Сборник школьных сочинений на патриотическую тему по ре зультатам Республиканского конкурса на лучшее школьное сочинение



Pdf көрінісі
бет49/71
Дата13.02.2017
өлшемі3,11 Mb.
#4011
түріСборник
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   71

Казахстан, армия, патриотизм

Оңтүстік Қазақстан 

облысы

503

Сочинения школьников Южно-Казахстанской области

Амантай Демеу 

10 сынып, Қ.Өмірәлиев атындағы орта мектебі 

Қазығұрт ауданы, Үшбұлақ ауылы

Жетекшісі: Тойлыбаева Г.



Мен – елімнің ертеңімін

Киелі қарт Қазығұрттың әр тасы, әр қиясы, әр жотасы түбі терең та-

рихтан сыр шертеді. Біздің өлке халқы да қалмақ шапқыншылығының 

тауқыметін  мол  тартқан.  Оған  куә  ел  аузындағы  аңыздар,  ерлік  да-

стандар. Өгем тауы – біздің елдің жаз жайлауы. Сол тауға барар жол-

қалың ну, 11 шақырым келетін қия жартас. Сол қияны жағалай қатар 

– қатар «Қырық қыз» атты алып тастар, «Күйеу жігіт» атты алып дара 

тас сан тарихтан сыр шертеді.

...Сол  батырдың  бесінші  ұрпағы  Әдіхан  ата  Өмірәліұлы  –  кешегі 

сұрапыл 1941 – 1945 жылдардағы қан майданда от кешкен майдангер. 

Ұлы Отан соғысы деген атпен тарихқа енген сұрапыл жылдарда 5 жыл 

бойы етігімен су кешкен ардагер ата бұл күнде арамызда. Кеудесі толы 

орден, медальдар - ата ерлігінің айғағы . Елдің саялы бәйтерегіндей 

болған ата қан майдан жайлы кейде бізге сыр шертеді.

«Сталинград  майданы  еді.  Біз  қазақтың  екі  жігіті  жұбымыз  жа-

зылмаушы еді. Ел жайлы екеуміз сыр шертуші едік... Елге аман оралсақ 

деген арман біздің жауға деген өшпенділігімізді арттыратын. Кезекті 

бір  шабуылда  қасымдағы  досымның  жауған  оққа  қарамай  ротаны 

шабуылға бастады «Отан үшін, алға!» деген айбынды даусы әлі күнге 

есімде. Қайсар досым кеудесін кере алға ұмтылды. Бәріміз де «Уралап» 

жауға лап қойдық. Жау бекінісі алынды. Бірақ менің досым оққа ұшты. 

Шалқалай құлаған досымның қасына ұшып жеткенімде, ол мені көріп 

әлсіз  ғана  езу  тартты  «Көке,  елге  салем...»  «Айт»  дегенде  үлгермеді, 

есіл ер» деп ардагер ата әңгімесін аяқтағанда даусына діріл енеді. Атам 

айтқан әр әңгімені жайдан-жай тыңдау мүмкін емес... Жүрек өз-өзінен 

елім, жерім, Отаным деп лүп етеді.

Біз батыр бабалар рухына бас иеміз!

Көк  туды  желбірете  жамылып,  әуелеген  Әнұранымызбен  қазақ 

елін әлемге танытқан олимпиадашылар - бүгінгі таңның ерлері! Олар 

ерлігімен елді танытты, ел намысын қорғады!

Олар - халық мақтанышы!

Мен  де  келешекте  өзім  үшін,  елім,  халқым  үшін  еңбектенуге 

әрекеттенемін. Мен Қазақстанның кең даласы мал мен астыққа толы 


504

Казахстан, армия, патриотизм

болса деймін.  Халқымыз өз байлығын өзі игеретіндей білімді болса 

екен деймін. Әр ауданда сүт зауыты, тері илейтін цех, киім тігетін фа-

брика болса екен деймін. Сонда біздің халық сапалы тамақ ішіп, сапа-

лы киім киетін болады.

Шалғайдағы  шағын  ауылымдағы  жаңа  жетістіктер  көңіл 

қуантады.  Жаңа  мектеп  құрылысы  басталып  жатыр.  Жол  жөнделді, 

көпір  салынды.  Халық  таза  сумен  қамтылды.  Көгілдір  отынмен 

қамтылу да қолға алынып жатыр. Елімнің келешегі жайлы ойласам, 

менің жүрегімде қуаныш сезімі оянып, өзіме артылар жауапкершілікті 

сезіне түсем.

Дамыған, қуатты мемлекет Қазақ елінің бір кірпіші нық кірпіші 

болсам деймін. Даламыз кең, сол кең жерде мен ойлаған бір жоба іске 

асса деймін.

Менің ойым: Осы ауылдан ферма ашылса... Иә, кәдімгі сауын фер-

масы...  Менің  әжем  Күләш  Қасымова  кезінде,  кеңес  кезеңінде,  озат 

сауыншы болған екен. Әжем сол кездегі ферма жайлы айтып отырса, 

«Неге сол жұмысты қайта жолға қоймасқа» деп ойланамын. Ол үшін 

нақты есеп керек, батыл жүрек керек.

Елбасы жолдауында дамыған 30 елдің қатарына қосылсақ дейді. 

Елбасының ойы-елдің қамы. Жолдауға халық тарапынан қолдау қажет.

Сонда ғана мұратқа жетіп «Мәңгілік ел» орнығатын болады.

Ия, мен келесі жылы мектеп бітіремін! Құрбыларым, келешекке 

нық қадам басайық! Елбасының, халқымыздың, ата-анамыздың бізге 

артып отырған үмітін ақтайық!

Әбдіқұл Гаухар

 11 сынып, № 9 М.Жұмабаев ЖОМ Мақтарал ауданы

Таубай ата ауылы 

Ораз Жандосов – қайраткер тұлға

Адамзат баласының тарихымен тағдырында ХХ ғасырдың алатын 

орны айрықша. ХХ ғасыр қазақ даласына қуаныш пен қайғыны өсу мен 

өшуді, үміт пен күдікті аз әкелген жоқ. Социалистік идеяның құдіретіне 

қалтқысыз сенген туған халқы мен елінің игілігіне адал қызмет еткен 

абзал азамат, тұғыры биік тұлғалардың бірі Ораз Қиқымұлы Жандо-

сов.


505

Сочинения школьников Южно-Казахстанской области

Ең  берік  есім,  ең  биік  есім,  ең  баянды  есім  –  Азамат.  Әбіш 

Кекілбаев  айтқандай  елі  үшін  бар  ғұмырын  арнаған  Ораз  Жандо-

сов ағамыз болады. Мен осы кісінің өмір баянымен таныса отырып, 

еліміздің  өсіп  өркендеуіне  ең  қажетті  нәрселерге  көңіл  бөлгендігін 

таныдым.  «Кедейлік  ер  жігітке  намыс  емес»,  «Бұрынғы  бар  кісілер 

болды  жарлы»,  «Бардан  жарлы  болғандар  болады  арлы»,-деп  шал 

ақын  айтқандай  Қиқым  ақсақал  баласы  Ораздың  оқып  білім  алу-

ына  қолдан  келген  жағдай  жасады.  Табиғатынан  қабілетті  Ораз 

оқу  бағдарламасын  еркін  меңгеріп  кетті.  Ораз  Жандосовтың  дүние 

танымына,  ерте  есеюіне  1916  ұлт-азаттық  көтерілісі.жазалаушы 

отрядтардың  көтерілісшілерге  көрсеткен  зорлық-зомбылығы  үлкен 

әсер етеді, ұлт-азаттық көтеріліс халықтар арасындағы алауыздықтан 

емес, ұлттық, отарлық езгінің асқынуынан бастау алатынын ұғынды. 

Ораз Жандосов Жетісу өңіріндегі беделі мен өркенді ісі – 1919-1921 

жылдары  биіктеген  үстіне  биіктей  түсті.  Жетісу  облыстық  атқару 

комитеті  төрағасы  қызметіне  жоғарылатылды,  «Қосшы»  одағының 

облыстық  комитетіне  басшылық  жасады.  «Көмек»  газетін  шығару 

жолға  қойылды,  О.Жандосовтың  бастамасымен  тікелей  араласуы-

мен әйел теңдігі съезі өткізілді. Бұл кісінің көңіл бөлген, күш салған 

мәселелері  сауатсыздықты  жою,  мектептер  жүесін  кеңейту,  қазақ 

әдебиеті  мен  өнерін  өркендету,  ұлттық  мамандарды  даярлауды  же-

делдету, қазақ тілінің мәртебесін өсіру, қыз-келіншектерді оқуға тарту 

болды. 


Оқу  комиссариатын  басқарған  жылдары  қазақ  ғылымының 

мәселелерін  шешуге  қосқан  үлесі  мол.  Әсіресе  Қазақстанды  зерт-

теу  қоғамының  мұқтаждықтарын  жиі  ауызға  алумен  болды.  1929 

жылы  Қазақстанды  зерттеу  қоғамы  туралы  «Советская  степь» 

газетінде  жариялаған  мақаласында  шаруашылық  құрылысындағы 

кезекті міндеттер ғылымның өзегін құрауы керектігін баса көрсетті. 

Өзінің  замандасы  М.Әуезовтың  үлкен  білім  иесі  екенін  түсінді, 

ғылыми  еңбектерін  шығаруға  жәрдемін  берді.  М.Әуезов,  Б.Майлин, 

С.  Мұхановтардың  шығармашылық  тағдырына  қол  ұшын  бергені 

жеткілікті ашылмапты.

Келешекте  осындай  істермен  айналыссам  деген  ойым  бар.  Мен 

Ораз  Жандосовты  оқи  отырып,  атқарған  істерімен  таныса  отырып, 

басқа  жастарға  үлгі  боларлықтайлығын  түсіндім.  Қазақстанның 

әрбір  азаматы  осы  кісілердей  қызмет  етсе,  осы  кісілерден  үлгі  алса 

патриоттық  сезімдері  толыға  түсер  еді.  Отан  тарихында  патриот, 


506

Казахстан, армия, патриотизм

қайраткер азамат Ораз Жандосовтың есімі әрқашан құрметпен атала 

беретіні сөзсіз. 

Әбілқайыр Нұржан

 10 сынып, №6 мектеп-гимназия Жетісай қаласы



Алтын ұям  – Қазақстан

Менің  елім  –  менің  Қазақстаным!  Осы  құдіретті  сөзді  әрбір 

азаматы  асқақ  сезіммен,  мақтанышпен  айта  алары  хақ...  Өйткені 

біздер, асқақ арман жетегінде, отаншылдық рухты ту еткен ұлт пен 

ұлыстардың  ұл  –  қыздары,  қасиетті  қазақ  топырағында  өсіп-өніп, 

мекен  етіп,  береке-бірлікте,  достық  қарым-қатынаста,  тыныштық 

пен  татулықта  өмір  сүріп  жатырмыз.  Біз  осы  жарасымды  тыныс 

тіршілігімізді  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтің  жан–

жақты  ойлап,  кемел  ойлы,  кемеңгер  ата  –  бабаларымыздың  жолы-

мен жүрген ақыл-парасатының, азаматтық саясатының нәтижесі деп 

білеміз.

Әскерлер үйге кенет келіп, инғуш халқын тарихи Отанынан жер 

аударды.  Қазақстанға  келіп,  қазақ  елі  оны  қалай  қарсы  алатынын 

білмеді.  Бірақ  қазақ  елі  оны  өз  қонақжайлығымен  таң  қалдырды. 

Қазақ  елі,  қиыншылыққа,  кедейлікке  қарамай,  оларды  тастамай, 

ашық  жүрекпен  қарсы  алды.  Әжемнің  отбасы  үлкен  болды.  Олар-

ды өзінің панасына алған бір қазақ отбасы туралы әжем көз жасын 

сүртіп, риза болғанын бізге айтып отырды. Сол отбасының иесі атам 

мен әжемнің жұмысқа орналасуына көмектесті. Әжем қазақ елін туған 

еліндей сүйді. Достарының көбі қазақтар болды. Әжем қазақтармен 

тату-тәтті  тұрып,  олар  бір-біріне  әрқашан  көмек  көрсетуге  дайын 

болды.


Уақыт өткеннен соң, әжем қазақ елінің салт-дәстүрлерін үйреніп, 

қазақ тілін де жетік үйренді.

Менің әжем өз Отанының нағыз патриоты!

Тәуелсіздікпен,  бірлікпен,  татулықпен,  рәміздерімен  бірге 

Қазақстанда мемлекеттік тілі де бар. Тіл – бағы жетпес мұра! Тіл бізді 

біріктіреді,  достығымызды  нығайтады.  Бірде  «мен  өзіме,  қазақ  тілі 

не үшін керек?», - деп сұрақ қойдым. Менің ұлтым – ингуш. Бірақ мен 

Қазақстанда тұрамын. Қазақ тілі – менің екінші ана тілім.



507

Сочинения школьников Южно-Казахстанской области

Ұлы қазақ жазушылары, ақындары, күйшілерінің шығармалары, 

күйлері,  поэмалары  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғысып  келеді.  Осы  баға 

жетпес құндылықтарды білу – менің парызым, мен қазақ тілі арқылы 

осы байлықты меңгеремін. Өзіме мынадай мақсат қойдым: болашақта 

қазақ  тілді  жетік  біліп,  елімнің  мақтанышы  боламын.  Қазір  менің 

тілегім орындалып жүр. Жақсы оқимын, көптеген қалалық , облыстық 

сайыстарға қатысып, жүлделі орынға ие болып жүрмін. Мен төрт тілді 

жақсы білемін. Олар: ана тілім – ингуш тілі, мемлекеттік тіл – қазақ 

тілі, орыс және ағылшын тілдерді білемін. Менің атам да, әжем де қазақ 

еліне құрмет етіп, өздері, балалары да қазақ тілін жақсы меңгерген.

Меніңше,  осы  тілдер  арқылы  менің  жан  дүнием  кең  және  бай. 

Қазақ жері маған өте қымбат:

Қазақстан – көп ұлттың мекені;

Тату еліміз табысқан.

Қазақстан – бақ – станым!

Президентіміз  айтқандай:  «Қазақстаның  болашағы  –  қазақ 

тілде».  Қазақ  елінің  салт-дәстүрлерін,  тарихын,  шығармаларын, 

тілін  қастерлеймін.  Қай  жерде  болсам  да,  өз  Отанымды  ешқашан 

ұмытпаймын, өйткені мен бұл жерде тудым, өстім, есейдім. Бұл жерде 

анам маған алғашқы бесік жырын айтты:

«Әлди - әлди ақ, бөпем…»

«Ел іші – алтын бесік», - деді қазақтар. Осымен толық келісемін. 

Тәуелсіз,  дербес,  егеменді  мемлекетінде  тұратынымды  мақтан 

тұтамын. Қазіргі кезде біз өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгеру 

үшін өзіміз ыңталы болуымыз керек! Қазақ елінің ұлы ғұламаларының 

тілін білу біздің қазақ халқына деген зор құрметіміз болатындығын 

ұмытпаймыз!

Арманым  жоқ  десем,  қанатсыз  құс  болар  едім.  Күнде  бір  нәрсе 

жайлы армандаймын.  Әр жастағы адамның арманы бөлек. Бала өссем 

дейді,  өскен  соң  балалы  болсам  дейді  ,  балалы  болған  соң,  соның 

қызығын көріп, өсірсем дейді. Меніңше, қойған мақсаттарын жүзеге 

асыру үшін бар күшімді салуым керек. Мектепті бітіргеннен соң, уни-

верситетке түсу үшін дайындалып жүрмін.

Балашақта мен еліміздің қадірлі азаматы, мақтанышы боламын, 

деп  сенемін!  Елімнің  ертеңі  үшін  аябай  еңбек  ету,  оқу  оқып,  білім 

игеру,  жас  тәуелсіз  мемлекетімнің  ірге  тасының  беки  түсуі,  ұлттар 


508

Казахстан, армия, патриотизм

арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту ең басты пары-

зым деп түсінемін.

Ғасырдан  ғасырға  жібек  желі  болып  жалғасып  келе  жатқан 

бабалар  аманатын  орындап  жалғастыру  біздің  ардақты  іс  екенін 

жүрегіммен сезініп, мақтан етемін. Өз шығармамды Н.Ә. Назарбаевтің 

сөзімен аяқтағым келеді:

«Еліннің  ұлы  болсан,  Еліне  жаның  ашыса,  азаматтық  намысың 

болса,  қазақтың  ұлттық  жалғыз  мемлекетінің  нығайып-көркеюі  жа-

лында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің 

екеніңді ұмытпа!

Әгібай Самал 

7 сынып С. Ысқақов атындағы орта мектебі Ордабасы ауданы, 

Ынтымақ ауылы

Менің мақсат, армандарым!

Мен  Оңтүстік  Қазақстан  облысы,  Ордабасы  ауданының  шағын 

ғана  Ынтымақ  деген  ауылында,  2001жылдың  қазан  айының  12-

інші жұлдызында өмірге келдім. Менің отбасым өте үлкен. Себебі, біз 

атам, әжем, анам, әкем, ағам, інім, 3 сіңілім және мен, бәріміз тату-тәті 

жанұямыз.  Кейде  отбасыммен  мақтанып  та  аламын.  Мен  шыр  етіп 

өмірге келген сәттен-ақ, бәрі мені еркелетіп, қатты ерке болып кетіппін. 

Бірақ, отбасымда ең үлкені болғандықтан көп еркелей алмадым. Не де-

генмен  еркелігім  кейін  сейілді.  Мен  кішкентай  кезімде  айтқанымды 

істетпей қаймайтын қырсық болып өстім. Не болса да ешкімнің көңіліне 

қарамай,  еш  ойсыз,  түсінусіз  болғандаймын.  Ата,  әжемнің,  анам  мен 

әкемнің  арқасында  көптеген  жерлерді  көріп,  ащы  өмірдің  не  екенін, 

қандай болатынын сезген де емеспін. Үш жасымнан әжем оқу оқуды, 

қалам  ұстауды,  жазу  жазуды  үйрете  бастады.  Үйдегілер,  туыстарым 

маған бала кезіңнен-ақ зерек, алғыр болатынсың деп айтып отыратын.

2005  жылы  жаз  мезгілінде  елордамыз  Астана  қаласына  ата, 

әжеммен  демалып  қайтуға  барып  қайттық.  Ол  жақта  президентіздің 

өзіменкездесіп, өзіме жаңа мақсат қойдым. Сол ккезде төрт жаста болсам-

да еркелігім сейіліп, өмір мәнін түсінгендей едім. Мен елбасымыз секілді 

батыл, қайсар, шыншыл әрі атақты болғым келетін. Ол бала күнгі арма-

ным болса да, әлі күнге санатымда. Соған әр күн, әр сәт ұмтылудамын.


509

Сочинения школьников Южно-Казахстанской области

Мен  мектепке  де  кішкентай  күнімнен,  ерте  бардым.  Астанадан 

келген  кезде  мені  бірден  мектепке  шақырды.  Мен  не  бәрі  төрт-ақ 

жаста едім. Мектепте даярлық сыныбын оқып жүрдім. Ол кезде бар 

болғаны үш қана оқушы едік. 

Жылдар өтіп жатыр, еш тоқтаусыз, еш мүдірусіз. Әр жыл мен үшін 

сәтті жылдар мен қадамдар болды. Мен әр жыл үздік болдым. Бағам 

тек  бестік.  Ұстаздарымда  алға  сүйреп,  әр  шыңға  шығарып  келеді.  Әр 

жиында  өлең  оқып,  би  билеп,  әйтеуір  сақынада  жүретінмін.  Анам  да 

қызығыма тоймай әр жиында мектепке келіп өнерімді тамашалайтын. 

Қаншама уақыт өтіп кетіпті... Қазір міне жоғарғы сынып оқушысы бо-

лып жүрмін. Қазіргі сынып жетекшім – Асхат ағай. Ол – өте қайырымды, 

білімді  ұстаз.  С.Ысқақов  метебінің  белгілі  оқытушылардың  бірі.  Мені 

қазақ  әдебиет  пәнінен  сабақ  беретін  Айнур  апай  өз  үйірмесіне  алды. 

Мен  жас  ақындар  үйірмесіне  қосылдым.  Менің  қызығушылығым  да 

ақындық. Мен көптеген ақындар мен жазушылар жайлы оқып, арна-

улар  жазып,  зерттеп,  қызығушылығымды  ұшап  жүрмін.  Алға  қойған 

мақсатыма жету үшін сүрінсем де еш тоқтамақ емеспін. Тоқтамаймын 

да.  Ойым  да  да  жоқ.  Мақсатым  айқын,  тек  әлемге  танылып,  елбасы-

мыз секілді болу. Оның бәрі үшін тек білім керек. Сол үшін талпынып, 

ұмтылып, әр жылы үздік болуға талпынып жатырмын. Біздің үйірмеде 

көптеген  оқушылар  бар.  Олар  да  дарынды.  Біз  үйірме  сабақ  кезінде 

бәріміз бірге отырып әдебиет жайлы көптеген кітаптармен танысып, 

білім  алудамыз.  Жетекшіміз  –  Айнұр  апай  өте  мейірбан,  адал  кісі.  Ол 

мені өлең жазуға,шығарма оқуға баулуда. Биік белестерге шығаруда. Әр 

күніме ризамын, қуаныштымын. Сірә мен секілді бақытты адам аз бо-

лар. Мүмкін... Енді тек мақсатыма ету үшін, арманымның орындалуына 

үлес қосу үшін тек алға деп талпынып келемін. Бұл менің мақсатымның 

бір бөлігі, ең маңыздысы, маңызды бөлшегі.

Әлібай Адас 

10 сынып, Жамбыл атындағы орта мектебі Ордабасы ауданы 

 

Менің атамекенім – Қазақ елі

 Атамекен – қазақтың қара топырағы, менің ата-бабамның асы-

лы, ұрпағына қалдырған баға жетпес мұрасы, ең аяулы дұғасы, ең асы-

лы. Атамекен сөзінде үлкен мән бар. Алдымен көз алдымызға «Қазақ 

елі»  елестейді.  Кезінде  осы  Қазақ  жері  үшін  қаншама  ата-бабалары-


510

Казахстан, армия, патриотизм

мыз найзаның ұшымен, білектің күшімен, қасық қаны тамғанша тер 

төкті емес пе?! Міне, осы құндылықтарды дәріптеуіміз керек. Оны іске 

асыратын біз, мына –жастар. Ол үшін қазағымыздың тарихын, рухани 

мәдениетін,материалдық мәдениетін білуіміз керек.

Алдымен  тәуелсіздігімізге  көз  жүгіртейік.  Биыл,  міне,  қазақ 

жеріне  егемендігіміздің  қадам  басқанына  23  жыл  болып  отыр. 

Осы  уақыт  аралығында  көптеген  жетістіктерге  жеттік.  Ол  – 

тәуелсіздігімізді,елдігімізді еңселі еткен елбасымыз Н.Назарбаевтың 

жетістігі. Тәуелсіздік оңай келген жоқ. Сол кездегі аға-әпкелеріміздің 

көзсіз ерлігінің, теңдік аламыз деп ұрандаған жастардың арқасы.

Әр  адам  қоғамның  бір  мүшесі  ретінде  белсенді  болғаны  дұрыс. 

Әуелі жастардан бастайық. Бірінші мәселе – білім алу, мектеп білімін 

жоғарғы оқу орнында жалғастырып, өз халқына адал қызмкт көрсету. 

Қоғамға  пайдалы  игі  істер  жасар.  Игілікке  қол  жеткізу  үшін  түпкі 

мақсатың  болу  керек.  Игілік  –  ырыздықты,  рухани  жане  мәдени 

байлықты  білдіретін  жалпы  ұғым.  Ол  тұтастай  алғанда  қоғамдағы 

адам өмірінің қажетін өтейтін құндылық.

Рухани  байлыққа  халқымыздың  мәдени  мұралары,  ата-

бабамыздың  қалдырған  байлығы.  Қазақ  халқы  салт-дәстүрге  өте 

бай. Оның әр бірінің өзіндік тәрбиелік мәні, мағынасы бар. Мысалыға 

мақалды  қарастырсақ,  олардың  астарында  үлкен  тәрбие  жа-

тыр.  Кезінде  патшалық  елдің  отарында  болып,  көптеген  дәстүрлі 

мерекелеріміз,  мәдени  мұраларымыз  ұмыт  бола  жаздады.  Ал  казір 

соның орны қайта толды десек қателеспейміз.

Біздің  ұлттық  рәміздеріміз  –  біздің  мақтанышымыз.  Біздің 

рәміздеріміз арқылы өзге мемлекеттер Қазақ елін таниды. Еліміздің 

мемлекеттік  әнұранының  авторлары:  Ш.Қалдаяқов,  Ж.Нәжімеденов, 

Н.Назарбаев.  Ал  көк  туымыздың  авторы:  Ш.Ниязбеков,  елтаңбаның 

авторлары: Ш.Уалиханов, Ж.Мәлібеков. Еліміздің рәміздерін қазақтың 

әрбір азаматы тұмардай қасиет тұтуы қажет.

Қазір ХХI ғасыр – дамыған заман. Қазақстан мемлекеті жан жақты 

дамып  зайырлы,  көпұлтты  мемлекет  атанып  отыр.  Елбасымыздың 

«Қазақстан-2030»,  «Қазақстан-2050»  даму  стратегиясының  жоспа-

ры  жасалынған.  Ал  жастар  «Болашақ»  бағдарламасы  арқылы  ше-

телде  білім  ала  алады.  Олар  сапалы  түрде  білім  алып  еліміздің  да-

муына,  көркейуіне,  өркендеуіне  үлестерін  қосады.  Сонымен  қатар 

«Дипломмен ауылға», «Болашақтың іргесін бірге қалайық», жақында 

жасалынған  «Мәңгілік  ел»  жоспары  бар.  Ол  жоспарда  «Бір  мақсат, 


511

Сочинения школьников Южно-Казахстанской области

бір  мүдде,  бір  болашақ»  мәселесі  айтылған.  Яғни,  өскелең  ұрпақты 

бірлікке, бір мүддеге, ынтымаққа шақырады!

Қазақ елінің барша әлемге танылуына, өркендеуіне үлес қосатын 

біз  –  жастар.  Оны  тек  сөз  жүзінде  айтып  қана  қоймай,  іс  жүзінде 

дәлелдеуге міндеттіміз! 



Базарбай Майра 

 11 сынып, «Жаңатірлік» жалпы орта мектебі Қазығұрт ауданы



Қазақстан: кеше, бүгін, ертең

Тамырын  ертедегі  сақ,  алыстағы  ғұн,  берідегі  көк  түрік,  кешегі 

қазақ  хандығынан  алатын  ұлы  елім-еңсесін  тіктеп,  қанатын  кеңге 

жайды.  Еуразияның  кең-байтақ  төсінде  өзінің  тарихи  аумағын, 

мәдениеті  мен  тілін,  дінін  қалыптастырған  қазақтың  күні  кеше 

ғана  пайда  болмағаны  белгілі.  Сонау  ғасырлар  қойнауының  қатпар-

қатпар  белесінен  байқасақ,  ежелден-ақ  ру-тайпаларымыздың  өз 

жерін ешқандай жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге 

ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке 

түйіп,  садақ  ұстап,  қол  күшімен  қатар  ой  күшіне  сеніп,  найзаның 

ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының ерліктері бізге аманат. Ат 

құлағында ойнаған, жауын терең ақыл-парасатымен жеңген – Тұмар, 

Зарина  падишалардың  жұдырықтай  жүрегіндегі  ерліктері,  парсы 

патшасы  Кирден  қаймықпай,  қыз  да  болса  тайталасып,  елін,  жерін 

қорғауға үлкен септігін тигізгенін бәріміз білеміз және үлгі тұтамыз.

Кезінде елді отарлауға барынша күш салған Ресей үкіметінің бұл 

кезекті жоспарының күл-талқанын шығарған Кенесары бабамыздың 

ерен  ерлігі  неге  тұрады  десеңізші!  Сондай  қанды  шайқастардың 

бірінде бабамыздың басы жау қолында кете барды емес пе?!

Сан  ғасырлық  тарихымызды  мақтан  тұтар,  бүгінгіміз  бен 

кешегіміз  үшін  ғибрат  алар  оқиғалар  мен  Отан  алдындағы  адал 

ұлы  тұлғалар  аз  болмаған.  Қазақтың  ұлт  болып  ұйысуына,  ұлан-

ғайыр ата-қонысымыздың қалыптасуына, тағы емес, билеп отырған 

халқының  бағын  ойлаған  хандар  Абылай,  Тәуке,  Жәңгір  сияқты  ел 

билеушілерінің арқасында қазақ халқы бүгінде «Қазақстан Республи-

касына» айналды.

Ұшқан  құстың  қанаты  талатұғын,  жүгірген  аңның  тұяғы 

талатұғын  осынау  ұлан-ғайыр  Алтай  мен  Атырау  аралығын  ата-ба-



512

Казахстан, армия, патриотизм

бамыз ақ найзаның ұшымен қорғап келген. Қабанбай, Бөгенбай, На-

урызбай  сынды  батырларымыз  жоғарлардан  даламызды  арашалап, 

тарихқа есімдерін алтын әріптермен жазып қалдырды.

Азаттық – қазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі бұлғаң тарихтың не-

шеме бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы 

тер кеппеді. Ат үстінде өткен ғасырлар көп болды.

Бүгінгі күнде бізге қажет жігерліктің, батырлықтың, біліктіліктің, 

отансүйгіштіктің мысалдары өткен тарихи оқиғаларда жатыр. Ел ба-

сына күн туғанда даналығымен, парасат-пайымының кеңдігімен, ел 

мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, 

халық  мүддесі  жолында  тапқырлығын  таныта  білген  билеріміз  Қаз 

дауысты Қазыбек би, Төле би, Әйтеке билердің арқасында еліміз іргелі 

елге айналды.

Сондай  елдің  мәдени  дамуына  тарих  сахнасына  Абай,  Шоқан, 

Ыбырай  аталарымыз  қылыштан  гөрі  қаламының  қуаттылығын 

көрсетіп,  «Қазақ»  деген  халықты  қараңғылықтың  терең  құдығынан 

алып шықты.

Алғашқы  болып  қазақ  балаларына  арнап  мектеп  ашып,  «Қазақ 

хрестоматиясы»  атты  кітап  жазып  шығарған  Ыбырай  Алтынсарин, 

алғашқы  рет  жазу  әдебиетінің  негізін  салған  Абай  Құнанбайұлы, 

тұңғыш рет халықтан шыққан, қазақ жерінің географиялық аумағын 

зерттеген Уәлиханұлы Шоқанның өнегелі істері-біз үшін мол мұра.

Одан бергісі Ахмет, Әлихан, Міржақып, Мағжан сынды алаштың 

алпауыттары  елді  бір  тудың  астында  ел  болып,  мемлекет  құруға 

шақырғанын,  «Қайтсек  ел  боламыз?»,-деп  ойын  сан  жаққа,  қиялын 

қырық жаққа жүгіткенін білмеуіміз – ұят нарсе! 

Тізе  берсек,  тарих  тізгінін  тарту  мүмкін  емес.  1989  жылдағы 

«Желтоқсанның  ызғары»  атанған  көтерілістегі  қазақ  балаларының 

ұлтжандылығын  айтпай  кету  мүмкін  бе?  «Қазақ  елін  –  қазақ  аза-

маты  басқарсын!»,-деп  алаңға  шыққан  ұл-қыздарымыздың  ел 

билеушілерінен  көрген  қорлықтары  мен  азаптары-біздің  бүгінгідей 

бейбіт күн кешуімізге алып келді емес пе ?!

Бүгінгі  ұлттық  сана-сезіміміздің  құны  осыншама  құрбандықпен 

келгенін  есте  сақтағанымыз  жөн.  Осы  асыл  азаматтарымыздың 

үзілген  жас,  қыршын  өмірлерімен  Қазақстан  бүгінде  тәуелсіз  ел! 

Тәуелсіздік туын қолда берік ұстау – әрбір қазақтың, Қазақстанды өз 

отаным деп санайтын әр адамның ең басты борышы, ең биік мақсаты.



513

Сочинения школьников Южно-Казахстанской области

Кез келген елдің тәуелсіздігін паш ететін, әрі мемлекеттігіміздің 

өткені мен бүгінгі арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі – туы, 

әнұраны, елтаңбасы және ата заңы мен валютасы болуы тиіс.

Ата  заңымыз  –  ұлттық  заңнамамыздың  ұлттық  өзегі.  Ол  сонау 

Есім ханның «Ескі жолымен» еңселеніп, Қасым ханның «Қасқа жолы-

мен» қуаттанып, Тәуке ханның «Жеті жарғысымен» жалғасқан, бүгінде 

Нұр атамыздың «Нұрлы жолымен» нұрлануда. Ата заңымыз – қазығы 

берік, мемлекеттігі бекем, төрт құбыласы сай еліміздің айбынын асы-

рып, атағын әлемге жаятын бірден-бір қазынамыз.

Халқымыз «Береке басы бірлікте» деп тегін айтпаса керек. Уақыт 

сынынан сүрінбей өткен еліміздің қол жеткізген жетістіктері өте көп. 

Бұл-елімізде  тұратын  барлық  халықтардың  бірігіп,  бір  жағадан  бас, 

бір жеңнен қол шығарып, жарасымды өмір сүруінің арқасында. Қазіргі 

уақытта Қазақстанда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар ынтымақта 

өмір сүруде. Аллаға мың да бір шүкірлік, бүгінде талай-талай толай-

ым  табыстарға  қол  жеткіздік,  тәуелсіздігіміздің  басты  нышанына 

айналған Астанамыз –махаббатымызға, рәміздеріміз – айбарымызға, 

Ата заңымыз мақтанышымызға – айналды.

Даламыз-дәнге, өрісіміз-малға, үй-ішіміз-жанға толған, қой үстінде 

бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүргеніме өте қуаныштымын! 

Тәуелсіздігіміздің мерейі үстем, келер ұрпақтың жүзі жарқын, тілі мен 

мәдениеті құлашын кең жайып, еліміз ұлт болып өркендей берсін!

Бәкрамбек Асылзат

10 сынып, Қ.И.Сәтбаев ЖОМ Отырар ауданы

 Жетекшісі: Жұмашева Л.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет