Сборник школьных сочинений на патриотическую тему по ре зультатам Республиканского конкурса на лучшее школьное сочинение



Pdf көрінісі
бет52/71
Дата13.02.2017
өлшемі3,11 Mb.
#4011
түріСборник
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   71

Мен қазақпын!

Қазақ  халқы  –  ежелден  еркіндік  аңсаған  халық.  Тәуелсіздік  – 

қазақ жұртына оңай келген жоқ. Сан ғасырлардан бері дербес ел бо-

луды көксеген халқымыз еркіндік пен азаттық жолында талай асудан 



534

Казахстан, армия, патриотизм

асты. Түркі халқының ата-бабалары, яғни сақтар, ғұндар өз жері мен 

елінің тәуелсіздігін сақтап қалу үшін сыртқы жаумен күрескен Томи-

рис,  Зарина  сынды  сақ  патшалары  өздері  мекендеген  жерді  көздің 

қарашығындай  сақтап,  ата-бабаларынан  қалған  ұлан-ғайыр  жерді 

өзге жұрт өкілдері таптап кетпес үшін қасық қаны қалғанша күресті. 

Сондықтан да біздің арғы түп ата-бабаларымыздан мұра болып келе 

жатқан кең байтақ жерді, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен 

келген  ұлан-ғайыр  өлкемізді  қорғау  біздің  басты  міндетіміз  болуы 

тиіс. 


Айтып өткеніміздей бостандық, теңдік тәуелсіздік өз бетімен кел-

ген жоқ! Қаншама адам құрбан болды. Дүниені дүр сілкіндірген 1986 

жылғы  желтоқсан!  Осы  бір  жан  түршігерлік  оқиға  қазақ  халқының 

мәңгі  есінде  қалды.  Желтоқсан  көтерілісі  –  елімнің  болашағы, 

бостандығы, егемендігі үшін болған күрес. Ежелден еркіндік аңсаған 

ер халықтың асыл мұраты – еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреп, «Еге-

мен болмай, ел болмас, етектен кесіп жең болмас»,-деп жырлап өтті. 

Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы аса шытырман талас-тартыспен 

тәуелсіздікке жетті. Тәуелсіздікпен бірге егемен Қазақстанның жаңа 

тарихының да жаңа беттері ашылды. 

Тәуелсіздік!  Қандай  киелі  сөз!  Ата-бабаларымыз  үш  ғасырға 

жуық аңсап өткен киелі сөз! Осы тәуелсіздік жолында құрбан болған 

боздақтарымыз  қаншама?!  Олар  елдің  қамы,  жердің  қамы  үшін 

қан  төгіп,  ақыр  соңында  солар  төккен  қызыл  қанның  арқасында 

«Тәуелсіздік»  атты  бақытты  қолымызға  қондыра  білдік,  осы  киелі 

сөздің мағынасын ұғына білдік!

Тұлғасы  Елбасымның  жеке  дара,-  деп  ақын  ағаларымыз 

жырлағандай бүгінде Елбасы десек тәуелсіздік, тәуелсіздік десек ел-

басы айға оралып, нұрлы, бейбіт, бақытты күндеріміз алтын сәулесін 

шашады. Еліміз тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктеріміз бен көрген 

жақсылығымыз,  еліміздің  қуаттануына  және  гүлденуіне  Елбасының 

еңбегімен сараптау саясатының арқасы деп білеміз. Елбасы еліміздің 

өркендеп,  өзге  елдермен  тереземіздің  тең  болып,  иық  тіресе  биікке 

қарай  өрлеуімізді  кемеңгерлікпен  ұйымдастыра  білді.  Ол  бүгінде 

130-дан астам ұлт өкілдерін бір шаңырақ астына жиып, татулық пен 

бірліктің тізгінін ұстаған кемеңгер көшбасшы.

