Сборник школьных сочинений на патриотическую тему по ре зультатам Республиканского конкурса на лучшее школьное сочинение



Pdf көрінісі
бет53/71
Дата13.02.2017
өлшемі3,11 Mb.
#4011
түріСборник
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   71

Казахстан, армия, патриотизм

Мұса Әсел 

 9 сынып Отырар ауданы, Қоғам ауылы 

 Жетекшісі: Қазақбаева А. 

Туған жер

Туған  жер  –  адам  өмірінде  киелі  орын  алады.  Нақты  осы  жер 

оны елімен,өткенімен және болашақпен байланыстырады. Міне, сон-

дықтан да тіпті балалық шақтан бастап - ақ әрбір жеке тұлға адам-

да отанға деген махаббат езімі оянады. Менің отаным кішкене болса 

да, мен үшін аса қымбат жер Отырар ауданы Қоғам ауылынан бастау 

алады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты,уайымсыз балалық 

шағым  өтті.  Үйдің  маңындағы  аулада  ойнаған  достарыммен  өткен 

қызық күндерім әлі есімде. Туған жердің қадірін ұясынан ұзаққа кет-

кен адам ғана түсінеді. Туған жердің топырағы, суы мен ауасы, түтіні 

де қымбат. Адамның өскен жері адамның жанына, сана - сезіміне әсер 

етіп, мәңгілік есіңде қалады екен. Мен тұратын өлкенің табиғаты әсем. 

Ағаштар  арасында  серуендегенді  ұнатамын.  Құстары  сан  алуан  әу-

енге салып сайрағанда, адамның көңіл-күйін жақсартады. Жерге жа-

бысып өскен түрлі құлпырған гүлдері бейне бір түкті кілемдей көзді 

қызықтырады. Салқын жел,таза ауа,жасыл желекке оралған дала деу-

ге болады. Туған жердің түтіні де ыстық. 

Отырар  тарихи  орта  ғасырлық  қала.  Отырарда  небір  атақты, 

дүлділдер  туылған.Әлемнің  екінші  ұстазы  Әл-Фараби,сазгер  Шәмші 

Қалдаяқов,  ақын  Мұхтар  Шаханов,  сатирик  Көпен  Әмірбеков  секілді 

ұлы даңқты тұлғалар дүниеге келген аймақ. Қоғам ауылынан шыққан, 

қазір  де  ерекше  дарынымен  көзге  түскен,  журналист,  «Жеті  күн» 

және  осы  «Орталық»  бағдарламаларын  жүргізіп  жүрген  Нұрсұлтан 

Құрманды айта кетуге болады. Осындай жерде туылғаныма әрдайым 

мақтан  тұтам.  Осы  туған  жер  үшін  қаншама  ержүрек,  батыр  ұл-

қыздарымыз  жаулармен  шайқасып,  келешек  ұрпақ  үшін  бабалары-

мыз жандарын қиған. Сондықтан да оны қадірлеп ұстауымыз керек. 

Туған жер, атамекен әр адамның тағдырын құрайды. Отан табиғаты 

ерекше  ыстық.  Оның  тауы  мен  тасынан  да,  өзен  көлінен  де,  тіпті 

құмы мен шөлінен де әсем әуен естуге болады. Әр адам өз туған жерін 

құрметтеу және сүю керек.Туған ел,жер туралы ақын-жазушылар ұлы 

шығармалар,  ән-  жыр  жазған.  Ең  алдымен  адам,  өз  елінің  перзенті, 

өзінің туған жеріне жан-жүрегімен берілген азамат болуы керек. 


545

Сочинения школьников Южно-Казахстанской области

Елін, жерін сүйетін адам туған топырағының кешегісін бүгінмен, 

бүгінгісін ертеңімен жалғастыра алады. Бойында ұлттық намыс пен 

ұлттық мақтанышы бар адам өз еліне адал қызмет етіп,оның жарқын 

болашағына  сенеді.  Отанын  қастерлеп,  білімі  мен  еңбегін  елінің 

барлық мүддесін, игілігіне жұмсайды. Дүние жүзінде біздің елімізден 

басқа  да  алуан  түрлі  мемлекеттер  мен  жерлер  көп,  бірақ  адамның 

туған анасы да біреу, оның Отаны да біреу ғана. Біздің Қазақстан көп 

ұлтты мемлекет. 130-дан астам ұлттар мен ұлт өкілдері мекендейтін 

полиэтникалық  мемлекет.  Қазақстан  –  қазақ  халқының  мекені.  Бұл 

жерде  ата-бабамыз  өмір  сүрді.  Оның  топырағында  ата-бабамыздың 

кіндігі кесілген кең жазира жері. Қазақстан даласы дарқан, топырағы 

қасиетті, қойнауы қазыналы.

Мен елімнің патриоты ретінде елімді қорғаймын. Қазақстанның 

бас қаласы – Астана қаласы. Ол – жас қала, бірақ ол қазір өсіп, гүлденуде. 

Астанада «Бәйтерек»,»Думан»,»Ханшатыр» бар. Ол өте көркем қаланың 

бірі. Біз туған еліміздің перзентіміз, сондықтан анамдай болған туған 

жерді  әрқашан  мақтан  етемін!  Қазақстанның  жиырма  екі  жылдық 

ғұмырына  көз  салсақ,  ауыз  толтырып  айтарлықтай,  көкірегіңді 

мақтаныш  сезімі  кернеп  еске  аларлықтай  жеткен  жетістіктер.  Өз 

елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қосамын 

деп ойлаймын. Қазақстаным өрлеп, мәңгі биіктен көріне бер!



Нуридин Гүлнүр 

9 сынып, «Қоссейіт» орта мектеп 

Шардара ауданы 

Оңтүстік Қазақстан облысы



Ерлікке тағзым

Ерлікке тағзым жасау әрбір азаматтың қасиетті борышы. Жылма-

жыл  ақпан  айының  ортасында  біз  ауған  соғысында  қаза  тапқан 

жауынгерлерді  еске  алып,  олардың  рухтарының  алдында  бас  иеміз. 

Өйткені бұл соғыста 18-19 жасар өрімдей жас жігіттер жазықсыздан 

жазықсыз құрбан болды.

Ауған  соғысы  –  КСРО  Қарулы  күштерінің  Ауғанстанға  басып 

кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. 1978 

ж. Ауғанстанда сәуір айында билікке таласқандар арасында төңкеріс 

болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек 



546

Казахстан, армия, патриотизм

өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа 

созылды.

Аса құпия қаулымен бекітілген шешімнің салдарынан Орта Азия 

Республикаларының  түпкілікті  ұлтынан  жинақталған  арнайы  әскер 

құрамы  жасақталды.  Бұйрық  бойынша  жасақ  «мұсылман»  ұлты 

өкілдерінен құрылуы керек болды.

Батальонға аулымыздан бір отбасының «көзінің ағы мен қарасы» 

болып  отырған  жалғыз  ұлы  Ташенов  Құрманбай  да  алынады.  Бұл 

жағдайдан  ата  -анасы  мүлдем  хабарсыз  болатын.  Құрманбайлар 

Ауғанстанға  жеткеннен  кейін  ғана  ауылға  хабар  келген.  Олар  жаз 

бойы арнайы мамандықтар бойынша дайындалыпты. Әрине, бәрі де 

жасырын  түрде  болатын.  «Жалғыз  баласы  бардың,  шығар-шықпас 

жаны  бар»  деген  сөзді  халқымыз  босқа  айтпаса  керек.  Ата-анасына 

қосылып, бүкіл ауыл болып, күндіз-түні құдайдан тілеуін тіледі.

Бұл  соғыс  ешкімге  абырой  әпермеді.  Жаңа  билік  ауған  жеріне 

үстемдігін  жүргізе  алмады.  Оны  мемлекет  басшылары  кеш  ұқты. 

Балшыққа белшесінен батқан басшылар енді былғанбай шығудың жо-

лын іздестіре бастады. Өздерінің «Ауған халқы үшін күресте жеңіліс 

тапқандығын»  мойындады.  Талайдың  тағдырын  тәлкекке  салған 

Ауған соғысы 10 жылға созылды. Жауынгерлердің бірі ғана міндеті – 

бала жастан санамызға сіңірген патриоттық тәрбие Отан алдындағы 

борышын  өтеу,  қабылданған  антына  берік  болу  еді.  Олар  борышын 

адал атқарды. Әттең, қаншама қазақ отбасы қасіретке душар болды. 

Бұл соғыста көптеген отбасының шаңырағы шайқалды. Қайсыбір ана 

боздағынан айырылса, кейбір әйел жесір, кейбір бала әкесіз, кейбір от-

басы панасыз қалды. Енді ғана азамат атанып, әскер қатарына алынған 

жігіттеріміз ауған даласында жан тапсырды. Ал кейбіреулері із-түзсіз 

жоғалып  кетті.  Аяқ-қолдан  айрылып,  қан  төгіп,  мүгедек  болғандар 

қаншама?! 

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  ауған  соғысы  туралы:  «Ауған 

соғысында  қыруар  қаржы  шығындалды,  мыңдаған  өмір  қиылды, 

бәрібір кеңес әскерлеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық 

үшін бұдан асқан қасірет бар ма?»- деген ойлы сөзі бар.

Жиырма бес жыл. Биыл ауған соғысының аяқталғанына 25 жыл 

толып  отыр.Бірталай  уақыт  өтсе  де,  соғыстың  зардабын  тартып 

жатқандар қаншама?

Аллаға шүкір! Осындай қиыншылықтарды көзімен көріп басынан 

өткізіп, аман - есен отбасына оралған ағамызды бүкіл ауылымыз, бүкіл 

оқушылар әр жыл сайын құрметтеуде. Әңгімелерін тыңдап, ұлтжанды 



547

Сочинения школьников Южно-Казахстанской области

азамат  болуға  талпынудамыз.  «Біз  көрген  қасірет,  көз  алдымда  жоқ 

болған жолдастарым ешқашан да есімнен шығар емес», - дейді ағамыз 

өз сөзінде. 

Бүгінгі  жастар,  біздер,  ағаларымыздың  Отан  алдындағы  боры-

шын адал орындағанынан, олардың патриоттық сезімінен тағылым 

алуымыз керек.

Қорыта  келгенде,  әр  халықтың,  әр  адамның  қасиетті  борышы 

-  Отаны  үшін  жанын  пида  қылған  азаматтарды  мәңгі  есте  сақтап, 

құрметтеу . Тарихта ерекше орын алатын «Ауған соғысы – жүректе жа-

зылмайтын жара» ретінде азаматтардың бойында мәңгі есте сақталып 

қалатынын  ешқашан  ұмытпайық  дегім  келеді.  Себебі  олар  берілген 

тапсырманы  орындау  кезінде  мерт  болды,  ерлік  жасады.  Ерлік  пен 

елдіктің тамаша үлгісі болып қала береді.  



Оразбай Сандуғаш

11 сынып, Жамбыл атындағы мектеп-лицейі

Отырар ауданы

Ұлттық тәрбие – бүгіні мен болашақ негізі

Ұлт боламын десең бесігіңді түзе... Иә, расында бұл сөздің астын-

да  қаншама  мән-мағына  жатыр  десеңші.  Елім  деп  өткен  қаншама 

ерлеріміз қазақ елі үшін жанын аямай, қасық қаны қалғанша елі үшін 

күресті.  Мұндағы  ерлігіне  қарап  тұрсаңыз,  жүрегінде  еліне  деген, 

қазақ  ұлтына  деген  патриоттық  сезімнің  шоқтығы  биік  екендігін 

аңғарасыз.  Ал,  қазір  жастардың  сана  сезімінің  жоғары  бола  тұра 

әлсіреп бара жатқандығын байқаймын. Айналып келгенде бұл мәселе 

қазақ елінің ұлттық тәрбиесінің әлсіреуіне әкеліп соқтырады. Неге біз 

әлсізбіз? Неге ойлау қабілетіміз төмендеп бара жатыр? Ал, бұл сұраққа 

жауап іздеп көрейін. Мүмкін, Ыбырай атамыз айтқандай «Айшылық 

алыс жерлерден, жылдам хабар алғызды»,-дегендей интернет желісі 

арқылы  санамызды  улап  алдықпа,  әлде  бізге  тәлім  тәрбие  беруде 

қазіргі  заманның  өзі  әлсізбе  деп  ойланып  қаламын.  Әл-Фараби  ба-

бамыз айтқандай: «Балаға ең алдымен тәрбие бер, білімді де тәрбие 

беру  ушін  бер»,-дейді.Қазіргі  жастардың  көбі  нашақорлық  және  де 

алькогольді  заттарға  машықтанып  алды.  Кітапханаларды  араламай, 

түнгі клубтар мен интернет желілеріне де құмартып алды. Ал, мұндай 

азаматтар елдің тұтқасын қалай ұстамақ деген ой келеді. Елбасының 


548

Казахстан, армия, патриотизм

көрегенді саясаттарының арқасында бұл мәселе де өз жауабын табар 

деген тұжырымға келдім.

Сырлы әлем... Сырлы заман... Сырлы ғұмыр... Сырлы жаратылыс... 

Қарап тұрсаң бұл өмірде сырлы. Ең Ұлы сыр – адамзат. Адамзат бала-

сында рухани күш жатыр. Ал, мұны көбісі байқамайды. Өзіндегі тыл-

сым күшті көрсете алмайды.

Егер  менің  қолымда  билік  болса,  адам  өзгермейді  дегеннің 

тілін кесер едім! Адам өзгереді, ол өзін- өзінің білімділігімен өзге де 

елдерді  тамсандыра  алады.  Мақсатсыз  жанталасып  жүрген  адамнан 

өз мақсатын көзден таса етпеген адам әлдеқайда артық. Біз Қазақстан 

жастары  «Жаңғырамыз»  деген  позицияны  ұстанған  халықпыз. 

Әрқайсымыз өз алдымызға мақсат қоя білуіміз керек. Сонда ғана біз 

өз еліміздің ұлттылығын ұстап қала аламыз!



Оразбай Сандуғаш 

11 сынып, Жамбыл атындағы мектеп-лицейі

Отырар ауданы

Сөзіңнің мәнділігі – мәңгілігі...

Осы,  менің  бір  байқағаным,  әдеби  шығармаларды  немесе 

шешендік кітаптарды оқып не естісем құлағымның құрышы қанғандай 

болады.  Ондай  әңгімелерді  естісең  қызыға,  сүйсіне  тыңдайсың.  Ал, 

қазіргі таңда әдеби кітап, шешендік сөздерді оқитын жастар қайда!? 

Кейбіреулерінің аузынан сөзі, қойнынан бөзі түсіп тұрады. Барынша 

кедей  сөйлейді.  Егін  арасына  шыққан  арам  шөп  секілді,  үиреншікті, 

бұралқы сөздермен сөйлейтін жастарымыз да аз емес, оны күнделікті 

өмірде де байқап жүрміз.

Жаңа ғасыр мен жаңа мың жылдық табалдырығынан егемен ел, 

тәуелсіз ұлт болып аттадық. Осындай зайырлы ел болып отқанымызда, 

тіліміз орысшаланып, бұрмаланып жатса ол бізге мін емес пе!?

Римнің  шешені,  екінші  Цицирон  атағын  алған  Марк  Фабий 

Квинти-лианның  өзі  «Жақсы  шешен  болғыі  келсе,  алдымен  жақсы 

адам бол »деген түсінікке бәрін сыйғызуға тырысқан. Мен Квинтили-

анды дәріптегелі тұрғаным жоқ, тек қана жақсы адам болсаң, тілің ал-

мас қылыштай өткір, шешен болатындығымызды айтқым келеді.


549

Сочинения школьников Южно-Казахстанской области

Ендігі  ойымды,  Шәкәрімнің  мына  бір  сөзімен  аяқтағым  келіп 

отыр: «Сөзіңді түзе – ол әдетіңе айналады. Әдетіңді түзе – ол мінезіңе 

айналады. Мінезіңді түзе – ол тағдырыңа айналады...»



Орымбек Әсел

10 сынып, Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп

Ордабасы ауданы

Елімнің рәміздері мақтанышым!

Жұмыр  жер  бетіндегі  мемлекет  атаулының  қай-қайсында  да 

шет елге өзіндік бет-бейнесін танытатын белгілері – ел нышандары 

(туы,  елтаңбасы,  әнұраны)  болатындығы  белгілі.  «Мың  өліп,  мың 

тірілген» қазақ халқының да ондай белгі – нышандары болған. 

Рәміз  адамның  санасы  мен  ойлау  қабілетімен  тығыз  байланы-

сты.  Заттың  тілдік  белгісі  сол  заттың  ақпараты,  хабары  ретінде 

түсініледі. Белгі мен мағына арасында тығыз қатынастық байланыс 

болуында. Халық өзін қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарға 

мән,  мағына  бере  отырып,  оның  негізгі  белгілерін  салыстыру, 

ұқсату,  абст-ракциялау  т.б  арқылы  қасиеттерін  жинақтап,  ортақ 

белгілерінің жиынтығы негізінде жаңа ұғымға атау қойған. Шындық 

болмыс үнемі қозғалыста және шығармашылық даму үстінде болуы 

заңдылық. Демек, рәміз де өзгеріс пен дамудан тұрады.

  Елтаңбаның  негізінде  қазақта  «Шаңырағың  биік,  керегең 

кең, босағаң берік болсын» деген сөз бар. Осы үш сөз негізге алынды. 

«Алты қанат ақ орда үй шайқалды» деп келетін аңыз-жырлары жасы-

мыздан жаттап өскендігіміздің арқасы шығар, елтаңба нышандарын 

өткен  тарихымыздан  іздеп,  оны  бүгінгі  күнмен  байланыстырған. 

Елтаңбадан сол елдің тарихы, дәстүрі, рухы толық танылып тұруы 

тиіс.  Оның  пәл  сапалық  мән-мазмұны  айқын  ашылмаса  болмайды. 

Осы  ретте  әлемдегі  талай  елдің  елтаңбаларын  салыстыра  қарап 

шығуға тура келген. Мәселен, қос басты бүркіт, қылыш пен қалқан, 

ауызын  арандай  ашқан  арыстан  бейнеленген  елтаңбалар  аз  емес. 

Тіпті  Австралияның  елтаңбасында  кенгуру,  Африка  елдерінде 

қолтырауын  бейнесін  елтаңбаға  енгізген  елдер  бар.  Әр  халық  өзі 

қасиетті санайтын жан-жануарды мемлекеттік нышан еткен де жайы 

бар.  Бастапқыда  «шаңырақ  қазаққа  тән  емес  қой»  деген  сыңаржақ 

пікірлер де болған. Сонда «ау, Абай да, Абылай да сол шаңырақтың 


550

Казахстан, армия, патриотизм

астында дүниеге келген жоқ па?» деген уәж айтылған. Аңыздардан 

арқау тартқан пырақ бейнесіне де қарсы келгендер болмай қалған 

жоқ. Біле білсек, жылқы да өз кезегінде өркениеттің дамуына ықпал 

еткен ғой. Ал қазақ – төрт түлікке жақын халық. Қанатты пырақтың 

қойылғаныда  сондықтан  болуы  керек.  Алтын  киімді  адам  қазақ 

жерінен табылды. Ал оған дейін де бұл далада үлкен мәдениет бол-

ды ғой. Болмаса сондай ғажап ескерткіш тақыр жерде тұра қала ма?... 

Елтаңбадағы шаңырақты, яғни біздің бейбітшіл Отанымызды қорғау 

қажет болды. Яғни босағаны берік қылуды ойлаған. Бұл үшін жеті бу-

ыннан тұратын мүйіз таңдалды. Жеті буын бір жағы қазақтың «жеті 

атасын білмеген жетімдіктің белгісі» дегенін аңғарту. Жалпы, қазақ 

мүйізді қастерлеген. Оған қатысты түрлі ырым-нанымдары аз емес. 

Пырақтың қанаты бір қарағанда бидайдың бауланған сәтін еске са-

лады. 

Әнұранымыз  отаншыл,  ұлтжанды  рухыңды  аспандатып,  алпыс 



екі  тамырыңда  тәңірлік  күштің  қуатын  буырқандырып,  тік  тұрып 

қарсы алып, қасқайып тұрып тыңдайтын, шабыттана жан дүниеңмен 

беріле шырқайтын сұлу саз әлгі қасиетті сөздермен қосылып айты-

латын халықтың жан дауысы, құдіретті әуені.

Мектебіміздің әрбір жиыны көк байрағымызды рәсімдеуден ба-

сталады.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының 

мемлекеттік  нышандары  туралы»  Конституциялық  заң  күші  бар 

жарлығының  3-бабында  «Қазақстан  Республикасының  азамат-

тары,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  аумағында  жүрген 

адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын, Қазақстан 

Республикасының  елтаңбасы  мен  Қазақстан  Республикасының 

мемлекеттік әнұранын қастерлеуге міндетті» екендігін жариялаған.

Қорыта  келе,  мектебімізде  рәміздерді  насихаттауда  көптеген 

сыныптан  тыс  сайыстар,  апталықтар  және  ертеңгіліктер  өтіледі. 

Оқушыларға  рәміздерді  оқып-үйрену,  Отанын  шексіз  сүюге, 

қастерлеуге әрқашан елінің өсіп, өркендеуіне үлес қосулары қажет.


551

Сочинения школьников Южно-Казахстанской области

Оташ Гүлбану 

 11 сынып, Тілеубердин ЖОМ

 Шағыр елді мекені, Арыс ауданы 

Қазақ қашан да қазақ

Отан...  Атамекен...  Атажұрт...  Тарих...  Бұл  қай  құлаққа  да  асқақ 

естілер  ұғымдар.  Адам  өмірге  келіп,  ес  жиып,  етек  жия  бастаған 

сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды. Біздің туған жеріміз 

Қазақстан Республикасы, осынау ұлан-ғайыр, шексіз де шетсіз тәуелсіз 

елде  туып-өскенімізге  аса  қуаныштымын.  Біздің  Қазақстан  –  дүние 

бәйгесінде еңсесі биік ел. Қазақстанның болашақ жастары еңсесі биік 

мемлекетте  өмір  сүргеніне  қуанып,мақтану  керек.  Егеменді  елдің  ұл-

қыздары Қазақстанның еңсесін одан әрі биіктетуге өз үлестерін қосуға 

міндетті.  Қазақстанның  болашағы  артуы  үшін,  біз  өз  тарихымызды 

ұмытпай, тілімізді шұбарландырмай, дінімізді сақтауымыз керек,-деп 

ойлаймын.Тек  осы  әдістермен  дамытып  қана  қоймай,бар  күшімізді, 

білімімізді жаңа ой,керемет жоспарларымызды паш етуіміз керек. Қазір 

біз шынында да бақыттымыз, себебі біздің отанымыз,өз тіліміз, дініміз, 

желбіреген көк туымыз, керемет мағыналы елтаңбамыз, әнұранымыз 

бар.


Сондықтан  да  біз  тәуелсіз  мемлекет  деп  аталамыз.  Қазақта  “От-

аны бірдің тілегі бір, жүрегі бір” деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса 

да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, атасы басқа болса да Отаны 

бір  қаншама  ұлттар  мен  ұлыстарды  біріктіріп,  дүние  жүзі  мойындап 

отырған Қазақстан атты елміз. Көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз – 

біздің байлығымыз, мақтанышымыз. Өз халқын сүйген адам ғана оның 

тағдыры  үшін  алаңдай  алады.  Қазақстан  халқы  –  Ассамблея  арқылы 

Қазақстандық патриотизм моделін өмірге келтіріп отырған халық, оның 

айғағы – еліміздегі татулық пен келісімнің дүние жүзінің басқа елдеріне 

үлгі  бола  алғандығы.  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  «Патриот  болу  – 

Қазақстан мемлекетін өз жүрегінде сақтау» деген сөздері терең ой сала-

ды. Өз елінің патриоты болу әрбір азаматтың парызы мен міндеті. Жас 

ұрпақтың бойында патриоттық сезім өз-өзінен қалыптаспайды, ол оқу-

тәрбие  үдерісінде  мемлекеттік  саясат  негізінде  жүргізілуі  керектігін 

бүгінгі заманның өзі талап етіп отыр. Білім беру мен тәрбиенің негізгі 

міндеті – өз елінің азаматын, патриотын тәрбиелеу. 

Адам баласының әрқайсысының өз өмір жолы болатыны тәрізді, 

кез-келген халықтың, қоғам мен мемлекеттің өз тарихи ғұмыры бар. 



552

Казахстан, армия, патриотизм

Ол көне тіршілік көшінде сан алуан кейіпте көрініп келе жатқан күрделі 

үдеріс. Әр ұрпақ өзінен бұрынғы ұрпақтың жалғасы болғандықтан өз 

дәуірінің шыңырауына үн қосып, өз соқпағын іздейді. Әлем тарихында 

патриоттық тәрбие туралы білім ғасырларға тамырымен терең кеткен. 

Менің пайымдауымша, патриоттық тәрбие сүйенетін негізгі ұғымдар 

–  «ұлттық  патриотизм»  және  «қазақстандық  патриотизм».  Ұлттық 

патриотизмді  қалыптастыруда  салт-дәстүрлердің  атқаратын  орны 

ерекше.  Ұлттық  патриотизм  дегеніміз  –  ең  алдымен  қазақ  халқына 

сүйіспеншілікпен қарау, оның ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе 

жатқан  құндылықтарын  адам  бойына  сіңіру.  Тереңірек  пайымдасақ, 

мұның  өзі  ұлтымызды  ұлылауға  бағытталып,  ілгеріде  жүргізілген 

кереғар  ұлт  саясатының  кесірінен  ұмытылып  қалған  дәстүрлердің 

жаңғыруы ұлттық патриотизмді күшейте түседі. Ал Қазақстандық па-

триотизм  –  Қазақстан  азаматының  өзін  осы  елдің  төл  баласы  нағыз 

азаматы ретінде сезінгенде, Қазақстанды өзінің туған елі, Отаны деп 

есептеген  жағдайда  ғана  қалыптасады.  Ең  бірінші  әсер  Тәуелсіздікке 

қол  жеткізген  аға,  әпкелеріміздің  ерліктері  болса,  туған  жерге  деген 

сүйіспеншілік,  ерлік  жасауға  негіз  болатын  оқиғалар  барлығы  әдеби 

шығармаларда  беріледі,  әдебиетіміз  тікелей  тарихпен  байланысты, 

ал  тарихымыз  біздің  осы  күнге  жеткен  қиын  да,  аңсаған  жолымыз. 

М.Жұмабаевтың  «Елдің  елдігін  сақтайтын  –  әдебиеті,  тарихы,  салт-

дәстүрі» деген нақыл сөздері де бар. Ұлтжанды, Отанын сүйген патри-

оттар салт-дәстүрін, тілін, дінін жетік білген азаматтар болмақ. Қазіргі 

уақытта «Қазақстандық керемет» деген ұғым пайда болған. Ол тек ба-

стамасы. Оған нағыз сай болу үшін жан-жақты дамуымыз керек. Қазақ 

– құдыреттілігі, имандылығы, адамгершілігі көзінен, жүрегінен көрініп 

тұрған, патриоттығы ішінде ұйып жатқан кең халық. Бұл келешек жас 

ұрпақты  патриоттық  рухта  тәрбиелеудің  қажеттілігін  қамтамасыз 

етеді.


Менің  пайымдауымша,  жалпы  халықтық  патриотизм  отбасы-

нан,  мектеп  қабырғасынан  қалыптасады  деп  ойлаймын.  Ұлттық 

қасиеттеріміздің  ұрпақ  бойында  қалыптасуы  қоғам  игілігі  үшін 

маңызды. Адамға ұлттық патриоттық тәрбие беру тек қана мектепте 

ғана емес жоғарғы оқу орындарында кең көлемде жүргізілуі тиіс. Ұрпақ 

тәрбиесімен  айналысатын  әрбір  оқытушы  өз  тәрбие  жұмысының 

негізгі  мақсатын  от  жүрегі  Отан  деп  соғатын  жастар  тәрбиелеу  деп 

түсінсе,  ұлт  болашағына,  ел  тыныштығына  сеніммен  қарауға  бо-

лады.  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан-2050»  стратегиялық 

бағдарламасының  «Қазақстан  мұраты»  деп  аталатын  бөлімінде 



553

Сочинения школьников Южно-Казахстанской области

айтылған  еліміздің  тұтастығын,  оның  тыныштығын  мемлекетімізге 

қауіп  төндіретін  қандай  да  болмасын  ішкі  және  сыртқы  күштерден 

сақтау  міндетінің  өзі  –  жастарымызды  отаншылдық,  елжандылық, 

патриоттық  қасиеттерді  сақтауға  шақырады.  Н.Ә.Назарбаевтың 

«Қазақстан  елінің  жас  ұрпақтарын  отаншылдыққа  тәрбиелеу  –  аса 

маңызды идеологиялық міндеттеріміздің бірі деп білеміз. Ал оны елдің 

туын, елтаңбасын, әнұранын қастерлеуден, заңды, өкіметті құрметтеуге 

тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан – менің 

Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауапты-

мын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей еткен жөн» деген 

сөздерімен қорытындылай отырып, еліміздің әрбір азаматы өз елінің 

патриоты болсын десек, оның бойындағы патриоттық сезім отбасында, 

балабақшада, мектеп қабырғасында қалыптасуы тиіс деп ойлаймын.



Пердеш Дана

11 сынып, №8 орта мектебі

Жетісай қаласы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет