Казахстан, армия, патриотизм
они связывают нас с прошлым. Раньше дедушка часто играл на домбре,
но сейчас он делает это все реже. Садясь на низкий стул, закидывая ногу
на ногу и беря в руки наш древний инструмент – домбру, он, к всеобщей
радости, начинает играть. Его глаза полузакрыты, уголки губ опускают-
ся вниз, и уже немощные руки начинают быстро передвигаться по стру-
нам, извлекая красивый звук, который ласкает слух. Слушая казахские
национальные песни, я слышу голоса прошлого. Они рассказывают мне,
каким было то время. Я вижу стремительных всадников, несущихся по
широкой степи, красивых девушек у белоснежных юрт. Картины про-
носятся передо мной, и, закрывая глаза, я предаюсь своим мыслям. Я
думаю о своей Родине, о семье, о своей жизни.
Слушая родную музыку, я чувствую трепетную нежность, которая
теплом разливается по моему телу. Думаю, что это волнение и есть та
кровная связь, тот особый дух предков, который пробуждается в чело-
веке, когда он встречается в своей жизни с чем-то настоящим, глубоко
национальным. Но вот замолкает инструмент. Энергия, которая секун-
ду назад переполняла дедушку, куда-то исчезает, и он опять становит-
ся просто нашим любимым, спокойным и медлительным дедушкой. Я
думаю, что во время игры на домбре его душа говорит на языке му-
зыки с предками. Я благодарна своему дедушке за то, что он помогает
нам, его семье, сохранять духовную связь настоящего с прошлым.
Сағи Әсем-ай
11 сынып, Қ.Сұлтанбеков атындағы орта мектеп
Т. Рысқұлов ауданы
Жетекшісі: Аденова Д.Қ.
Қазақ елі
Тарих. Ең ауыр үкім – тарих үкімі. Арпалысқа толы аласапыран за-
манда мұқым бір халық ізім-қайым өшіп, қанат-қолтығы кең жұртқа
сіңіп, бұлдыр елеске айналған жағдайлар көп. Ол сол халықтың
өзін-өзі қорғай білетін қуатының, амал табар айласы мен бірлігінің
тұтастығына, рухының беріктігіне байланысты.
Тарих – халық зердесі. Әр халықтың ол үлкен болсын, кіші болсын,
өзінің төл тарихы болады. Бірінің тарихы мыңдаған алып томдарға
хатталып қалды да, бірінікі «Уақыт» деген қайырымсыз алыптың
309
Сочинения школьников Жамбылской области
аяғының астында тапталып, ғасырлар тұңғиығына батып кетті.
Мұндай қасіретті кезеңдер жайлы ақиық ақын Мұхтар Шаханов:
Және туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да,-
деп жырлайды. Ұлттық тарихымызды құдіретті төрт ананың
біріне теңейді.
Көне түркі даласын мекен еткен қазақ халқының да сан ғасырлық
өмір көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар.
- Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай
жатқан елміз, елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін
жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған
елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз,- дейді Қазыбек би. Бұл
даналық нақылдан «ешкімге соқтықпай жай жатқан елдің» ежелден
құт-береке тілеп, бейбітшілік аңсаған ел екенін көреміз. Бірақ, тамыр-
сыз ағаш, тарихсыз халық болмайды. Жақсысын асырып, жаманын
жасырып өктемдеу – тарихқа жасалған қиянат. Біз оны бар қайғы-
қуанышымен, жеңіс-жеңілісімен бірдей қабылдауымыз керек. Себебі,
ол – тұтас құбылыс. Халқымыз өзінің қалыптасу жолында талай қилы-
қилы белдерді асып, «тар жол, тайғақ кешулерді» бастан өткерді.
Сонау сақтардың әйел патшасы Тұмар патшайымнан соңғы хан
Кенесарыға дейін, Мұстафа Шоқай мен Әлихан Бөкейхановтардан
Қайрат, Ләззаттарға дейін қанша рет дала қанға бөкті, қан жылға боп
ақты, қанша рет ұлан-ғайыр дала азаттықты аңсаған алты алаштың
асқақ та айбынды ұранына куә боп, қанша рет «елім-ай» деп, шер
төккен халықтың мұңы мен зарына ортақ болды.
Бірде Бұқар жырау Бөгенбай батырға былай деген екен: «Халық
қолдамаған соғыс түбінде жеңіліске ұшырар. Ал біз өз еліміз, жеріміз
үшін соғысып жатырмыз. Біздің ісіміз – әділ, оң». «Жаман ердің
қайғысы – ошағының қасында, жақсы ердің қайғысы – ауылының
басында» демекші, еңку-еңку жер шалған ерлеріміз өз жеріміз, өз
еліміздің, «қара қазан, сары бала» қамы үшін қолына жалаң шоқпар,
шолақ найза ұстап жауға шапқан.
... Бөрідейін жол тартып,
Жауырынына мұз қатып,
Жалаулы найза қолға алып,
Жау тоқтатар күн қайда?!-
310
Казахстан, армия, патриотизм
дейді Махамбет өзінің «Ұлы арманында». Сан ғасырлық өмір тари-
хын басынан кешірген қазақ халқы «егеулі найза қолға алар» батыр-
лардан, қара қылды қақ жарған билер мен ақылгөй, дана басшылар-
дан қай заманда да кенде болған жоқ. Билер мен хандар – ел бірлігі
мен берекесінің ұйытқысы. Бұл әсіресе, «Ақтабан шұбырындыда»
айқын көрініс тапты. Бұл кездегі қазақ даласындағы жағдай Есен-
берлинше айтсақ былай еді: «Қазақ жері көкпарға тартылған көк
серкедей еді. Көп жауының бірінің тақымында кетер ме, әлде іште
тоз-тоз болып жатқан сұлтандардың бірінің қолында басы, бірінің
қолында аяғы қалар ма?» Бұл кезде бірлік-берекесі кеткен ел жоңғар
қоңтайшыларының шабуылына төтеп бере алмады. Осындай кезде бір
тудың астына бірігу қажет болды. Қазақтардың біртұтас, толыққанды
мемлекет болуы үш жүздің билері: Төле, Қазыбек, Әйтекелер мен дана
хан Абылайдың жанкешті еңбегінің арқасында іске асты. Осылайша
жоңғар шапқыншы-ларының беті қайтарылды.
-...Жұқаны бүктеу оңай, жіңішкені үзу оңай... Егер сен, түркі халқы,
өз қағаныңнан, өз бектеріңнен жырақ кетпей, Отаныңнан жырақ кет-
пей, бірге жүрсең, сен өзің де бақытты өмір сүресің, өзіңнің отбасыңда
ештеңеден мұқтаждық көрмейсің. Ер жүрек халық – күшті халық.
Бізге жеңіс әперген – Отанымыз деп білу кере», - деп жазылған ежелгі
Күлтегін жазбасында. Он бес ғасыр бұрын жазылған бұл жолдау бүкіл
тарихқа тән нәрсе сияқты.
Бабалар қанымен, маңдай терімен салған соқпағын жалғастыру
– парызымыз. Шың басына шығу қиын, бірақ оның үстінде аумай,
құламай тұру одан да қиын. Тәуелсіздікке осындай аласапыран тари-
хымен қол жеткізген қазақ елінің мерейі үстем болуы үшін ең әуелі
бірлік керек. Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады. Сондықтан,
«Қазақстан» деген алып бәйтеректің тамырын тереңге тартып, қазақ
қыранының дүние жүзі көгінде шарықтай ұшуы – әрқайсысымыздың
қолымызда.
Бүгінгі жарқын өмір, жаңа заман, сені қалай сипаттасам екен?!
Бұл кез – осы бір көзайым күндерді көре алмай, шейіт болған
азаматтарымыздың аруағы бір аунап, разы болған, көңілдері толған,
дүниенің төрт бұрышына түгел шашылған барша қазақтың бағы
ашылған қуанышты, салтанатты кездер еді.
Жаңа ғасырға, жарқын болашаққа жақсылықпен қадам басқан
асыл елім, қасиетті жерім, сені бабалар аруағы әрдайым жебеп жүрсе
екен деп, періштедей тілегімді бүкіл әлемге паш етемін.
311
Сочинения школьников Жамбылской области
Сарбасова Маржан
11 сынып, «Төле би» атындағы № 8 гимназиясы Тараз қаласы
Жетекшісі Ахтамбердиева А.Е.
Отан неден басталады?
Мен бұл шығармамды болашаққа хат деп атар едім. Олай дейтін
себебім, менің болашағым Отанымның тағдырымен тамырлас бо-
лады. Жас та болсам, Отан деп соққан жүрегім мені тынымсыз
ізденуге, оқуға, еңбектенуге шақырады. Әрбір жетістігім Отанымның
гүлденуіне қосылған үлес секілді.
Алғаш дүние есігін ашқанда анам мені құшағына қысып, емірене
сүйіп, Отанымның ыстық демін дарытты.
Аялаған әкешім мені ең бір сұлу да сүйкімді әлди деп алақанына
алып: «Отанымның болашағы өзіңсің, қазақ деген дарқан халықтың
қалаулы да аяулы қызы бол», - деп шаттана қуанды, ақ батасын берді.
Балалық шағымның еркелік деп аталатын шағы әжемнің
қызық ертегісінен басталып, атамның ғажайып тарихымыз ту-
ралы әңгімелерімен бірте-бірте есейткенін қазір ғана ұғынып
отырғандаймын.
Қалаға келіп, мектеп есігін ашқанда, алғашқы ұстазым «Отан не-
ден басталады?» деп сұрағаны әлі есімде. Біз алғаш рет Отан деген
сөзді әліппеден оқыдық, оның ұлан-ғайыр Қазақстан жері екенін
бүлдіршін жүрегімізбен сезіндік. Біздің санамызға Отан деген ұлы
ұғымның отбасынан, достарымыз бен туыстарымыздың ыстық
ықыласынан, туған ауыл мен туған өлкенің қара топырағынан баста-
латынын ұғындырған алғашқы ұстазым – екінші анам сияқты қымбат
әрі ыстық.
Қазір мен тағы да осы сұрақ жайлы ойланып отырмын. Ойланған
сайын Отан – ананың алдында орындайтын парызымның қасиетті
екенін ұғына түскендеймін.
Мен жаспын, небәрі он жетідемін. Әйтсе де, мен өз тағдырымды
Отанымның тынысымен терең байланыстырмаққа бел будым.
Халықаралық құқық мамандығын таңдай отырып, Отанымның
мүддесін халықаралық деңгейде қорғап өтуге бел будым.
Оған дайындығым күнделікті іске асып келеді. Тарихты тұшына
оқып, өткеніміз бен қазіргі жағдайымызды салыстырып отырамын. Өз
тарихын бүге-шігесіне дейін терең білмейтін адам келешекке болжам
жасай алмайды, «қазақ – надан» десе, «е-е, надан болған екен ғой» деп
312
Казахстан, армия, патриотизм
сенеді. Өйткені өздігінен ізденіп қиналғысы келмейді, біреудің айтқан
даяр ойын дайын күйінде қабылдай салған жеңіл көрінеді.
Сонымен бірге өзге елдің тілі мен тарихын да оқып, танып жатыр-
мын. Бірақ, мұны өзге елдің саясатын ұғыну үшін ғана қажет екенін
бір сәт те жадымнан шығарған емеспін.
Сүйемін туған тілім – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім, -
деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, ана тілімді қадірлеуді
басты парызым деп ұғынамын. Өйткені, менің тілім – шалқар да-
риядай терең тіл, дарқан даламдай көсілген еркін тіл, сары даланы
аралаған самал желдей әуенді тіл, анамның сүтімен берілген киелі тіл.
Қазақ халқының өжет ұлдарының бірі – Бауыржан Момышұлы
айтқандай: «Қазақ тiлi – өткiрлiгiмен бой бал қытып, тамыр шы-
мырлататын, жан-жүйеңдi жандырып, құлақ құрышын қандырып,
ұғымға қонымды, жүре гiңе тиiмдi, жаудың көмейiне құм құйып, ау-
зын аштырмай, үнiн шығармай қоя тын тiл». Ол 1944 жылы қазақ
тiлiн шұбарла ған, өз тiлiн дөрекi, икемсiз, топас, кедей тiл деп жала
жауып жүргендерге қатты тойтарыс берiп, республи каның бас хатшы-
сы Әбдiхалықовқа майданнан жолдаған хатында: «қазақ тiлiнен ажы-
рап, азғын ел атанбасын, аты өшiп, ұрпақтарымыз тарыдай шашы рап,
қардай ерiп, құмға сiңген судай дерексiз жоғалмасын, анамыздың ақ
сүтiмен бойымызға дарыған тiлiмiздi ұмыту – бүкiл ата-баба тари-
хымызды ұмыту»,- деген еді. Сондықтан, мен тіл мен Отан егіз ұғым
екенін ұмытпайық дегім келеді.
Тәуелсіздіктің 22 жылдығына тұспа-тұс келіп отырған менің
жастық шағым – бейбіт заман уақыты, болашаққа жойқын жоспар құру
уақыты, лапылдаған жастықтың күш қайнары тасып тұрған уақыт.
Ата-бабамыз армандағын бақытты болашақ пен тәуелсiзсіздік
уақыты.
Ұлттық тiлдiң, дәстүрдiң, салт-сананың мызғы мас тiрегi, күшi, ал-
тын дiңгегi – халық тың бақ жұлдызы жарқырап жанған күн.
Көшпенділер романындағы Жәнібекұлы Қасымның сөздері
естеріңізде болар: «Дария тоқтаған бөгетті бұзып, суды тасыту бір
адамның қолынан келеді. Мүлгіп тұрған орманға шақпақ тастан от
беріп, телегей-теңіз өрт шығару – о да бір адамның атқара алар ісі. Сол
тасыған суды тоқтату жүз адамның да қолынан келмейді. Тоғайды
алған қалың өртті мың адам да сөндіре алмайды.
313
Сочинения школьников Жамбылской области
Ерлік көрсетіп ел-елдің арасын бүлдіру қай рудың болса да
қолынан келеді.
Бүлінген жұрттың басын қосып, ел ету тек халқына жаны ашыған
ұлдарының ғана қолынан келеді,» – дей келе, халықтың арасынан су-
ырылып шықпап па еді. Ол айтқанында тұрды. Біз де Отанымызды
өзге дамыған елмен қатар етуді мақсат етсек, сөзімізде тұрдық деген
сөз. Отанымызға деп осы батырлардай болмаса да бір-бір тамшы нәр
тамызсақ, өткеннен өсіп келе жатқан қазақ бәйтерегі тағы да шырқау
көкпен таласып қалар.
Мен бұл хатымды 20 жылдан кейін оқысам да, мейлі 50 жылдан
кейін болса да, өз тағдырымды Отанымның тынысымен, тіршілігімен
өзектес етіп, халқыма қызмет етуді мақсат еткенімді мақтан тұтар
едім.
Менің тағдырым біреу – ол Отанымның тағдыры.
Серік Аяулым
6 сынып «Қойгелді» атындағы орта мектеп Талас ауданы,
Тамды ауылы
Қазақстан әнұранымен айбатты, туымен тұғырлы, елтаңбасымен
еңселі ел екендігі шындық. Қазақстанның рәміздеріне ту, елтаңба,
әнұран жатады. Бұлар әрбір тәуелсіз мемлекет үшін ең маңызды
қажеттіліктер. Рәміздеріне қарап олардың тарихын, мәдениетін, дінін,
тілін, дәстүрін, барлық құндылықтарын білуге болады. Сол сияқты
Қазақстан мемлекетінің де тәуелсіздігін алғаннан кейінгі ең маңызды
міндет тұрды.
Қазақстан Рәміздері 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – ештеңемен
салыстыруға келмейтін нағыз өнер туындысы деп ойлаймын. Бұларды
дүниежүзіне танымал әйгілі туындылармен салыстыруға келмейді
және салыстыруға болмайды. Мен үшін ел рәміздері өз шығу тегі бар.
Сол сияқты біздің де рәміздердің өз шығу тарихы бар. Қазақ қаншама
қиындық кешіп, тәуелсіздікке ұмтылса, біздің рәміздеріміз де қазақ
халқымен бірге күрескен.
... 1992 жылы еліміздің рәміздерінің бірі – елтаңбаның жобасын
жасауға да сайыс жарияланады. Онда ақтық мәреде 245 жоба, 67
елтаңбаның болашақ бейнесі сайысқа түседі. Мұнда Шота Уәлиханов,
Жандарбек Мәлібеков жеңіске жетті. Содан бастап елтаңба мемлекеттің
314
Казахстан, армия, патриотизм
асыл құндылығына айналды. Елтаңба – дөңгелек нышанды және
көгілдір түс аясындағы шаңырақ, оның жаны күн сәулесі шуағында
уықтар торланған. Шаңырақтың екі жағында аңыздардағы қанатты
пырақтар бейнеленген. Жоғары жақта жарқылдаған бес бұрышты
жұлдыз, төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу орналасқан.
Елтаңбаның ең негізгі бөлігі болып – шаңырақ болып табылады. Ол
– елтаңба жүрегі болып саналады. Шаңырақтың беретін мағынасы
өте ерекше. Шаңырақ әлем тұтастығын, мемлекет бастауы, отбасы
белгісі іспеттес. Ал қанатты тұлпарлар – мәңгілік өмір, Қазақстанның
тұлпарлар секілді дамуын, Қазақстан тұратын ұлттардың бірлігін, руха-
ни байлығының белгісі. Бұл пырақтар қазақтардың үміті, жас ұрпаққа
деген сенімі, болашақ арманы, самғау биігі мағынасында. Төбедегі
жұлдыздың орны ерекше. Әр адамның өмірінде жол көрсететін,
бағыт-бағдар беретін жұлдызы болады. Сол сияқты мемлекеттің де өз
көшбасшысы болады. Бұл атқа әбден лайық деп Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевты алар едім. Төмендегі «Қазақстан» деген жазу ел тари-
хында да, дүниежүзі тарихында да мәңгіге өшпес, кетпес таңба деп
білемін. Мен әлі күнге дейін елтаңбамыздың көркемдігіне, ондағы
элементтердің дұрыс орналасуына, баға жетпестігіне қайран қаламын.
Бұл туындыны жоғары бағалаймын.
Ендігі рәміздердің бірі – ел әнұраны. 2006 жылы ел әнұраны
өзгереді. Ол ХХ ғасырдың екінші жартысында бақытты кезеңді
жырлаған нағыз патриоттық өлең «Менің Қазақстаным» еді. Бұл
халық жанының поэмасы саналатын. Оны жазған атақты ақын
Жүмекен Нәжімеденов болатын. Оның әнін дүниеге әкелген қазақ саз
патшасы Шәмші Қалдаяқов болатын. Бұл әнұранның тағы бір авторы
бар ол – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев. Президент екі ғасырды тоғыстырып, әнұран сөзін уақыт
өзгешелігімен үйлестіре білген. Парламент патшалары да бұл әнұранды
бірден қолдайды. Сосын жаңа әнұран 2006 жылғы 7 қаңтардағы
Конституциялық заң күшіне ие Қазақстан Республикасының
Президентінің Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу ту-
ралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары тура-
лы» Елбасы қойған №112-ІІІ Конституциялық заңмен бекітіледі. Ол
ең алғаш 2006 жылы 10 қаңтарда Ақордада шарықтап шырқалады.
Сөйтіп, 10 қаңтар жаңа әнұран туған күніне айналады. Тәуелсіз
еліміздің рәміздерін дүниеге келтіру үшін қаншама маңдай тер, еңбек
етілгені баршаға аян болды.
315
Сочинения школьников Жамбылской области
Менің жүрегім еліммен бірге жасап, әнұранымен бірге соғып, өмірі
тоқтамайды. Рәміздеріміз жасай берсін!
Тургынбек Арнат
9 класс, СШ имени Болтай батыра Т. Рыскуловский район
Руководитель: Сыйкымбек Г. Б.
Родина
Думая о родине прекрасной стране, в которой родились, связыва-
ем понятие родины со сложной и интересной, насыщенной и иногда
трагической историей родной земли. Мы чувствуем гордость оттого,
что являемся частью этой страны, частью этого большого мира. Лю-
бовь к родине нам прививают с детства — родители, воспитатели,
учителя.
Из поколения в поколение передаются рассказы о важнейших со-
бытиях, выдающихся личностях, об их подвигах и великих делах. По-
этому, думая о родине, мы думаем и о героях прошлого и настоящего,
и об известных писателях, поэтах, музыкантах, художниках. Все это —
наша история, все это — наша родина.
… Как-то в детстве бабушка принесла мне горстку клубники, толь-
ко что сорванной в саду. Я и сейчас чувствую этот незабываемый вкус
свежих ягод — таких не купишь в магазине или на рынке. Ведь они из
наших родных мест, с нашей маленькой родины.
Родина человеку дороже — маленькая или большая. Мне кажется,
что и большая, и маленькая родина одинаково важны, и я их люблю.
Весь окружающий нас мир — вся Родина.
Шәмшіхан Аружан
школа-лицей № 1 Т. Рыскуловский район, село Кулан
Новый Казахстан в новом мире
В жизни каждого государства есть события, которые с нетерпени-
ем ждут все, за которыми следят, затаив дыхание. Таким событием в
нашей стране, несомненно, является ежегодное Послание Президента
Н.А. Назарбаева народу Казахстана. В этом году я, как и все казахстан-
316
Казахстан, армия, патриотизм
цы, вновь с большим вниманием слушала обращение Главы государ-
ства. Яркое, волнующее выступление Президента страны произвело
на меня глубокое впечатление. Я испытала гордость за свою страну и
её достижения, уверенность в будущем. И это не удивительно, так как
всё содержание Послания проникнуто заботой о будущем казахстан-
цев, а обозначенные Президентом задачи отвечают духу нового време-
ни – времени ускоренной модернизации, динамичности, системности
в нашем развитии.
Послание этого года позволило мне сделать важный вывод: стра-
на находится на таком этапе, что ей по плечу достижения новых высот
в социальной сфере, пенсионном обеспечении, развитии качества об-
разования, здравоохранения и т.д. И главное – средства от результатов
труда казахстанцев направляются в жизненно важные артерии соци-
альной сферы. Это отрадно. Ведь чего только стоит блок социальных
инициатив Президента! Как никто другой, Глава государства понима-
ет чаяния и заботы всех людей, независимо от их национальности и
социального положения. И в этом я вновь убедилась, изучая новое По-
слание, главный мотив которого, считаю, – улучшение качества жизни
людей, повышение их благосостояния. Доказательством служит то,
что пенсионеры с 2008 года получат существенную прибавку к пенсии,
её поднимут до сорока процентов от прожиточного минимума и сохра-
нят это соотношение в ближайшие годы. Представлен в Послании и
комплекс мер, направленных на повышение рождаемости и улучше-
ние здоровья матери и ребёнка. С первого января 2008 года вдвое уве-
личится размер единовременного государственного пособия по уходу
за ребёнком. Это, несомненно, большая забота государства о детях и
матерях, хороший стимул для улучшения демографической ситуации
в стране. Продолжается также работа по дальнейшему совершенство-
ванию системы оплаты труда работников бюджетной сферы: врачей,
медсестёр, учителей, библиотекарей, государственных служащих.
Все эти социальные меры потребуют огромных средств. И они у
страны есть. Президент заявил: «Сегодня у государства появилась воз-
можность выделить такие большие средства на улучшение жизни ка-
захстанцев». Это прекрасно, что курс повышения благосостояния на-
рода реализуется надёжно, взвешенно, своевременно.
Нурсултан Абишевич Назарбаев считает также, что нужно «при-
влекать в школы зарубежных преподавателей английского языка»,
чтобы дети могли «обучаться иностранному языку на самом высо-
ком уровне». Понравилось мне и предложение Президента «подумать
317
Сочинения школьников Жамбылской области
о внедрении системы государственных конкурсов на присуждение
грантов школам с высокими показателями в работе».Уверена, что все
эти меры позволят ученикам и студентам получить качественное об-
разование в более передовых и престижных образовательных учреж-
дениях.
Важной я считаю и поставленную Президентом задачу «начать
поэтапную реализацию культурного проекта «Триединство языков».
Безусловно, Казахстан должен восприниматься в мире как высокооб-
разованная страна, население которой владеет тремя языками. Пре-
жде всего – казахским. Он является объединяющим фактором всего
населения нашего государства, одним из основных государственных
символов. Затем следует «русский язык как язык межнационального
общения и английский язык - язык успешной интеграции в глобаль-
ную экономику». О свободном владении молодым поколением нашей
страны тремя языками говорил Н. А. Назарбаев и третьего сентября на
интерактивном уроке для казахстанских школьников, который транс-
лировался в прямом эфире национального телеканала «Казахстан».
Тема интерактивного урока – «Новый Казахстан в новом мире». Одним
из главных требований времени назвал Президент в своей лекции зна-
ние трех языков. Я очень рада, что в нашей школе эта задача успешно
реализуется: мы изучаем три языка, что дает нам уверенность в буду-
щем.
С уверенностью могу сказать, что у нас в школе и селе делается
всё для того, чтобы сохранить дружбу между представителями разных
национальностей. Мы, как и все казахстанцы, празднуем мусульман-
ский Курбан-айт, христианскую Пасху, религиозные праздники других
конфессий. День единства народов Казахстана для всех нас – светлое,
радостное торжество. По традиции в нашей школе и Доме культуры
каждый год проходят мероприятия к Дню Респулики Казахстан, Неза-
висимости, Дню языков народов РК, фестиваль, посвящённый Наурыз
мейрамы. Со сцены звучит казахская, русская, немецкая, украинская
речь. Мы узнаём много нового о культуре народов, проживающих в на-
шем селе, республике.
Великий Абай в «Словах назидания» говорил, что два качества,
которыми должен обладать любой народ, - это стремление к един-
ству и забота о чести. «Мы приобрели многое, стали образованнее:
жизнь безудержно движется вперёд. Но, не вернув себе этих двух воз-
вышающих человека качеств, мы не сможем встать в ряд с великими
народами»,- писал казахский мыслитель. Не сомневаюсь, что эта от-
318
Достарыңызбен бөлісу: |