«Өркениет өнегесі – өз тіліңмен өмір сүру. Қазақ елі барда қазақ 

тілі  де  болады.  Өседі-өркендейді»,-деп  Елбасымыз  айтқандай,  қазақ 

тілі – мәңгілік тіл деп білемін. Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыған халық 

та жер бетінен жоғалады. Ана тіліміздің тұғыры, тағдыры үшін баба-



535

Сочинения школьников Южно-Казахстанской области

ларымыз  қам-қарекетсіз  болған  емес.  Халқымыздың  аса  бай  рухани 

құндылығы – туған ана тіліміз. Ол – қазақ тілі. Ана тілі – әр адамның өз 

ұлтының жан дүниесімен мәдениетінен, ғасырлар бойы жиған рухани 

азығынан нәр алатын кіндік тамыры. Онсыз халықтың аты бар да, заты 

жоқ. Осындай қасиеті мен құдіреті күшті халықтың рухани қазынасы 

тіл туралы ұлы тұлғалар ой қозғаған. Академик Радлов: «Қазақ тілінде 

түрлі  мәдениетке  енгізген  әсері  француз  тілінің  Еуропаға  тигізген 

әсерімен  бірдей»,-  деп  ана  тілімізді  бағалаған.  Сондай-ақ  Бауыржан 

Момышұлы: «Қазақ тілі әр түрлі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге 

жатады»,- деп қазақ тілінің сан қырлы жақұттай таза, бай екендігін 

толық жеткізеді. Сонымен бірге «Қазақтар шешен әрі әдемі сөйлеудің 

шебері»,- деп Бауыржан Момышұлы өз ойын толығымен аша біледі.

Міне,  Қазақ  жұрты  өз  тілінде  сөйлеуді  мәдениеттілік  белгісі 

деп, ана тілін құрметтеп қадірлеген ел бола білді. Сондықтан да ана 

тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!

«Біз  қазақ  деген  –  мал  баққан  елміз,  ешкімге  соқтықпай  жай 

жатқан  елміз.  Елімізден  құт-береке  қашпасын  деп,  жеріміздің  шетін 

жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған 

елміз,  басымыздан  сөзді  асырмаған  елміз,  дәм-  тұзды  ақтай  білген 

елміз, дәстүрімізді сақтай білген елміз»,- деп Қазыбек бабам айтқандай 

ен даланы жайлаған көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының өзіне тән, 

өзге ұлттардан ерекшелейтін салт-дәстүрлері бар. Халқымыз ғасырлар 

бойы  жинаған  бай  қазынасы,  салт-дәстүрлері  мен  әдет-ғұрыптары 

ұрпақтан-ұрпаққа  мұра  болып  өз  жалғасын  табуда.Халқымыздың 

әдет-ғұрыппен  дәстүрін,  тарихын  біліп,  оны  қастерлеп,  бүгініміз 

бен  келешегіміздің  нәрлі  қайнарына  айналдыру  әрқайсысымыздың 

азаматтық борышымыз.

Бүгінгі  таңда  біздің  еліміз  әлемде  тәуелсіз  Қазақстан  Республи-

касы  ретінде  танымал.  Елімізде  130-дан  астам  ұлт  өкілдері  өзара 

тату, түсіністікте өмір сүруде. Қазақ халқы осы достықтың негізі бо-

лып табылады. Отанымызды, рәміздерімізді құрметтеп, патриоттық 

сезімімізді нығайта түсейік. Келешекте елімізді қорғауға, өркендетуге, 

гүлдендіруге сапалы білім, саналы тәрбиемізбен ат салысайық.

Мен  –  Қазақпын!  Осындай  Қазақ  елінде  туып-өскен,  өскеніме 

бақыттымын! Қазақ елі – мәңгілік ел. Өскелең ұрпақ барда, қазақ елі 

өшпейді. Асқақтай бер, Қазақстан! 

Тәуба, тәуба Тәуелсіздік туының желбірегеніне де 23 жыл болып 

қалды. Төрт құбыламызды түгелдеп,тәуекелдің кемесіне мініп 


536

Казахстан, армия, патриотизм

Құлшықова Бақытжамал 

 9 сынып, А. Пушкин атындағы ЖОМ Мақтарал ауданы, 

Мырзакент кенті. 

 Жетекшісі: Касымова Д.Е. 

Мен журналист болғым келеді

 Журналистика – ар-ұждан 

Мен қоғамның айнасы

Ия, неткен өтіп бара жатқан уақыт десеңізші?! Мен тоғызыншы сы-

нып оқушысымын, бірақ қазірден ой үстіндемін, мен журналист болғым 

келеді. Уақыт шіркін тез өтуде адамдар бір-біріне қарамастан арпалысу-

да әркімнің өз тіршілігі, өз өмірі. Біз өмірге адам болып туылғасыносы 

Отанымызға, ата – анамызға пайдалы азамат болуымыз керек. Ал жур-

налист ең алдымен, өмір көрінісін беретін, халыққа қызмет көрсететін 

қоғамға өте пайдалы адам. Бүкіл әлемде болып жатқан қазіргі заманғы 

зор өзгерістерге байланысты журналистика да жаңа көзқарасты, жаңа 

ұғымды, жаңаша ойлауды қажет етеді. Уақыт өткен сайын ішкі-сыртқы 

саясат баспасөз, радио мен журналистиканың алдында тың міндеттер 

қояды,  ондай  міндеттерді  орындау  үшін  жан-жақты  дамыған,  саясат-

тан  көп  хабары  бар  тұлға  болу  керек.  Сондықтан  мен  көп  ізденемін, 

оқимын,  баспасөзге  шыққан  материалдарды  көзден  таса  қылмауға 

тырысамын  үнемі  оқып,  ой  түйіп  жүремін.  Алаш  елінің  ардақтысы 

А.Байтұрсыновтың сөзімен айтқанда: «Газет – халықтың көзі, құлағы, 

hәм тіліне айналды».

Жалпы  алғанда  журналистика  өте  қиын  мамандық  және  қауіпті. 

Журналист  басқаға  ұқсамайтын,  өзгелерден  айырмашылығы  бар 

мамандық. Ол өз, еңбегі арқылы қоғамға, адамға қызмет етеді. Ол әркез 

жаңаны жақтаушы, бар жақсылықты қолдаушы болып табылады. Сөйтіп 

газет-журнал  немесе  радио  мен  телевидениенің  жұмысын  атқарып, 

творчестволық  қызмет  жасайды.  Ол  редакция  жұмысында  бірінші  — 

ұйымдастырушылық, екінші – әдеби өңдеу, үшінші шығармашылықпен 

айналысады. Бұл үшін оған білім мен қабілет керек. Оған қоса өмірдегі 

құбылыстардың  мәнін  түсіне  білу  де  үлкен  қасиет  болып  саналады. 

Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіп жа-

затын болуы керек. Жұртқа өмір жайлы толғап айта білу де үлкен өнер. 

Ол үшін тіл, сөз байлығын қолдану қажет. 

Журналистер бір тыным таппайтын жандар, үнемі іздену үстінде 

жүреді тіпті ұйқы кезінде де сол бір ізденген тақырыбын ойлап жата-


537

Сочинения школьников Южно-Казахстанской области

тын тұлғалар. Яғни олар халықтың мұң-мұқтажына араласып, қоғамда 

болып жатқан оқиғаларды шынайы түрде жеткізіп отыратын адамдар.  

Әрбір мамандық білім мен күш , қабілет талап етеді. Мен де өзімнің 

арманыма жетіп, қоғамға қызмет еткім келеді. Менің арманым адамдар 

арасында жүріп, олармен тіл табысу, қандай да бір мәселелерге ой қосу, 

шешімін табу. 

Сондықтан  өз  жұмысымды  ертеңгі  таңда  жақсы  атқару  үшін  өз 

қабілетімді  одан  әрі  дамытып  отырғым  келеді.  Ақыл-ой,  эрудиция 

бірінші орында тұруы керек. 

Сондай-ақ журналистің жеке бас мәдениеті көп нәрсені аңғартады. 

Журналист мәселені терең білуі аса қажет. Онсыз журналистің табысты 

жұмыс істеуі екіталай деп ойлаймын. Бұған қоса журналист кең пейілді, 

жаны жомарт, жақсылыққа құштар, мейірімді, жақсы дос, қиналғанда 

қол ұшын беретін жан болуы да үлкен қасиет. Ол менмендіктен аулақ 

болуы  керек,  өзін-өзі  ұстауы  мен  іс-әрекеті  арқылы  өзгелерге  үлгі-

өнеге бола білгені жөн. Журналист жұртпен тіл табысқыш болса тіпті 

жақсы.  Осы  өз  арманыма  жету  үшін  мен  барынша  тырысып  жүрмін, 

журналистерге тән қасиеттерді қазіргі уақыттан бастап өзімнің бойы-

ма сіңірудемін бірақ оған көп күш, қайрат, табандылық қажет екен. Ай-

тып өтетін бір жайт ол осы өзімнің таңдаған мамандығым арқылы өз 

ана тілімді дәріптесем, яғни өзге ұлт өкілдеріне ана тіліміздің кеңдігін, 

байлығын, ұғындырсам әрі қызықтырсам деймін. 

Қорыта  айтқанда  халық  сөзін,  халық  назын  жүректен  жүрекке 

жеткізу, адам баласының жүрегіне қуаныш сезімін ұялату, халықтың үні 

жетпей жатқан жерлерге дауысын жеткізу менің келешектегі міндетім 

деп ойлаймын!

Құрман А.

 9 сынып, Ғ.Мұратбаев орта мектебі Отырар ауданы, 

Қостерек ауылы

Жетекшісі: Омарова Р.Т.



Қазақстан – бейбіт өмір мекені

Менің  туып-өскен  жерім  –  егеменді  Қазақстан.  Қазақстанның 

байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте 

сұлу.  Биік-биік  асқар  тау,  мөп-мөлдір  көлдер,  неше  түрлі  өсімдіктер 



538

Казахстан, армия, патриотизм

мен  дәрілік  қасиеті  бар  шөптер  өседі.  Қазақстан  жерінде  аңдар  мен 

құстар, неше түрлі жануарлар тіршілік етеді. Сол жерде біздің ата-ба-

тырларымыз, ақындарымыз, ғалым-дарымыз туып өскен.

Қазақстандай  жері  шұрайлы,  шөбі  шүйгін  өлкені  мен  әрқашан 

да  мақтан  тұтамын.  Қазақстанның  кең  даласындай  байтақ  дала  еш 

жерде  жоқ  шығар.  «Отаның-алтын  бесігің»,  «Отаны  жоқтық-нағыз 

жоқтық»,-деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана 

тілін ардақтау-әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда 

атамекенді  ардақтау  сезімі  өте  терең  деп  ойлаймын.  Халқымыздың 

басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді 

сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да барын, да аямаған. 

Халқымыздың  осы  бір  қасиеті  жанымызға  ана  сүтімен  тарап,  ана 

тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да 

ыстық. 

...Менің  Отаныма  деген  сыр  сандығым  қашан  да  ашық...Міне, 



менің анам бесігіне тербеп, аялап өсірер – Отаным! Топырағына құт 

дарыған осындай өлкеде дүниеге келгеніме өте бақыттымын. Туған 

жер-алтын бесік. Әлдилейді, тербетеді. Әлемде менің елімдей ел жоқ 

деп айқайлап айтқым келеді. Мұның сыры туған жерге деген ыстық 

махаббат та сияқты. Қасиетті Отаным – Қазақстан бағзы замандардан 

бері ата мекенім, бүгінгі біздің, кешегі бабаларымыздың құт мекені. 

Сонымен бірге бесіктен бастап, аялы алақанына салып, ер жетіп есей-

генде біздің азаматтығымызға баға беретін ұлы анамыз. 

Қазақ халқы ертеден-ақ, үш нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып, 

қадірлеп  өткен  ғой.  Олар-туған  ел,  жер,  ана  тілі.  Осы  жолда  қайсар 

халқым  атқа  қонып,  қолына  найза  ұстап,  қаншама  қиын  жолдарды 

басынан өткерді?! Олар білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап 

қалған кең байтақ қазақ жері-біздерге қалдырған мұрасы, тапсырған 

аманаты. Бабалар аманатына адал болу-ортақ міндетіміз. Байтақ ел, 

күн сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Еліміз 

күннен күнге көркейіп өсуде. Тәуелсіздік алғаннан бері атқан таңымыз 

арайлы, алдағы өміріміз сансыз қиялдарға толы. Алда ұзақ, үлкен асу-

лар бар. Оған тек жүрек пен білім, талап пен талант керек.

...  Отан  болашағы  алдындағы  жан-жақты  жауапкершілік, 

адамгершілік, 

ақыл, 

парасат, 



қажырлы 

қайрат, 


шебер 

ұйымдастырушылық  қабілет  таныта  білген  тұлғалар  тарих 

төрінде,  тарихи  өшпес  мұра  болып  қала  береді.  Қазақстан  мен 

Орта  Азия  жастарының  жалынды  жетекшісі,  Шығыс  жастарының 

ұйымдастырушысы болған белгілі қоғам қайраткері Ғани Мұратбаев 


539

Сочинения школьников Южно-Казахстанской области

есімі  елге  ғана  емес,  әлемге  әйгілі...  Ол  өз  басына  дарыған  жігер 

күшпен ақыл-парасат иесі. Шығыс жастарының жалынды жетекшісі – 

Ғ.Мұратбаев Қазалының қасиетті топырағында, қазіргі өзінің атымен 

аталатын  ауылда  Мұратбай  болыс  шаңырағында  1902  жылы  3  мау-

сымда дүниеге келген. Ғани өз заманына сай, уақыт толқынына ілесе 

білген асқақ ойлы, ер кеуделі өрен еді. Елдің жоғын жоқтады, халқымен 

бірге мұңайды, бірақ болашаққа сенді. Халқымыздың ардақты да, аб-

зал азаматы, аққан жұлдыздай аз жасап, артына мол мұра қалдырған. 

Қазақстан мен Орта Азия жастарының жалынды жетекшісі, көрнекті 

қоғам қайраткері, ағартушы-демократ Ғани Мұратбаевтың ел мүддесі 

үшін жасаған жанқиярлық еңбегі бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Мұндай 

қоғамдағы үлкен рөлі бар дара тұлғаны ұмытпас үшін, ел кісінің атына 

көптеген көшелер, мемлекеттік мекемелер берілуде. Соның бірі біздің 

ауылымыздағы  Ғ.Мұратбаев  атындағы  шағын  жинақты  жалпы  орта 

мектебі. Бұл оқу орнының біз үшін орны бөлек. Себебі, маған білімге 

апарар  бақытты  көрсеткен  осы  мектебім  екеніне  сенімдімін.1999 

жылы  7  қаңтарда  Оңтүстік  Қазақстан  облысы,  Отырар  ауданы 

Қостерек елді мекенінде дүниеге келдім. 

Ал  қазір  мен  осы  мектептің  9  сыныбында  оқимын.  Дәл  қазірге 

дейін  барлық  сыныптарды  мақтау  қағазымен  аяқтадым.  Осы 

тоғызыншы  сыныпты  да  ойдағыдай  аяқтағым  келеді.  Бұл  уақытқа 

дейін  көптеген  қоғамдық,  мектепшілік  олимпиадаларға  қатыстым, 

аудандық конкурстардан да алған орындарым болды. Жалпы өзімнің 

жақсы көретін сабақтарым: әдебиет, сызу, физика, алгебра және тағы 

басқа. Мектептегі көптеген үйірмелерге қатыстым. Жалпы өзім волей-

вол, баскетбол, теннис ойнағанды ұнатамын. Алға қойған мақсаттарым 

өте көп. Көптеген жетістіктерге жеткім келеді, әрине білім саласында. 

Жоғарғы оқу орнына түсіп, білімімді әлі де жетілдіргім келеді. Қоғамда 

өз орны бар, мемлекетке пайдасы тиетін жұмыс жасағым келеді. Менің 

армандарым өте көп. Ол армандарыма жету үшін қолымнан келгеннің 

бәрін жасаймын. 

Қазақ  халқының  абыройын  асырып,  мерейін  үстем  етер, 

әлем  таңғалар,  талай-талай  жаңалық  ашар  білімділер  керек.  Осы 

тәуелсіздігіміздің намысын қорғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы 

үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезіну керекпіз.



540

Казахстан, армия, патриотизм

Мамыр Маржан

10 сынып, «Ақбастау» жалпы орта мектебі Қазығұрт ауданы

 

Қазақстан – ұлы отаным

Отан.  Бұл  сөзді  естігенде,  ойға  алғанда  әрбір  адам  баласының 

жүрегі  езіліп,  ден  бойы  шымырлауы  анық.  Себебі,  әрбір  қазақ  деп, 

халық  деп  соққан  кеудедегі  жүрек  болған  соң  және  нағыз  патриот 

жандар  болғандықтан.  «Отан  отбасынан  басталады».  Бұл  мақалдан 

не түсінеміз? Әрине, бұдан түсінетініміз әрбір адам баласы ең алды-

мен өз әке – шешесін, бауырларын, яғни өз отбасын сүйеді,бағалайды 

және сыйлайды. Осылайша өз отбасын құрметтеген адам өз Отанын 

да дәл осылай сезімдермен қабылдай алады. Отан – туып өскен жерің, 

кіндік қаның тамған, тай құлындай ойнап өскен өлкең. Отанға деген 

махаббат, сүйіспеншілік, құрмет – мұның барлығы анаға деген ыстық 

сезіммен пара пар бола алады. «Отанды сүю – өркениеттіліктің белгісі» 

дегендей барынша осындай іс-әрекеттерді айтып қана қоймай соны 

жүзеге асыруымыз қажет. 

Отаншыл  болу  –  ең  алдымен  өткенді  білу.  Осынау  қойнауы 

қазынаға  толы  байтақ  даланың  әр  пұшпағын  бабаларымыз  ақ 

найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғағанын ұмытпау – парыз.

Отаншыл болу – ұлтжанды болу. Ұлтсызда Отан жоқ. Болмақ емес. 

Ата салттың қадіріне жетпеген, ана тілін ардақтай алмаған бозөкпе 

отаншыл болып жарытпайды,

Отаншыл  болу  –  бір-біріңе  бауырмал  болу.  «Жақыныңды  жат-

тай  сыйла,  жат  жанынан  түңілсін»  дейді  дана  қазақ  халқымыз.  Ұлы 

ақын, кемеңгер Абай айтқандай «Біріңді қазақ, біріңді дос, көрмесең, 

істің  бәрі  бос».  Сол  секілді  жұдырықтай  түйілген,  бірлігі  жарасқан, 

тас  қамалдай  берік  Қазақстан  –  менің  отаным,  алтын  ұя  мекенім. 

Негізінен  кез  келген  адам  баласының  борышы,  парызы  –  Отан 

алдындағы парызын өтеу. Сондықтан да мынадай бейбіт заманда да 

әрбір азамат Отанды қорғай алады. Ол деген қолға қару алу емес, өз 

отаныңның білімді, өркениетті, сауатты да салауаттты перзенті бола 

алу. Міне, қазіргі таңда біздің отанымыз яғни Қазақстанның көп көңіл 

бөлініп жатқан мәселесі келешек, өскелең ұрпақтың сауатты болуы-

на, анығырақ айтар болсақ елбасымыздың мән беріп жатқан мәселесі 

осы.Қазіргі таңда бұл саясаттың жемісін татуға аз – ақ қалғандай. Тіпті, 

оны көріп те жатқандаймыз. Соңғы он жылда біздің еліміз Қазақстан 

бұрынғысынан да көркейе, көріктене түсті. 


541

Сочинения школьников Южно-Казахстанской области

Сонымен  қатар  атағы  ел-елге  тарап,таныла  бастауда.  Алғашқы 

жылдары  атлған  дамыған  елу  елдің  қатарына  ену  болса,  ендігі 

мақсат  яғни  дамыған,  озық  отыз  елдің  қатарынан  көрініп,  Қазақ 

елініңэкономикалық  болсын  басқа  да  жағдайларын  одан  әрі  жан-

дандыра  түсу  және  ең  бастысы  халықтың  орташа  жасының  сексен-

ге жеткізу. Әрине егер көп жасаған халық, көбейген елболатын бол-

са Отанымыздың жасары да мол болары анық. Мұның барлығын да 

еліміздің көшбасшысы бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім 

ханның  ескі  жолы»  секілді  «Нұрсұлтанның  нұрлы  жолын»  құрып 

келе жатқан, сындарлы саясатын ұтымды, халыққа өтімді етіп ұстап 

отырған  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев.  Алдағы  уақытта  Отанымыз 

жоспардағы ғана жетістіктермен ғана шектелмей, асқар асу белдерді 

бағындырары хақ.

Біз  –  елдің  болашақ  ұрпақтары  «  Отаным  маған  не  бересің  деп 

емес,  Отаным,  мен  саған  не  бере  аламын?»  деп  өсуіміз  керек.  Сонда 

елімізде  әрқашан  да  және  де  мәңгілікке  бейбітшілік  орнары  анық. 

Себебі,  ертеңгі  елдің  тізгінін  ұстар  азаматтар  білімді  болса,  олар 

барлық қиыншылықтарды ақылмен шеше алатын болады.

Халқымызда «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан бола-

ды» дейді емес пе? Елімізді, жерімізді, Отанымызды ойлайтын азамат-

тар әрқашанда көп болсын!



Марат Іңкәр

4 сынып, Т. Әлімқұлов атындағы лицей Созақ ауданы 

Шолаққорған кеншары

Жетекшісі: Алтаева Мақпал



Менің әжем

Мен қолыма мектеп оқушылары арасында өтетін байқау туралы 

ережені  алып,  оқып  танысқанымда  есіме  бірден  нағашы  әжем  жай-

лы жазсам ғой деп ойладым. Білмедім, дұрыс па, бұрыс па әже деген 

сөзге анықтама берейін десем қиындау сияқты. Ал тереңірек ойлан-

сам  ол  асыл  анамның  –  асыл  анасы.  Анамның  анасы  болғандықтан 

әрине, маған нағашы әже. Мен ес біліп, есейгелі қандай жағдайда бол-

сын  яғни,  қуанышымыз,  тойымыз  немесе  менің  анам  перзентті  бо-

лып  жатқанда  бірінші  жетіп,  қуанышы  қойнына  сыймай  жүретін  де 

осы  әжем.  Әжем,  әжем  деп  айта  беріппін,  бұл  кісінің  өзімен  сіздерді 



542

Казахстан, армия, патриотизм

де  таныстырып  қояйын.  Ол  –  Зәуре  Дөненбекқызы  Еденбаева.  Бұл 

кісі Алматы қаласындағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтын-

да «Мектепке дейінгі тәрбие» бағытында 27 жылдан бері осы аталған 

институтта қызмет етіп келеді. Әжем туралы жазылған газет-журнал-

дарды оқығанымда төбем көкке жетеді. Сонша жыл тек еңбек етіп, сол 

жерде  жүре  бермей,  көптеген  мектепке  дейінгі  тәрбие  ұйымдарына 

керекті әдістемелер мен бағдарламалар жазыпты. 

Еңбекқор, жаны нәзік, мейірімді, жанашыр, білімді әжетайымды 

өзін  танитын  туыс-тумалары  ғана  емес,  мектепке  дейінгі  тәрбиеде 

жүрген адамдардың барлығы да сыйлайды екен. 

Өзімнің  тілім  «р»  дыбысын  дұрыс  айта  алмайтынмын.  Бір  күні 

әжем:  «Сен  қашан  «р»  дыбысын  дұрыс  айтасың,  сонда  ауылыңа 

қайтасың» демесі бар ма? Бес жасар маған бұдан өткен қаталдық жоқ 

сияқты болып көрінді. «Р» дыбысынан келетін сөздердің бәрін тіземін, 

бәрібір дұрыс айта алмаймын. Менің жанымның қиналып тұрғанын 

әжешім түсінген болуы керек: «Іңкәр, сен және сенің атаң жайлы өлең 

тақпақ бар екен, соны жаттайық»,-деді. Әжем тез арада ойластырып 

шығарды білем, өйткені анау айтқан атақты ақын емес, бірақ біз жат-

тап, біз айтып жүруге жарайтын өлеңдерді әжем жадынан шығарады. 

Қарапайым ғана «р» дыбысы көп өлең жолының ішіндегі маған 

ең  ұнағаны  атамның  Марат  деген  аты  еді.  Шынында  жорғасына 

мініп  келіп  тұрғандай,  «Іңкәрім,  жүр  үйге»  дегендей  болды.  Расын-

да 4-5 қатар өлеңнің ішінде 25 «р» дыбысы тұрса, әрине бұл дыбы-

сты мүдірмей айтып кетесің. Сөйтіп, «р» дыбысын дұрыс айтып кету 

бақыты  менің  де  басыма  қонды.  Әжем  де  мәз  болып:  «Міне,  көрдің 

бе, айта алады екенсің ғой» - деп, ыстық құшағына алып, мені біраз 

мақтап, бетімнен сүйді. Тағы бір әжемнің ерекшелігі кез-келген әнді 

нәшіне келтіріп орындап, онымен қоса, біздің бірге айтып, әрбір сөзін 

түсініп, қазақ тіліне тән қ, ғ, ң, ұ, ө дыбыстарын дұрыс айтуымызды 

қатаң бақылауға алады. 

Осы  өлең  жолдары  арқылы  менің  жұдырықтай  жүрегіме 

патриоттық  сезімді  ұялатып,  есейген  шағымда  қазақ  елінің,  қазақ 

жерінің мақтанышына айналатын баласы болып өсуді көздегені ғой. 

Мені балабақшаға жеткізіп салғанға дейін, кешке үйге жеткенге дейін 

әжемнің жағы шаршамай ма? – небір мақалдар, мәтелдер, әңгімелер 

мен  ертегілер  айта  беретін.  Мұның  бәрін  мен  біліп  алады  деп  емес, 

құлағының бір шетінде сақтайды ғой дегені ғой. Расында, мен одан 

жаман  болған  жоқпын.  Мектепті  тек  5  оқудамын.  Маған  күйсандық 


543

Сочинения школьников Южно-Казахстанской области

сатып  әперіп,  музыка  мектебіне  де  жаздырған  әжем.  «Алатау»  әнін 

үйреткен де әжем. 

Шыңына көз жетпес,

Көркіне сөз жетпес.

Басынан қар кетпес,

Өзіне тау жетпес.

«Іңкәртай, әсем Алматыда аспанмен таласқан Алатау болса, сенің 

туған жеріңде қарт Қаратау бар. Сондықтан осы бала кезіңнен таудай 

биік, таудай талапты, таудай асқақ боп өссең мен бақыттымын. Осы 

сенімімді сен ақтайды деп сенемін. Өйткені, сен өте ақылдысың», - деп 

жігерілендіреді. 

2012  жылы  менің  әжемнің  авторлығымен  «Сиқырлы  қалам» 

интерактивті кешені (мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарына арналған) 

жарық көрді. Қазақ және ағылшын тілінде. Жаңа интерактивті кешен 

мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  талаптарына  сәйкестендірілген, 

қолданыстағы  тиімділігі  дәлелденіп,  бүгінде  мектепке  дейінгі 

тәрбие мекемелері жаппай пайдалануда. 60 ұйымдастырылған оқу іс-

әрекетінен тұратын кешенді жасауда әжем қаншама тер төкті десеңші, 

шіркін! 


Арман  қала  Алматыда,  Алатаудың  бөктерінде  тұратын  әжемнің 

еңбегі  еленіп,  2013  жылдың  қыркүйек  айында  ұлы  хан  «АБЫЛАЙ 

ХАНҒА 300 жыл» медалімен марапатталды. Әжетай, менің қуанышымда 

шек  жоқ!  Сондықтан  да,  өзіңізге  деген  сағынышпен,  құрметпен 

қуанышыңызға  ортақтасып,  «Нағашы  әже»  атты  шығарма  жазуды 

парызым деп, мен де өзіңізге ұқсап ақ жүрегімнен, сәбилік сезімімен 

мына өлең жолдарымды арнаймын:

Асылдан да қымбаттым,

Ақыл әже, ақ әже.

Біз келгенде өмірге,

Шын қуандың Сен, әже.

Ақ маңдайлы, ақ жүзің,

Тотықпасын жан әже.

Немере, шөбере, шөпшектерге,

Той жасап жүр, бақ әже.


544



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет