Казахстан, армия, патриотизм
Қаламыздағы мұражай, кинотеатр, облыстық Н.Бекежанов пен
А.Тоқмағанбетов театрлары бар. Қаламыздан түрлі өнерпаздар мен
ғалымдар, спортшылар шыққан. Мен осы аға апаларымыз секілді
өскенде өз қаламның, туған жерімнің дамуына үлес қосқым келеді.
Бізде ғарышқа түрлі ракеталар «Байқоңыр» қаласында
ұшырылады. Бұл да біз үшін үлкен мақтаныш. Кейде зардабы да бар
екенін естіп те жатамыз. Мен өскенде өз қаламның табиғатын сақтап,
қорғағым келеді. Ғарыш әлемін зерттеп, елімді дамытамын.
Туған қаламның әлемдегі керемет қалалардың біріне айналаты-
нына сенімімді білдіремін.
Кенже Қалдарбек
9 сынып, №162 орта мектеп Қожамберді ауылы,
Жаңақорған ауданы
Қайрат ағама хат!
Сәлеметсізбе Қайрат аға? Мен де сіз секілді ұтын ұлықтаған
ұлдардың бірімін. Сіздер сыйқылған Тәуелсіз елдің ұланымын. Мен осы
Тәуелсіздіктің оңай келмегенін білемін. Сонау Керей мен Жәнібек хан-
дар құрған іргесі кең қазақ хандығы құрылғаннан кейінгі бастан кеш-
кен қиыншылық аз болмады. Жан-жақтан жағасынан алған қалмақ,
башқұрт, жоңғар сынды мемлекеттерге тойтарыс беру халықты
титықтытып жіберді. Йә, сол кезеңнің қиындығына қарамастан үш
жүздің басын қоса білген білгір хандар, дана билер де болды. Солардың
бірі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Тәуке хан өзінің өзінің шығарған «Жеті
жарғы» заңдар жинағымен халықты біріктіре білген. Қасым хан «Қасқа
жол» атты заң жинағымен елдегі тыныштықты сақтаса, Есім ханның
заңдары халықты бір орталыққа бір орталыққа бағындыруды көздеді.
Заңдар туралы неге сөз қозғады дейтін шығарсыз? Біздің де Тәуелсіз
Қазақстан Республикасының Конституциясы бар. Заң бұзушылар Кон-
ституциямызда бекітілген заңдар арқылы жазаланып отырады. Ең
алғаш Конституциямыз 1993 жылы 28 қаңтарда жарық көріп, 1995
жылы өзгерістер енгізілді. Сөйтіп, 1995 жылы 30 тамызда жарықа
шықты.
Әр елдің өзінің тәуелсіздігінің белгісі – елтаңбасы, туы, әнұраны
болатын секілді біздің елдігіміздің белгісі: таңдандырар елтаңбамыз,
аөгілдір көк байрағымыз, әуелетіп шырқар әнұранымыз бар.
431
Сочинения школьников Кызыл-Ординской области
Байрағымыздың түсі – көгілдір. Ол кең де әрі шексіз аспанды бейне-
лесе, ондағы күн шуағы – нұрын біздің қазақ шашып тұратындай. Ал,
қыран болса – кең далада еркін өскен қазақ жастары секілді көрінеді
маған. Ал, біздің елтаңбамызға зер салып қараған әрбір жан онда үлкен
мән жатқанын бірден түсінеді. Елтаңбаның ортасында – шаңырақ
бейнеленген. Шаңырақ – іргесі бүтін қазақ елінің бір шаңырақ асты-
на жиналған отбасының бейнесін көрсетеді. Шаңырақ – елтаңбаның
жүрегі. Шаңырақтың екі жағында алтын түстес тұлпар бейнелен-
ген. Тұлпар – ер азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты,
жеңіске дегенжасымас жігердің, қажымас қайраттың, тәуелсіздікке
ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Ал, елтаңбаның жоғарғы жағында
бес бұрышты жұлдыз ейнеленген. Жұлдыз – елтаңбаның тәжі, Қазақ
елінің жол нұсқайтын жарық жұлдызы. Елтаңбаның төменгі бөлігінде
«ҚАЗАҚСТАН» деген жазу бар. Енді асқақтаған әнұранымызды
қалайша атпай кетейін?! Әнұранымыз кім-кімді болсын тебрентпей
қоймайды. Біздің әнұраны мызәрбір қазақ баласының өз елінің патри-
оты екенін білдіреді.
Аға, қазіргі елдің жағдайына келер болсақ еліміз жоғарғы
қарқынмен дамып келеді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазақ елін
көркейтуге бар күшін салуда. Алысқа бармай 1-2 жылдың төңірегін
алып қарасақ болғаны. Қазақстан «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесін
жеңіп алды. ЕХРО-2017 көрмесі қазақ халқының салт-дәстүрін
танытуға деген мол мүмкіншілік деп түсінемін. Ал, «Қазақстан-2050»
стратегиясы болса еліміздің ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу
көзделген.
Міне, Қайрат аға! Мен қазақ халқының заңғар биікке өрлеген ел
болып қалыптасқанын айтып бердім. Енді сіздер салған ізгі жолмен
қазақ елі мәңгі дами бермек,-деп сенімді айта аламын.
Таурбаева Асель
7 класс
Мой – Казахстан
Родина моя - Казахстан. Я здесь родилась,выросла, учусь и живу
здесь.Казахстан – моя земля. Человек не может жить без Родины. У
каждого она своя. Это страна, город, деревня, в которой он живет. С
432
Казахстан, армия, патриотизм
большим уважением я отношусь к своему родному краю к своему по-
селку где родилась.
Я люблю свою Родину нежной, трепетной любовью. Я горжусь сво-
ей страной, потому что мне есть чем гордиться.
Казахстан необъятная, неповторимая, великая земля. Много ты-
сячелетий понадобилось нашим предкам, чтобы освоить, заселить, за-
щитить от нашествий врагов и передать нам в наследство эту огром-
ную территорию.Народная память хранит и передает из века в век
славные и трагические события в жизни казахского народа. Несмотря
на тяжелейшие испытания, муки и страдания, минувшие поколения
сохранили и передали нам, ныне живущим, богатейшее наследие.
Сколько хорошего хочется сказать о своем Казахстане!Взять хотя
бы наш поселок Кызыл тюбе-2. Как изменился его внешний облик:
только недавно здесь была пустыня. А посмотрите сейчас!Большие
дома,большая школа,детские сады, аптеки,большой медпункт.И я на-
деюсь что наш поселок,и наш Қазахстан еще будут цвести и цвести. Я
горжусь тем, что Казахстан суверенное, государство. Как независимое
государство Казахстан имеет свои государственные символы - герб,
гимн и флаг. Все, что изображено на гербе и флаге, имеет смысл, особое
значение: отображает богатство страны, единство народа, стремление
достигать высокие цели, желание жить всегда в мире и согласии, не
зная войн. Красив и торжественен гимн нашей страны.
Сейчас мы только дети, и учимся в школе,но уже сейчас мы стро-
им планы на будущее, мечтаем кем-нибудь стать в жизни, чтобы при-
носить пользу государству, приумножать богатства нашей Родины.
Хорошо учиться, быть добрыми и щедрыми, уважать пожилых людей
и сверстников, многое должно нас интересовать, мы не должны быть
«глухими» к бедам и страданиям людей. Потому что именно таков наш
Президент. Мы уважаем нашего Президента – Нурсултана Абишевича
Назарбаева, благодаря которому мы имеем возможность жить в такой
мирной и благополучной стране.
А что в жизни нужно детям и взрослым? Конечно, чтобы мы, за-
сыпая, были бы уверены в том, что нашей жизни, нашему будущему
ничего не грозит. Мир и согласие на земле – вот самое главное для каж-
дого из нас. Мы уверены в своем будущем, наш Президент сделает все
для того, чтобы мы жили счастливо. Я ему верю! И ему верят миллио-
ны таких как я, казахстанских детей.
433
Сочинения школьников Кызыл-Ординской области
Воткакой мой Казахстан: мирный, свободный, богатый, многона-
циональный. Разве можно не любить такую страну? Я горжусь своей
страной и прошлым нашей страны.
434
Казахстан, армия, патриотизм
Маңғыстау облысы
435
Сочинения школьников Мангистауской области
Ағатаева Балдырған
11 сынып, Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Түпқараған ауданы
Жетекшісі: Төлеуова А.Қ.
Ел боламын десең, бесігіңді түзе!
Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не
көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс
та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы
кезеңімен есте қалды.
Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы
жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе,
ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді
дүрсілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне
ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан
ұмытпаймыз. Себебі, бұл-тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді
кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың
әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын.
Сонау ел басына түскен нәубет жылдары тарыдай шашырап
кеткендердің елге оралған сәттегі туған жерді, ата-бабаларының
кіндік қаны тамған топырақты құшырлана сүйген сәттегі бейнелерін
көргенде қалайша толқымассың?!
Міне, ежелден еркіндікті аңсаған азат халқымыз туелсіздігінің
20 жылдығын тойлады. Қазақстан, тәуелсіз мемлекет ретінде, дүние
жүзіндегі барлық елдерге түгелдей дерлік танылды. Бәрінен бұрын
адамның жан дүниесі, рухы мен ар-ұжданы азаттықты тілейді екен.
Сол халқым өз табиғатына тән тіршілік кешкісі келсе, несі айып?
Ақыры бұғау біткенге сыймай, шідер біткенді шірей тартып, халқымыз
тәуелсіз ел дербестігіне қол жеткізді.
Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас
тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – ар-
ман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға
біздің қазақ халқы жетті.
Отан...Бұл сөз – әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер
сөз. Осы сөздің астарында қанша мағына жатыр десеңізші?! Отан
дегеніміз - туып өскен жерің, Отан дегеніміз – 75 жыл Кеңес Одағының
құрамында болып, дербестік пен тәуелсіздікті мүлде жоғалтқан
қазақ халқының бастан кешкен тарихы, Отан дегеніміз – ел бірлігін,
436
Казахстан, армия, патриотизм
бостандығын, елін, жерін қайтсек сақтап қаламыз деп құрбан болған
апаларымыз бен есіл ерлеріміз.
Мен үшін Отан – құндылықтарды, материалды тасымалдаушы
емес. Бұл жан сезімі! Сенің әрқашан оймен болса да оралғың келетін
Жердің рухани бұрышы.
Менің жылдарым күндермен өлшенеді. Мен оның шексіз болғанын,
менің кішкентай және үлкен Отаным татулықта болғанын қалаймын.
Мен әрқашан да Қазақстанда тұратын адамдарға жанымның жылуын,
жүрегімнің отын сыйлауға дайынмын.
Мен өз Қазақстанымды қалай жақсы көрмеймін? Мен өз Отаным-
ды – қалай мақтан тұтпайын? Ол мені өз құшағына алады, әрдайым
жылулық сыйлайды. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені
мен әрқашан да мақтан тұтамын. Қазақстанның кең даласындай
байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны
жоқтық – нағыз жоқтық»,-деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз От-
анын сүю, өз ана тілін ардақтау әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп
ойлаймын. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өтсе де ата-
бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жа-
нын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға
ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені
Отан – біз үшін оттан да ыстық.
«Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен,
асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы
ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп
күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы
дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік
пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық
жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті.
Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі. Еліміздің арыстары
талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып, тар жол тайғақ кеше жүріп,
еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай
күресіп табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік
танытты. Барлық саналы ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған бес арыс,
ұлы Отан соғысында елім деп жанын пида еткен қайтпас қыран алаш
азаматтары, жүректері оттай жалындаған желтоқсан қаһармандары...
Айта берсе жалғаса берер елінің асыл ұландары, асқақ рухты
азаматтарының ерен ерлігінің арқасы деп білемін.
437
Сочинения школьников Мангистауской области
Мен – жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді
елдің ертеңімін. Сондықтан, жас тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасын
қалаушы, «Сен де бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та бар қалан»,-деп
Абай атамыз айтқандай, кірпіші болып қаланып, ата-баба ерлігі
мен рухынан нәр алып, дәстүріне берік болып, Отанымның одан әрі
өркендеп-өсуіне бар күш-жігерімді аямаймын.
Ол үшін кемел біліммен қаруланып, ғылым мен техниканың сан
қырлы тетігін меңгеріп, бүкіл әлемдік құндылықтарды бойына сіңіре
алған ұрпақ болсақ деп армандаймын. Өйткені, болашақ – жастардікі.
Елдің ертеңгі иесі – бүгінгі ұрпақ.
Қазақстан, сен заңғар биіксің, кеңсің. Менің жаным өзіңе деген
мақтанышқа бөленген. Туған жер! Мен сенің атыңды жер бетіне жар
салар перзентіңмін, тәуелсіздікті мықтап қолда ұстайтын балаңмын!
Ағатаева Балдырған
11 сынып, Жалау Мыңбаев атындағы мектеп- гимназиясы
Түпқараған ауданы
Жетекшісі: Төлеуова А.Қ.
Өнерлі өзін де, өзгені де асырайды
Шыр етіп дүние есігін ашқан сәттен бастап ана сүтімен бойға да-
ритын ұлы қасиет бар екен. Бұл қасиеттің бір жанға бұйырары, бір
жанға бұйырмасы анықты. Бойыңдағы сол туа біткен қабілетке егіз
ұғым бар. Ол – қанатсызға қанат, талапсызға талап сыйлар ұлы ұғым.
Ол – шуақты күндерге толы жайлы өлке. Әрине, ол – өнер өлкесі.
Өнер өлкесі... Өнер өлкесіне саяхат жасарда қалайша толқымассың?!
Ол әлемге кірсең, шықпағың қиын-ау, сірә! Мінеки, мен өнер өлкесіне
таяп келемін. «Өнер» атты жаз мекенге жасаған бұл саяхатымның ке-
ремет боларына сенімдімін.
Өнер – дүниедегі бар жақсылықтар қамтылған тамаша туын-
ды. Өнер туындысы – өмірді түсінудің негізгі кілті. Өнер мен өмірдің
байланысын айтсаңызшы! Өнермен өмір нұрланады, жан жадырай-
ды. Өнерді қанатына ілген әсем құстай көк жүзінде қалықтайсың.
Талантың асқан сайын одан әрмен жоғарылай бересің. Табиғат
сыйлаған талантқа мықты талап қоя білу керек. «Талант – табиғаттан,
талап – өзіңнен»,- демей ме Мұзафар Әлімбаев ағамыз.
438
Казахстан, армия, патриотизм
Өнердің саясы тарылған ба? Таусылмайды-ау, шамасы. Осы өнердің
бәрі де оқуменен табылған. Білім қуған талап қана өнер өлкесіне аяқ
бастырады. «Өнер тағына рұқсатсыз отырар болар»,-деген сөздерде
қаншама мағына жатыр десеңізші?! Бұл қанатты сөздердің иесі –
Мұзафар Әлімбаев.
Өнерлі адам саясын кеңге жайған ағаш секілді. Саясы – оның та-
мырлары. Осы бір тамырлар кеңге жайылған сайын ағаш аясы өсе
береді. Бір күндері таумен теңдес асулы шыңға теңдес болады. Талант-
тылар раушан гүлі сияқты жан-жағына жұпар шашып, көңіл ашады.
Үлкен өнердің үлкен, таза мінезі болуға керек.
Өнер адамға әдайым нұрын шашады. Нұрынан адам бойы-
на адамгершілік, сұлулық, ізеттілік, инабаттылық секілді ғажайып
қасиеттер төгіледі. Осы қасиеттер бойыңа еніп, сені шаттыққа бөлейді.
Өнер – ұлтты танытатын негізгі белгі. Әдебиет пен өнер ұлы
болмаған жерде ұлт та ұлы бола алмайды.
Әр пенденің жаны бір өнерді сүйеді ғой. Сол сияқты мен де өнерді
сүйемін. Қай өнер болмасын адамды көкке жетелейді. Ал мені көкке
жетелейтін өнерлер – сұлу поэзия, қаһарлы күй және әсем ән. Сұлу по-
эзия ақынды көрікті етеді, оқырманды да сұлуландырады.
Өнерді сүйген адам өзін де, өмірін де сүйе алады. Мен де өзімді
және өмірімді сүйемін. Адам биік көкке өнермен ғана жете алады деп
ойлаймын. Өнерлі өзін де, өзгені де асырайды.
Айтмұханқызы Гүлбану
11 сынып, Шахта орта мектебі
Түпқараған ауданы, Таушық ауылы
Патриот болу – әрбір қазақтың парызы
«Біздің болашағымыз – жастар. Біз жастарды жаңа өмірге
бейімдей білуіміз керек» деп Елбасымыз «Қазақстан-2050» стратеги-
ясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жолдауында
басты мақсат – Қазақстандық патриотизмге нақты тоқталған. Қазіргі
таңдағы еліміздің өркендеуіне тек патриоттық тәрбие, патриоттық
рух, патриоттық білім менпатриоттық сана арқылы ғана қол жеткізуге
болады. Расында да қоғамның қай саласында табысқа жеткізсеңіз
де тек патроитизм арқылы ғана жеткізесіз. Алдымен патриотизм
439
Сочинения школьников Мангистауской области
дегеніміз не? Париотизм – адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне,
салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезім.
Ел болашағы – жастардың қолында. Бүгінгі жастарды алды-
мен Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, ізгілікке
бір сөзбен айтқанда жалпы адамзаттық құндылықтарға толы руха-
ни тұлға тәрбиелеуде осы патриотизмнің орны ерекше екенін айта
кеткен жөн. Менің ойымша, патриоттық тәрбие алдымен өз отба-
сынан басталады. Тұлғалық бойындағы патриоттық құндылықтар
отбасындағы мейірімді әже, ақылды ата, ардақты әке, аяулы ана,
ыстық бауырларың, жанашар туған-тумаластарың қамқор болар
аға-інілерің арқылы бойыңа сіңеді. Отбасының ыстық – ықыласын
мейірімінен туындайтын отбасына деген сүйіспеншіліктен, Отанға
деген сүйіспеншілік туындайды. Бүгінде отбасы бірлігін ажыраспай-
тын жанұяның жағдайын жақтауымыз керек. Сонда ғана өсер ұрпақ
отбасынан патриоттық тәрбиені сезінеді.
Мен өз отбасымда анам мен әжемнің, іні мен қарындастарымның
бесікке салынып, «Бесік жырын» айтқанын тыңдап өселік.
«Шілдехана», «Сүндеттой», «Беташар», «Қыз ұзату» сияқты дәстүрін
көріп, біліп өстім. Жазда үнемі тігілетін киіз үйдің құрылысын қалай
тігуін ойыма тоқып алсам, оның сәндейтін қазақы ою-өрнегін, бау-
шашағын, түндігін жасауды анам мен әжемнен көріп таң қаламын,
қандай керемет... Мен осындай ауылда өсіп, ұлттық тәлім-тәрбие
алатынымды, салт-дәстүрімді көріп-біліп өскеніме мақтана ала-
мын. Отбасымдағы келін мен ене, қайын аға, отағасы, қайын-келін
арасындағы сыйластықтың өзіндік патриоттық тәрбиеге де әкелер
есептігі мол. Тіпті қазақтың ұлттық тағамдарының өзі – құрт қайнату,
балқаймақ әзірлеу, қазы-қарта дайындау, ет асу, сыбаға беру, қонқасы
жасау сияқты өзіндік қазақи ерекшіліктерді мен осы ауылда өсіп-
өнген балаларға берер ұлттық тәрбиелік мәні зор деп айта ала-
мын. Сондықтан ұлттық мәдениетпен патриотизмді дамытып, ел
болашағына сенімді боламын десең – ауылды көркейтуден, ауылдың
қажеттілігін бастаң. Өйткені нағыз ұлттық рух – ауылды. Ұлттық
мәдениет де – ауылда. Ұлттық тілде – ауылда. Ауылда өскен балалар
тірі табиғат пен үй жануарлары, атап айтқанда тек жылқы малына
қатысты – үзеңгі, тартпа, шылбыр, ер-тоқым, сабаутіс, аба, тайтоқы,
бозкүрең, торы сияқты әдемі сөздермен тілдік қоры, сөздік қоры
әлдеқайда көбірек дамыған Ана тілінің ескірген, ұмыт болған түрінде
сақтаушы ауыл тұрғыны. Отбасынан, ауылды үюдей, туған еліне, салт
дәстүріне, тіліне деген құрметпен патриотизм туындайды.
440
Казахстан, армия, патриотизм
Бауыржан Момышұлының «Патриоттық негізгі қайнар көзі – от-
басы және мектеп пікірі» деген пікірін де айта кеткен жөн. Патриоттық
тәрбиенің қалыптасуы – балабақша, мектеп. Яғни мектептегі
білім, балабақшадағы тәрбие отбасындағы патриотизмді әрі қарай
ұштастырады. Өйткені, балабақшадағы менің іні-қарындастарымның
Қазақстанның мемлекеттік Әнұранын жатқа білуі, тіпті ту мен
елтаңбаның неліктен солай таңбаланғанын да біледі. Аудандық,
облыстық «Балалар күні», «Астана күніне арнау», «Бақытты
балдырған» сайысына қатысып, сәби кезінен ұлттық патриотизмге
тәрбиеленсе, «Білім ордасы – мектептен» дегендей бүгінгі ұрпақты са-
палы білім мен тәрбиелейтін мектеп жоспарында тек білім мен қоса
тәрбие де жүргізілуде. Ертеңгі күнге сенімді қоғамның бірі – білімді
ұрпақ тәрбиелеу болса, осы әрбір қазақ патриот болып тәрбиелеуді ке-
рек дегенді естен шығармау керек. Сосын мектептегі орта білім стан-
дартында білім алу ғана емес, оқушылардың ұлттық патриотизміне де
үлкен мән берілген. Ғылыми тұрғыда ұлттық патриотизм дегеніміз –
өз ұлтының салт-дәстүрін, қадір-қасиетін бойына сіңірген және оны
қастерлеп, қорғауға дайын болуы бұл туғаннан ата-тегімен берілген
тәлім – тәрбие арқылы жетілетін ұлттық сипаттағы сапалы әрекет пен
мінез құлық.
Бүгінде мектепте болсын, қоғамдық қызметтегі болсын білім
мен сапалы өнімнің түкпірінде Отанға деген сүйіспеншілік пен
құрмет, ар-намыс жатырғанын естен шығармауымыз керек. Себебі,
патриоттық тәрбие – ұттық намыс, ұлттық сана – сезіммен рухани
байланысып көрініс табады емес пе? Жастарды патриоттық тәрбиеде
тәрбиелеуде алд ымен Отансүйгіштік сезімін оятып барып, қоғамға
бейім, адамгершілікті, ізгілікті, мәдениетті, зиятты сапалы тұлға
қалыптастыру керек.
Алыева Айгерім
9 сынып, «Атамекен орта мектебі» Бейнеу ауданы
Жетекшісі: Абытова А.А.
Азаттық туы астында
Өмірге келген әр жаңа мемлекеттің өз «іңгәсі» бар. Ол – көтерген
туы мен елтаңбасы, асқақтата әуелеткен әнұраны. Еркіндікке
441
Сочинения школьников Мангистауской области
ұмтылған қай ел, қай халық та өз даусымен сөйлеуді, өз үнімен жар
салуды армандайды.
Қанша айтса да тозбайтын ананың аты секілді, қанша емсең де
дәмі азбайтын ананың ақ сүті секілді, қайран азаттық, еркіндік, саған
не жетсін!
Тарихта тұңғыш рет жас мемлекетті бастау, оны тұғырына
қондырып, басына ту байлау, бақытты дербестік жолына жаңылмай
алып шығудан артық қиын жұмыс болмақ емес.
Қабылданған аспанкөк туымыз, айшықты елтаңбамыз, ізгілік
пен ақпейіл жігерге толы әнұранымыз сондай ас қиын сараптаулар-
да көп көңілінен шығып, тәуелсіз мемлекетіміздің атынан сөйлейтін
ресми белгілерге айналды. Олардың басты қасиеті – халқымыздың
табиғатына етене жақындығы, төлтума өнер тілімен терең сыр
шертіп, асыл аңсарларымыз бен алыс-жақынға деген ізгі пейілімізді
кемел жеткізе алуында. Әлемде жалғыз-ақ вексиллология «ту» де-
ген латын сөзінен шыққан, вексилллология – ту институты бар.1973
жылы Лондонда вексиллологтердің бесінші конгресі өткізіліп, оған
14 елден 57 делегат қатысты. Конгрестің төрағасы болып вексилло-
логия институтының директоры америкалық Уитни Смит сайланды.
Смит конгресте өзі басөарған институттың нәтижелі жұмыс істеп
жатқанын зор энтузиазммен хабарлап, оған мысал ретінде Оңтүстік
Американың Гайана мемлекеті институт жасаған ту суретінің жо-
басын өабылдағанын айтты. Мемлекеттік тулар мәселесіндегі
қиындықтарды шешу үшін вексиллологтер тәуелсіздік алған жаңа
мемлекеттердің туларын жасау бір жерден басқарылғанын дұрыс деп
есептейді. Мысалы, Индонезияның туы Монаконың және Польщаның
туларына ұқсас болып кеткен. Конгреске қатысушылар «Барлық
мемлекеттердің туларынан жаугершілік рухты білдіретін рәміздер
алынып, бейбіт еңбек рәміздері бейнеленсін» деген үндеу жариялады.
Біздің ұлттық белгілеріміз де шетелдік мамандар тарапынан да
жоғары баға алды. Мысалы, Бонн қаласындағы дүниежүзілік вексил-
лология ғылыми-зерттеу институтының директоры Р. Климеш бізге
жазған хаттарының бірінде: «Мемлекеттік туларыңыз ғажап екен!
Мен оны алғаш рет теледидардан, Барселонадағы олимпиадалық ой-
ындарды тамашалау кезінде көргенмін» деп жазды. Көк ту –қазақтың
қасиеті. Көк ту – қазақтың рухы. Көк ту – ұлттың ұлылығының белгісі.
Көк туды қорлағаның – рухыңды қорлағаның. Көк туды қадірлегенің
– ұлтыңды қадірлегенің. Көк ту – әрбір шаңырақтың төрінде, әрбір
мекеменің төбесінде ілініп тұруға тиіс. Көк туды қадірлеу арқылы ру-
442
Достарыңызбен бөлісу: |