Мой Казахстан
Мой Казахстан – это самая дорогая, важная, драгоценная, горячо
любимая страна. Это Родина моя. Много веков понадобилось нашим
предкам, чтобы заселить, освоить, защитить её от врагов и передать
в наследство нам, ныне живущим. Сколько труда, пота и крови, радо-
сти и страданий выпало на долю минувших поколений. Поэтическое
наследие нашего народа содержит немало завораживающих картин
красоты родной земли, её безбрежных просторов, белоснежных гор.
Великие акыны воспевали красоту и историю казахской земли. На-
родная память хранит и передаёт из поколения в поколение славные
и трагические события в жизни казахского народа. Слушая народные
мотивы домбры, представляешь себе огромные степи, колышущиеся
степные травы от вольного ветра, всадника на лихом коне, летящего
на нём, как на крыльях, к солнцу. Широко и правильно раскинулся Ка-
захстан. Солнце встаёт из степи, весь день идет над степью, встречаясь
с дремучими лесами и тысячами озёр, заходит оно тоже в степи. Когда
на севере ещё лежит снег, у подножия гор на юге уже зацветают плодо-
вые деревья. Республика омывается водами Каспийского и Аральского
морей, на её территории находятся много рек и озёр. Сказочно богаты
482
Казахстан, армия, патриотизм
недра древней казахской земли. Уголь, нефть, золото, титан, свинец,
цинк, железо – всё можно найти в казахской земле.
Любовь к Родине, чувство патриотизма. Как их объяснить? За что
мать любит своего ребенка? А за что мы любим своих матерей? Так
и любовь к Родине. Она есть, так как есть страна, в которой родила
тебя мать, где родились и покоятся с миром на кладбищах твои пред-
ки. Именно в этой стране, а не в другой. Есть родной язык, который
ты слышишь с детства, на котором ты сказал первые слова. И тебя по-
няли. Прочитал первую книгу на родном языке и она тебе очень по-
нравилась. Много книг еще прочитаешь в будущем. Может, и на других
языках. Но родным будет язык твоей матери, язык, на котором гово-
рят все вокруг в твоей стране. И родное слово, родной язык – это тоже
часть твоей родины.
Родная земля-это колыбель, которая качает нас на волнах жиз-
ни. Любовь к Родине есть в сердце каждого из нас. Любовь к родному
краю не приходит сама по себе. Любовь к Родине - это, прежде всего,
любовь к месту, где ты родился, сказал первое слово, сделал первый
шаг, вырос, нашел верных друзей, встретил первую любовь, шагнул во
взрослую жизнь. Куда бы ни забросила тебя судьба, священным будет
это место, в которое всегда хочется возвращаться. Зовется оно малая
Родина. Малые Родины сливаются в целую страну, к которой каждый
ее гражданин испытывает возвышенные чувства – патриотизм, гор-
дость, восхищение.
Моя малая Родина – это город Жанаозен, где я родилась и выросла.
Научилась делать первые шаги, сказала первое слово «мама», пошла в
детский сад. Потом спустя несколько лет в первый раз пошла в шко-
лу, где нашла для себя первых друзей. Когда я куда-нибудь уезжала, то
всегда скучала по своему родному городу, всегда тянуло обратно, по-
тому что я люблю свой город. И никогда его не променяю.
Повзрослевшие юноши и девушки разлетятся после школы по
миру в поисках лучшей жизни. Многие осядут на чужбине, создадут
семьи, бизнес. Проживут жизнь насущными проблемами. И вдруг на-
ступит тот момент, когда воспоминания о Родине щемящей болью
пронзят сердце. Родная земля голосом матери позовет домой и будет
терпеливо ждать.
Казахстан – страна больших возможностей, всего лишь два де-
сятка лет назад ставшая независимой. Её развитие идёт большими
темпами. Сейчас мы только дети, но уже сейчас мы строим планы на
будущее, мечтаем кем-нибудь стать в жизни, чтобы приносить пользу
483
Сочинения школьников Мангистауской области
государству, приумножать богатства нашей Родины. Хорошо учиться,
быть добрыми и щедрыми, уважать пожилых людей и сверстников,
многое должно нас интересовать, мы не должны быть «глухими» к
бедам и страданиям людей. Потому что именно таков наш Президент.
Мы уважаем нашего Президента – Нурсултана Абишевича Назар-
баева, благодаря которому мы имеем возможность жить в мирной и
благополучной стране. А что в жизни нужно человеку? Конечно, чтобы
люди, засыпая, были бы уверены в том, что их жизни, их будущему ни-
чего не грозит. Мир и согласие на земле – вот самое главное для каждо-
го человека. Мы уверены в своем будущем, наш Президент сделает все
для того, чтобы мы жили счастливо. Я ему верю! Вот какой мой Казах-
стан: мирный, свободный, богатый, многонациональный. Разве можно
не любить такую страну? И еще наш Президент предлагает переиме-
новать нашу страну в « Қазақ елі». Мне кажется, что это правильное
решение и я его полностью поддерживаю.
Мы гордимся прошлым нашей страны, посвятим жизнь её настоя-
щему во имя нашего общего будущего.
Мұхамбетова Арухан
5 сынып, №19 орта мектеп Жаңаөзен қаласы
Жетекшісі: Бердекешова Г.Қ.
Менің Қазақстаным
Арайлап атқан таңы бар, асу бермес асқарлары бар, сайын дала,
жазираны мекендеген мейірбан халқы бар ел – Қазақстан. Қазақстан
– бүтін қазақ халқының ата мекені, кіндік қаны тамған киелі жері. Ол
– менің елім! Тәңірі жер қайысар мал беріп, асты-үсті байлыққа тұнып
тұрған осындай өлкені бұйыртқан халқымның арманы да жоқ болар.
Неге болмасын?!
«Армансыз адам – қанатсыз құс» демекші, бабаларымның асау
арманы,жанын жаншыған намысы ұрпақтан – ұрпаққа жетіп жатты.
Ол арман –шексіз-шетсіз жатқан осынау табиғаттың берген сыйына
көз алартқандардың отаршылдық саясатынан құтылу еді. Ол жол –
Сырым, Жоламан, Қасым, Кенесары, Наурызбай, Исатай, Махамбет,
Барақ бастаған және 1916 жылғы көтерілісшілер басшыларының
заңды наразылықтарын тудырды. Қазақ халқы – патшалық Ресейдің
отаршылдығына ең көп қарсыласқан қауымның бірі.
484
Казахстан, армия, патриотизм
Менің елім – Қазақстан. Осынау құдіретті сөзді әірбір Қазақстан
Республикасының азаматы асқақ сезіммен, ерекше мақтанышпен
айта алары хақ. Сонау Алтайдан Атырауға дейінгі созылып жатқан
кең байтақ, ғажайып өлке – бұл Қазақстан. Осындай аймағы үлкен,
қойнауы қазынаға толы құнарлы жерімізге кімдер көз тікпеді? Олар
қазақ жеріне иелік ету үшін қаншама рет шабуыл жасап, елді ты-
ныш қоймайды. Бірақ ер жүрек ата-бабаларымыз сыртқы жаудың
қимылын бағып, тойтарыс беріп отырды. Сол батыр бабаларымыздың
арқасында,халықтың бірлігінің арқасында ел өзінің кең байтақ жер,
құт мекенінде еркін көсіліп, жайланып жатыр. Қасиетті жеріміздің
иесі олардың ұлы ұрпақтары қол жеткізіп отырған бостандық туын
желбіретіп, көкке көтерер ме едік?
Өз басынан ұрпақ тағдырын биік санаған ардақты ақын атамыз Асан
қайғы ел үшін мәңгілік мекен – жақсы жайды желмаямен желіп іздеген.
Талмай кезіп ерінбей шарлап, таппай тынбай, таңдап тоқтап, түйесін
шоқтірген жері осы күні Қазақстан аталады. Қысқы аязы мен жазғы
ыстығына ұл-қызын бірдей шынықсын дегендей. Еліне апарып тіресе, бір
шетін күннің көзі найзадай қадалатын оң бүйірге тіреген. Арқасынан күн
қысқанда, Алатау мен Алтай сынды алып таулар мейлінше мейірленіп,
бал бұлақтары еш уақытта үзілмей аға берсін деп ойлаған сияқты.
Туған Отан сезімі сана төріне сан түрлі ой, толға тоқынын әкеледі.
Көз қуанышы, көңіл шуағы етіп жаратқан жер жаннаты Жетісу мен
көгілдір Көкше, Баянауыл мен Қарқаралы, Алтай мен Атырау, Сарыарқа
сынды алып аймақты бауырына басып, Сыры мен Ілесін, Шуы мен
Жайығын, Ертісі мен Есілін ағызған алып қазақ даласы – ержүрек ата-
бабамыздың бізге аманат етіп тастаған ұлы Отаны. Қазақтың таны-
мал ақыны Қасым Аманжолов:
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бүл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман,-
деп, Отанға деген жүрек тебіренісін жырға қосып жекізіпті.
Отан – белгілі бір адам үшін туған шаңырағы, ата-ана, бала-шағасы,
өмірде көретін қызығы мен бақытының тұрағы, өлгенен кейін де
ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы. Отаным Қазақстан
– баяғы замандардан бері менің ата – мекенім, бүгінгі біздің, кешегі
485
Сочинения школьников Мангистауской области
аялы алақанына салып, ер жетіп, есейгенде біздің азаматтығымызға
баға беретін ұлы анамыз. Мен – қазақпын. Мен үшін осы сөздің өзі –
үлкен қуаныш.
Өз халқым – қазақты мақтан етемін.
Тәуелсіздік! Дүниеде бұдан асқан ұғым, бұдан қымбат игілік жоқ.
Арыстарымыздың қанымен, жанымен келген тәуелсіздігімізді алып,
өлгеніміз тіріліп, өткеніміз жанғандай. «Тәуелсіздік – ғажайып ұғым,
мемлекетіміздің өз саясаты бар деген сөз»,- деген еді Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев өз сөзінде. Халқы үшін қызмет етуді бақыт санайтын Ел-
басымыз тұрғанда Қазақстанның келешекте дамыған, өркениетті ел
боларына кәміл сенемін. Әрбір ұрпақ өз елін, жерін, оның адамдарын
жан жүрегімен сүюі керек. Рухы күшті адам дәл осылай етеді. «Рухы
күшті ел – алынбайтын қамал» - дейді халық нақылы.
Біздің Отанымыз, туған жеріміз қойынан қалың қазына шығып
жатқан – қасиетті де, қастерлі жер.Әсіресе, мұнай мен газ Отаны-
мыз Қазақстанның басты баға жетпес байлықтары – қара алтын мен
көгілдір газ,өз кіндік қаным тамған туған жерім – Маңғыстау өлкесінде
де өндіріледі, яғни Отанның бақыты үшін өз үлесін қосып жатыр. Ол
мен үшін – үлкен мақтаныш.
Қазақстан тәуелсіздік алғанына биыл жиырма екі жыл толды. Өз
алдына егеменді ел болып, тәуелсіз мемлекет атанды, қазақ халқы
үшін, әрине, үлкен қуаныш. Бұл жағдайда жиырма екі жасқа енді ғана
толған періштедей сәби, жас мемлекетке оңайға соқпасы белгілі.
Қазақстан атты көк жүзінде шарықтап ұшқан, қалықтап ұшқан, көк
байрағын желбіретіп ұшқан қыран бейнелі қайсар халық, момын
халық бар екендігін өзге елдер де танып біледі.
Бүкіл адамзат баласы үлкен үміт артып отырған ХХІ ғасыр
табалдырығын аттаған еліміздің басшысы Н.Назарбаев Қазақстанның
болашағы жастар екендігін, елімізді дамытып, көркейту де солардың
қолында екенін баса айтты. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың:
Сен үшін, Отан, сертім сол –
Неден де болса тайынбан!
Киелі менің өрісім,
Барлығы-дағы сен үшін,-
деген өлең жолдарын өзіме ұран ғып ұстап, талабы таудай, өнері
жасампаз елімді гүлдендіруге, оның даңқын асырауға өзіндік күш –
қуатымды арнаймын.
486
Казахстан, армия, патриотизм
Нұрболат Милена
7 сынып, Бейнеу лицей Бейнеу ауданы
Жетекшісі: Шәудірбаева Г.И.
Елім – деп соғар жүрегім
Мен-патриотпын! Мен елімді, жерімді, ұлтымды сүйемін! Мен от-
анымды, отбасымды сүйемін! Мен - тілімді, дінімді, ділімді сүйемін!
Мен Қазақстан Республикасының туын, әнұранды, елтаңбаны
құрметтеймін. Мен үшін аса қымбат осы құндылықтарға деген махаб-
батыммен мақтана аламын, және сол махаббатымды дәлелдей ала-
мын. Мен өзімді шын патриот санаймын.
Кез-келген адамды отансүйгіштікке тәрбиелейтін ең бірінші
– ата-ана тәрбиесі, екінші – ұстаздардың тәлімі. Ал өзіңді-өзің
отансүйгіштікке тәрбиелегендегі тірегің ол – кітап. Осы құдіреті күшті
кітап арқылы біз өзімізді патриот болуға тәрбиелей аламыз.
Ал енді Патриот дегеніміз не? Оны қалай түсінеміз. Жалпы «патри-
от, патриотизм» - дегеніміз кең ауқымды, көп сатылы ұғым. Яғни оны
қатып қалған бір сөзбен немесе бір сөйлеммен, немесе бір пікірмен
түсіндіру мүмкін емес. Патриотизм – ұғымының түп тамыры гректің
«патрис» деген сөзінен шыққан. Ол қазақ тілінде – «Отан», «Атамекен»
деген мағынаны береді.
Патриот болу ол қиын нәрсе емес, өзіңнің тіліңмен, еліңмен
мақтансаң, міне сен патриотсың. Патриот болу тек қана ұлттық киім
киіп немесе халық әндерін тындау емес, тіпті бұларды істемеуге де
болады. Ең бастысы сен отанға адал қызмет етіп, еліңмен мақтанып
жүрсең, бұның өзі отанға деген махаббатты білдіреді.
Көне түркі заманынан бастау алған пат риоттық құндылық
Күлтегін жазбаларында былайша суреттеледі: «Елтеріс қа ғанның
алғырлығы, еліне деген сүйіс пеншілігі Күлтегіннің қанына ана
сүтімен сіңді», – дейді. Немесе сол жазбада “Ей, Түріктіңбектері,
халқы!
Сендералауызсыңдар,
таққакіріптарсыңдар.
Ағалы-
інілінің дауласқандығынан, бекті-халқының жауласқандығынан,
дұшпаныңның сөзіне алданғандығыңнан қағандығыңнан, елдігіңнен,
төріңнен, билігіңнен айырылдың. Жер-жерге босып сандалдың. Біресе
ілгері шаптың, біресе кері шаптың, барған жерде не пайда таптың?
Бек ұлдарың құл болды, пәк қыздарың күң болды. Түрік халқы,
өкін!”,-дейді. Сай-сүйегіңді сырқырататын осы сөздерді Күлтегін
ескерткішінен оқимыз. Басынан кешкендерін мәңгі өшпестей етіп
487
Сочинения школьников Мангистауской области
жүрегінің қанымен, көзінің жасымен бабалар тасқа осылай, қашап жа-
зып кеткен.
Осы көне жазу арқылы қазақ хал қының бойындағы ұлттық па-
триотизм сезімдері бүгін ғана пайда болмағанын, ол ежелден бері
қалыптасқанын байқаймыз. Ықылым заманда жазылып, бізге дейін
жеткен «Қорқыт Ата» кітабында тәлімдік мәні күшті, қанатты сөздер
мен ұстаздық ұлағаттар көп кездеседі. Мысалы, «Қолына өткір қылыш
алып, соны жұмсай білмеген қорқаққа қылыш сермеп, күшіңді сарп
етпе. Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі.
Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омырт қасынан жара-
лып, ана құрсағында шырланып тумағаны жақсы. Ата даңқын шы-
ғарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді. Өтірік өрге баспайды,
өтірікші болғаннан жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық» – дейді.
Бұл өсиет сөздерден ақыл-парасат, өтірік айтпау, атаның атын был-
ғамау туралы ойлар ұлы даланың байтақ тығын, әдемілігін көрсетеді.
Бұл пайым сөз дер әр қазақтың мақтаныш сезімін тудыратыны
анық.
Қазақтың тұңғыш ғалымдарының бірі – Ш.Уәлиханов өзінің
патриоттық сезімін былай жеткізеді. «Ме нің патриоттық сезімім ірбіт
санды ғындай (матрешка сияқты бір сандықтың ішінде бір сандық,
оның ішінде тағы бір сандық) мен ең алдымен өз отбасымды, туған-
туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртым, руласта-
рымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстары, Ресей жұртын
қадірлеймін», – деген. Бұл тұжырымнан патриотизм отбасынан бас тау
алып, әулет, тумаластарға деген сүйіс пен шіліктен барып халыққа де-
ген махаббат және сол кездегі алдыңғы қатарлы ел дердің бірі Ресейді
атап көрсетуі де патрио тизмнің халықаралық мәдени қатынастардың
да негізі екенін көрсетеді.
Осыдан жүз жыл бұрын Абай қазақ намыстан, ар-ұяттан, береке-
бірліктен айырылды деп күңіреніп еді. Құлдық санаға уланған ұрпақ
сол Абай айтқан намыс, ар-ождан, береке-бірлікпен қоса, тілімізден,
дінімізден, қайырымдылықтан, мейірімділіктен айырылып қала
жаздадық. Елдің елдігін сақтап тұратын – намыс. Намыссыз жұрт елін
де, жерін де қорғай алмайды. Көрінгеннің шылауында кетеді. Міне,
Абай өле-өлгенше осыны айтып кетті.
Қазақ халқының батыр ұлы Бауыржан Момышұлы «Соғыс пси-
хологиясы» атты шығармасында адамның жеке психоло гиясының
сырын ашқан. Ол: «Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке
адамның аман-сау лығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей
488
Казахстан, армия, патриотизм
байла ныстылығын, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді сезіну,
мемлекетті нығайту деге німіз жеке адамды күшейту екенін мойындау,
қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды
оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бү гінгі күнімен және
болашағымен қарым-қатынасын біріктіреді», – деп терең, жан-жақты
анықтама берген.
Сондықтан да жастар бірімізді біріміз бауыр тұтып, егеменді
елімізді сүйіп, отбасымызды сүйіп, жүрегімізді мейірімге суарып,
көңілімізді адалдықпен ақтап, салт-дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді,
теңдесі жоқ Тәуелсіздігімізді сақтап,Қазақстан патриоттары болайық!
Мен айтайын деген бір дүние осы еді.
Оңдасынова Дариға
8 сынып, № 6 орта мектеп Жаңаөзен қаласы
Менің елім-Қазақстан!
«Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен,
асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы
ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп
күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы
дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік
пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық
жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті.
Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі. Еліміздің арыстары
талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып, тар жол тайғақ кеше жүріп,
еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай
күресіп табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік
танытты. Барлық саналы ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған бес арыс,
ұлы Отан соғысында елім деп жанын пида еткен қайтпас қыран алаш
азаматтары, жүректері оттай жалындаған желтоқсан қаһармандары...
Айта берсе жалғаса берер елінің асыл ұландары, асқақ рухты
азаматтарының ерен ерлігінің арқасы деп білемін.
Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз
жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз
еңсесін тіктеп жарқын болашаққа қол созды. Содан бері атқан оқтай
зулап, табандатқан 20 жыл өтті. Қазақстанның жиырма жылдық
ғұмырына көз салсақ, ауыз толтыра айтарлықтай, көкірегіңді
489
Сочинения школьников Мангистауской области
мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан
асулары мен бағындырған жаңа белестері бар. Бүгінгі Қазақстан Аста-
насын бас қала етіп, дамыған мәдениет пен экономиканың, білім мен
ғылымның орталығына айналдыра, елінің тұрақтылығы мен бірлігін
сақтап, дүние жүзіне танытуға күш салуда. Бұған мемлекетіміздің
Біріккен ұлттар ұйымына, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық
ұйымы сияқты халықаралық қауымдастықтарға мүше болып дүние
жүзі елдерімен тығыз байланыс орнатуы және осы жолда атқарып
жатқан қыруар істері дәлел бола алады. Кемеңгер Елбасымыздың
«Қазақстан – 2030» бағдарламасы өз бағытымен жүзеге асса, келешек-
те Қазақстан мемлекеті дүние жүзіндегі ірі мемлекеттер қатарына
қосылады деген сенімдемін. «Отан - оттан да ыстық» деген дана
халқымыз, адам баласының жүрегінде ең бірінші, ақ сүт берген туған
анасына деген сезім орын алса, екінші, Отанға деген жалынды, ыстық
сезім орын алады екен. Мен өз Отанымды, туған жерімді, құдіретті
елімді сүйемін және мақтан етемін. Өз елімнің дамуына теңізге
тамған тамшыдай болса да үлесімді қосамын деп ойлаймын. Барша
Қазақстандықтарды елімнің мерейлі мерейтойымен құттықтай оты-
рып, ашық аспан көгінде қалықтаған қырандай еркіндік пен даму,
асқан бақыт және шексіз қуаныш, биік белес пен шығар шың тілеймін
Салиева Айторғын
11 сынып, Бейнеу лицей
Жетекшісі: Шәудірбаева Г.И.
Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшеліктері
Адам көркі – шүберек. Бұл талай жылғы тәжірибеден өтіп,
әбден екшеліп айтылған тобықтай түйінді сөз. Халқымыз атам за-
маннан бері осы бір қағиданы берік ұстанып, мың бір сырлы әсем
киім үлгілерін жасап киініп келген.Киім жай ғана бір жапырақ
мата емес. Ол белгілі бір ұлттың, мәдениеттің бет бейнесін
көрсетіп тұратын ғажайып дүние. Оның эстетикалық, этно-мәдени,
қоғамдық мәні де орасан. Сондықтан әр қазақ мақтан тұтатын мол
мәдениетіміздің елеулі бір саласына киім кию ғұрыптарымызды
жатқызсақ болады. Шындығында да, әлемдегі озық өнер түрлерін
сарапқа салар болсақ, қазақ өнері алдыңғы қатардан көрінері
даусыз. Себебі, қазақ дүниетанымы терең, мәдениеті бай, әрбір
490
Казахстан, армия, патриотизм
өнері көрнекті, көрген-түйгені мол үлгілі ұлт. Қазақ өнерінің
әрбір туындысы өзгеге ұқсамайтын өзіндік ұлттық нақыштарға
толы. Қазақ ісмерлерінің қолынан шыққан киімдерден ұлтымыздың
дүниетанымдық, философиялық көзқарасы мен дүниені қабылдауы
көрінеді. Халқымыздың бүкіл ішкі жан дүниесі, ұстанған діні мен
ділі киім үлгілерінен, олардың пішілуінен, тігілуінен, қолданылған
әшекейлерден, таңдалған түр-түстен аңғарылады десек әсіре
айтқандық емес. Өйткені кез келген киім оны жасап шығарған
халықтың ішкі руханиятының материалданған көрінісі екені да-
усыз. Демек киімдеріміз қандай сұлу болса, жан байлығымыз да
соншалықты сұлу болғаны!
Енді қазақ әйелдерінің ұлттық киімдеріне ерекше тоқталып
өтейік. Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі, негізінен, көйлек, киме-
шек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, камзол, кәзекей, кебіс-мәсі,
көкірекшеден тұрады. Әшекей, ажар жағынан төрт топқа арналып
тігіледі. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер
мен бәйбішелердің киімдері. Қыз киімдері кеуделері тар, қынамалы,
жаға, жең, кеудесі, өңірі кестелі, әшекейлі келсе, жас ұлғайған сайын
неғұрлым етекті, кең, мол қаусырмалы бола түседі. Қазақ халқының
ұлттық киімдерінде тұрғындардың географиялық, ру-тайпалық
ерекшеліктері де көрінеді және ол көбіне бас киім мен шапаннан
байқалады. Мысалы, 3 құлақты керей тымақ, қаракесек, адай бөрік,
арғын тымақ, қыпшақ тымақ, сырмалаған 6 сай найман тымақ, 4 сай
жатаған тобықты тымағы (М.Әуезовтың айтуынша) болған. Аймақ
ерекшелігіне қарай Жетісу, Арқа, қоңырат үлгісіндегі тымақтар деген
атауларға бөлінеді. бұйымдар Қазақ халқының ұлттық киімдеріне
ерекше әр берді. Қазақ әйелдерінің бас киімдері.
Қазақ әйелдері жасы мен отбасы жағдайына байланысты өзіндік
ерекшелігі бар баскиімдер киген. Олар-дың жазғы, қысқы түрлері бо-
лады. Әйелдердің негізгі баскиімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек,
жырға, кимешек, күндік, орамал, қарқара, шылауыш, сәукеле, тақия,
шәлі (жібек, шілтер, оюлы т.б.). Кимешек кеуде, иық, жонды жауып
тұратын тұйық болады. Тек адамның бет-әлпеті шығып тұратын жері
“ойық” болады. Ойықтың екі жағы, кеудеге келер тұсы кестеленіп
әшекейленеді. Жылтыр жіптермен бастырылып, сырыла тігіледі.
Ойықтың жиегін өңді жіппен “шалып” тігеді. Мұны “алқым шалу” деп
атайды. Алқым шалудан кейінгі “жадағай” тігісті “су” деп атайды. Су-
дан кейін “қиықшалап” тігеді. Қиықшадан кейін су “жүргізіп”, “құман
бау” деп аталатын әшекей тігіспен тігеді. Құман баудан соң “Күрең
491
Сочинения школьников Мангистауской области
кесте” деп аталатын ою-өрнек салынып тігіледі. Күрең кестеден
кейін “сағат бау” тігісі жүріледі. Сағат бау кей жерде “ағақ бау” деп
те аталады. Кимешектің кеудедегі бөлігінің ұшына күміс теңгелер
тағылады. Бұл кимешекке сән береді, әрі төмен қарай басып, жазып
тұрғанға әсері болады. Кимешектің бір мәні әйел адамдардың шашын
шаң-тозаңнан сақтап, додырап шықпауына септігін тигізеді. Бұл да
діни наным-сенімнен туындап, мұсылман әйелдерінің шашын жа-
сыруларына көмегі тиеді. Кимешектің Қазақстанда бұрама жаулық,
иекше атаулары кездеседі.Орамал (парсы, араб.румал) – Ерте кез-
де кестелеп жасалған қол орамалды қыздар жігіттерге сыйлайтын
болған. «Орамал тонға жарамаса да, жолға жарайды» дейтін халық
мәтелі осыдан шыққан. Орамалдың басқа тартатын шаршы және
қиықша түрлері де бар. Жібектен шашақтап тоқылғаны – «бөртпе».
Жібектен, матадан шашақталмай, қалыңдау келген түрі – салы.
Шәлінің бүркеніш, жібек, оялы, торғын, шілтерлі деген түрлері және
ою, өрнек гүл шоқтары сызылған әртүрлі бедерлі немесе шымқай
қызыл күлгін т.б. өңділері де болады. Шәлiні әйелдер өздерiне шар-
шылап, кейде үшбұрыштап әртүрлi үлгiде iз салып, ақ немесе күлгiн
түстi ешкi түбiтiнен де тоқиды. Қыстық жүн шәлілер түбіт, түйе
жүнінен үлпілдек етіліп тоқылған, басқадай да суық өтпейтін қалың,
жылы маталардан жасалып, барлығының да шетіне шашақ төгіледі.
Бедері барын жастар, бірыңғай, өңділерін орта жастан асқан ана,
әжелер тұтынады. Шәлінің құны, сапасы мен қажеттілігі жағынан
да салыға жетпейді. Қасаба. Тұрпаты дөңгелек, желкесіне қарай
ойыңқылау келген, дөңгелек тақияға ұқсас етiп пiшiледi де, артқы
жағына немесе желкесiне қарай бiрте-бiрте ойыңқы түскен құламасы
болады, ұшы әйелдiң арқасына қарай төгiлiп жатады. Айдыны зерлi
жiптермен кестеленiп, қиылысқан жерiн алтын жолақпен жауып,
зерлi әшекеймен безендiредi. Құламасына шашақтар тағылады.
Шашақтың көп тағылуын “ұрпағы көбейсiн” деген игi тiлекпен
түсiндiруге болады. Қасабаның маңдай тұсына түрлi асыл тастар-
мен тiзiлген дөңгелек табақшалармен бекiтiлген қыстырма iлiнген.
Ал самай тұсына ұзынырақ күмiс қоңыраушалармен ұшталған 5-6
тiзбек салпыншақ қыстырған. Көне түркі (қыпшақ) бас киімнің
негізгі элементтерін бойына сіңірген қасаба атауы «алтын зерлі» де-
ген мағына береді дейді этнограф Ө.Жәнібеков. Қасаба көбіне төре,
сұлтандардың қыздары киетін бас киім саналған.
Сәукеле – қазақ әйелдерінің дәстүрлі киімдері аса бай, кере-
мет сәнді бас киімдер ішіндегі ең әшекейлі, әрі күрделі, ұзатылған
492
Достарыңызбен бөлісу: |