Казахстан, армия, патриотизм
ол мәңгі. Мәңгі жасайды. Мәңгілік елге айналып,ғаламның тірегі ата-
нады. Мәңгі жаса Ұлы Қазақ елі!
Бақытжанова Жаңыл
10 сынып, М.Әбдіхалықоватындағы орта мектебі
Түпқараған ауданы
Жетекшісі: Қартбаева Г.Б.
Отан
- Отансыз адам, ормансыз бұлбұл» демекші, әр адамның кіндік
қаны тамған құт мекені болары анық. Бірінікі шөлді болар, бірінікі
нулы болар, ал бірінікі сулы болар, әйтеуір, әр пенденің Отаны өзіне
ыстық.
Менің Отаным – Қазақстан. Ұлан-байтақ, ұшы қиыры жоқ, байтақ
Қазақстан. Туған жер – сезімі сана төріне сан түрлі ой, талғам толқынын
әкеледі. Мына бір көрініске көз жіберіп көріңізші. Аспанмен таласқан
ұшар басы сұлудың сәукелесіндей әдемі, аппақ қармен көмкерілген,
қарақұсты көздеген мергеннің жебесіндей көкке тіке шаншылып,
көкжиекке кеудесін тіреген асқар, алып шыңдар, тау төсін тауыс-
ша түрлендірген, сұлудың кірпігіндей кербез шыршалар Әйгерімнің
әсем күлкісіндей сыңғырлай аққан бұлақтар, әсем әнімен, жаныңды
тербейтұғын самал жел, сағымдағы шөлдер бәрі-бәрі таңғажайып. Ал-
тын бесігім, Отанымның сұлулығын сыртқа шығару үшін бұл сөздер
де тіл жеткісіз.
Бірақ осынау Отанымыздың басынан қаншама азап, қаншама
қасірет, қаншама нәубет өтті. Сан ғасырлар көкірегінен мұң кетпе-
ген, иығынан қасірет пен қайғы түспеген қазақ еліне тәуелсіздік оңай
жолмен келген жоқ. Бірақ қазақ халқы өзінің тәуелсіздікке ұмтылған
күресін бір сәтте тоқтатпаған. Ол күрес қолға қару алып, атқа қонудан
бастап, ұлтжанды арыстарымыздың парасатты амал-айласы түрінде
жалғасып отырады. Отан үшін, халқы үшін, қабырғасы қайысып, елі
үшін еңіреген ер-азаматтар қай заманда да болған. Сонау «ақтабан
шұбырынды, алқакөл сұламадан» өткен қазағымда Қабанбай,
Бөгенбай, Наурызбай секілді батырлар, Кенесары тұсындағы за-
манда көтерілістер, ұлттық езгіге қарсы бас көтерген Созақ, Адай
көтерілістер бұған дәлел.
453
Сочинения школьников Мангистауской области
Қазақтың біртуар перзенті, әлем әдебиетінің жарық жұлдызы,
асқақ данышпан, «өлмейтұғын артына сөз қалдырған» Абай
атамыздың да ең асыл арманы – халқымыздың азаттығы, елінің
бақыты еді.
Орыстың боданына айналған қайран қазақ елі кешегі
қызылдардың қырғынын, алапат аштықты, қатігез жеке басқа та-
быну қасіретін, сұрапыл соғысты, полигон сынағының зардабын
бастан кешірді. Ұлы Отан соғысын есімізге алсақ, қазақтың хас ба-
тыры, қаһарман қолбасшысы – Бауыржан Момышұлының мына бір
қайратты сөздері ойымызға оралады. «Біздің жүрегіміз темір емес.
Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере
алады. Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға де-
ген сүйіспеншілік». Елін сүйген, елі сүйген аңыз адам, алып батырдың
адуынды сөздері. Желтоқсан желімен желкені желбіреген тәуелсіздік
осынау қорқынышты трагедиядан аман алып қалды.
Иә, сондай сұрапылды басынан өткерген Қазақ елі арада сан жыл-
дар салып, аңсаған арманына, көздеген мақстына жетті. Тәуелсіздік
туы Қазақстанның тұғырына берік бекінді. Тәуелсіздік! Қандай рух-
ты, жүрекке қандай жылы, жанға жайлы ұғым. «Өлгеніміз тіріліп,
өшкеніміз жанып» тұңғыш Президентімізді сайлап, Ата заңымыз бен
рәміздеріміз қабылданып, туған тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие бол-
ды. Бұл тәуелсіздік тек қазақ халқына ғана емес, Республиканың барлық
халқына бостандық әкелді. Шетел асқан қаншама қандастарымыз
туған Отанына оралып, еркін өмір сүруіне мүмкіндік алды.
Қазақстан осынау 22 жылдың ішінде іргесін тіктеп, керегесін
кеңейтті, әлемдік аренада атын алтын әріппен жазды. Еуропадағы
қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасап, айды
аспанға бір-ақ атты.Жетінші қысқы Азиаданы өткізіп, «Азия жол-
барысы» атанды. Күні кеше ғана Лондонда өткен Жазғы Олимпи-
ада ойындарында 12 орынды иеленіп, спорттан кенде емес екенін
тағы бір дәлелдеді. Бүкіл әлем көз тіккен дүниежүзілік көрме EXPO –
2017 Қазақстан астанасы – Астанада өтеді. Ал бұл еліміздің бәсекеге
қабілетті, экономикасы мен технологиясы қарыштап дамығанын
айқындайды. Бұл – тек бастамасы ғана. Қазақстанның көріне биігі,
алар асуы, шығар белесі алда. Өйткені, Қазақстан – Мәңгілік ел!
454
Казахстан, армия, патриотизм
Барханова Назерке
7 сынып, №2 орта мектеп Мұнайлы ауданы
Ынтымағы жарасқан тату халық
Біздің халық – жатты жатырқамайтын, жатсынбайтын бауырмал
халық. «Таспен ұрғанды аспен ұр», «кекшіл болма, көпшіл бол»дейтін
кешірімшіл де, кеңпейіл біздің қазекем. Алла қаласа, өзге елмен де
тереземізді теңестіреміз-ау, тек қазақты кеңдігінен айырмасын.
«Кең болсаң, кем болмайсың!» Жаратқан да бізге тыныштықты осы
кеңдігімізге қарай беріп тұрған шығар, кім біледі... «Қайғысызға қара
су да ас»дейтін қазақ үшін байлық та, бақ та – ынтымақта. Жүз отыз-
дан астам ұлттың басын біріктірген киелі Отанымның менің отбасыма
тікелей қатысы бар...
Біздің ауылда дүркіреп той өтті. Ағам үйленді. Ауылға келін түсті.
Анау- мынау емес,ерекше келін. Ұлты – орыс, жаны – қазақ. Жаны
қазақтығы сол, қазақша сөйлейді, тәрбиесі де қазақтікіндей. Бізге бәрі
қызық. Сөйлегені де, жүргені де. Шайды айналып келіп қайта-қайта
ішеміз. Қабақ шытпайды. Әр жұма сайын иіс нан пісіреді. Ет асып,
қазанға қамырды да илеп салады. Қабыршақтанған «жайманы» сал-
майды. Денсаулыққа зиян деп ұнатпайды. Домбырамен ән шырқайды.
Даусы керемет. Өзі көңілді. Ата-анам да көңілді. Бірақ басында бәрі де
өзгеше болып еді...
Ағам мектепті бітірген соң, жоғарғы оқу орнына түсті. Студенттік
бал дәуренде қазақ тобында оқитын орыс қызымен танысады.
Көңілдері жарасып, үйленбекші болады. Бірақ үйдегілер қарсы бола-
ды. Бала адамның бауыр еті емес пе? Әкем де, анам да көп ойланды.
Ауыл-ел болып ақыл қосып, жөн білетіндер батасын беріп, әупірімдеп
келісті-ау, әйтеуір...
Ерте тұрып шайын қайнатып, малын өріске жіберіп, отбасының
ұйытқысы бола білген ибалы келінге бүкіл ауыл риза. Түтін түзу
ұшты. Бір шаңырақтың ғана емес,бір ауылдың...
«Бақ, қайда барасың?» дегенде, «Ынтымаққа барамын» деген
екен.
Ынтымағы жарасқан, пейілі кең халқымнан айналдым. Сүйемін
туған жерімді!.. Сүйемін ата салтымды!..Сүйемін дана халқымды!..
455
Сочинения школьников Мангистауской области
Бөкенбайқызы Қымбат
10 сынып, «Опорный» орта мектебі Бейнеу ауданы,
Боранкул селосы
Еркіндік – ежелден ел тілегі
Тәуелсіздік – ел тарихында, тағдырында айрықша орын алатын,
ауқымы кең ұғым. Тәуелсіз ел болу кез-келгеннің маңдайына жазы-
ла бермейтін бақыт. Біреудің боданында, бұғауында емес, еркіндікте
ғұмыр кешу өмірдің рақаты емес пе? Сол бақыт, сол еркіндік біз
өмір сүріп жатқан елдің тағдырына жазылған сый екен. Демек,
біздің еліміз екінің біріне бұйыра бермейтін сондай сыйға лайықты
болғаны.
Тәуелсіздік оңайлықпен келмейтіні баршаға аян. Олай болса,
біздің ел сол байлыққа қалай қол жеткізді? Тарихқа көз жүгіртелік.
Бізге бостандық әкелген ХХ ғасыр тек қана қуаныштарға толы болған
жоқ. Бар қиын-қыстау кезең, «тар жол, тайғақ кешудің» барлығы осы
кезеңде болды. Ойланып қарасақ, қазақ еліне бұл ғасырдың тартқан
сыйы да, қайғы мен қасіреті де мол. Қанша қиындық көрсе де біздің
қайсар халықтың мақсаты ел болып, халық болып бірігіп, тек қана
тәуелсіздікке жету болды.
1986 жылдың ызғарлы желтоқсанында қайсар қазақтың қайсар
ұлдары мен қыздары халық тағдыры үшін көтеріліске шыққан бо-
латын. Сол жолда бозторғайдай боздаған жастар қанша қиындық
көрді, азаптанды, қаншамасы қыршынынан қиылды. Әйтсе де ел
үшін, еркіндік үшін ешбір қазақ мойымады. Тек алға жылжуды ойла-
ды және алда болды. Міне осындай жігердің арқасында 1991 жылы
«Қазақстан Республикасы» атты алып территорияға иелік еткен дер-
бес мемлекет пайда болды.
Тәуелсіздікпен бірге ел тарихына, көп ұлтты Қазақстан
мемлекетіне ұлы жаңалықтар қоса кірді. Ұлан-байтақ жері бар, са-
бырлы да еркін халқы бар үлкен мемлекеттің өзгеге ұқсамайтын та-
рихы, қалыптасу, даму жолы да ерекше болды. Ата-бабадан қалған
ұлан-ғайыр жерді игеріп, дербес мемлекет ретінде өз билігімізді
сақтай отырып, өзгеге көңіліміз ашық, дастарқаны, қолы жомарт
халық ретінде дамып жатқан еркін елміз.
Бүгінгі Қазақстан әлемдік аренадан өз орнын ойып алған, Азия
мен Еуропаны ғана емес, күллі ғаламды мойындата білген өжет елдің
мекені.
456
Казахстан, армия, патриотизм
Мен де өркениет әлеміне қадам басқан еркін елдің өренімін.
Өткенге бойлап, бүгінді ақыл-парасатыма салып баға беру, нарықтық
заманда қарқынмен дамып жатқан қазақ мемлекеті туралы өз
пікірімді айту менің парызым сияқты.
Осындай патриоттық санамен ой толғайтын, елге деген ма-
хаббатпен жыр жазатын жастары бар, көш бастар Елбасы бар.
Күннен-күнге дамып жатқан экономикасы бар, ұмытылмас тарихы
мен әдебиеті бар, талайға арман болған байтақ жері бар Қазақстан
ешқашан да өлмеуге тиіс! «Тәуелсіздік тәу етер жалғыз кие...»,-деп
Әбіш Кекілбаев айтқандай, жалғыз киемізді жоғалтып алмайық!
Қазақстан көш бастар мемлекет болуға лайықты, сол жолда аянбай
еңбек етейік!
Дүйсенова Нұрила
7 сынып, Қарақұдық орта мектеп Қарақия ауданы
Ұлттық үрдіс – ұлағат
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын басты
міндеттердің бірі – есті, еңбексүйгіш, қайырымды бала тәрбиелеу. Әр
халық өзінің жас ұрпағын қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін,
әділ, ержүрек, ізгі ниетті, ар-ожданы мол болып өссін деп армандайды
және бұл мәселені өзінің тұрмыс-салтына байланысты шешіп отырды.
Ол үшін ғасырлар бойы қолданылып, сұрыпталған, тұрмыс және өмір
тәжірибесі сынынан өткен салт-дәстүрлерді қолданып келді.
Бүгінде өз алдымызға тәуелсіз ел болып тұрған шақта ұлтымыздың
ұлылығын, халқымыздың дархандығын, киелі қасиетін дүниежүзіне
таныта алатын бар мүмкіндігіміз – еңбек, білім және ұлттық тарихы-
мыз бен мәдениетімізді жаңғырту. Ата-бабаларымыз жерімізге жау
басып кірмесін деп, жаратқанға жалбарынған. Елін қорғайтын батыр
болсын деп ұрпағын қайратты, күшті, епті болуға баулыды, ұлттық
мәдениетіміз жойылып кетпесін деп өнерге, ал халқымыз гүлденсін
деп еңбек етуге, білім алуға баулыды, «Бір тал кессең, он тал ек» деп
табиғатты аялауға тәрбиеледі, «Ұя бұзған оңбайды» деп жас ұрпақтың
санасына обал-сауапты сіңіріп өсірді. Сондықтан мұндай қасиеттерді
қастерлеп, дәріптеу – ата-бабаларымыздың аманаты деп білуіміз ке-
рек! Өйткені, тілден, мәдениеттен, тарихымыздан, әдет-ғұрып, салт-
дәстүрімізден айырылғанымыз – ұлтымыздың жойылғаны!
457
Сочинения школьников Мангистауской области
Ұлттық тәлім – тәрбиесіз ұлттық намыс болмайды! Ал ұлттық
намыссыз ұлттың гүлденуі мүмкін емес! «Атаңнан мал қалғанша,
тал қалсын» деп ұрпағын алтын бесік – туған жерінің жасыл желегін,
көсіліп жатқан кең байтақ даласын аялап қорғауға баулыды. Өйткені,
табиғатсыз адамзаттың күні жоқ.
Табиғат – адамның ежелден тіршілік ету, өмір сүру ортасы және
мәңгілік мекенінің алтын бесігі. Біздің халқымыз ежелден өз жерінің
табиғатын аялай қорғап, обал мен сауапты, адал мен арамды ажы-
рата білген. Аталарымыз бен әжелеріміз жеміс-жидек өсімдіктерін
кесіп, сындырмаған, көк шөпті орынсыз таптамаған. Құстар мен буаз
аңдардың бәрін табиғат перзенті деп, олардың өсіп-өнуіне қиянат
жасамаған. Ел аузында мынадай аңыз бар. Бірде жау елге шабуыл
жасап, ауыл үдере көшеді. Төле би бабамыздың шаңырағына бір
қарлығаш ұя салып, балапан шығарып жатады. Мұны көрген кемеңгер
би киіз үйін жыға алмай, жұртта қалып қойыпты. Бидің осы адами
қасиеттерін түсінген жау да оған тиместен, кейін кетіпті.
Қазақ халқында үйіне кездейсоқ кіріп кеткен жыланды да
өлтірмей, басына ақ құйып шығаратын дәстүр бар. Өрмекші, киік, аққу,
көгершін, қарлығаш, бүркіт т.б. жәндіктерді, жануарларды, құстарды
халқымыз қасиетті, киелі санаған. Олай болса, туған жер табиғаты –
халқымыздың ұлттық байлығы. Оны аялап қорғау, еселеп арттыруға
үлес қосу – сенің азаматтық борышың, жас өрен!
Дюсенова Жансая
9 сынып, Жаңаөзен мектеп – гимназиясы
Мен – тәуелсіз ел ұланымын
Кез-келген адам баласының бойында алдына қойған мақсаты,
міндеті болуы шарт. Себебі, адам баласының құндылығы да осында
болмақ деп ойлаймын. Әр адам өзінше ой тербеп, қиял құсы қанат
қағып, болашақтан бір жақсылық пен жаңалық күтері сөзсіз. Сонымен
қатар болашағын болжағысы келген әрбір қоғам мүшесі өткені мен
бүгінін сараптай білуі шарт.
Ел президенті Н.Ә.Назарбаев атамыз: “Қазақстанның болашағы
– жастардың қолында” деген болатын. Бұл сөзді кезінде аты аңызға
айналған Мағжан ақын да үлкен сеніммен айтқан:
458
Казахстан, армия, патриотизм
Мен жастарға сенемін,
Алаш айбынды ұраны,
Қасиетті құраны,
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін!
Ол сенімді жастар талай қиын-қыстау кезде үлкен
жауапкершілікпен ақтады. Олар – от кешіп, елін қорғаған Әлия
Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, желтоқсанда ел тәуелсіздігін аңсап,
құрбан болған Қайрат Рысқұлов сияқты өзгеге ел намысын қолдан
бермес апа-ағаларымыз. Мен – осындай үлгі алар елдің перзентімін!
Сондықтан да, ел сенімін ақтап, жақсы тіршілік кешуге өз күшімізді
қосып, жеріміздің, халқымыздың өркендеп, гүлдене түсуі үшін ерінбей
еңбек етіп, ел тыныштығын қорғауға ат салысамын. Мен – тәуелсіз
елдің ұланымын. Мен елімді, жерімді шексіз сүйемін! Елімнің әрбір
тасын , әрбір меншігін қорғау – менің еншімдегі дүние. Өз басым
болашағыма үлкен сеніммен қараймын және болашағымның жарқын
болуы үшін терең білім, адамгершілік сезім арқылы жетуді мақсат
тұтамын. Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны сияқты, Отансыз да
өмір сүре алмайды деп ойлаймын.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: ”Жаңа асулар мен шыңдарды бағындыруда
мақсатына жетелейтін елеусіз, бірақ сенімді соқпақтарды іздестіруде
табанды да бірбеткей болуға тиіспіз” деген сөзі әркімге қайрат
пен жігер беретіні айқын. Сондықтан да, ел алдындағы, туған жер
алдындағы жауапкершілік кез келген адамның бойында болуы хақ.
Мұның өзі патриотизмнің белгісі емес пе?!
Өзіміздің ұлттық салт-санамызды, әдет-ғұрпымыз бен тілімізді
құрметтей отырып, халықаралық мәдениетке талпынып, соның
ішінде өз мәдениетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды көрсете
білер азамат болу – біздің перзенттік міндетіміз.
Абай атамыз қарасөзінде: «Жамандықты кім көрмейді? Үмітін
үзбек- қайратсыздық. Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың,
көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді?» дегенін ескерсек, қай нәрсеге
де жауапты қарап, қорықпауымыз керек. Өйткені, халықта: «Жеңістің
өзі жеңілістен тұрады» деген сөз бар. Туған жер, табиғат, оның
байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи скеткіштер, туған өлкедегі тамаша
жерлер, ұлттық құндылықтар ешкімді де бейтарап қалдыра алмайды.
Олар сөзсіз адам көкірегінде жылылық, жақындық, туыстық езімдерді
ұялатып жатады. Бір сөзбен айтқанда, патриотизм – қасиетті ұғым.
459
Сочинения школьников Мангистауской области
Елін сүю – әркімнің жеке ісі, өз арының ісі. Патриоттық сезім
– балалық бал күндерден бастап, есейе келе, өз ақылы өзіне жетіп,
нақтылы тарихи ортада ұзақ уақыттар бойына қалыптасып, шыңдала
түседі.
Қорыта айтқанда, мен болашақта жақсылықтар болады деп
сенемін, себебі біз талай қиындықтарды жеңген алыптардың
ұрпағымыз. “Ел мен үшін неістей алады деп сұрамай, ел үшін мен не
істей аламын? ” деген мақсатты ұстансақ, болашағымыздың кілті өз
қолымызда. Болашаққа басар қадамымыз сәтті болғай!
Ерқасова Салтанат
9 сынып, Қарақұдық орта мектебі Қарақия ауданы
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері
Мемлекеттік Рәміздер – мемлекетіміздің тәуелсіздігін білдіретін
белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара
үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен
құрастырылған. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің
арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер
тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе
беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді
қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу
тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді
және заңмен қорғалады.
Мемлекеттік рәміздер көне замандардағы ру-тайпаны қорғаушы
болып есептелетін тотемдік аң-құстың бейнелерінен, рудың, әулеттің
мал-мүлкіне салынған ен-таңбаларынан шыққан. Қазақ халқында
әрбір рудың мал-мүлікке салатын өз таңбасы болды. Соғыс жағдайында
межелі жерге әрбір рудың жасағы өз руының таңбасы салынған байрақ
ұстап, хан туының астына жиналатын болған. Қазақстан тәуелсіздік
алғаннан кейін оның мемлекеттік Рәміздері бекітілді. Біздің
рәміздеріміз мыналар: Қазақстан Республикасының мемлекеттік
туы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы, Қазақстан
Республикасының мемлекеттік әнұраны.
Әрбір мемлекет үшін отаншылдық рухта тәрбие беру әрбір
азаматтың мемлекетімізге, оның даңқты да қиын тарихына,
алдағы болашағына өзінің қатысты екендігін сезініп, еліміздің мұң-
460
Казахстан, армия, патриотизм
мұқтаждарын ойлануынан басталады. Бұл міндеттің күрделілігін
Елбасы нақты пайымдап, «...бұл міндет білім берудің, мәдениет
органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат
құралдарының барлық жүйесіне, әрбір отбасына қатысты. Ал, оны
елдің туын, елтаңбасын, әнұранын қастерлеуден, заңды өкіметті
құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен:
Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты,
мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп
өсетіндей еткен жөн»,-дейді. Халық жүрегін желпіген еркіндік самалы
ғажайып шығармашылық белсенділікке жол ашты. Елбасымыз жаңа
мемлекеттік рәміздерді қабылдауға зор мән берді.
Мемлекеттік рәміздеріміздің ресми хатталуының да өз тари-
хы бар. Президент Н.Ә.Назарбаев 1992 жылғы 4 маусым күні «ҚР
Мемлекеттік туы туралы», «ҚР Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «ҚР
Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» тарихи
заңдарға қол қойды.
Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге, мақтаныш етуге тиісті
ресми рәміздері бар. Біздің мемлекетіміздің рәміздері - Ту, Елтаңба,
Әнұран. Бұл рәміздер 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Біздің
мемлекеттік туымыздың түсі – көк. Көк түс аспанның белгісі. Бұл киелі
тұс - бірлік пен ынтымаққа шақырып, барлық халықтар үшін әрдайым
тыныштық, бейбітшілік пен береке символына айналған.
...«Қоғамда Қазақстан – біздің отанымыз, бұл үғымға көп нәрсе
кіреді деген қарапайым ойды қалыптастыру керек» - деп, атап
көрсеткен Елбасымыздың сөзі терең ойдан туындаған пікір деп
білемін.
Қай ұлттан шыққанына қарамай, әрбір азаматтың парызы ең ал-
дымен, біздің ортақ үйіміздегі достық пен келісімді қолдауы. Елімізде
патриоттық сезімі ерекше жоғары дамыған, қоғамда мемлекеттік
рәміздерге құрметпен қарау қалыптасқан. Мысалы, мектебімізде сабақ
басталғанда, мемлекеттік органдарда ант қабылдағанда, басқа да
көптеген іс-шаралар кезінде Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран орын-
далады. Қазақстан патриоты, біріншіден, Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздеріне: туына, елтаңбасы мен әнұранына ерекше
құрметпен қарайды, мемлекеттік нышандарымызды шын ниетімен
қадірлейді және оны басқалардан талап етеді. Қазақстандық па-
триотизм - өзіңді республика халқының құрамдас бөлігі ретінде
сүйіспеншілік және берілгендік сезімді, халық пен елдің мүддесін
қорғайтын, тіпті әскери қорғауды жүзеге асыратын азаматтың пары-
461
Сочинения школьников Мангистауской области
зы мен намысын тәрбиелеу. Ұлттық патриотизмді қалыптастыруға
негіз болған қазақтың дәстүрлі қоғамында орныққан құндылықтар
қатарына, «Отан», «атамекен», «ел-жұрт», «азаматтық борыш», «ар-
намыс», «адалдық пен әділдік», «азаматтық парыз», «қанағатшылдық
пен жомарттық», тағы басқа үғымдарды жатқызуға болады.
Біздің қазақ жұртымыз кіндік қаны тамған жерін, ата-баба
әулетінің мәйіті жатқан жерді ерекше қадірлейді. Қазақ үшін атаме-
кен – отанжанды пенде ретінде өмір сүруінің шарттық атрибуты.
Сондықтан да халқымыз өз ата-мекенін, Отанын, өз халқы, өз тілін,
өз мемлекетінің рәміздерін, салт-дәстүрін жүрекпен сүйе білген әрі
ұрпағын да соған тәрбиелеген, баулыған.
Есенғалиева Айдана
8 сынып, №6 орта мектеп Жаңаөзен қаласы
Мәңгілік ел-болашақ бастауы
Қазақ елі! Баршаның ұлттық болмысын, елдігін асқақтатар киелі
сөзді естігенде бойыңды ерекше сезім билеп, Отан деген ұлағатты
ортаның иесі болғандай сезінесің! Өйткені менің елім Атыраудан
Алтайға созылып, Алатау бөктеріндегі елді тұтастырып, «Егемендігін
– берік тұғырым» деп танытқан елдіктің нышаны. Ұл мен қызына
еліңе адал бол, ісіңе берік, намысың-мығым, рухың биік болсын деп
ұлтжандылыққа тәрбиелеген елміз.
Елдің елдігін, мемлекеттің мәртебесін айқындайтын құндылықтар
мен ұстанымдар тарих толқынында шыңдалғаны баршаға аян.
«Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы санасында «Ақтабан
шұбырынды Алқа көл сұлама атанған кезеңнен аман қалып,
«Желтоқсанның ызғары мен солақай саясат сынына төзуі» -
тәуелсіздікке жетудегі үміт отының сәулесі болар!
Егеменді елінің елдігін сақтауға, тәуелсіздік тұғырынан
тайдырмауға күш салады. Сондықтан да баршаның тілегі де, үміт
сенімі де – бүгінгі жастар. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың елге сенім
артқан жолдауы да «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» деп аталуы – елге аманат жүгі іспеттес. Халыққа жолдау –
жеті басымдық бағыттан тұрады. Бұл жолдау елімнің 30 елдің әлемдік
деңгейінде көрінуге күш салады. Елінің бақыты, ертеңгі болашағы –
462
Достарыңызбен бөлісу: |