Егеменді елімді мақтан тұтамын
Егемендік... Тәуелсіз ел... Қазақстан Республикасы... Иә, бұл
сөздер елін сүйетін шын патриоттар үшін қашан да болмасын ыстық
естілетіні анық.
Дербес мемлекет болып, көк туымызды желбіреткенімізге аз ғана
уақыт болса да уақыт өткен сайын ел өркениеті мен экономикасы
жоғарғы деңгейге өрлеп, қарқынды дамуда.
Өткен күнді парақтасақ, азаттық алу үшін басымыздан нелер
өтпеді десеңізші?! Халқымыздың тәуелсіздікке дейін көрмеген аза-
бы мен тартпаған зардабы қалмады. Тәуелсіздік таңы үшін күрескен
Ләззат, Қайрат аға-апаларымыз секілді қас батырлар арқасында
мемлекетіміз бүгінде бейбіт өмір сүруде.
Жалпы қазақ жұрты бұрыннан кең пейілді, ақ көңіл, жетімі мен
жесірін жылатпаған, мейірімді де дана және өнерлі халық болған.
Оның дәлелі ретінде ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан, қазірге таңда
да ұмыт болмаған шешендік сөздеріміз бен суырып салма айтыс
өнеріміз ел мәдениетін биікке көтереді.
554
Казахстан, армия, патриотизм
Еліміз – өзгеге жамандық тілемейтін, бейбітшілік пен татулықты
өзіне ұран еткен ынтымағы жарасқан мемлекет. Тіпті, рәміздеріміз де
оның айғағы бола алады. Әрбір рәміз ынтымақтың, бірліктің символы.
Көк туымыз аспанымыздың ашықтығын, оның ортасындағы
бейнеленген шуақты күн халқымыздың шексіз мейірімділікке ие
екенін көрсетеді, қыран құс әрдайым биіктерден көрініп, тек қана алға
жылжудың белгісі болса, ал тудың оң жағындағы ою қазақтың ұлттық
құндылығын білдіреді.
Елтаңбадағы уық пен шаңырақ керегеміздің кеңдігін,
шаңырағымыздың биіктігін және берік екенін, жоғарыда орналасқан
жұлдыз бүкіл қазақ халқының жұлдызы жоғарыдан жарқырасын де-
ген ұғымды білдіреді. Қанатты пырақ – азаттықтың символы.
Ал енді Әнұранымыз жайлы айтатын болсақ, тыңдаған кезде
белгісіз тылсым күш тұла бойымызды шымырлатып жібереді. Мек-
теп қабырғасында жүріп әр таңымызды мемлекеттік әнұранымызбен
қарсы аламыз. Сөздері де әсерлі. Әсіресе:
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Деген шумақты естіген кезімізде жігерімізді ұштап, кез-келген
азаматты патриоттық сезімге тәрбиелері сөзсіз.
Егеменді еліміз өз тәуелсіздігін алып, көк байрағымызды жоғары
көтергеннен кейін де алға жылжуы мен сәтті қадамдарын тоқтатпады.
23 жыл аз уақыт болса да, БҰҰ сияқты әлемдік деңгейдегі бірнеше
ұйымдарға мүше болды. Дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосылды.
Президентіміздің қолдауымен ана тіліміз қазақ тілі халықаралық
дәрежеге көтерілді. Елбасымыздың 2014 жылғы Қазақстан халқына
арнаған Жолдауындағы идеологиялық «Мәңгілік ел» бағдарламасы
бойынша білім және денсаулық саласына ерекше назар аударылып
отыр. Сонымен қатар елдің әлеуметік жағдайларын жақсартуға байла-
нысты қазірдің өзінде біршама шаралар жүзеге асырылды. Қазақстан
сияқты 17 миллион халқы бар, жер көлемі жағынан дүние жүзі бойын-
ша 9-шы орынды иеленетін мемлекетті басқарып, халықтың жағдайын
жасап, еліміздің экономикасын жоғары деңгейге көтеріп отырған Ел-
басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа да айтар алғысымыз шексіз!
555
Сочинения школьников Южно-Казахстанской области
Көшбасшымыз Жолдауында айтылғандай: «Өзгенің қателігінен өнеге
алып, дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын!»
Мен аспан түстес Көк туымызды, патриоттықа баулайтын
әнұранымызды, ел мақтанышына айналған елтаңбамызды және 17
миллионнан астам халықты басқарып дәреметке жеткізіп отырған,
елдің ынтымағы мен татулығын сақтап отырған Елбасымызды
мақтан тұтамын. Қазақ еліміздің ғұмыры ұзақ болсын!
Ратбай Жанэль
8 сынып, №2 орта мектеп
Шымкент қаласы
Қазақ тілінің қоғамдағы қолданысы
Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың ру-
хына, қазына байлығына балайды. Себебі не? Себебі, тіл – халықтың
жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа
жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті
мұрамыз, ана тіліміз – Қазақ тілі.Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл
– жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның
төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні
бар киелі ұғым.
Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес
мұра. Тіл – еліміздің іргетасы, «Ұлттың қуаты тілінде».Тілдің адам
өмірі үшін мәні айрықша. Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем». «Тіл
– асыл ойдың бұлағы». «Тіл –құдірет». «Тіл - тәуелсіздік тұғыры». «Тіл
– ұлттың жан дүниесі».Тіл құдіреті - ерекше. Оның бітпесті бітіретін,
жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз
опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған
сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді. Тіл – ұлттың жан дүниесі.
Расында Қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың,
қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде,
сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен
бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасына дарыған ана тілі
ғана. Халқымыздың тілге беріп жүрген бағасы бұл ғана емес, ана тілге
деген мейірім, махаббат сезімін білдіретін сөздер көп-ақ. Оған жүздеген
мысалдар келтіруге болады. Осы сияқты ой тұжырымдардың баршасы
ел аузына түспей, ғасырлар өтсе де ұрпақ жадында сақталған қанатты
556
Казахстан, армия, патриотизм
сөздер.«Тәрбие басы – тіл» деген осы күнге дейін мән-мағынасын
жоғалтпаған қанатты сөз XI ғасырдың ұлы ойшылдарының бірі Ахмет
Иүгінекидің есіміне қатысты. Үзілмей келе жатқан осындай даналық
дәстүрінің жалғасын біз бүгінгі ұрпақтан да көреміз.
Ана тіліміздің айтып жеткізуге болмайтын асыл қасиеттерін
тап басып танып, қанатты сөздерге айналдырған зиялыларымыз
да баршылық.Бүгінгі Қазақ тілінің тағдыр мен болашағы Елба-
сын аз толғандырып жүрген жоқ. Сондықтан да болар Ел басының
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Ана тілі – бәріміздің
анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» деген сөзі бар. Ал кейінгі
2005 жылғы жолдауында айтылған «Біз барша қазақстандықтарды
біріктіруші басты факторлардың бірі – еліміздің мемлекеттік
тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-
жігерімізді жұмсауымыз керек» деген уәжінде Қазақ тілінің Қазақстан
халықтарының басын біріктіруші ұйытқы болуын көздеп отыр. Қай
қоғамда да тіл мәселесі болатыны белгілі. Біздің ұлтта да тіл өзекті
мәселе болып отыр. Қазақстанда қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Со-
лай бола тұрса да бізде қазір көптеген қазақтар үй ішінде, сыртта,
қоғамдық орындарда орысша сөйлеп, қазақ тілінің сөйлеу өрісін
тарылтып, қолданылу аясын әлсіретеді, тіпті жоғарғы жақтағы
басшылардың өздері орыс тілінде сөйлейді, қазақша сөйлегеннің
өзінде шұбарлап сөйлейді. Басты кемшілігіміз – осы.Қазір көптеген
жастар ана тілін дұрыс білмейді. Ауылдық жерде жақсы, қалалық
жерлерде тіл құнарлылығы сұйыла түскен. Қазақ тілінің жанашы-
ры болған сатирик ақын Шона Сымаханұлының бір шумақ өлеңінде
осындай жағдайды сипаттайды:
Қазіргінің баласы,
Көп білем деп көкиді.
Әкесінің жазғанын
Аудармадан оқиды.
«Ұлттың тілі – ұлттың ділі» демекші, қандай ұлт пен ұлыс болма-
сын ең басты байлығы – ана тілі.
Қазіргі кездегі қазақ тілінің қолданылатын қоғамдық салала-
ры – әртүрлі, әр деңгейлі. Тілдік қолданыстың қоғамдық қызметін
зерттеушілердің айтуынша, қазақ тілі: білім беру, денсаулық сақтау,
ғылым, оның ішінде қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар салалары
бойынша біршама кеңірек қолданылады. Алайда, қазақ тілі мен орыс
557
Сочинения школьников Южно-Казахстанской области
тілі арасындағы қызметтік (функциялық) шекара күні бүгінге дейін
әлі нақтылана қойған жоқ. Сол себептен, оның қандай деңгейде екені
туралы әлеуметтік-лингвистикалық зерттеулердің қажеттілігі қазір
бізде жетекші орынға шықты. Әсіресе, қазақ-орыс қостілділігінің
біздің қоғамдық өмір салтымыздағы бүгінгі функциясын айқындау
туралы еңбектердің маңызы зор болып отыр.
Рысқұлбеков Нұржан
11 сынып, Қажымұқан атындағы
мемлекеттік мекемесі
Шымкент қаласы
Менің Президентім
Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Бірінші желтоқсан
- Тұңғыш Президент күні. Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы (1940) –
тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш Президенті. Туып-өскен жері – Ал-
маты облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылы.
Днепродзержинск техникалық училищесін (1960), Қарағанды ме-
таллургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын
(1967), Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне
қарасты Жоғары партия мектебін (1976) бітірген. Экономика
ғылымның докторы, академик. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау
қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы
жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі
жолдан өтті. 1969 жылдан бастап комсомол және партия жұмысына
ауысты. Жоғары мемлекеттік және партиялық қызметтерді 1979
жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы бо-
лып сайланған кезден атқара бастады. Қазақ Кеңестік Социалистік
Республикасы Министрлер Кеңесінің төрағасы (1984-1989), әрі Кеңес
Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси бюросының
мүшесі (1990-1991), Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы
Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан-сәуір айлары) бо-
лып қызмет атқарды. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының
Жоғарғы Кеңесі 1990 жылдың 24 сәуірінде Н.Ә.Назарбаевты Қазақ
Кеңестік Социалистік Республикасының ең алғашқы Президенті етіп
сайлады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті
ретіндегі қызметінің заңға сәйкес екенін 1991 жылы 1 желтоқсанда
558
Казахстан, армия, патриотизм
өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлау одан әрі орнықтыра түсті.
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауының Қазақстан Ре-
спубликасы болып өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Кеңесінің қаулысына сәйкес Н.Ә.Назарбаев 1991 жылы 10
желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті лауазымымен
қызметке кірісті.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республика-
сы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Басқолбасшысы, Қазақстан
халықтары Ассамблеясының Төрағасы, Қазақтардың Дүниежүзі
Қауымдастығының Төрағасы. Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның
және басқа да бірқатар шет елдің жоғары ордендері мен медальдары-
мен марапатталған. Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің аса ірі мемлекет бас-
шылары мойындаған Қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы, дүние
жүзіне әйгілі саясаткерлердің бірі. Ол ел басқару ісінде халықтың
ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тал
бойына тоғыстырған алымды да алғыр басшы. Ел өмірінің алуан сала-
лы тіршілік-тынысын терең білу, маңдай тіреген проблемалардың ең
елеулісін тап басып тани алу, ел ішіндік және әлемдік ахуалдармен са-
наса отырып ұрымтал әрекеттерге бару, сол жолда таңдалған бағытын
табандылықпен жүзеге асыру – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
мемлекет басшысы ретіндегі басты қасиеті. Н.Назарбаевтың бастама-
сымен тәуелсіз Қазақ елінде дүниежүзілік тарихи маңызы бар істер
атқарылды. 1991 жылдың күзінде 40 жылдан астам уақыт бойы адам-
зат баласына от бүркіп, апат қауіпін төндіріп келген Семей ядролық
сынақ полигоны жабылды. 459 ядролық жарылыс өткен бұл поли-
гон енді мәңгіге тыншыды. Туған елінің тыныштығын, адамзаттың
қауіпсіздігін ту еткен Н.Назарбаев Америка Құрама Штаттарының,
Ресейдің, Францияның билеушілерімен ұзақ та күрделі келіссөздер
жүргізіп, ядролық қаруды Қазақстаннан аластауға 1994 жылы келісті.
Бұл біз үшін өтеуі қымбат келісім еді. Өйткені ядролық державалар
(АҚШ, Англия, Россия, Қытай, Франция) Қазақстанның тәуелсіздігіне,
егемендігіне және бүгінгі шекараларының өзгермейтініне құрметін
білдірді, Қазақстанның тәуелсіздігіне территориялық бір тұтастығына
қарсы күш қолданбауға міндеттенді, Қазақстанға экономикалық
қысым көрсетуге бармайтынын мәлімдеді. 1995 жылы соңғы ядролық
қару Қазақ елінен әкетілді. Осылайша адамзат тарихында тұңғыш рет
жойқын қарудан ерікті түрде бас тартқан мемлекет пайда болды.
Президент Н.Назарбаевтың көптеген бері қолға алып, практикаға
енгізіп келе жатқан іргелі идеясы – Еуразиялық одақ құру. Бұл, әрине,
559
Сочинения школьников Южно-Казахстанской области
бұрынғы Кеңестер Одағын тірілту емес. Еуразиялық одақ қос құрлықты
мекендеген мемлекеттер мен халықтар арасындағы интеграцияны
жаңа сапалы биіктікке көтеру. Алғашқы нәтижеге де қол жетті. 2000
жылдың күзінен бері бес мемлекеттің басын қосқан еуразиялық
экономикалық одақ өміп сүріп келеді. ЮНЕСКО күнтізбесіне Абайдың
150 жылдық, М.Әуезов пен Қ.Сәтбаевтың 100 жылдық, Түркістанның
1500 жылдық мерейтойларының енуі, Париж бен Лондонда, Бер-
лин мен Токиода Қазақ арыстарының аттары құрметпен аталып, ән-
күйлеріміз бұрынғыдай жалтаң көзденбей, барынша еркін, қуанышты
көңілде шалқуы мәдениетімізді, өнерімізді, ғылымымызды ғана
түлетіп отырған жоқ, санамызды, дүниетанымымызды, мінезімізді
де жаңаша қалыптастыруда. Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарын-
да қыруар іс атқарылды. Бірақ олардың ішінде екеуін атап өту керек.
Біріншісі – 1997 жылы Президент Н.Назарбаев ұсынған «Қазақстан –
2030» даму стратегиясы, екіншісі –елорданың Алматыдан Астанаға
көшірілуі. Үш ғасырға жуық уақыт бойы отаршылдықтың тауқыметін
тартып, этнос ретінде шалажансар халге түскен Қазақ халқын ел етіп,
ТМД елдерінің аясындағы ең көп тілді, көп конфессиялы Қазақстанның
еңсесін көтеріп, тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті Нұрсұлтан
Әбішұлының маңдайына жазылды. Бұл жолда да тәуелсіздікті тәу
ететін, шынайы демократияға ұмтылған, ұлтаралық түсіністік пен
достықты өмір салты еткен, болашағына сеніммен қадам басқан
қазақстандықтардың символына айнала білді.
Президентіміз бізге: «Еліңнің патриоты бол!» дейді.Біз елімізді
Нұрсұлтан атамыздай сүйеміз, еліміздің патриоты боламыз, еліміздің
өркендеуіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосамыз. Туған елім, кең байтақ
дархан далам – менің мақтанышым. Себебі, мен осы дархан далада
дүние есігін аштым. Сол киелі жерде қанша ма талантты да зиялы,
ақылды да мейірімді адамдар дүниеге келді! Елімнің алға қойған
мақсатты мен міндеттерін, қуанышы мен жетістігін сенімділік пен
үмітті басшылыққа ала отырып алға тартып келеді.
Мемлекет басқару – бұл өте қиын іс, мәртебелі міндет.Біздің Елба-
сымыз осы істерді атқаруға бар күш-жігерін жұмсайды. Қазақстанның
әр облыс орталықтарына, аудандарына, қала, ауылдарына барып,
халықпен кездеседі, біз сияқты оқушылармен кездеседі.
Елбасымыздың игі істерінің бірі – мемлекетіміздің Тәуелсіздігі.
Тәуелсіздіктің арқасында еліміз көркейіп, Астанамыз гүлденіп келеді.
Біздің елде тұратын жүз отыздан астам ұлт өкілдері бір-бірімен тату-
тәтті тұрады.
560
Казахстан, армия, патриотизм
Біз ең бай мемлекетпіз, халқымыз ең бақытты халық. Даламыз
егісті, Ордамыз кеңесті! Біз өз болашағымызға сенімдіміз, біз өзіміздің
Елбасыға сенім артамыз!
Сайлау Бекасыл
10 сынып, №6 мектеп- гимназиясы Мақтарал ауданы,
Жетісай қаласы
Жетекшісі: Молдабекова Ж.
Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз киеміз
Тәуелсіздік деген тәтті сөз емес. Ол – алаш деп түнемесі
дөңбекшіген бабаларымыздың, ағаларымыздың әлде өкініштен, әлде
өзекті өртеген намыстан былайғы жақын-жұрағатына көрсетпей,
бармағын тістелеп отырып жанарына үйірген көз жасы. Ертеңіміз,
елдігіміз не болады деген ұлы уайымы. Қазақ келешекте бодан болып
жер бетінен мүлде жойылып кете ме, әлде іргелі елге айналып, көшін
түзеп кете ала ма деген жүрекжарды сауалы.
Тәуелсіздік – халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Адамзат жи-
ырмасыншы ғасырдың табалдырығын неше түрлі әлеуметтік
алақызбалыққа ұрынып, еліре аттаныпты. Енді сол өткеннің бәрі су
сепкендей басылды. Төңірегімізге көз тастасақ, көкте бір Тәңірге, жер-
де бір өзіңе ғана сеніп, көреміс жарықты көріп, бұйырмас ырзықты
татып, сүйгізген ұрпағын сүйіп, өлшеулі ғұмырға пейіл болдудан
басқасының бәрі күпірлік екендігіне көзіміз тегіс жете бастағандай.
Көңілге медет қыларымыз тек бұл ғана емес. Ең бастысы, жаңа ғасыр
мен жаңа мыңжылдыққа егемен ел, тәуелсіз ұлт болып аттадық. Бұған
жеткен де бар, жетпеген де жоқ емес.
Өйтіп біреуді көріп шүкір етіп, біреуді көріп пікір ету үшін де
өткенге ой, бүгінге көз жіберуіміз керек. Бүгін Қазақстан – тек өзі
орналасқан аймақта емес, бүкіләлемдік мәселелерді талқылауда
және шешуде ықпалды рөл атқаратын өркениетті ел. Егер біз сонау
ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесіне көз жүгіртсек, ежелден-
ақ ата-бабамыздың өз жерін еш жауға бастырмағандығын, ұлын құл,
қызын күң еткізбегендігін, жауына қатал, досына адал болғандығын
байқаймыз. Еліміздің сан ғасырлық тарихында мақтан тұтар, бүгігіміз
бен келешегіміз үшін ғибрат алар, кеудемізге қиналғанда үміт отын
жағар оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар
561
Сочинения школьников Южно-Казахстанской области
ұлы тұлғалар аз болмаған. Ұшқан құстың қанаты талатын, жүгірген
аңның тұяғы сынатын ұлан-ғайыр алтай мен Атырау арасын ата-ба-
баларымыз шыбын жанын шүберекке түйіп, ақ білектің күшімен, ақ
найзаның ұшымен қорғап келген. Дұшпандарымызға қарсы аттанып,
садақ асынып, қолына қылыш ұстаған Қабанбай, Бөгенбай, Райым-
бек, Наурызбай сынды ерлеріміз жайлы жыр-дастандар біздің сана-
сезімімізді көтереді. Түлкі бұлаң тарихтың қаншама бұрылысында ел
азаттығы үшін талай тарланның тақымында тер кеппеді. Ат үстінде
өткен ғасырлар көп болды. Бізге бүгін қажет жігерліктің, біліктіліктің,
Отансүйгіштікітің мысалдары өткен тарихи оқиғаларымызда жатыр.
Халық басына осындай қиын-қыстау заман зары туған шақта,
Қазақ қауымының бас көтерген батыр да ержүрек перзенттері елдің
елдігін сақтап қалды.
Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен ел мұңын,
халық сырын түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі
жолында тапқырлығын таныта білген Абылай хан Қазақ халқының
күшін тасытты, мәртебесін көтерді, Қазақ елін іргесін кеңейтті. Абай,
Шоқан, Ыбырай дәуірінде қылыштан гөрі қалам қуаттырақ болды.
ХІХ ғасырдың соңынан бастап тарих сахнасына қазақтың зиялылары
шықты. Олар қолдарына қалам алып, қоғамдағы ащы шындықты жаз-
ды. Қазақ халқын дербес мемлекет болуға шақырды. Осындай халық
зиялыларына қылышынан қан тамған Кеңес Үкіметі жалған айып
тағып, қырғынға ұшыратты. Жоғары білімді қазақтың бетке ұстар
азаматтарының бар кінәсі – көзі ашық болғаны, өз ұлтының намыс-
сезімдерін жақтағандары ғана. Ал Ұлы Отан соғысы жылдарындағы
қазақ сарбаздарының ерен ерліктерін білмейтін адам кемде-кем.
Солар көрсеткен үлгі, сепкен ұрық бір ұрпақтан екінші ұрпаққа
табиғи түрде ауыса келіп, 1986 жылғы желтоқсанда жаңғыруына
әкелді. Желтоқсан оқиғасы ұлттық рухтың өлместігін жарқын түрде
дәлелдеді. Ел болашағын ойлаған қазақ жастарының өмірін қиған бұл
оқиға халық жүрегінде мәңгі дақ болып қалды.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей жас өркені бар елдің
Ешқашан да еңкеюге тиісті емес жалауы.
Желтоқсанның мұзға жаққан алауы 1991 жылы 16 желтоқсанда
тәуелсіздік таңын тудырды. Міне, содан бері 22 жыл уақыт өтті. Бұл
– тарих үшін аз ғана уақыт болса да, бұл аралықта еліміз ауыз толты-
562
Казахстан, армия, патриотизм
рып айтарлықтай жетістіктерімен мақтана алады. Әлемнің дамыған
елдерімен иық теңестіре алатындай дәрежеге жетті. Егемен еліміз
дамудың даңғыл жолына түсті. Өлшеусіз табиғат байлығымен, сан
ұлттан құралған халқының ауызбіршілігімен аты шықты. Мұның
барлығы алдымен, тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы деп
білемін. Тәуелсіздік – бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен қатар, ертеңгі
өміріміз – Қазақстанның мүмкіндіктері мен мақсаттары. Тәуелсіздік
– халықтың тойы, бүкіл елдің тойы. Жауын торғайдай тоздырып,
ірімшіктей іріткен ата-бабамыз сол тәуелсіздік жолында не көрмеді
десеңші!
Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған
асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Ал оны келер ұрпаққа
көздің қарашығындай сақтап, аманат етіп тапсыру – біздің азаматтық
борышымыз. Еліміз берекелі, шаңырағымыз биік, тәуелсіздігіміз
тұғырлы болғай!
Қанша боздақ, жауқазындар жастайынан қиылды,
Аңсап жүріп азат, бейбіт бұл күнді
Сондықтан да ардақтап, қастерлейік,
Тәуелсіздік таңы атқан бұл күнді.
Сман Аружан
8 сынып, Абай атындағы орта мектеп-интернаты Арыс қаласы
Жетекшісі: Даутова Л.А.
Төлеген Тәжібаев
Көрнекті мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлағатты ұстаз, нар
тұлғалы азамат Төлеген Тәжібаевтың туғанына биыл 104 жыл толып
отыр. Өзі жоқ болса да, оның шоғы әлі басылмаған жарық жұлдыз
1910 жылы қасиетті де, киелі Арыс топырағында дүниеге келді.
«Жігітке – жеті өнерде аз» - дегендей Төлеген Тәжібаев сегіз қырлы –
бір сырлы кісі болған. Оған дәлел қазақтың тұңғыш психолог-ғалымы,
Қазақ КСР-і ғылым академиясының академигі болған. Осындай азама-
ты бар қазақ елі бақытты. Төлеген Тәжібаевтың балалық шағы қиын
қыстау кезеңде өтті, соғыстың зұлмат жылдарында көзінің ағы мен
қарасындай ата-анасынан ерте айрылып, балалар үйіне тапсырыл-
563
Сочинения школьников Южно-Казахстанской области
ды. Балалар үйінен мейірімді орыс отбасы Кабановтар жас Төлегеннің
тұлға ретінде қалыптасуына үлкен ықпал жасады.
Төлеген Тажібаев қандай жоғары мәртебелі қызметте жүрсе де
адами қадірін түсірмеген, абыройын асыра білген абзал жан, көреген
басшы, сан буын жастарды ғылым жолына бағыттаған ұлағатты ұстаз
бола білді. Иә, Төлеген Тәжібаев адам жанын жазбай танитын нағыз
тәлімгер психолог еді.
Парсатты ғалым-ұстаз ірі қоғам қайраткері, ұлы даланың ұлы
перзенті Т. Т. Тажібаевтың 100 жылдық мерейтойы аясында Әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университеті оның ғылыми мұралары мен
тәлім-тәрбиелік еңбектерін бірнеше томдық жинақ етіп жариялап
отыр. Болашақта да өскелең ұрпақ үшін Толеген Тәжібайұлының
өмірі мен қызметінің ғибратын, тарихи мәнін танытатын еңбектерді
жарыққа шығару, оның жарқын бейнесі мен есімін университет тари-
хында қалдыруға бағытталған барлық шаралар – біздің осы біртуар
азамат алдындағы парызымыз.
Т. Тәжібаев Мәскеудегі Н.К.Крупская атындағы Коммунистік
тәрбие академиясында оқыды. Онда озат оқып қана қоймай, өзінің
ұйымдастырушылық қабілетін жан-жақты танытып, Академия комсо-
мол ұйымының хатшысы болды. Осымен оның оқуы аяқталып, ғылыми-
зерттеу кезеңі басталады. Аспиратураны да сонда бітіріп шықты.
Психология бойынша «К. Д. Ушинский – Ресейдегі педагогикалық
психологияның негізін қалаушы» деген тақырыпта белгілі кеңес
ғалымы А. В. Веденовскийдің жетекшілігімен кандидаттық диссерта-
циясын тамаша қорғап шықты. Психология ғылымдарының кандида-
ты атанды. Ғылыми орта оның еңбегіне жоғары баға берді.
Психология саласындағы зерттеулері қазақ топырағында осы
ілімнің дамуына, оның дұрыс қалыптасуына ізгі ықпалын тигізді.
Тұлдыр жетім қалған баладан үлкен академик-ғалым, мемлекеттік,
дипломатиялық тіпті халық аралық саяси қайраткер дәрежесіне дейін
көтерілген халқымыздың даңқты перзенті, ұлтымыздың ұстыны бо-
лар ұлы тұлғасы өсіп шықты.
Аспирантураны психология мамандығы бойынша бітіргеннен
кейін Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орны – Абай атындағы
ҚазПИ педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі және
доценті болып қызмет етті. Білімдарлығы мен ұйымдастырушылық
қабілетінің арқасында 1940 жылы Қазақ КСР оқу-ағарту Халық
комиссарының бірінші орынбасары, артынша оқу-ағарту Халық ко-
миссары болып тағайындалды. 1941 жылы 31 жастағы жас ғалым
564
Достарыңызбен бөлісу: |