Сборник школьных сочинений на патриотическую тему по ре зультатам Республиканского конкурса на лучшее школьное сочинение



Pdf көрінісі
бет20/71
Дата13.02.2017
өлшемі3,11 Mb.
#4011
түріСборник
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   71

Казахстан, армия, патриотизм

судьбу, о государстве, где власть служит интересам всего народа, о не-

зависимой стране, известной и уважаемой во всем мире.Согласитесь, 

недостаточно  только  провозгласить  государство  демократическим, 

главное - обеспечить его устройство и деятельность соответствующи-

ми правовыми институтами, реальными гарантиями демократизма. И 

это возможно только при реально работающей Конституции, а не при 

«декларации добрых намерений». 

Основные ценности сильного гражданского общества закреплены 

в Конституции Казахстана: это и обеспечение прав и свобод человека, 

и свободно формирующееся общественное мнение, и взаимная ответ-

ственность государства и личности, и самоуправляемость. Основной 

закон страны выдержал испытание временем и доказал свою жизне-

способность, устойчивость, функциональность. Ведь не зря мы пишем 

его название с заглавной буквы: это говорит об огромном уважении к 

Главному закону страны.

Знаете, я не отношусь к тем людям, предки которых боролись за 

независимость, и мне, наверное, не понять многого, но это никак не 

влияет на мое отношение к стране. Я горжусь тем, что меня окружают 

люди, верные своей земле и своим традициям.

 У казахского народа много добрых традиций! Люди ценят их, как 

основу  общности,  как  напоминание  о  том,  как  они  едины  и  как  го-

степриимны. Да, гостеприимство у нашего народа в крови! Славятся 

люди моей земли и добротой, и широтой души, и умением поддержать 

в трудные минуты своего ближнего. Казахстан - многонациональная 

страна! Более 150 национальностей живут в Казахстане. Сто пятьде-

сят! Это цифру мы узнаем на первых уроках в школе и поражаемся: 

дружбе наших народов можно позавидовать! И здесь заслуга нашего 

первого и самого главного человека в государстве – Президента Нур-

султана Абишевича Назарбаева. Человека, сумевшего объединить на-

роды Казахстана, сумевшего вместе с народом построить новое неза-

висимое государство и новую столицу – Астану, город будущего! Вот 

чему стоит поражаться!

И мне бывает горько и грустно, когда я читаю негативные отзывы 

о нашей стране, когда вижу уезжающих за её пределы земляков, не ве-

рящих в будущее нашей Родины…

А  я  верю,  что  Казахстан,  большая  и  многонациональная  семья, 

обязательно  достигнет  своих  целей.  Ведь  будущее  страны  в  нашей 

вере в нее и в себя! Все мы хотим жить в богатой, процветающей стра-

не, где для каждого созданы достойные условия – именно такие за-



203

Сочинения школьников Актюбинской области

дачи ставит наша Конституция. Жить по Конституции, по закону - не 

просто  необходимость  и  гражданская  обязанность.  Это  привилегия 

свободных людей. Людей, знающих цену своим правам и признающих 

такие же права за другими.

Только в этом случае мы не отдельные граждане, а казахстанский 

народ, не население, а общество, гражданское общество. Не географи-

ческое пространство, а страна, которая нас объединяет.

Будущее Казахстана зависит от нас, молодежи. Воспитанные в но-

вом демократическом государстве на основе демократических ценно-

стей, мы должны привести свою страну к новым достижениям и высо-

там и стать нацией процветающего государства!



204

Казахстан, армия, патриотизм

Алматы облысы

205

Сочинения школьников Алматинской области

Абзал Еркежан

8 сынып, №3 орта мектебі Іле ауданы, Жетіген ауылы

Жетекшісі: Бақтиярова Ғ.Ю.

Менің Елбасшым

Елбасы... Бұл тіпті мыңнан бір адамға берілмейтін лауазым. Ел-

басы  болу  –  мыңнан  бір  адамның  қолынан  келмейтін  міндет.  Мен 

қазақ жерінде, қазақ даласында өмір сүріп жатырмын. Қазақ патрио-

тымын! Қазақстан мемлекетін көркейтуге үлес қосатын 17 млн-ның 

бірімін.  Елімнің  жері  –менің  жерім,  елімнің  Отаны-менің  Отаным, 

елімнің Елбасшысы – менің Елбасым!

Қазақстан мемлекетінің Елбасшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назар-

баев. Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан халқы ғана емес, дүниежүзі 

таниды. Алты жасар баладан алпыс жасар қартқа дейін қадір тұтып, 

құрметтеп, әрқашан да тек қана жақсылығын айтады. «Барлығына 

бірдей  жағу  мүмкін  емес»  болса,  Нұрсұлтан  Назарбаев  барлығына 

жаға білген адам. Ол еліміздегі әрбір балаға, әрбір адамға үлгі бола 

алатын  адам.  Нұрсұлтан  Әбішұлындай  жан  бір  ғасырда  бір-ақ  рет 

қана туады.

Сонау  1991  жылғы  16  желтоқсанда  Қазақстан  Республикасы 

тәуелсіздігін алғаннан бастап Елбасы сайланып, қанатын кеңге жай-

ып, сол қанатымен сермеп, бар халықты бір шаңырақ астына жинап, 

бәріне бірдей қамқорлық көрсетуде.

Ал Елбасшы тарихына келер болсақ, 1940 жылы шілденің алтын-

шы жұлдызы жарық жанып, дүниеге ерекше бір сәби келген болатын. 

Ата-анасы оған Нұрсұлтан деп ат қойған. Бұл Іле Алатауының бау-

райында  Үшқоңыр  жайлауында  Әбіш  пен  Әлжан  Назарбаевтардың 

шаңырағында көптен күткен қуаныш болды. Сәбиге есім таңдап ат 

қоюдың астарында аса үлкен бір тарих жатыр деседі. Азан шақырып 

ат  қоярдың  алдында  тойға  жиналған  ағайын  туыс  түрлі  есімдерді 

ұсынып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мы-

надай ұсыныс білдірді:

«Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты 

Нұрсұлтан болсы» деген екен.

Кім  білсін...  Нұрсұлтан  деген  есімінен  бе,  мінезінен  бе, 

ақылдылығынан  ба,  осы  Қазақстан  мемлекетінде  «Сұлтан»  болып 

атанғаны сөзсіз таза ақиқат.


206

Казахстан, армия, патриотизм

Мемлекет  басшысы  еліне  деген  адалдығын  былай  білдірген 

болатын:  «Мен  үшін  елімді  дамыған  елдердің  сапына  тұрғызып, 

санатына  қосудан  үлкен  мақсат  жоқ»,  «Қазақтың  өзінің  ұлттық» 

қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Елбасшылық, 

перзенттік парызым».

Мемлекет  басқару  ісі  –  мақсатты  да  мәртебелі,  өте  маңызды 

міндет. Нағыз басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, нағыз Елбас-

шы басқарған халық – ең бақытты да ұйымшыл, тату-тәтті тұратын 

халық.


Бізбен қатар тәуелсіздік алған көп елдерде Елбасшы екі-үш не-

месе одан да көп ауысып жатса, біздің елімізде осынау жиырма төрт 

жылда Елбасшымыз мүлде ауысқан жоқ. Мұны біздің елде басқа Ел-

басшы атауына лайықты адам табылмағаны емес, Н.Назарбаевтің ке-

ремет басшы екендігінің тағы да бір дәлелі деп білемін.

Елімізідің  әрбір  жетістігі  –  Елбасшымыздың  жетістігі.  Әрбір 

жеңісі  –еліміздің  ортақ  жеңісі.  Елбасшымыздың  туған  күні  – 

астанамыздың туған күні. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан 

Республикасына  жіпсіз  байланған  жан.  Қазақ  халқы  үшін,  еліміз, 

жеріміз үшін кеудесіндегі дүрсілдеп соққан кішкентай ғана жүрегін 

суырып беруге дайын асыл жан.

Ол халқына қаншалықты әділ, адал болса, халқы да оған дәл со-

лай адал да әділ. Тәуелсіздігіміздің түп тамыры Нұрсұлтан атамызбен 

тікелей байланысты. Ел басымыздың өз еліне деген сүйіспеншілігі, 

ыстық та мөлдір махаббаты, өшпес жақындастығы әр ананың өз ба-

ласына, бауыретіне деген махаббатынан кем түспейді.

Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  та,  біз  сияқты  қазақтың  қара 

домалақ  баласы,  ер  тұлғалы  адамзаттарының  бірі.  Біз  сияқты 

өмірге  алғаш  келіп,  біз  сияқты  бала  болған.  Қарапайым  адамнан 

айырмашылығы  –  оның  алдына  қойған  мақсатына  жете  білуінде. 

Қол созған арманының орындалуына көп еңбек сіңіріп, ешқашан да 

берілмегендігінде. Әрқайсымыз Президентімізден үлгі алып, тыры-

сатын  болсақ,  алдымызға  мақсат  қояр  болсақ,  біздің  мемлекетіміз 

нағыз  мықты,  мемлекеттер  қатарынан  орын  аларымызға  кәміл 

сенемін.

Елбасымз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  жастарға,  біздерге, 

үлкен  сенім  артып  отыр.  Мен  сол  сенімін  ақтағым  келеді.  Сенімін 

ақтап, арманымның орындалуына үлкен үлес қосам деп армандай-

мын.  Мен  де  әрбір  патриот  сияқты  Қазақстан  Республикасының 

көркеюіне,  өркендеуіне,  биіктеуіне,  шарықтап  көкке  көтеріліуіне, 



207

Сочинения школьников Алматинской области

ешбір  ел  шыға  алмаған  биік  шыңдарға  шығуына,  биік  белестерді 

бағындыруына өз үлесімді қосқым келеді.

Біздің  қадірлі  де  қастерлі,  ұлы  да  ұлағатты  Елбасшымыздың 

жүрегі «елім» деп соққан әрбір адамға үлгі болар асыл тұлға. Нұрсұлтан 

атамыздың  кішіпейілділік  пен  адамгершілік,  қарапайымдылық 

пен  әділдік  бір-бірімен  ұштасып  жатыр.  Осындай  асыл  да  жарқын 

жан  басқарған  мемлекеттің  дүниеге  әйгілі  болып,  әлем  сахнасын-

да  жарқырап  көрінбеуі  мүмкін  емес.  Менің  бала  жүрегім  еліммен, 

жеріммен, асыл тұлғалы Елбасшыммен бірге соғады.

Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  –  қазақ  халқының  маңдайына 

біткен  жарық  жұлдызы.  Осындай  еркін  де  ер  мінезді,  ұлтжанды 

білімі мен ақылы таласқан, халқына мейірімін төгіп, қамқор болған 

азаматы бар ел нағыз мықты да бай ел деп толық айта аламын. Біз 

халқымызбен,  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбев  сынды  Елбасшымен 

бірге  әлі  талай  белестерді  бағындырып  әлем  сахнасынан  биіктеп 

көрінеріміз сөзсіз...

Айтмолданова Аружан 

4 сынып, Жанұзақов Т. орта мектебі Райымбек ауданы, 

Нарынқол ауылы

Менің туған жерім - егеменді Қазақстан

Менің  туып  өскен  жерім  –  көк  аспанда  бұлты  жоқ  көк  жалауы 

биіктен  желбіреген  егеменді  Қазақстан.  Қазақстанның  байлығы 

өте  көп  және  қазынаға  бай  ел.  Мен  Аружан  Жайдарқызы  Айтмол-

данова  (Алматы  обылысы,  Райымбек  ауданы,  Нарынқол  ауылы 

Тельман  Жанұзақов  атындағы  орта  мектептің  4-сынып  оқушысы). 

Нағашы атамның қолында оқимын. Өз үйіміз Алматыда. Оқу озаты-

мын. Ән салып, өлеңді жатқа айтамын. Мұқағали Мақатаев атамның 

40 өлеңін жатқа біліемін. Арманым ақын болу. Мектепте қоғамдық 

жұмысқа белсенді араласамын. Тез өсіп жоғарғы оқу орнына түссем 

ғой.  Шіркін!  Неге  дейсіз  бе?  Біздің  жер  байлығымызды  шетелдік 

кәсіпорындар  игеріп  жатқан  жоқ  па?!  Сол  үшін  балалар  жақсы 

оқып техниканың тілін білуіміз керек деп ойлаймын. Сонда ғана біз 

байлығымызды  игере  аламыз.  Таудай  талаппен  жетістіке  жетеміз. 

Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір 

көлдер,  неше  түрлі  жануарлар  бар.  Осы  жерде  біздің  ата-бабала-

рымыз,  ақындарымыз,  ғалымдарымыз  туып  өскен.  Қазақстанның 


208

Казахстан, армия, патриотизм

жері  шырайлы,  шөбі  шүйгін  өлкені  мен  әрқашан  мақтан  тұтамын. 

Қазақстанның кең даласындай кең байтақ дала еш жерде жоқ шығар. 

«Отан – алтын бесігім», «Отан қуат – болса шуақ», «Отансыз адам – 

ормансыз болу», «Отан оттанда ыстық», «Ана тілін ардақтау – әрбір 

азаматтың  бірінші  міндеті».  Ал  біздің  халқымызда  атамекенді 

ардақтау  сезімі  өте  терең  деп  ойлаймын.  Халқымыздың  басынан 

қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы 

жаудан  қорғай  білген.  Өз  елі  үшін  жанын  да  барын  да  аямаған. 

Халқымыздың  осы  бір  қасиеті  жанымызға  ана  сүтімен  тарап,  ана 

тілімен дарып, ақ нанымен бекіуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін ыстық 

оттанда ыстық. Мен өз егеменді Қазақстанды мақтан тұтып, жақсы 

көремін.

Акиш Алтынай

10 сынып, №3 орта мектебі Іле ауданы, Жетіген ауылы

Жетекшісі: Жексетова Ә.С.

Ел бейнесі – ел рәміздері

Жиырма  екі  жыл  бұрын  тәуелсіздігін  алып,  тәй-тәй  басқан 

мемлекетіміздің  айрықша  белгілері  –  Ту,  Елтаңба,  Әнұран.  Әр  ны-

шанда өзіндік өмір – салты, ерекшелігі, мұраты бар. Бұлар тек қана 

белгілер ғана емес. Бұлар қазақ елінің, қазақ жерінің қасиетті идеясы. 

Бұл белгілерді көрген адам өз еркіндігін және бірлігін сезінеді.

Рәміз дегеніміз – белгілі бір нәрсені көрсетуден туатын сыр таңба. 

Басқа  елдердің  алдында  өз  құндылығын,  жер  байлығын,  рух 

байлығын көрсететін белгілер. Осы күнде осындай елбасымен, осын-

дай құндылықтар мен бірге дамып жатқаныма қуанамын. 

Мемлекеттік  Ту.  Аспан  текті,  көк  түсті.  Ағайын,  бұл  кездейсоқ 

емес.  Әйгілі  Арсельм  кестесі  бойынша,  ол  –  адалдықтың,  кіршіксіз 

тазалықтың, пәктіктің белгісі. Сонымен қатар көк түс – ашық аспан 

реңіне сай болғандықтан, біздің халқымызда бұл ынтымақ пен бірлік, 

тұрақтылық, береке – байлық белгісі болып саналады. Тудың қақ ор-

тасында күн бейнесі бұл – мәңгілік өмірді және тіршілікті білдіреді. Ал 

қыран, әркімге мәлім бұл – арман, мақсат, мұрат, азат күн, кең бейне. 

Мұның бәрі бір тұтасқа айналған кезде зор Бақыт!!!

Елтаңба.  Бұл  біріншіден,  көгілдір  түс  аясындағы  шаңырақ.  Бұл 

–  отанымыздың  ошағы,  біртұтастығы,  бастауы.  Шаңырақты  айнала 



209

Сочинения школьников Алматинской области

тұрған уықтар, күн сәулесіндей жарқырайды. Ал екі жағындағы аңыз 

ертегілердегі, қанатты пырақтар тәуелсіз Қазақстанымның мәңгілік 

өмірі мен шексіз дамуының белгісі. Қазақ жерінің, көп ұлтты елдің руха-

ни байлығын көрсетеді. Пырақтардың қанаттары болашақтың ертеңі 

жас ұрпақтың арманы биікке самғау талабы. Елтаңба маңдайындағы 

жұлдыз «Бағымыз ашылып – жұлдызымыз жана берсін» - деген асыл 

арманымызды  көрсетуде.  Жұлдыздың  бес  бұрышы  қазақтың  кең 

пейіл құшағындай бес құрлыққа теңдей. 

Мемлекеттік  Әнұран.  Елімнің  музыкалық  эмблемасы.  Бұл  – 

қазағымның басқа елге деген ақ ниетті сәлем хаты. Әнұранның әр сөзі 

– елімнің намысы, арымның айнасы. Әнұранды тек қана естіп қоя бер-

мей, қосылып айтқаныңда бойыңда ерекше бір ұландық, азаматтық 

сезім туындайды. Бұны сезіну бір бақыт. Маңдайға біткен бақ. 

  Осының  бәрін  санасына  қондыра  білген  адам,  еліміздің  ертеңі 

үшін аянбай еңбек етуі, оқып – білім алуы, Қазақстанның іргетасын 

бекітуі сөзсіз. 

Алимхан Дамегуль

 11 сынып, №2 орта мектебі Қапшағай қаласы 



Отансүйгіш

Отансүйгіш  –  еліне  адал,  халқыңа  берік  қорған  бола  алатын,  өз 

өмірін еліне арнауға дайын, қайсар жүректі, ақ ниетті адал жан.

Патриот едім мен елдің,

Кең-байтақ қазақ жерімнің,

Халқыма жылы лебізді,

Жазылар шұмағым жеткізер.

Отаншыл адамдар жүрегінің түбінде жатқан халқының тарихын-

да,  ұмытылмас  құнсыз  әдебиетінде  алтын  әріппен  жазылуға  тиісті. 

Халықтың алғашқы патриоттары тұралы әркім әр жаста білу керек. 

Адам қандай ұлт болмасын елінің намысын қорғап, халқынның тари-

хын әр әріпке дейін біліп, жас ұрпаққа жеткізуге тиісті.

Асқақ болып желбіресін көк туымыз,

Жетістікке жеткізерміз елді де біз,



210

Казахстан, армия, патриотизм

Мәнгі жансын достық оты, сөнбей жансын,

Бейбітшілік, береке қалаймыз біз.

Отаншыл адам болсаң да сен

Басқаларға қайрат пен рух

Берерсің сен!

  

Ең  басты  патриоттарымыз,  біздің  батырларымыз:  Бөгенбай, 



Қабанбай, Жәнібек, Керей, Абылай және т.б. Халқымның отансүйгіштігі 

бүткіл  әлемге  қарсы  тұрып,  өзіне  тиесілі,  қасиетті  қазақ  жерін 

қайтаруға негіз болды.

Қазақстанда  тұратын  әр  адам  бейбітшілікте  өмір  сүргеніне 

қуанышты;  ата-анасы,  балалары,  барлық  адамдар  тең  құқұқты 

болғанына риза. Мемлекетіміздің әр тұрғыны жүректің тұңғиығында 

отансүйгіш.  Ол  үшін  себеп  бар.  Біріншіден,  ертеңгі  күніне  сенімді, 

екіншіден, болашағы жарық елде тұратынын біледі, үшіншіден, адам 

туған жерін өмір бойы қастерлеп өтеді емес пе...

Мемлекетіміздің өркендеуіне ешкім сенбегенде не болар еді? 

Патриот болып аштым дүние есігін,

Туған мекендей табалмаспын мен жерді ,

Өзге елде сұлтан болғанша мен қалайын,

Туған жермен мақтанып, ұлтан болып.

Патриот болып аштым дүние есігін,

Асып түсер өзге тілді Қазақ тілім,

Асыл тілім, менің тілім, жыр тілім

Қашанда ең қымбатым, қазақ тілім.

Патриот болып аштым дүние есігін,

Домбра төгер қазағымның барлық жырын,

Баулап, тербер, жанға бүткіл,

Қондырар тыныштық пен ой түрлі.

Отан  туралы  мыңдаған  мақал-мәтелдер,  өлендер,  әңгімелер 

бар,  бірақ  әр  адам  туған  жеріне  әртүрлі  әдістер  арқылы  махабба-

тын  білдіреді.  Мысалы,  біреулер  ағаш  отырғызады,  құстарға  жем 

береді,  нашар  тұратын  адамдарға  көмек  көрсетеді;кейбіреулер 

мектеп,емханаларға жаржылық көмек көрсетеді.

Сезімізді қалай білдірсеңізде, ең бастысы жүректен болса...



211

Сочинения школьников Алматинской области

Алтаева Шұғыла

К. Әзірбаев атындағы № 15 мектеп Боралдай кенті, 1 сынып, 

Жетекшісі: Еламанова Б.Т.

Әжетай, өзіңіз менің қасымда күнде жүрсеңіз де сағына беремін. 

Өйткені, сізді жақсы көремін. Мен дүниеге шыр етіп келгеннен аппақ 

алақаныңызға  салып,  барлық  мейіріміңізді  төгіп  ақылды  қыз  бо-

лып  өсуіме  күш-жігеріңізді  жұмсадыңыз.  Сіз  үйреткен  өлең,  жыр, 

би,  ертегілер  менің  жадымда  мәңгі  сақталады.  Себебі,  мұның  бәрін 

үйреткен менің әжетайым – Зәуре Дөненбекқызы.

Әжешім,  ауырмай  жүрсе  деп  тілеймін.  Өзіңіз  жазып,  өзіңіз 

жаттатқан мен жайлы өлеңді сіз 100 жасқа келіп отырғанда да үлкен 

тойханада да айтып беремін. Онда сол тақпағымды бастайын:

Қандай нәзік баласың,

 Шам-шырақ боп жанасың.

Баладай тәтті сөзіңмен,

Жүректі ерітіп барасың.

Сіздей  әжем  болғанына  өзімді  бақытты  қызбын  деп  санаймын. 

Менің  атымды  қойып  республика  көлеміндегі  балалар  бақшасына 

арнап жазған «Шұғыла» атты оқу құралыңыздағы барлық тапсырма-

ларды жатқа айтып, жаттадым. Сіз үйреткен Абай бабамның: «Желсіз 

түнде жарық ай», Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» өлеңдері жаным-

ды жадыратып, биік болашаққа ұмтылуға талпындырады.

Биыл бірінші сынып есігін айқара ашып, алғашқы қоңырауды соғу 

менің тиесіліме жүктелгенде де сіздің қуанышыңызда шек болмады. 

Мен қоңырауды соғып бола салысымен өзіңіз аспандата шашқан тәтті 

шашуыңыз жан-жаққа шашыраған шашуды жапа-тармағай үлкен де, 

кіші де жүгіріп жинап жатқандарында: «Шұғылашым, мені ешқашан 

ұялтпа. Осы мектепті тек беске оқып, менің жанымды тек жақсылыққа 

бөле», - деген ақ батаңызды жүрегіме түйіп алдым. Екі жасымнан бала-

бақшаға жетелеп, ондағы менің биіме, әніме шаттана күліп, мәз болған 

күндеріңізді ұзағынан болсын деп тілеймін, асыл әжем. 

Біздің  жетістігімізге  Сіз  қуансаңыз,  Сіздің  ерінбей,  жалықпай 

атқарған еңбегіңізді мақтан тұтып, өзімізге үлгі етеміз. 


212

Казахстан, армия, патриотизм

Атагужаев Абылай

11 сынып, № 2 орта мектебі Қапшағай қаласы



 Менің Отаным – Қазақстан!

Біздің  Қазақстан  –  көп  ұлтты  мемлекет.  Бейбітшілік  пен 

достастық,  татулықпен  бірге  жұмыла  отырып,  қызметтің  әр  түрлі 

саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер 

мен кәрістер еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр 

түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты 

менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси 

тұрақтылық  –  қазақстандықтардың  қалауы.  Мен  оны  білемін.  Онда 

татарлар  да,  орыстар  да,  қазақтар  да  бар.  Олардың  тағдырын,  өмір 

тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, 

оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған 

басқа  отбасылардың  тарихына  ұқсас.  Өмірдің  қиын  кездерінде, 

ауыр  жұмыстарда,  өтіп  жатқан  күндер  мен  мерекелерде  әр  түрлі 

ұлт  өкілдерінің  пікірі  қалыптасты.  Адамзат  баласының  татулығына 

ұмтылу  әр  халықтың  қанында  бар,  әсіресе  ол  қазақстандықтарда 

ерекше  дамыған.  Бұл  қазақ  жерінің  жомарттығынан,  осы  өлкелерге 

тағдыр  алып  келген  барлығына  құшағын  кең  жайып,  пейілін  кеңге 

салатын қазақ халқының мінезінен жаралған. Осында тұрушылардың 

барлығы қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі керек. 

Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні 

осында. Ол байырғы көркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға 

көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.

Қазақстан  күн  сайын  дамып,  көркейіп  жатыр.  Осындай  елмен 

әрине мақтанасын. Қазақ елі – мақтанышқа тұрарлық ел. Әрине, осы  

жетістіктеріміздің бәрі – Елбасымыздың арқасында.

Қазақстан менің елім, аңсағаным

Кең байтақ жеріңменен тамсанамын.

Асқар тау, белдеріңмен мақтанып,

Күлімдеп, мен де бір шаттанамын.

Отаным – Қазақстан туған елім,

Ойнап күліп ер жеткен туған жерім.

Өсе бер өркендей бер, Елім менің,

Ардақтап мәңгі мен сені  өтермін.


213

Сочинения школьников Алматинской области

Мен туған және өскен жері біртұтас болғанда ғана адам бақытты 

болады деп ойлаймын. Мен қандай бақыттымын, өйткені сен барсың 

– менің Қазақстаным!

Мен  үшін  Отан  –  құндылықтарды  материалды  тасымалдаушы 

емес. Бұл жан сезімі! Сенің әрқашан оймен болса да, оралғың келетін 

Жердің,  рухани  бұрышы.  Менің  жылдарым  күндермен  өлшенеді. 

Мен  оның  шексіз  болғанын,  менің  кішкентай  және  үлкен  Отаным 

татулықта болғанын қалаймын. Мен әрқашан да Қазақстанда тұратын 

адамдарға жанымның жылуын, жүрегімнің отын сыйлауға дайынмын. 

Мен өз Қазақстанымды қалай жақсы көремін? Мен өз отанымды қалай 

мақтан  тұтпайын?  Ол  мені  өз  құшағына  алады,  әрдайым  жылулық 

сыйлайды.  Отанымда  қонақта  болғанда  өзімді  өте  жайлы  сезінемін, 

жақсы демаламын. Біз өмір сүреміз, кетеміз, өлеміз, ал біздің отаны-

мыз мәңгі өмір сүреді.

2011  жыл  –  біздің  Республикамыз  үшін  мерейтойлы  жыл, 

Қазақстан  тәуелсіздігінің  жиырма  жылдығы.  Жиырма  жыл  ішінде 

экономикада,  саясатта,  әлеуметтік  дамуда  көптеген  жетістіктерге 

жеттік.  Бізді  әлем  таниды.  Бұл  өте  маңызды.  Бұл  біздің  де,  біздің 

Елбасшымыздың да үлкен жетістігі. Біз, жастар бүгінгі табысымызды 

бекіте отырып, жаңа асуларға жету үшін көп еңбек етуіміз қажет. Біз 

оған дайынбыз.

Ата-бабаларымыз  көп  жылдар  бойы  тәуелсіз  ел  болуға  арман-

дады.  Наурызбай,  Бөгенбай,  Қабанбай  батырларымыз,  Сәкен  Сей-

фуллин,  Ілияс  Жансүгіров,  Бейімбет  Майлин  және  тағы  басқа  ақын-

жазушыларымыз тәуелсіздік үшін күресіп, көбі репресияға ұшырады. 



Бердіхалық Тілеу 

10 сынып, №3 орта мектеп Іле ауданы, Жетіген ауылы

Жетекшісі: Жексетова Ә.С.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет