Сборник школьных сочинений на патриотическую тему по ре зультатам Республиканского конкурса на лучшее школьное сочинение



Pdf көрінісі
бет28/71
Дата13.02.2017
өлшемі3,11 Mb.
#4011
түріСборник
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   71

Казахстан, армия, патриотизм

Мұны «мәңгілік ел» болу баспалдағына қадам басу деп те түсінген аб-

зал. Елбасымыздың «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір 

болашақ»  атты  дәстүрлі  жолдауының  ұстанымы  –  елімізді  әлемдегі 

дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосу, тәуелсіздігімізді сақтай оты-

рып,  «мәңгілік  ел»  идеясын  баянды  ету.  Бұл  қазақстаннның  жаңа 

белестерін  бағындыруына,  жоғарғы  экономикалық  көрсеткіштерге 

қол жеткізіп, қарқынды дамыған мемлекетке айналуына жол ашады. 

Қазақстан  халқы  ежелден-ақ  еңбек  қорлықтарымен,  татулығымен, 

қабілеттілігімен танымал. Сондай-ақ бұл жолдау – тарихи маңызы зор 

және жарқын болашаққа арналған басты мемлекеттік бағдарлама. 

Президентіміз Тәуелсіздік алған күннен бастап, үнемі халықтың 

намысын  қайрап,  әрқашанда  өркениетке  ұмтылған  ұзақ  мерзімді 

мақсаттар  мен  міндеттер  қойып  келеді.  Соның  нәтижесінде  еліміз 

кейбір дамыған мемлекеттердің өздерін сүріндірген ауыр кезеңдерден 

қиналмай  өтіп,  баршаны  таңғалдырған  айтулы  табыстарға  қол 

жеткізді. Дамудың қазақстандық үлгісін қалыптастыра отырып, беделі 

биік, абыройы жоғары, қуатты мемлекетке айналды. Әрине, бүгінгідей 

ғарыштық  жылдамдықпен  алға  басқан  уақытта  бір  сәтке  кідіріп 

қалуға  болмайды.  Сол  үшін  Елбасымыз  «Қазақстан-2050»  стратеги-

ясын жүзеге асырудың жолдары мен тактикасын нақты белгіленген 

тың идеяларын жария етіп отыр. Бұл елдің алыс болашағын болжай 

білетін, өз халқына шынайы қамқорлық, жана-шырлық жасай алатын 

кемеңгер саясаткердің, дара тұлғаның қолынан келетін тарихи іс.

Бүгінгі күн қазақ елінің шежіресінде мәңгі енетін күн. Тарихтың 

талай  белесін  өтіп,  бұл  күнге  де  жетіп  отырмыз.  Бәрін  де  көрген 

халықпыз, бәріне көнген халықпыз. Елімізге тірен болатын ағамыздың 

басқарып, отырғанына мыңда бір шүкір. Шүкіршілік етіп қана қоймай, 

халқымыздың өмірінің одан әрі гүлденуіне де өз үлесімізді қосуымыз 

керек. Біз, ХХІ ғасыр жастары елдің болашағына, Елбасы салып берген 

жолдың  баяндылығына  жауаптымыз.  Осы  ойда,  осы  мақсатта  әрбір 

жас көкейінде ұстап, сол жолда тер төгетін болса, тәуелсіздігіміз баян-

ды, еліміз іргелі болмақ. 


289

Сочинения школьников Жамбылской области

Жамбыл Әсем

10 сынып, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясы 

Ақсу-Аюлы ауылы 

Жетекшісі: Шатекова З.Д.



Ұлы далам – ұлан-байтақ Отаным!

«Отаным»,-деп  соққан  жұдырықтай  жас  жүрегімнен  шыққан 

осы сөзді айдай асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық 

жолындағы  ерен  ерлігінің  арқасында  осынау  іңкәр  еткен  заманға 

жеткен  елімді  мақтаныш  етемін.  Менің  Отаным  –  Алтайдан  сонау 

Атырауға дейін көсілген: 

Батысында Жайық, шығысында Ертіс есілген,

Тарихын шертсе тұсауы тілдің шешілген.

Жұртының ыстық жүрегінен жұлдыз тұтанған,

Отаным осы - Қазақстан болып атанған!-

деп ақын жырлағандай, Атыраудан Алтайға дейін созылған ұлан-

ғайыр кең өлке, тарихы шексіз, дәстүрі шетсіз ата-жұрт. Әні мен күйі 

шалқыған ғажайып сұлу сахара!

Менің елім – Қазақстан. Осынау құдіретті сөзді әрбір Қазақстан 

Республикасының азаматы асқақ сезіммен, ерекше мақтанышпен айта 

алары хақ. Осындай аймағы үлкен, қойнауы қазынаға толы құнарлы 

жерімізге  кімдер  көз  тікпеді?  Олар  қазақ  жеріне  иелік  ету  үшін 

қаншама рет шабуыл жасап, елді тыныш қоймады. Бірақ ержүрек ата-

бабаларымыз сыртқы жаудың қимылын бағып, тойтарыс беріп отыр-

ды.  Сол  батыр  бабала-рымыздың  арқасында,  халықтың  бірлігінің 

арқасында ел өзінің кең-байтақ жері мен құт мекенінде еркін көсіліп, 

жайланып жатыр. 

Бақыт пен шаттықтың ұясы, туысқандық пен достықтың мекені, 

еңбек  пен  ерліктің  ордасы  –  менің  сүйікті  республикам!  Мен  де 

Қазақстанда тудым. Яғни менің де қасиетті Отаным. 

 Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны 

елімен,  өткенмен  және  болашақпен  байланыстырады.  Талай  адам 

тылсым құбылысқа сенуге біршама бейім және санамыздың әлдебір 

түкпірінен  «кереметке  іңкәрлік»  деп  атауға  болатын  бір  сезім  жиі 

қылаң  береді.  Көне  кезең  туралы  хабардарлығымыз  біздің  бүгінгіні 

білуімізбен  салыстырғанда  болмашы  ғана.  Сондықтан  да  бағзы  за-


290

Казахстан, армия, патриотизм

ман  біздің  ұғымымызда  көбінесе  ертегідей  ғажайып  немесе  жұмбақ 

кейіпте  елестейді.  Табиғат  тылсымына  терең  бойлай  бермеген  ата-

бабаларымыз да өздерін толғантқан мәселелер мен арман-мұңдарын 

көктегі  құдірет  иелеріне  немесе  киелі  күштерге  сеніп  тапсырған. 

Сөйтіп, бүгінгі күні ақиқатқа айналып отырған қиял іспетті сенім мен 

таным бізге сонау ерте заманғы бабаларымыздың өсиеті арқылы тари-

хи мұра ретінде жетті.Тіпті көне дәуірдің өзінде-ақ әлдебір жердің не-

месе өңірдің ала бөтен ерекшелігі, әлдеқандай қасиеті болатындығы 

айрықша  аталып  келген.  Римдіктер  бұл  ұғымды  «genius  loci»  деп 

атаған, аударма мағынасы «киелі жер» дегенді білдіреді. Сол жердің 

немесе  сол  аумақтың  қасиетіне  орай  оның  желеп-жебеп  тұрар  иесі 

бар деген наным болған. Міне, «киелі жеріміз» осы. Алайда кез келген 

жердің тек өзіне ғана тән киесі бола бермейтінін нық сеніммен айта 

алар едім. Тіршілігіне айрықша мән-мағына беретін өзіндік орта мен 

адам  әрдайым  бірден  сезіне  қоймайтын  ерекше  қасиет  әр  аумақтан 

табыла бермейді. Аумақтың киелілігі әу бастағы жаратылысынан деп 

кесіп  айтуға  болмайды,  ол  ғасырлар,  тіпті  мыңдаған  жылдар  бойы 

қалыптасады. Осы жерде жүздеген жылдар бойы болған оқиғаның бәрі 

текке кетпейді. Соның бәрі, сөйтіп, оның айрықша қасиеті түзілуіне 

табиғи  түрде  септігін  тигізеді.  Көне  дәуірден  бүгінгі  күнге  дейінгі 

Қазақстан  тарихын  зерделеген  сайын  біздің  бүкіл  ұлы  даламыздың 

өзіндік айрықша құдірет болмысы бар екеніне көз жеткізе түсеміз.

Адам  баласы  балалық  шағынан  бастап-ақ  Отанға  деген 

сүйіспеншілігі ояна бастайды. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан ба-

сталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе туған кент. Біздің 

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет.

Отансүйгіштік  рух  –  қазақ  елінің  әлемдік  өркениетті  елдердің 

қатарына  қосылып,  дүниежүзілік  қауымдастықтан  лайықты  орын 

алуға мүмкіндік беретін бірден-бір күш. Отансүйгіштік сезімнің өрге 

бастайтынын өз ұлтымыздың тарихы да талай дәлелдеп келеді. Кейде, 

шіркін, бір өзіне бірнеше мемлекет сыйып кететін ұлан-байтақ жерді 

ата-бабамыз  сан  ғасырлар  бойы  қанаттыға  қақтырмай,  тұмсықтыға 

шоқыттырмай  қалай  аман  сақтаған  деп  таңқаламыз?!  Шынында  та-

лай зобалаң кезеңді басынан кешкен қазақ жері «найзаның ұшымен, 

білектің  күшімен»  өзінің  жер  көлемін  сақтап  келген.  Бабаларымыз 

басынан не кешпеді, не көрмеді? Екі жүз жылдық жоңғар-қазақ тар-

тысында Абылай хан сияқты жан да, Төле, Қазыбек, Әйтеке би секілді 

шешен де, Қабанбай, Бөгебай, Наурызбай, Қарасай секілді қас батыр-

лар да өз жерін ерлікпен қорғады. 



291

Сочинения школьников Жамбылской области

  Біз  бақытты  ұрпақпыз!  Себебі,  ата-бабаларымыз  қанын  төгіп, 

жанын  беріп  аңсап  кеткен  тәуелсіздікке  біз  қол  жеткізіп,  ешкімге 

тәуелді болмай, еркін өмір сүріп келеміз. Енді осы желбіреген көгілдір 

туымызды төмен түсірмеу – басты борышымыз. Ел дегенде еміреніп, 

жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін, жас дос! Бізді бесігінде тербеген 

Отан үшін аянбай, Отанды сүйген үстіне сүйе берейік. Мен Отанымды 

жанымдай жақсы көремін және бүгінгі бақытына ортақтаса отырып, 

Тәуелсіздік тұғырың биік, мәртебең асқақ, бақытың мәңгілік болсын 

деймін, қасиетті Отаным!



Жөндербек Ақтоты 

10 сынып, Қ. Сұлтанбеков атындағы орта мектеп 

Т.Рысқұлов ауданы Жетекшісі: Бейсбаева А. О.

Шежірем бар таусылмайтын сан қилы

Тарихы көне Таразбен тамырлас қасиетті де киелі Т.Рысқұлов ауда-

ны шежіреге бай өлке. «Шежірем бар таусылмайтын сан қилы » атты 

тақырыбын алған себебім де осы. Т.Рысқұлов ауданының құрылғанына 

75  жыл  толу  мерекесіне  орай,  шығарманы  өзімнің  туып-өскен  ауда-

ным  жайлы  алуды  жөн  көрдім.  Жүрегі  «туған  жер,  туған  ел,  атаме-

кен» деп соққан әрбір қазақтың өз мекенін, өз қонысын шырқамауы, 

оны  астарлы  сөзбен  ардақтап,  сыйламауы,  туған  жері  жайлы  сырдан 

шежіре тарқатпауы мүмкін емес. Сол себепті мен де өзімнің туған ауда-

ным, қасиетті, киелі мекенім, тұнған шежірем, тарихи танымым Тұрар 

Рысқұлов ауданы жайлы сыр шертпекпін. Менің бас иетінім де, қасиетім 

де – туған жер.

Құлан  өңірі  –  Жамбыл  облысының  оңтүстігінде  орналасқан. 

Шығысында  Меркі,  батысында  Байзақ  аудандарымен,  оңтүстігінде 

Қырғыз Республикасымен шектеседі. 1938 жылы 4 наурызда Қазақ ССР 

Жоғары  Советі  Президумының  жарлығымен  Лугавой  ауданы  болып 

құрылған. Алайда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 

1999  жылғы  11  наурызда  «Қазақстан  Республикасының  әкімшілік 

аумақтық құрылымы туралы» Қазастан Республикасының 1993 жылғы 

8-ші  желтоқсандағы  Заңының  9-бабына  сәйкес  Жамбыл  облысының 

Лугавой ауданы – Т.Рысқұлов ауданы болып қайта аталсын делінген.

Т.  Рысқұлов  ауданы  –  киелі  өлке,  қасиетті  мекен  десе  де  бола-

ды.  Бұрынғы  заманнан  ата-баба  дәстүрін  ту  етіп  келе  жатқан  аудан 


292

Казахстан, армия, патриотизм

еңбеккерлері  сайын  далада  шаңырақ  көтерген  жаңа  ауданның,  со-

дан  бері  75  жылдық  тарихында  Республикамыздың  гүлдене  түсуіне 

зор  үлес  қосып  келе  жатқандығын  көреміз.  1938  жылдың  4  науры-

зы  күні  отау  тіккен  аудан  кең  көлемді,  үлкен  тарихи  жолдан  өтті. 

Егер  тарих  тұңғиығына  көз  жіберсек,  бүгінде  құрылғанына  75  жыл 

толып  отырған  аудан  қай  уақытта  болмасын  кең  байтақ.  Еліміздің 

гүлденуіне,  экономикасының  нығаюына  барынша  мол  үлес  қосып 

келе жатқандығын байқаймыз. Туған жер – адам өміріндегі киелі орын. 

Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланысты-

рады.  Міне,  сондықтан  да  тіпті  балалық  шақтан  бастап-ақ  адамда 

Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін отан ошақ басы-

нан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған 

ауыл. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат, жаны-

ма жақын жер Құлан өңірінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді 

де,  шаттықты,  уайымсыз  балалық  шағым  өтті.  Үйдің  маңында  бала-

лармен  ойнағаным  және  мектепке  алғаш  барған  кезім  әлі  есімде.  Иә, 

туған жердің әр тасы мен жусаны, суы мен құмы – менің ақ бесігім. Сен 

әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын 

еске түсіресің. Сондықтан да мен оны анамдай сүйемін...

Жерлес  ақын  апамыздың  Құланға  деген  ыстық  махаббатынан 

туған өлеңінде мынадай жолдары бар еді:

Көркің әсем көктем,

Құмырсқа бел көкем.

Күлімдеші күлші,

Жүзің гүл алма.

Үмбет құмын басып,

Жібек жолын асып,

Келші сәулем келші

Біздің Құланға!

Бізде  әлемдегі  барша  халықтар  сияқты  туған  жеріміздің  төсінде 

тыныстап, мөлдір суын ішіп, мәңгі бейбіт өмір сүргіміз келеді. Саналы 

ғұмырын өзінің кіндік кескен ауылында өткізіп, еңбек еткен азаматтың 

өзі: «Мен бірінші ата-анама, екінші туып-өскен ауылыма қарыздармын» 

дейді. Көрнекті жазушы, марқұм Тахауи Ахтанов: «Ойлап отырсам, та-

лантты ақын-жазушылардың тоқсан тоғыз пайызы ауылда дүниеге кел-

ген екен. Сондықтан біздің ұямыз ауыл. Біздердің қан тамырымыз да, 

жүрегіміз де ауыл деп соғады»,-дейді. Міне, сондықтан да қасиетті туған 



293

Сочинения школьников Жамбылской области

жерімізді аялап, қадіріне жете білейік. Қасиетті, туған жер! Бойымдағы 

бар  жақсы  қасиеттерім  үшін  мен  саған  қарыздармын,  қажырлық  пен 

қайсарлықты, құзды шыңды тауың мен асау желің үйретсе, жомарттық 

пен ақ пейілдікті мына жатқан жеміс талы мен сай саламнан үйрендім. 

Шыдамдылық пен байсалдықты шетсіз де шексіз далаңнан үйрендім.



 

 Кали Сымбат

10 класс, школа-лицей № 1 с. Луговое, Рыскуловский район



Моя отчизна – Казахстан

Моя отчизна - это Казахстан. Это – великое, прекрасное государство 

с богатой историей, древней культурой и неповторимой природой. На-

родные традиции сплотили людей и легли в основу устойчивого мира. 

Культура  казахов  по-своему  уникальна.  Широки  просторы  казахстан-

ских земель. Казахская степь, природа поражает своей невиданной кра-

сотой. Я никогда не перестану ими восхищаться. 

Президентом  нашей  страны  является  поистине  мудрый  человек, 

тонкий политик, стратег и настоящий патриот, Н.А.Назарбаев. Благода-

ря ему мы достигли стабильности и процветания. С приобретением не-

зависимости начала развиваться экономика, наука, культура. За время 

нашей независимости мы сделали немалое: построили крепкое государ-

ство, улучшили уровень жизни людей. Нурсултан Назарбаев, президент 

нашей Родины, всегда на первое место ставит народ. Люди верят ему 

и любят этого человека. И в том числе я. Я думаю, мы не плохо живем, 

есть недостатки, но мы все верим в него, он сделает нашу страну самой 

благополучной.

Наша страна многонациональна, и в этом еще одно преимущество, 

потому что мы все - единое целое, и нас объединяет наша Родина, друж-

ба, уважение, взаимовыручка и общая культура. В Казахстане единой 

семьёй живёт более пятнадцати миллионов человек, представителей 

более ста национальностей и народностей. И всё это сопровождается 

хорошим отношением и симпатией друг к другу. На казахском, русском, 

уйгурском, немецком, корейском, татарском языках издаются книги и 

газеты, работают национальные театры, эстрадные ансамбли, переда-

ются национальные программы на радио и телевидении. И как сказал 

Н.А. Назарбаев: “Дружба народов, взаимопонимание и солидарность – 

вот основа, на которой мы строим новый Казахстан!” 



294

Казахстан, армия, патриотизм

Астана – это олицетворение процветания нашей страны, это сим-

вол надежды и уверенности народа в своем будущем. Это – прекрасный 

и мирный город с архитектурным ландшафтом и уникальными скуль-

птурными символами. Я уверена, что в будущем наша столица станет 

еще лучше. Своему родному, самому прекраснейшему для меня городу 

Астане искренне пожелал бы дальнейшего роста и благосостояния.

Каждый гражданин Казахстана помнит знаменательный день, 16 

декабря 1991 года, когда мы получили независимость. С этого дня про-

шло уже двадцать три года. Я благодарна своей родине за семью, друзей 

и мирное небо над головой. 

Все сознательные года моего детства прошли в независимом госу-

дарстве. Даже не понимая, что такое независимость, я слышала и знала 

о ней. Из поколения в поколение передаются рассказы о важнейших со-

бытиях, выдающихся личностях, об их подвигах и великих делах. Поэто-

му, думая о родине, мы думаем и о героях прошлого и настоящего, и об 

известных писателях, поэтах, музыкантах, художниках. Все это — наша 

история, все это — наша родина. Родина, где мы родились, где каждый 

день кушаем хлеб, где самые родные люди живут рядом.

Кирьянова Дарья

8 класс, гимназия № 40 г. Тараз

Руководитель: Осипова Т.В.

Гимн родной страны

Каждое  государство  имеет  отличительные  знаки-символы:  герб, 

флаг,  гимн.  Государственные  символы  олицетворяют  независимость 

страны и живущего в ней народа

Независимость и сила Казахстана, связь древности и современно-

сти, неба и земли выражаются в символике цвета – голубого и золотого. 

Сочетание голубого и золотого в казахстанском гербе, на развевающем-

ся казахстанском флаге является узнаваемым во всём мире. Но едва ли 

граждане других стран знают о том, что голубой и золотой – это глав-

ные цветовые образы гимна моей страны.

«В небе – золотое солнце, в степи – золотое зерно…» – так начинает-

ся наш гимн. Уже в первых строках песни рождается образ просторного 

– от земли до неба – мира, тёплого, урожайного, счастливого. Радостное, 


295

Сочинения школьников Жамбылской области

победное звучание гимну придают открытые, широкие гласные звуки, 

вслушайтесь: 

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Гласные звуки сначала рождаются где-то в груди, затем становятся 

звонче, растут, и вместе с музыкой гимна растёт душа. В груди становит-

ся совсем тесно, ладонью чувствуешь, как сильно бьётся сердце и про-

сит воли… И наконец – мощным, свободным потоком гимн прорывается 

и наполняет собой всё пространство. В глазах – слёзы…Слёзы гордости 

за страну, её силу и стремительные достижения. Слёзы счастья от созна-

ния, что я родилась и живу в этой стране, могу быть ей полезной. Слёзы 

светлой веры в нерушимость страны, её прекрасное будущее.

Текст нашего гимна – текст от первого лица, от «я». Это – прослав-

ление Родины, это – признание Родине в любви, это – выражение пре-

данности Родине, ощущение неразрывного родства с ней:

Я твой цветок, взращённый тобой.

Я песня, звенящая на твоих устах,

Родина моя – мой Казахстан!

В Казахстане все от мала до велика знают гимн, трепетно к нему от-

носятся. Пусть гимн страны озвучивает великие свершения казахстан-

цев! 


 

Қайырболатқызы Мерейлім

3 сынып, «Қойгелді» атындағы орта мектебі Талас ауданы, 

Тамды ауылы

Туған жердей жер болмас

Туған  жер  өз  үйімізден  басталады.  Әр  адам  өз  туған  жерін  

құрметтеу және сүю қажет. Егер адам Отанын сүймесе, онда ол жер 

оның Отаны болып саналмайды. Елін сүйетін адам Отансыз өмір сүре 

алмайды. Алыс сапарға шыққанда туған жерін қатты сағынады. Оны 


296

Казахстан, армия, патриотизм

түсінде де көреді. Демалыс кезінде ауылымнан қашық кетсем, қайта 

туған жеріме оралғым келеді. Ақындай айтпақшы, туған жер-жұмақ 

мекен деп ойлаймын.

«Отансыз  адам,  ормансыз  бұлбұл»,  -  деп  дана  халқымыз  бе-

кер  айтпаған.  Себебі,  адам  баласы  туған  жерсіз,  Отансыз  ғұмыр 

кешпейді.  Әр  адамның  тұрақты  үйі,  мекені  болу  қажет.  Сонда  ғана 

адам бақытты өмір сүреді. Кіп-кішкентай бұлбұлдың өзі туған жерін 

іздейді,  қайғырады.  Осы  жөнінде    «Өзге  елде  сұлтан  болғанша,  өз 

елінде  ұлтан  бол»,-деген  мақалды    дана    халқымыз  жайдан  жай 

айтпаған болар. 

Мен  үшін  Отан,  туған  жер  деген  ұғымдар  ыстық.  Себебі,  адам 

баласы  өз  елін,  жерін  сүймей  болашақта  жетістікке  жете  алмайды. 

Туған  жерді  сүю  арқылы  біз  елімізді,  қазағымызды  шекіз  жақсы 

көруіміз керек. Мен Қазақстаныммен мақтанамын.

Қурбанбаева Индира 

10 сынып, №1 мектеп-лицейі Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы

Жетекшісі: Сариева Э.А.

Аңсаған атамекен

Отан…  Бұл  сөз  –  әр  адамның  жанына  жақын,  жүрегіне  жылы 

тиер  сөз.  Құс  ұясыз  болмайтындай,  адам  Отансыз  болмайды.  Ал 

менің Отаным, ата-бабаларым туып-өсіп, туын тіккен жаныма жай-

лы киелі жерім, алтын топрағым – Қазақстаным. Бірақта жүрегімдегі 

бір өкініштісі сол киелі жерден алыста көрші елде, балалығымның, 

балдай тәтті шақтарын өз Отанымнан алыста өткіздім. Қанша алыс 

болсам  да  жүрегімдегі  бір  ғана  арманым  –Отаныма  қайта  оралсам 

екен  деген  ой  болатын.  Отаныма  деген  сағыныш  қайта  оралуым-

ды жақындатқан сияты. Көрші елде басымнан көп киын жағдайлар 

өтті. Соның ішіндегі жаныма қатты тигені – менің тірегім әкемнің ол 

дүниеге аттануы. 

Әкемнен ерте ажрап қалғанымның бірден-бір себебі оз Отаны-

мыз  атамекенімізде  тұрмағанымыз  деп  білем.  Себебі  көрші  елдегі 

адамдар  біздің  отбасымызды  ылғи  да  шеттейтін.  Сол  қара  ниетті 

бірін-бірі көре алмайтын, жанын да жылуы жоқ, тас жүрек жандар 

әкемді ерте ол дүниеге аттандырды. Өкініш өзегімді өртеп, жаным-

ды қинайды. Кей кезде ойға шөміп!...»Неге менде басқа бақытқа толы 



297

Сочинения школьников Жамбылской области

отбасындағы балдар сияқты өз Отанымда, кең байтақ қазақ жерінде, 

туылып, ата-бабаларым із басқан киелі жерде алғаш рет тысауымды 

кесіп,  тәй-тәй  басып  жүрген  жоқпын!?»-деген  сұрақ  жанымды  жиі-

жиі қинайды. Осылайша, балалық шақтарым Отанға деген сағыныш 

пен өкінішке толы өтті. Кеш болса да, балалық арманым орындалып, 

міне,  өз  Отаныма,  қазағым  орналасқан  кең  байтақ  қазақ  даласына, 

қайта оралдым. Қайта оралғандағы қуанышымды сөзбен жеткізе ал-

маймын... 

Қуанғаным соншалықты поезден түсіп, өз Отаныма табаным ти-

ген кезі көзіме сағыныш жастары келді. Бір сәтке болса да қуаныш 

сезімдері,  қиналған  шақтарымды,  өкінген  күндерімді  кішкене  бол-

са да ұмытуға көмектесіп, жаным жай тапқандай болды. Ең басты-

сы мен жалғыз емес екенімді, менің қасым да қандас бауырларым, 

қашан да қол ұшын беруге дайын, қонақжай, мен үшін теңдесі жоқ, 

қазағым  бар  екенін  сезіндім.Өз  Отаныма  нағыз  бақыт  не  екенін 

түсініп, шын жүректен армандасаң, ерте ме, кеш пе орындалатыны-

на көзім жетті. Алайда, көңілімнің көлеңкесі, сүйенсең асқар тауым 

әкеммен бірге осы бақытты күндерімді өткізсем екен деген балалық 

арман жүрегімді қинап, көңіл-күйімді түсіреді. Білемін, арманым еш 

уақытта  орындалмайды,  бірақта  әкемнің  жоқтығы  мені  әлсірете 

береді. Өкінген мен пайда жоқ, откен күндер қайта оралмайды. Өмір 

ғой, бәріне де көнеміз...

Енді менің тек қана бір жолым бар, ол да болса әкем жете алмаған 

жетістіктерге  жетіп,  биік  шыңдарды  бағындырып,  әкемнің  арма-

нын орындап өз Отаныма пайдасы тиетін азаматша болып ер жету. 

Енді  қалған  өмірімде  өз  Отанымды  жоғарғы  дәрежеде  білім  алып, 

болашақта Отанымның өркендеуіне өз үлесімді қоссам екен. Менің 

ендігі  басты  мақсатым  ана  тілімді  жақсы  менгеріп,  өзге  ұлттарға 

өз  тілімде  сайрап  мақтану.  Мен  үшін  Отан  –  дүниедегі  ең  асыл  да 

ардақты,  қымбатта  ыстық,  ой  түйсігінің  шырқау  шыңының  ұшар 

басындағы қасиетті ұғым. Мен үшін әр бір қазақ Отан мен «Ана» бірін-

бірі толықтыра түсетін ажырамас ұғым. Біздің салыстырмалы сана-

мызда бір неше анамыз бар. Атап айтатындай бізді өмірге әкелген 

жарыққа шығарған әйел затын ана десек, соңғы анамыз туған еліміз, 

туған жеріміз. Ойыңды жеткізіп айналаңмен қарым-қатынас жасай-

тын ол –өзіміздің ана тіліміз. 

Міне  біз  міндетті  түрде  өз  анамызды  ардақтауымыз  керек, 

тағы  да  сол  сияқты  өз  халқымызды,  оның  ішінде  қанша  ұлт  болса 

да,  сыйлауымыз  керек.  Себебі  біздің  Отанымыз  оларға  қамқорлық 



298


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет