Сборник содержит материалы избранных докладов участников международной


БИОМЕХАНИКА НЕГІЗДЕРІН ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет14/70
Дата06.03.2017
өлшемі8,85 Mb.
#7959
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   70

БИОМЕХАНИКА НЕГІЗДЕРІН ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУДАҒЫ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕГЕ ПАЙДАЛАНУ

Амиров М.С., Төлеген А



Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты,

Арқалық қ.,Қазақстан

aksaule_9595@mail.ru

Қазіргі  замандағы  биомеханиканың

педагогикалық

тәсілдері  дидактиканың

принциптеріне  негізделеді.  Олардың

ішінде:  оқытудың

жүйелілігі,  саналылығы,

белсенділігі, көрнекілігі және кол жетімділігі (қолайлығы) бар.

Мектептегі  дене  тәрбиелеу  сабақтарында,  сондай -ақ секциялар  мен  денсаулық

топтарында, 

оқытушы 


денелерінің

жетілгендігі 

және 

техникалық -тактикалық



дайындықтары  алуан  түрлі  дәрежедегі  оқушылармен  кездеседі.  Жоғарыда  аталған

дидактикалық

прин циптердің,

бағдарлай 

оқытудың

идеялары 

мен

әдістерінің,



педагогикалық кинезиология  мен  суггестологияға  байланысты  биомеханика  негіздерін

терең білудің қиындықтарынан қиналмай өтуге болады.

Қимыл әрекеттерінің техникасы мен тактикасына бағдарлай оқытудың не гізі

Бағдарлай оқытуда оқу процесі белгілі бір оқыту бағдарламасымен іске асырылады.

Оқу  материалы  және  оқушының іс -әрекеттері  "бөлікке"  және  "адымдарға"  бөлінеді.

Бағдарлама арнайы оқытушы кұралға немесе оқулыққа енгізіледі.

Әрбір  "адымнан"  соң оқушының б ілімі  мен  дағдыларының кезекті  "порцияларын"

меңгергені  тексеріледі.  Осындай  оқыту әдісі  оқушының дербес  бейімделу  мүмкіндігін

қамтамасыз етеді.

Қорыта айтқанда, бағдарлай оқыту әдісін қолданғанда, барлық білім мен біліктілік

көлемі  "квантталады",  яғни  шам алы  бөліктерге  бөлінеді  де,  оқушыларға  белгілі  бір

тізбекпен  беріледі.  Егерде әрбір  сабақтың мақсаттары  мен  міндеттерін  айқындаса  мұны

орындауға болады.

Педагогикалық кинезиология негіздері



Оқытудың әрбір кезеңінде жететін жетістіктердің мақсаттары мен жет у әдістерінің

дидактикалық саналылық және  белсенділік  принциптерінің іске  асырылуы  негізінде

айқын  тұжырымдалуы  мүмкін.  Сонда  оқыту  мақсатты  болады.  Оқушыға  барлық

үйретілетін  шаралардың тізбегін  ертерек  көрсету  бір  кезеңнен  екінші  бір  кезеңге  саналы

түрде көшуге  мүмкіндік  туғызады.  Педагогикалық кинезиологияда  оқыту  процесін

ұйымдастыруға осылай кіріседі.

Қимыл  амалдарын үйрену  теориялык  білімді  сіңіруден  ерекшеболғандықтан,

бағдарлай  дамыта  окытудың маңызы  зор.    Дене  жаттығуларын  орындау  барысында  тек

логикалық қана емес, сонымен қатар бейнелік, сезімдік өздік бақылау қажет. Басқа сөзбен

айтқанда, оқыту барысында оқушыға сөзбен жеткізіп мыналарды сезіндіру керек: 1) ол не

істеу керек; 2) қимыл әрекетін дұрыс орындаған жағдайда ол не сезінеді?

Сонда  барып  оқушының

санасында

қимылдардың

мазмұны,  көру  және

кинестетикалық қимыл бейнелері біртұтас болып байланысады.

Педагогикалық

кинезиологияның орталық

түсінігі -оңтайлы  техника  моделі.

Әдетте,  бұл  суреттермен  бейнеленген ұтымды  техниканың сөздік  айшықтары.  Оның

құрамы: 1) қимыл әрекетінің фазалық құрамын баяндау; 2) бейнелер мен фотосуреттер; 3)

тұтас қимыл әрекетінде және жеке фазаларында жететін мақсаттарды тізіп айтып беруден

тұрады.

Педагогикалық кинезиология  мамандары  модельді  ойластырып  тұжырымдаған



кезде, қимыл  амалына  жүйе  деген  тұрғыдан қарайды,  яғни,  тұтас қимыл  амалы қандай

кеңістік  және  уакыттық элементтерден  тұратының және қандай  зандылықтар  арқылы

арасында  байланыстар ұйымдастырылатынын  түсінуге  тырысады.  Осылардың барлығы,

педагог  пен  оқушыға қателі ктерге ұрынбай,  оқытуды  бірден  дұрыс әрі  тез  атқаруға

көмектеседі.

Модель бағытталған адамның дайындық деңгейі қанша төмен болса, баяндаушы тіл

сонша қарапайым болуы керек. Мысалы, арнайы білімді талап ету қажет болмаған жерде,

қарапайым  тілді  пайдаланады.

Мұндай  жағдайда  тіпті  фазалар  жөнінде  емес,

элементарлық амалдар туралы айтқан дұрыс (қолмен, аяқпен және т.б.).

Қорыта айтқанда, педагогикалық кинезиология тәсілдерін пайдаланғанда оқытудың

саналылығы техника және тактика "моделімен" қамтамасыз етіледі.

Үйренуші өзінің ой -өрісі арқылы қимыл әрекетін осы стандартқа сәйкестендіреді.

Үйрену 


процесі 

атқарылатын 

міндеттердің

реттілігі 

арқылы 

бірте -бірте



үйтілдіріледі. Қимыл амалдарының техникасы мен қимыл әрекеттері тактикасының әрбір

адымын санадан өткізе, оқ ушы дұрыс меңгере алатындай етіп бағдарлаған дұрыс.

Әрбір  жеке  ақпарат үлесі  мұғалім  мен  оқушының  өздері  бағалап  отыратын

деңгейінде бойға сіңіріледі.

Педагогикалық кинезиологияның әдістері өте көп. Бірақ қимыл амалының моделін

кұру өте  көп  еңбекті  талап етеді.  Бүгінгі  күндері  мұндай  модельдер  жүріске,  жүгіріске,

шаңғымен  жүруге,  жүзуге  жасалған.  Солардың

кейбіреулері  жеке  биомеханика

зандылықтарын баяндауға қолданылған.

Қазіргі 


педагогикалық

кинезиологиядағы 

модельдерде, 

тек 


кинематика

көрсеткіштері  пайдаланылады.  Х.Х.  Гросстың  ұсынысы  бойынша,  жоғары  дәрежелі

спортшылардың  үлкен  жарыстарда  ең жоғары  спорттық формада  кездердегі  көрсеткен

техникаларының деректерін  пайдалану  керек.  Техникаға қойылатын  мұндай  жоғары

талаптар,  кино  және  бейнетүсірулерден  басқа әдістерді қолданбауға  кедергі  жасайды.

Кейінгі  уақытта  биомеханикалық сипаттамалар  датчиктерін  жетілдіруге  байланысты,

динамика  мен  энергетика  көрсеткіштерін қосу  пайдалы  болады.  Сонда  тек    буын

бұрыштарының эталондық дәрежелерін  айтып қана қоймай, әсер  е туші  күштер,

шығаратын энергия мен үнемділік жөнінде де сөз болар еді.

Талантты  жаттықтырушының тәжірибесі  және  интуициясы,  казіргі  педагогикалық

кинезиологияның терминдер арсеналы, қимыл әрекеттерінің барлық күрделілігін суреттей

алуға жеткілікті.



Барлық жаттығулар  педагогтың көзқарасы  тұрғысынан  екі  топқа  бөлінетінін  еске

салу орынды:

1) жеңіл үйренетін;

2) жылдар бойы жұмыс істей меңгеретін (мысалы, спорттық снарядтарды лақтыру).

Педагогикалық кинезиологияның  әдістері  бірінші  топтағы  жаттығуларды  меңгеру

үшін пайдалы және күрделі қимыл әрекеттерін үйрену үшін де өте қажетті.

Тағы  да  бір  ескерту - оңтайлы  техниканың санадағы  бейнесін  көру  және

кинестетикалық бейнелермен  кіріктіру үшін,  тек қана қимыл әрекеттерініңдұрыстығын

бақылап қоймай,  сонымен қатар  те хника  жөніндегі  білімді  де  бақылау қажет.  Сонда

білімдегі олқылықтардың беті ашылып, оқушы дайындығының иерархиялылығы білінеді:

білмеймін-істемеймін,  білемін-істеймін,  білмеймін - істеймін,  білемін-істемеймін.  Бұл

баспалдақтар техникалық -тактикалық шеберл іктің шыңына қарай алып жүреді.

Психологтардың, психиаторлардың және неирохирургтардың зерттеулері негізінде,

адам өз миының біршама мүмкіндігін ғана пайдаланатыны дәлелденген. Ми қоры өте мол

екені туралы деректер көп. Мысалы дарынды адам және гипнозға ұш ыраған жай адам көп

фактілерді  естеріне  сақтай  алады  (бір  сеанста  1000  сөзге  дейін).  Суггестивтік  оқыту

әдістері осы резервтерге сүйенеді және оларды белсенді түрге келтіреді.

Ми  корының белсенді  күйге  келуі үшін,  антисуггестивтік  «сын -логикалық»

кедергіден өтуі  керек.  Дәлірек  айтқанда,  адам өзінің мүмкіндіктері  шамалы  деген  ойға

үйреніп алады да, өзіне-өзі сенбейді.

Мысалы өз  "төбесіне"  немесе  барынша  жоғары  дәрежеге  жеткен  спринтерді,

нәтижесін әрі қарай көтеруге сендіру өте қиын. И.П. Ратов пен әріптесте рі "жеңілдеткіш"

деп аталатын арнайы кұралды пайдалану арқылы сенімді арттыруға жеткен. Олар жүгіру

жолы үстіне  электромотормен  жүгірушініңжылдамдығына  тең, спортшыны  жоғары

көтеріп  барып  салмағын  азайтатын  белбеулі  блок  жүргізген.  Нәтижесінде  спринтерлік

жүгірістің жылдамдығы әдетгегіден  жоғары  болған.  Бұл әдіс  «өте  шапшаң жүгіріс»

дағдысын қалыптастыруға жүгірушінің сенімін қуаттау арқылы көмектескен.

Спортшылардың дене және техникалық -тактикалық дайындығын жетілдіруге басқа

да тренжерлер кызмет ете алады.

Қимыл әрекеттерінің фазалық талдаулары - биомеханикалык  бақылаудағы  ең

пайдалы әдіс  болып  табылады.  Фазалар  мен  ырғақтар ұзақтығын  анықтау  және

хронограмма жасау арқылы қимыл әрекеттерін музыканы ноталарға түсіргендей "жазып"

және  "оқуға"  болады.  Нәтижес інде  техника  мен  тактиканы құжаттандыру  мүмкіндігі

туады  да,  мақсатты  түрде  оқыту үшін  ең озық  үлгілерді  зерттеуге  болады.  Сонымен

адамның барлық  қимыл қозғалысы  физикалық тұрғыдан  сипатталады  да  нақтылы

ережелер  арқылы  жаттығулар  жасалады. Әр  жас  ерекшелі гіне  байланысты әр  адамның

қимылы қалыптасуы  керек.  Міне  сондықтан  да әр  адам өз  ағзасындағы қимыл

қозғалыстарды  механикалық тұрғыдан  сипатталатынын  білуі  тиіс.  Адам  ағзасының

қалыптасып дамуы, ағзаға әсер ететін күштердің әсерінен болуы да мүмкін.

Әдебиет


1.

Александер Р. Биомеханика. М., 1970.

2.

Бернштейн Н.А. Физиология движения и активность. М., 1990.



3.

Бранков Г. Основы биомеханики. Пер. с болг. М., 1981.

4.

Донской Д.Д. Биомеханика физических упражнений. М., 1960.



5.

Коренев Г.В. Введение в механику человека. М., 1977.



INFORMATION TECHNOLOGIESAND EDUCATION QUALITY

Amanova R.P. Aman K.P.

Aktobe Regional State University named by K.Zhubanova, Aktobe, Kazakhstan

Panabek_09@mail.ruKulnar@inbox.ru

In accordance with the today’s demand, insertion of information technology to education

content,  training  process,  education  plans  and  programs  in  the  institutes  of  higher  education

brought new character to education process. Introduction to educational process of new training

technology  changed  the  education  content  and  special  courses  in  the  institutes  of  higher

education.

Information  training  technology  takes  an  important  place  in  the  modern  training

technology.    It  gives  excessive  opportunity  for  transportation,  transformation,  storeand

application  of  information  of  any  capacity  related  to  training  technology  of  science  and

education.

Due to the intensive development of information technologies, it became possible to learn

about global news in a short time. Information technology is broadly used in the education field

too. The great number of new terms and concepts were embedded in the education field during

the application of information technologies. The main of them are:

-

computer technology of training;



-

interactive mode of training;

-

multimedia technology;



-

new information technology of training;

-

distancetraining technology;



Computer  technology – responsible  for  information  representation,  maintenance,

transportation,  collection,  control  of  student’s  knowability,  management.It  develops  creative

work  connected  with  the  subject  and  object  in  education  process.  In  addition,  computer

technology is responsible for the means of training.

Interactive  mode – consumer  that  fulfilled  through  the  exchange  of  teams  and  answers

and mode of working system.Program correction, verification of image on display, addition and

change  are  possible  here.  The  dialectic-working  mode  of  training  that  fulfills  training,

monitoring and teaching activities.

Multimedia technology –the method of preparation ofvisual and voice information under

the  management  of  interactive  software  with  the  use  of  modern  technical  and  programmatic

equipment.In  addition,  an  information  and  programmatic  complex  that  carries  out  activities  of

consumer and computer.

Distance training technology (Internet technology) –external study through informational,

communicative,  techonological  means  and  scientific  methods.It  is  an  alternative  of

correspondence study and it develops self-study. The distance training technology is carried out

through internet.

The  academicianV.M.Glushkov  is  the  founder  of  the  term  “Information  Technology”.

According  to  V.M.Glushkov,  “Information  technology”  includes  processing  information  and  is

connected  with  education  process.  Due  to  the  use  of  computer,  the  concept  of  information

technology appeared in education process. According to A.Goryachev, “Information technology”

is text editor, electronic table, data, graphic editor, multimedia and communicative technology.

The following ones can show the efficiency of the computer use on lessons.

1. It leads to positive relationships between teacher and student. The reason is that student’s

direct connection with computer helps student to feel free.

2. During the work with computer, student achieves such skills like activeness,

responsibility and creativity. Student works independently. He sees the result of his own



labor. Student develops self-development. He completes tasks without teacher’s help.

Thus, student develops thinking skills and memory as well.

3. Giving the same materials, one-sided teacher’s conversation make students tired, and

lessons unsuccessful. Activeness improving elements with the help of computer are used

in education process to exclude these unpleasant situations. The efficiency of information

technology training is the research of student’s education gaps and benefits of correction.

Methodically  equipped  computer  with  good  software  carries  out  many  functions  and

makes teacher’s work style achievement possible.

The use of new technologies in education helps future generation to achieve many-sided

knowledge, builds pedagogical and psychological condition that develops labor skills, creativity

and talent.

The use of information technology leads gives following results:

 Division into groups in accordance with students’ abilities and levels of knowledge in

education process develops self-study, self-improvement, creativity and decision-making.

 It develops student’s mental activity, forms self-development and worldview, gives

motivation to study.

 While completing the tasks it gives opportunity to detect mistakes and defects on time.

The number of computer products, including electronic books and training programs are

increasing. It provides opportunities to better acquisition of visual information through student’s

information gaining organization and learning material report.

Nowadays  computer  is  student’s  resource  of  environment  knowledge.  Information

providing computers and other informative features improve the quality of education.

References:

1.

The  concept  of  development  of  information  space  competitiveness  of  the  Republic  of



Kazakhstan for 2006-2009. – presscenter.kz.

2.

Бидайбеков Е.Ы., Досмаилов Т.К. Использование Е-практикума. Учебное пособие.



// Алматы: АГУ им. Абая, – 1993. – 50с.

3.

Гриншкун  В.В.  Гипермедиа  в  обучении.  //  Информатика  и  образование.  М.,  1999.



№8 – 4с.

4.

Гриншкун  В.В.  Иерархические  структуры  понятий  в  разработке  электронных



средств  обучения.  //  В  сб.  Теория  и  практика  учебной  электронной  литературы.- Курск:

КГУ – 2002. – 17с.



ҚАЗАҚСТАНДА ДӘНДІ ДАҚЫЛДАР ЕГІСІНЕ АСТЫҚ ТҰҚЫМДАС

ӨСІМДІКТЕРМЕН КОРЕКТЕНУГЕ МАМАНДАНҒАН ЗИЯНКЕСТЕР

Абдрасулова Ж. Т., Бекбасова Б. А.



Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты,

Арқалық қ., Қазақстан

Zh.Abdrassulova@mail.ru

Қазіргі уақытта Қазақстанда  астық  өндіруді  тұрақтандыру  ауыл  шаруашылығы

ғылымдары мен өндірістің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.  Республикамыздың

дүниежүзіндегі  дамыған  30  елдің  құрамына  кіру  мақсатында    және  астық тұқымдастары

өнімін  артырудың,  оның экономикалық  әлеуетін  тұрақтандырудың,  әрі  азық -түлік

проблемаларын  шешуде  астықтарды  зақымдайтын  зиянкестердің

биоэкологиялық

ерекшеліктерін зерттеудің маңызы зор болып табылады.


Ауыл  шаруашылық зиянкестері- егістік  пен  табиғи өсімдіктерді зақымдап,  түрлі  аурулар

таратады.  Зиянкестер - өздерінің биологиялық ерекшелігімен,  түрлерінің көптігімен,

өсімталдығының

жоғарылығымен 

және

өсіп -өну 



процесінің

шапшандығымен

ерекшеленеді.  Зиянкестердің таралуы  және  олардың кешенді  түрлерінің бірлестігі,  б ір

егістікте қалыптасуы, қоршаған  ортаның жағдайына  және  сол  ортаға  бейімделуіне

байланысты.  Астық дақылдарының зиянкестері  астық  өнімдерін  күзде  тасығанда  және

қыста сақтау кезінде зақымдайды[1].

Қазақстанда дәнді  дақылдар  егісіде  астық тұқымдас өсімдікт ермен қоректенуге

маманданған  зиянкестер:  астық  қоңыздары  (Anisoplif  aqricola  Poda.),  астықтың жолақ

бүргесі  (Phyllotreta  uittula  Redt.),ұн  кенесі(  Tyroglyphidae  Farinae),дәннің сұр  көбелегі

(Apamea  anceps  Schift), итальяндық шегіртке  (Calliptamus  italicus L.),  азиялық шегіртке

(Locusta  migratoria  migratoria  L.)    атбас  шегірткелер  (Euchorthippus  pulvinatus  F-W.), жол

цикада  (Psammotetix  stratus  L.),  бидай  трипсі  (Haplothrips    tritici    Kurd.),  астық бітелері

(Sitobion  avenae  S.),  сүлікше қоңыздар -қызыл  кеуделі  (Oulema  melanopuz  L.),  арпаның

шведтік шыбыны (Oscinella pusilla Mg.) және сұлының шведтік шыбыны (O. Frit L.) қамба

күйесі( Ephestia Kuehniella), егеуқұйрықтар( Rattus norvegicus R.).

Астық  қоңыздары  (Anisoplif  aqricola  Poda.),  астықтың жолақ бүргесі (Phyllotreta

uittula Redt.),ұн кенесі( Tyroglyphidae  Farinae),дәннің сұр көбелегі (Apamea anceps Schift),

итальяндық шегіртке  (Calliptamus  italicus  L.),  азиялық шегіртке  (Locusta  migratoria

migratoria L.) атбас шегірткелер (Euchorthippus pulvinatus F-W.) Солтүстік, Батыс, Орталық

және  Шығыс Қазақстанда,  сонымен қатар  Жетісу өлкесінің тау  етектеріндегі  кейбір

аудандарда  таралған. Қазақстан  жағдайында  дәнді  дақылдардың ең басты  зиянкестері.

Әсіресе  Солтүстік Қазақстанның  (Қостанай,  Көкшетау,  Ақмола,  Солтүсті к Қазақстан,

Павлодар  облыстарының) далалық және  орманды -далалық аудандарында, Қарағанды

облысының солтүстік аудандарында қатты зиян келтіреді.

Бұл  зиянкестер қара  бидайдың, арпаның дәндерін,  сонымен қатар қылтықсыз

арпабастың,

еркекшөптің,

борықсыз  бида йықтың

тұқымдары,  кейде  жүгерінің

жапырағын, гүл шашағын және собығын кеміріп зақымдайды[2].

Шведтік  шыбындар  толық жетілген  личинка фазасында  күздік  дақылдардың және

көпжылдық астық тұқымдас өсімдіктердің сабақтарының ішінде қыстап  шығады  да,

көктемде  сол жерде қуыршаққа  (пупарийға)  айналады.  Шыбындардың  ұшып  шығуы

оңтүстік  облыстарда  сәуір  айының екінші  жартысында,  Орталық және  Солтүстік

облыстарда  мамыр  айының бірінші  жартысында  байқалады.  Шыбындардың тіршілік

әрекеттері үшін  ең  қолайлы  температура  15 -24ºС  аралығы. Қазақстанның оңтүстік  және

оңтүстік-шығыс  облыстарында  шыбындар  жылына  4-5,  ал  солтүстік  облыстарында  3-4

генерация  беріп  дамиды.  Зиянкестің жеке  генерацияларының даму  мерзімдерінің

шұбалыңқы  болуына  байланысты  егіс  далаларында  шыбындарды  жаз  б ойы  кездестіруге

болады[3].

Астық және олардың өнімдерін зақымдайтын зиянкестер мен кенелердің кездесетін

түрлерін ғылыми мәліметтермен салыстырсақ, бұрын солтүстік аймақтарда жиі кездесетін

негізгі  түрлері- ұн  кенесі(  Tyroglyphidae  Farinae),қамба  күйесі( Ephestia  Kuehniella),

егеуқұйрықтар(  Rattus  norvegicus  R.),түйнекті  бізтұмсықтар:  теңбіл  (Sitona    lineatus  L.)

және қылшықты  (S.Crinitus    Herbst).  Бұл  зиянкестермен  бос қамбалар  25 -75  %,  астыққа

толы қамбалар  25,5 -74,5  %  залалданған  болса, қазіргі  кезде  бұ л  зиянкестердің саны

көбейіп,  бос қамбалар  85,2  %,  толы қамбалар  86,5  %  зақымданып  отыр.  Сонымен қатар

оңтүстік аймақта кездеспейтін жәндіктердің кейбір түрлері (шоқпар мұртты, қара күрең ұн

қоңызы,  күрең, Тянь -Шань  тері  жемірлері,  күрең, түрік ұн  жемірле рі)  жиі  кездесетін

болды[4].

Қазіргі кездегі  негізгі  мәселе-ауыл  шаруашылығы өсімдіктерінен  тұрақты  түрде

мол өнім алу. Зиянкестердің әерінен ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің өнімділігі 10 -20%

азаяды,  ал  кейде өнім  түсімінің болмауы  да  мүмкін.Зиянды  жәндік тердің түрлері өте

көп.Зиянды  жәндіктермен  күресті  дұрыс

ұйымдастыру үшін  олардың

түрлерін,



биологиясын,  олардың көбеюіне әсер  ететін  жағдайларды,  мониторинг  пен  күресу

шараларын жақсы білу қажет.Зиянкестерге қарсы тек улы препараттарды қолданудың кері

әсері  де  бар.  Сондықтан  улы  препараттарды  пайдалану қазіргі  уақытта  арнайы  ереже

бойынша 


жүргізіледі.Оларды 

тек 


«Қазақстан 

Республикасы 

аумағында 

2003 -


2012жылдары  пайдалануға  рұқсат  етілген  пестицидтер  тізімі»(қысқаша  «Тізім»...)

негіздеме  бойынша қолданылады .  Зиянкестерге қарсы  күресте  агротехникалық  (егу

мерзімі  мен  себу  мөлшерін  сақтау,  ауыспалы  егістікті  енгізу,  топырақты өңдеу,

тыңайтқыш қолдану,  төзімді  сорттар  пайдалану  және  т.б.),биологиялық, физикалық,

генетикалық,механикалық тәсілдерді де дұрыс пайда лана білу керек.

Әдебиет


1. Ашықбаев Н., Есіркепов У. Өсімдік қорғау: Оқу құралы. – Астана: Фолиант 2010. -62 б

2.  Н.  Ж.  Ашықбаев,  А.Ж.  Ағыбаев,  А.  М.  Бектілеуова.  Ауыл  шаруашылығы

дақылдарының зиянкестері  жайлы  оқу  практикасын өткізу үшін  агробиологиялық

кешенінің студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулар. – Алматы, 2000.

3. Бондаренко Н.В. Биологическая защита растений. М., 2006.

4. Бондаренко  Н.Б. Поспелов С.М.,  Персов  М.П. Общая  и  сельскохозяйственная

энтомология. М., 1983.

SAINTPAUHIA IONANTHA (УЗАМБАР ФИАЛКАСЫ) ГҮЛІН  IN VITRO

ӘДІСІМЕН КӨБЕЙТУ

Абдрасулова Ж. Т., Сапарова А. А., Елубаева Б. Б.



Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты,

Арқалық қ., Қазақстан

Zh.Abdrassulova@mail.ru

Өсімдіктер  биотехнологиясы  клеткаларды өсіру әдістеріне  негізделеді.  Экономика

жағынан маңызды заттарды алу үшін дайындалған клеткалық технологияларда клеткалық

масса қолданылады, өйткені  клеткалар  in  vitro  жағдайында  бүтін өсімдікке  тән

биосинтездік потенциалын сақтайды[1].

Селекция  мен өсімдік  шаруашылығында құнды  элиталық  өсімдіктерді  көбейту

үшін клондық микрокөбейтудің маңызы зор. Клондық микрокөбейту - өсімдіктерді  in vitro

жағдайында  жыныссыз  жолмен  көбейту.  Пайда  болған  клон өсімдіктер  бастапқы

өсімдікпен  генетикалық жағынан  бірдей  болады.  Клондық микрокөбейту әдісінде

дағдылы  вегетативті  жолмен  көбейтумен  салыстырғанда  бірталай  артықшылықтары  бар.

Олар:  1.Жылдам  көбею  мүмкіншілігі,  яғни  көбею  коэффицентінің  өте  жоғарлығы;  2.

Сұрыптау 

процесін 

жылдамдату; 

3.

Өсімдіктерді 



вирустар 

мен 


патогендік

микроағзалардан  сауықтыру;  4.

Үнемділігі;  5.

Өсу  процесін

үздіксіз  жүргізуге

мүмкінділігі;

Клондық

микрокөбейту



әдістері  in  vitro    жағдайында

қолтық


бүршік

меристемаларын өсіруге  және  басқа  экспланттардан  н емесе  каллустардан  бүршіктер  мен

эмбриондарды өсіруге негізделген.

Клондық микрокөбейту  4  этапта өтеді:  І - эксплантты  in  vitro    жағдайында өсіру;  ІІ -

микрокөбейтудің  өзі;  ІІІ -көбейген өркендерді  тамырландыру;  ІV -өсімдіктерді  топыраққа

отырғызу[2].

Клондық микрокөбейту  нәтижесі өсімдіктің генотипіне,  жасына,  экспланттың

тегіне, қоректік ортаға, өсіру жағдайларына байланысты.

Узамбар  фиалкасы  (Сенполия) - геснерия  тұқымдасына жататын  көп  жылдық,

шөптесін өсімдік.  Оның барқытқа ұқсас  теңге  жапырақтары  сабағының түп  жағына

шоғырланады.  Узамбар  фиалкасының гүлі  ақ,  қызғылт, қызыл  және қызыл  күрең түсті


болып  келетін  түрлері  болады.  Ол  күн  көзінің жылуы  аз  болатын қыс  айларынан  басқа

уақыттың барлы ғында үнемі  гүлдеп  тұрады.  Дегенмен  күндізгі  жарық түсті  лампа

пайдаланып,  оның гүлдеу  мерзімін ұзартуға  болады. Өсімдікті  2  жылда  1  реттен  артық

қайта  отырғызбайды.  Оны  отырғызатын  топырақтың  4 бөлігі  шіріген  жапырақ,  1

бөлігі шымтезек және  1  бөлігі құм болу  керек.  Фиалканы  жапырағын  кесу,  бұтасын  бөлу

арқылы,  кейде  тұқымын  сеуіп (қаңтарда)  көбейтеді. Қалемшеден өсіруге  де  болады.

Шағын құмыраға отырғызылған (диаметрі 5 -7 см) жас өркен 6-10 айдан кейін гүлдейді.

Лабораториялық жағдайда  шегіргүлдерді  микроклониальды әдіспен  көбейту үшін

донор өсімдігі  ретінде  узамбар  фиалкасын өсімдігінен  бірнеше  жапырақтарын  алып,

оларды химиялық жолмен залалсыздандырдық.

Залалсыздандырылған  эксплантантардан  регенерант  алу  мақсат ында  арнайы

дайындалған қоректік  ортаға  отырғызылды. Қоректік  ортаның негізгі  (ингредиенттері)

қоспалары  ретінде  макро-және  микротұздар,  дәрумендер,  органикалық заттар, өсуді

реттегіштер қолдандық[3].

Өсімдіктерді жақсы өсіру  мақсатында  жарыққа  орналастырд ық. Эксплантанттарда

микротамыршалардан және бүршіктерден жапырақтардың өсе бастағаны анықталды.

Әрі қарай қоректік  ортада өскен  регенеранттарды  250  мл

- лік  банкаларға

құйылған қоректік  орталарға  отырғызылды.  Зерттеу  жұмысымыздың нәтижесінде  30

тәуліктен  соң микроқалемшеден  толық жетілген,  генетикалық белгілері  сақталған

көшеттері өсіп шыққандығы анықталды (1 -сурет).

Сурет 1. Каллус алу және оны өсіру А – 10 күндік каллус; В – 14-16 күндік каллус (жақынан

көрнісі);С – 14-16 күндік каллустар

Заласыздандырылған  ортада өскен  регенеранттарды  топырақ жағдайына  бейімдеу

мақсатында өсімдіктерді  топыраққа  отырғызу  мен  жалғастырдық. Бұл үшін  бөлме

гүлдерін


өсіруге  арналған  топырақтарды  пайдаланып,

құмыралар  дайындалды.

Өсімдіктерге  температура  және  жа рықпен қамтамасыз  етілді.  Нәтижеде  узамбур

фиалкасынан алынған эксплантанттардан толық қалыптасқан, аналық өсімдіктің белгілері

толық сақталған өсімдік өсірілді (2 -сурет).

С

А



В

Сурет 2. In vitro жолымен алынған Saintpauhia ionantha

А- экспланттарда тамыр морфогенезінің дамуы; В – регенерант өсімдіктер қоректік ортада

өсуі; С- регенеранттардың топыраққа адаптациялауы

Бүгінде өсімдіктерді  жылдамдатып  көбейту  кезінде  биотехнология әдістері

кеңінен қолданылады,  оның ішінде  in vitro  жағдайында қалемшелеу  арқылы өсімдік

регенеранттарын жедел көбейтіп өсіру кең көлемде қолданылуда.

Ғылыми-техникалық прогрестің  қарқынды    дамуы өсімдіктерді  көбейтудің

жолдары  жеңілдетілген  және  тездетілген  жаңа  технологияларды  ауыл  шаруашылығында

қолдануға  мүмкіндік  туғызды.  Сондай  тиімді әдістердің бірі  ретінде өсімдіктерді

микроклональды    жолмен  көбейту  болып  табылады. Микроклональді  көбейту-«жабық

тамыр  жүйесі»  технологияны  және  биостимуляторларды  пайдаланып өсімдіктерді

вегетативтік  жолмен  көбейту  болып  табылады,  яғни in  vitro жағдайында  генетикалық

біртекті  дәл өзіндей  көшірме  алу.  Фиалка өсімдігін in  vitro әдісімен көбейту  дәстүрлі

вегетативті  көбейтуге қарағанда  тиімді  болы  отыр. Іn  vitro әдісімен көбейту  арқылы  аз

уақыт  аралығында қажетті  мө лшерде  генетикалық бір  текті өсімдік  материалын  алуға

мүмкіндік туды[4].

Әдебиет

1. Әлмағамбетов Қ. Х. Биотехнология негіздері. Астана, 2007 - 208 б.



2.  Жұбанова  А.  А.,  Абдиева  Ж.,  Шөпшібаева Қ. К.  Биотехнология  негіздері  //  Аматы:

Қазақ университеті- 2006.

3. Валиханова  Г.  Ж.,  Рахимбаев  И.  Р. Культура  клеток  ибиотехнология  растений //

Алма-Ата: Изд. КазГУ- 1989. 80 с.

4. Калишш Ф. Л., Сарнацкая В. В., Полищук В. Е. Методыкультуры тканей в физиологии

и биохимии растений. Киев // Наукова думка- 1980. 488 с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет