Алаш ардақтысы

  Тұтас  буынның  төлбасы,  кешегі  Ыбырай,  Абай,  Шоқан  салған 

ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым-

тілші, қазақ тілі емлесінің реформаторы, грамматиканың және қазақ 

әдебиеті  теориясының  негізін  салушы,  аса  көрнекті  қазақ  ақыны 

Ахмет  Байтұрсынов  қалдырған  тау  сілеміндей  мол  мұра  –  қазақ 

халқының басты құндылығы. «Қан жылаған қазақ баласына істеген 

еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымас қайраты – біз ұмытсақ 

та, тарих ұмытпайтын істер болатын», - деп М.Әуезов айтқандай, Ахаң 

істері тарих сахнасында мәңгіге сақталмақ. Иә, Ахмет қазағым, «Ала-

шым» деп еңіреп өткен асыл, қазақтың біртуар азаматтарының бірі. 

 А.Байтұрсынов туралы артығымен білгісі келген жам буын, әрбір 

қазақ оның өмірін тек қана кітап беттерінен іздемей, Ахаң 1934-1936 

жылдары  өмір  сүрген,  қазіргі  таңда  мұражайға  айналған,  Алматы 

қаласындағы үйіне барғаны дұрыс деп санаймын. Ол мұражай есігін 

аттаған  сәттен  бастап,  Ахмет  өміріне  кіріп  кетесің.  Алдымен,  оның 

енгізген әліпбиімен танысудан бастап, «Ғалия» медресесінде оқыған, 

М.Дулатовпен  танысқан  жылдарындағы  естеліктерін  көріп,  жары 

Бәдрисафа (шын аты –Александра) туралы көп мәліметтер білуге бо-

лады. Өзі қолданған заттарды көргенде, тіптен, қызыға түсесің. Ахаң 

өзі:

Қинамайды абақтыға жапқаны,



Қиын емес –дарға асқаны, атқаны,

Маған ауыр осылардың бәрінен,

Өз ауылымның иттері ұрып қапқаны,


234

Казахстан, армия, патриотизм

-  деп  күйіне  жырлағанда,  жалған  жала  жабылып  «Халық  жауы» 

атанып, түрмеде өткен ауыр жылдарынан көп деректер аласыз.

1997  жылы  ел  Президенті  Н.Назарбаевтің  шешімімен  «Жалпы 

ұлттық  татулық  және  қуғын-сүргін  құрбандарын  еске  алу  жылы» 

деп  аталды.  Алматы  облысы,  Талғар  ауданы  Жаңалық  ауылын-

да  репрессияға  ұшырағандарға  арнап  ескерткіш  орнатылды.  Сол 

ескерткіште  аты  аталып  жазылған  әрбәр  азамат  ерлігі  алдында 

қазақ баласы басын иіп өтеді. Әрине, ең басында Ахмет есімі – ерекше 

құрметпен аталып тұр. 

Міне, мен Ахмет Байтұрсынұлы мұражайынан осыншалық кере-

мет әсер ала алдым, және де сол әсеріммен оқырман қауымымен, өз 

құрдастарыммен бөлісуді жөн санадым. 

Қазақ әліпбиінің реформаторы, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану 

ғылымының  негізін  салушы,  мысал  жанрының  бірегей  үлгісін  салу-

шы және ақын. Халық әдеби мұрасын жинаушы, құрастырушы және 

шығарушы,  оқу-ағарту  ісінің  білгір  әдістемешісі,  ағартушы-ұстаз. 

Қазақ  баспасөзінің  негізін  қалаушы  (1913-1918)  ж.ж.  қалыптасушы 

қазақ  елінің  көшбасшысы  (1920-1924).  Оқу-ағарту  ісінің  тұңғыш 

комиссары,  қазақ  академиялық  орталығының  төрағасы.  Қазақ  ре-

спубликасы  орталық  атқару  комитетінің  белсенді  мүшесі,  қазақ 

республикасының  жоғарғы  оқу  орындарының  профессоры  Ахмет 

Байтұрсынұлы еңбегінің алдында бас иемін! 

Мұхаметжан Бегайым

11 сынып, № 12 орта мектеп Іле ауданы, Байсерке ауылы



Менің Президентім

Менің  Отаным  –  Қазақстан.  Мен  осы  елдің  азаматымын  деп 

мақтаныш сезіммен айта аламын. Өйткені, менің желбіреген көк Туым 

бар, бойыма қуат күшін беретін Әнұраным бар, аты жаһанға танымал 

Елбасым бар! Жетпіс жылдан астам Кеңестер Одағының құрамында 

болып,  өз  бұйдамыз  өзгенің  қолында  болса,  бүгінде  Тәуелсіз  елдің 

тумасымын, егемен елдің ұланымын.Біздің еліміз – жүздеген ұлт пен 

ұлыс өкілдерінің ынтымағы жарасып отырған мемлекет. Елімізде өзге 

мемлекеттер  қызыға  қарайтын  береке  мен  тыныштықтың  болуы  – 

өзара достық қатынастың, Елбасының басқару жүйесінің жемісі. 



235

Сочинения школьников Алматинской области

«Халқымның тәуелсіздік таңы атқанда, көрінді көш алдынан дара 

тұлғаң,» - деп ақын жырға қосқандай, мен кейде Қазақстанды алып ке-

меге теңеп, ал Елбасшыны алып кеменің капитаны сияқты елестетемін. 

Осы капитан өз кемесін тура жолмен жарқын өмірге бастап келе жа-

тыр. «Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы»,- деп Н.Ә.Назарбаевтың 

өз сөзімен айтқанда Егемендік, Тәуелсіздік, Ана тілі ұлтты біріктіруші 

күшке,  ұлттың  рухани  тірегіне  айналды.  ХХІ  жылға  жетер-жетпес 

уақытта Қазақстан әлемнің азулы мемлекеттері қатарынан өз орнын 

ойып алды. Қазақстанды әлем таныды, мойындады. Қазақ елінің ше-

карасы  айқындалып,  ешкім  қол  сұға  алмайтын  заңмен  көмкерілді. 

Әлем жаңа қазақ мемлекетін, оның Елбасшысын осылай мойындады. 

Әлем  лидерлері  Қазақстан  президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  уәлі  сөзін 

тосатын,  кесімді  пікірімен  санасатын,  айғақ  ойына  келісетін  бол-

ды.  Англияның  экс-премьер-министрі  Маргарет  Тетчер  :  «Назарбаев 

–  қалыпқа  сыймайтын  тұлға»,-деп  жоғары  баға  берді.  Бұл  тек  Пре-

зидентке  деген  құрмет  емес,  қазақ  халқына  деген  құрмет  емес  пе?! 

Елбасы – рухы биік, жасампаз, кімді болса да өз ісіне сендіре алатын, 

кімді болса да ізгі істерге жұмылдыра алатын, жігерлендіре алатын 

тарихи тұлға, халықтың қалаулы перзенті! Елбасының әлемді аузына 

қаратқан, әлем картасындағы ең жас қала – Астана қаласын салуы да 

ерліктің ерлігі деп білемін. 

«Ел болашағы – білімді ұрпақ қолында»,- деп Елбасы өз сөзінде 

айтып  кеткендей,  елімізде  жастардың  тиянақты  білім  алуына  жан-

жақты жағдайлар жасалуда. Шет елдің озық университеттері негізінде 

Назарбаев  университеті,  Назарбаев  интеллектуалдық  мектептері 

ашылды. Бұл – жастарға жасалып отырған үлкен қамқорлық, сара жол. 

Бүгінгі күнде халқымыз тоқ, еліміз тыныш. Бұл да еліміз үшін үлкен 

бақыт.  Мемлекетіміздің  гүлденуі,  экономикамыздың  өсуі,  рухани-

мәдени үрдістердің өркендеуі – Қазақстан-дағы саяси тыныштықтың, 

ұлттар арсындағы ынтымақтастықтың айғағы. 

Мен  осындай  әлемді  мойындатқан  елдің  азаматы  екендігіме, 

қазақ деген ғажап халықтың қызы екендігіме мақтанамын. Мен Қазақ 

елінің бір кішкене бөлшегі ретінде осы елдің көркеюіне, дамуына өз 

үлесімді қосамын.

Еліміздің  мамыражай,  тыныш  өмірі,  жасампаз,  жаңалыққа  толы 

нұрлы болашаға, өркениетті елдермен тереземізді тең еткен сындар-

лы  саясаты  үшін  Елбасымызға  деген  алғысым  шексіз!  Елін  сүйген, 

елі  сүйген  Президентім  менің!  Елімізді  жарқын  болашаққа  жетелей 

беріңіз!


236

Казахстан, армия, патриотизм

Сахари Айдана

10 сынып, № 2 орта мектебі Қапшағай қаласы



Менің Отаным – Қазақстаным

Қазақстан  –  кең-байтақ  ел.  Төбесі  көкке  тірелген  таулары  бар, 

көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын 

астық  пен  малға  толған  кең  жазира  даласы  бар  Қазақстан  –  әлемге 

әйгілі өте бай ел. Табиғаты әр алуан жан-жануарларға толы, аққулы 

көлдері  бар,  тулаған  толқынды  теңіздері  бар,  әсем  қалалары  бар 

достығы  жарасқан  көпұлтты  мемлекет.  Әнұранымен  әйгілі,  Туымен 

тұғырлы,  Елтаңбасымен  еңселі  егемен  елімізге  қызыға  қарамайтын 

ел жоқ шығар. 

Туған  жер  –  адам  өмірінде  киелі  орын  алады.  Нақты  осы  жер 

оны  елімен,    өткенмен  және  болашақпен  байланыстырады.  Міне, 

сондықтан  да  тіпті  балалық  шақтан  бастап-ақ  адамда  отанға  деген 

махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан  ошақ басынан бастала-

ды: туған жер, туған көше, туған қала. Менің Отаным кішкентай бол-

са да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы 

жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. 

Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше 

әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік 

сирек  жүретін,  бірақ  серуендеп  жүретін  адамдар  көп  болатын.  Иә... 

Туған  жер  ұзаққа  қиып  жібермейтін.  Сен  әрқашан  өзің  бармасаң  да, 

оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...» деген 

ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіз дүрсілі естіледі. Қазір 

бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула 

мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір 

бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.  

Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен  әрқашан да 

мақтан тұтамын. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау әрбір азаматтың 

бірінші міндеті.

Мұқағали ағамыз: «Сендердікі қоғам, өмір, заман да, Сен түзеген 

қалаңменен  далаң  да,  Болашақта  барлығы  да  сендердікі,  жас  ұрпақ, 

Сендерге аманат етіп табыстаймыз, қабыл алыңдар!»,- дейді.

Біз – халқымыздың үміт артарымыз, өлкемізді көркейтіп жасар-

тары да біз – жастар. Біз енді тәуелсіздігімізді сақтау үшін, оны баян-

ды ету үшін өмір сүруіміз керек. Ел қамы үшін пейішке де, тозаққа да 

бірге кіруге тиіспіз. Бабалар қалдырып кеткен Ұлы дала алдындағы 


237

Сочинения школьников Алматинской области

жауапкершілік  бізді бүгін осыған шақырып отыр. Тарихқа есесі кеткен 

халқымыздың бүгінгі тағдыры бізден осыны қажет етіп отыр.

Шадкам Садаф

6 сынып, №4 Қарғалы орта мектебі Жамбыл ауданы



Соғыс деген суық сөз!

Соғыс не? Соғыс апат, Соғыс соққы.

Ол соқса шығарушы бұрын жоқты

Ол дауыл, күш мұхитын тасытады.

Елетпей азды-көпті, ашты- тоқты

Соғыс!  Не  деген  қорқынышты  да  үрейлі  еді.  Бұл  сөз  кез  келген 

адамға  соншалықты  суық  естілетін  сөз.  Қазақ  еліне  ең  ауыр  тиген 

соғыс – Ұлы Отан соғысы. Бұл соғыста көптеген қазақ азаматтары қаза 

тапты. Есімдері қазақ халқының мәңгілік есінде. 

Шығыстың қос жұлдызы атанған Мәншүк пен Әлия, Талғат Бигел-

динов, Бауыржан Момышұлы, Нүркен Абдилов, Рақымжан Қошқарбаев 

және  тағы  басқа  мақтан  тұтарлық  аталарымыз.  Ерлік  істері  кейінгі 

ұрпақ, біздерге үлгі болмақ. 

Осы соғыстың суық желі ешқашан ұмытылмақ емес. Қазақ елінің 

басынан ешқашан қиындық, азап таусылмады. Ал міне, қазір көптен 

күткен тәуелсіздігімізге де қол жеткіздік. Өз алдымызға тәуелсіз мем-

лекет болдық. Көк аспанда желбіреген көк туымыз, самғап шырқайтын 

әнұранымыз, елтаңбамыз бар. 

Біз  тәуелсіз  елдің  ұрпақтарымыз.  Тәуелсіздігімізбен  бірге 

жаңарып  көптеген  ақын-жазушыларымыздың  шығармалары  өз 

оқырмандарымен қауышты. 

Өзіміздің кемел де, алғыр, білімді елбасымыз бар. Ол – Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаев. Нұрсұлтан атамыз халқы үшін өз жанын қиюға 

дайын.  Ол  жан-жақты,  білімді,  парасатты.  Ол  елбасы  болғалы  бері 

елінің амандығын, халқының тыныштығын тіледі. 

Нұрсұлтан атамызды ел сүйеді, ал ол елін сүйеді. Сондықтан да, 

басқа елдер бізге қызыға қарайтындай бейбіт ел болайық. Біз қазір 

«қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда» өмір сүріп жатырмыз. 

Осының  бәрі  –  қасық  қаны  қалғанша  соғысқан  азаматтарымыздың 

арқасы.


238

Казахстан, армия, патриотизм

Біздің әрқашан оларға алғысымыз шексіз! Қазақтай елді басқарып 

отырған елбасымыз, туған ерлеріміз аман болсын!

Шадкам Сахила

10 сынып, № 4 Қарғалы орта мектебі Жамбыл ауданы



Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздігін  жариялағаннан  кейін-ақ, 

өзінің  белсенділігін,  өнерлі  халық  екендігін  дәлелдей  бастады.  Ең 

бірінші жетістігін ауыз толтыралықтай айтар болсақ, әрине тәуелсіз 

мемлекет  ретінде  аталуы.  Ал  сол  тәуелсіз  мемлекеттің  рәміздері 

құпия, таңғажайып мағыналарға толы асыл қазына. Рәміздер деген-

де менің ең бірінші ойыма келетіні, халықтың салт-дәстүрі, ұлты, тілі, 

тарихы бәрі-бәрі осы рәміздерде жыр болып, көркемделіп баяндалған. 

Мысалға  алар  болсақ:  біздің  көк  аспандай  желбіреген  туымыза-

спан  күмбезін  еске  түсіреді  және  халқымыздың  мәдени-этникалық 

біртұтастығы  мен  мемлекетіміздің  мызғымастығын  көрсетеді.  Таза, 

ашық көгілдір аспан әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштықтың белгісі 

болған. Әрі көк түс менің ойымша Қазақстан халқының өз мемлекетін 

құру жолында ниетінің тазалығын және маңыздылығын білдіреді. Ту-

ымызды көркемдеу үшін арнайы жасалған өрнек қазақтың дәстүрлі 

көркем өнерінің негізгі нақыштарымен үйлесім тапқан. Тудағы күннің 

нұры шұғылалы алтын бейнесі-байлықпен берекенің,тыныштықтың 

нышаны.  Ал  күннің  астында  шарқырап  ұшып  жатқан  бүркіт  қазақ 

халқының  барлық  ұлттарға  құшағын  жая  ұмтылатын  кеңдігін,  көп 

ұлтты егеменді мемлекетіміздің бостандық сүйгіш рухани ерекшелігін 

бейнелейді.  Сонымен  қатар  дала  қыраны  қазақстандықтардың 

жомарттығы мен қырағылығын, ой-ниетінің биіктігін білдіреді.

Қазақстан Республикасы рәміздерінің тағы бірі оның елтаңбасы. 

Қазірде  біз  Елтаңбаның  бейнесін  теңгелерде,  мөрлерде,  тулар-

да,  қару-жарақтарда,  киімдерде,  қолжазбалармен  кітаптардан 

көре  аламыз.  Елтаңбаның  негізін  салып  арқау  болып  тұрған  оның 

шаңырағы.  Шаңырақ  –  Елтаңбамыздың  жүрегі,  қазақ  халқының 

ежелден  келе  жатқан  киіз  үйінің  күмбезі.  Ол  әлемнің  тұтастығын, 

ошақтың  амандығымен  беріктігін  білдіреді.  Уықтары  одан  тарап 

жатқан  сәулелері  секілді.  Елтаңбадағы  тұлпар  –бостандыққа,  ерек-

ше  шаңдықпен,  айрықша  күш-қуаттың  дарыған  ғажап  қасиетінің 


239

Сочинения школьников Алматинской области

иесі.  Елтаңбаның  маңдайшасында  бес  бұрышты  жұлдыз  салынған. 

Мемлекетіміздің жұлдызы жарық әрі биік болып, әр азамат сол жарық 

сәулеге  сеніп,  күш-қуат  жинап,  сол  жұлдыздан  бағыт-бағдар  алып, 

әрқашан жарқын болашақпен жақсы жолға жетелесін деген сеніммен 

белгіленген. «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» де-

ген  асыл  арманды  осы  елтаңбадағы  бес  бұрышты  жұлдыз  арқалап 

тұрғандай көрінеді.

Тағы бір рәмізіміз – мемлекеттік әнұран. Осы салтанатты әуенді 

естігенде  қай  Қазақстан  азаматының  жүрегі  дір  етпейді  екен  сірә? 

Әнұранымыз  жүректің  лүпілін  арттырып,халықты  патриоттық 

сезімге тәрбиелейді. Отанға деген сүйіспеншілік, бейбіт пейіл, досқа 

ашық  құшағымызбен  еркіндікке  құштар  көңіліміз  жақсы  көрініс 

тапқан. Бұл музыкалық бойтұмармен беттескен десекте артық емес. 

Себебі халықтың тарихы, ұлты, байлығымен еркіндігі, бәрі-бәрі осы 

әнұранымызбен шырқалады. Мемлекеттік Әнұран – егеменді еліміздің 

Туы мен Елтаңбасының сазды баламасы.

Осы  рәміздерді  ұлықтау  арқылы  елімізді  гүлдендіріп  жатқан 

«Гүлстан»  ұжымының  іс-шаралары  дүниежүзілік  мәселеге  айналған 

елді  көгалдандыру  жобасы.  Бұл  бағдарламамен  «Гүлстан»  ұжымы 

көптеген жұмыстар атқарды. Соның ішінде маған қатты ұнағаны осы 

егемен мемлекетіміздің рәмізі еліміздің туы гүлдер арқылы өрнектеп 

егілгені. Бұл тек қана дизайн емес. Сонымен қатар экология, өскелең 

ұрпақты  ел  экологиясын  қорғауға  тәрбиелеу.  Халықтың  санасына 

Қазақстанды  көгалдандыруға  деген  ынтаны  арттыру.  Сұлулықпен 

тазалыққа баулу. Кімге болмасын рәміздерімізді қала аймағынан көру 

ұнайды. Әсіресе оны ерекше өсімдіктермен жасап, ерекше күтімде бап-

таса....


  Көптен  күткен,  ата-бабаларымыз  аңсаған  тәуелсіздікке  қанша 

қан төгіп жеттік. Енді міне егемен еліміздің қадір-қасиетін қастерлеп, 

оның  мемлекеттік  рәміздерінің  салт-дәстүрін  сақтау  әр  Қазақстан 

Республикасының азаматының міндеті, борышы.



240

Казахстан, армия, патриотизм

Шакеева Динара

11 сынып, № 2 орта мектебі Қапшағай қаласы



Менің Отаным – Қазақстан

 Әрбір ұлттың, халықтың өз отанына деген қатынасы ерекше және 

өзіндік, құрметі өте зор. Туған елдің мәдениеті, тарихы, тұрмысы, сал-

ты,  тілі  мұның  барлығы  халықтың  рухани  баға  жетпес  құндылығы, 

түп қазығы, айбыны болып табылады. «Отан», «Туған жер» дегеніміз 

неткен терең мағыналы ұғымдар. Олар адамға қуат, жақсы әсер беріп, 

намыс пен мақтаныш, сүйіспеншілік деген шынайы сезімдерін оята-

ды. «Жарық дүниеде туған Отаныңнан сүйкімді не бар?» деп танымал 

неміс жазушысы Ф. Шиллер айтқандай, Отан расында да асыл даналық.

Менің Қазақстаным – ең ыстық қалаулы, «алтын бесігім», сонымен 

қатар аяулы, маңызды, ардақты. Бүгінгі күнде мықты, асқақ беделді 

мемлекет болып әлем жүзіне танымал. Батыстағы Каспийден Алтай 

асқақ  тауларына  дейін  созылып  жатқан  қасиетті  өлке.  «Қазақстан», 

«Отаным»  дегенде  көз  алдыма  биікке  желбіреген  ашық  көгілдір 

жалаудың бейнесі, шалқыған көк жайлау, қалықтап ұшқан қыран құс, 

қанатты тұлпарлар, шегі көрінер емес кең байтақ қазақ даласы, алты 

қанат ақ орда, түтіні бұрқыраған ауыл елестеп, айдын көлдегі аққудың 

даусы, құлақтан кіріп бойды алар қасиетті домбыраның үні естіледі. 

Еліміздің  туған  тарихы  айтарлықтай  өзіндік.  Біздің  халықта 

атамекенді ардақтау сезімі өте терең болған. Халқымыздың басынан 

қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы 

жаудан бірігіп қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. 

Ел  тағдырын  өз  тағдырынан  биік  қойған,  ұлтының  тұтастығын, 

жерінің  бүтіндігін  мұрат  еткен  қазақ  батырлары  қазақ  тарихының 

әр белесінде тұлғалық деңгейге көтеріліп отырған. Қазақ тарихының 

әрбір  белесінде  халықтың  мәні  бар  тарихи  оқиғаларға  араласқан, 

асқан ерлік көрсеткендер өте көп. Олардың аты мәңгі кейінгі ұрпақтың 

есінде қалады.

Осылайша,  ол  шеті  мен  бұл  шетіне  жеткенше  қус  қанаты  тала-

тын  қазіргі  кең  байтақ  өлкемізді,  құтты  қоныс  ата  мекенімізді  ұлы 

жорықтарда батыр бабаларымыздың күшімен, найзасының ұшымен 

қорғай жүріп бізге аманаттап қалдырды.

Қазіргі  таңда  біздің  ел  –  гүлденіп  келе  жатқан,  мықты 

мемлекеттердің  бірі  болып  келеді.  Осы  қысқа  тарихи  мерзімде  қол 

жеткізген  жетістіктері  көп.  Әрине,  осы  жиырма  жылдың  ішінде 


241

Сочинения школьников Алматинской области

егеменді еліміз өз дамуында ұлт көшбасшысы Н. Назарбаевтың ересен 

күш-жігері, кемел ақыл, кемеңгер саясатымен бір ғасырға бергісіз жол-

ды еңсеріп үлгерді. Бұл жол, алайда, теп-тегіс тақтадай жеңіл болған 

жоқ.  Кешегі  КСРО-дай  алып  державаның  күйреп  құлағаны,  оның 

құрамындағы барлық елдердің есін тандырып түскенін ешкім жоққа 

шығара  алмайды.  Міне,  осы  бір,  әсіресе  әлеуметтік  экономикалық 

тұрғыда  қисапсыз  қиындық  туғызған  тұста  тәуелсіздігін  енді 

ғана  жариялаған  Қазақстанның  тұңғыш  Президенті  Н.  Назарбаев 

«тәуекел түбі – жалқайық» дегендей, елдің бар құрылымын нарықтық 

қатынастарға  бұрды.  Шынында,  қандай  қиындық,  қандай  кемшілік 

болса  да,  осы  бағыт  еліміздің  өркендеуіне  жол  ашты.  Сондай-ақ 

Қазақстан бейбітшілік елшісі ретінде танылған мемлекетке айналып 

отыр. Өз еркімізбен ядролық қарусыз ел атанғанымыз бұл бүкіл әлемдік 

өркениетіне ерекше әсер еткені айқын. Мұның бәрі Қазақстанның өз 

ішіндегі қоғамдық тірліктің үлгісінен туындап жатқаны белгілі. Бұл 

елдегі  140  этностың  бір  шаңырақ  астында  тату-тәтті  өмір  сүруінің 

шынайы  белгісі  болып  табылады.  Тәуелсіздік  жылдарында  Есілдің 

ен бойында жаңа ел орда орнығып, Сарыарқаның төсінде Астана бой 

көтерді. Тарих қойнауында өткен бұл кезеңде Қазақстан әлем арена-

сына үлкен беделге ие болып, іргетасы берік орнықты. Төрткүл дүние 

қазақтың кім екенін танып білді. 

Қазіргі  уақытта  мектептен  бастап  жеке  тұлғаны,  әсіресе 

интеллектуалдық тұлғаны қалыптастыру – білім мен тәрбие берудегі 

ең маңызды мемелекеттік істің бірі болып келеді. Бұл мақсатта мем-

лекет тарпынан «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасы жүзеге 

асырылып  жатыр.  Бүгінгі  таңда  қазақстандық  интеллектуалдық 

ұлтты қалыптастыруда шет елдердің атақты жоғары оқу орындарын-

да «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жатқан білімді жастарға, 

еліміздегі  зияткерлік  мектептердің  оқушылары  мен  «Назарбаев 

университеті» студенттеріне үлкен сенім артылуда. Оқушыларды білім 

ордасының қабырғасында жүргенде ақ зерттеу жұмыстарына тартып, 

болашаққа қлғамның интеллектуалды элитасын қалыптастыру басты 

міндеттердің бірі ретінде қойылып отыр. 

Егеменді еліміздің жарқын болашағы білімді де білікті жастардың 

қолында екені ақиқат. Сондықтан біздің, жастардың алдындағы биік 

мақсат – отаншыл, нағыз отансүйгіш болып жас мемлекетіміздің да-

муына,  гүлденуіне  үлесімізді  қосу,  отанымыздың  жарқын  болашағы 

үшін арпалысу.


242

Казахстан, армия, патриотизм

Атырау облысы

243

Сочинения школьников Атырауской области

Вранчева Ксения

7 класс, школа-лицей № 17 г. Атырау



Казахстан – моя Родина

 Казахстан – земля родная

 Очень любим мы тебя.

 Море, горы, даль степная -

 Это Родина моя!

- Что же такое патриотизм?, - задумалась я перед написанием со-

чинения. Первое, что я сделала, заглянула в словарь Ожегова. 

Производное от слова «патриот» - «патриотизм» - преданность и 

любовь к своему народу. А кто же такой «патриот»?

- Патриот - это человек, одушевленный патриотизмом. Человек, 

преданный, любящий свою страну, выражающий любовь к Родине, то 

есть своей стране – Республике Казахстан.

Какой высокий смысл заложен в одном коротком слове – Родина. 

И для каждого человека это слово содержит в себе что-то особенное, 

личное и что-то общее, более значительное. Думая о Родине, мы дума-

ем о той прекрасной, великой стране, в которой мы родились, вырос-

ли. Мы чувствуем гордость от того, что являемся частью этой страны. 

Любовь к Родине нам прививают с детства – родители, воспитатели, 

учителя.

Я – русский, но живу я в Казахстане,

Я здесь родился, здесь моя земля,

Мои дожди, покосы и туманы,

Мои березы и мои поля

Для меня моя Родина – это в первую очередь мой родной люби-

мый город Атырау. Город, где я родилась, живу, учусь, где проходит мое 

детство, город, где живут мои родные, друзья. Я живу в Атырау уже 13 

лет, и я люблю этот город ни за что конкретно, а за то, что он есть, он 

именно такой, непохожий ни на любой другой город.

Если представить, как будто мы оказались в другой стране. Надол-

го разлучились со своей Родиной, близкими людьми. И там мы встре-

чаем земляка, человека из того же города. И какова будет наша реак-

ция? Да, мы радуемся, как будто встретили родного брата.



244


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет