Сборник содержит материалы избранных докладов участников международной



Pdf көрінісі
бет53/70
Дата06.03.2017
өлшемі8,85 Mb.
#7959
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   70

бағыты

– балаларды оқыту  мен

тәрбиелеуге  ата-аналардың белсенді қатысуы.  Осы әдістеменің негізінде  мектепте

педагогикалық білім жүйесінде отбасылық тәрбиенің озық тәжірибесін тарату, әкелер мен

аналарды мектептің, сыныптың тәрбиелік қызметіне тарту.

Төртінші  бағыт – қосымша  білім  беру  жүйесін  дамыту. Ұлттық жоспарда  оқушылар

сарайы,  музыка  мектептері,  жас  техниктер  мен  натуралистер    жұмыстарын  түбегейлі

өзгертуді қарастыру.  Мектептерде ғылыми -техникалық, экология-биологиялық, көркем -

эстетикалық, туристік-өлкетанушылық, оқу –сауықтандыру  бойынша қосымша  білім

беруді  жүзеге  асыру  керек.  Осылардың бәрі –

тұлғаның кәсіби  тұрғыда өзін -өзі

анықтауына 

мүмкіндік 

береді. 

Оқушылардың

бойын­да 

шығармашылық

және

инновациялық қызметке деген қажеттілікті қалыптастыруға ықпал етеді[1].



Ұлттық

жоспарды  іске  асыру  оқушылардың

бойында  функционалдық

сауаттылықты қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Бұл – шығармашылық пен инновацияға

деген қызығушылықты арттырады. Еліміздің Президенті Н.Назарбаев ерекше көңіл бөліп

отырған    білім  мен  еңбек қызмет ін  меңгеруге  жаңа  мотивацияны  тудырады.    Осылайша,



әлемдік тренд  пен  білімге  сәйкес  келетін  мектептің жаңа  моделінің

негіздерінің бірі

қалыптасатын болады.

Оқушының


функционалдық

сауаттылығы  PISA  зерттеулерінің  әдісімен  тест

тапсырмаларын орындау кезінде берілген тапсырманы зейін қойып тыңдауы, сызбаларды

салыстыруы, өзінің ойындағы  түсінік,  болжам,  пікірлерін  жүйелі  жеткізе  білуі  мен

логикалық ойлана  отырып,  сыни  көзқарас қалыптастыруына  жетелейді.  Жаратылыстану

бағытындағы  PISA  зерттеулерінің  әдісімен  т ест  тапсырмаларын  жоспарлау  кезінде  ең

алдымен оқушының оқу сауаттылығының құзыреттілігін ескеру керек. Олар:

1.Табу  және  алу (мәтінді  көзбен  жүгірту,  басты  элементтерін  анықтау,ізденіс  аймағын

тарылту, қажет ақпаратты айыру);



2.  Түсіндіру  және  ықпал  ету

(мәтіндегі  ақпарат  элементтерін  бірге  байланыстыру;

мәтіннен  автор  тезистерін  дәлелейтін  дәлелдер  табу;  автор  ой  түйінінен қорытынды

шығару; мәтіндегі басты ой немесе автор ойы туралы қорытынды жасау);



3.  Зерделеу  және  бағалау (басқа  ақпарат  көздерінен  алға н  біліммен  мәтіннен  алған

ақпаратты  байланыстыру, әлем  туралы өзінің көзқарастарымен  мәтінде  берілген  пікірді

салыстыру, өз көзқарастары мен автор көзқарасын қорғауда дәлелдер іздеу) [1];

PISA  зерттеулерінің  әдісімен  тест  тапсырмаларын құрудағы қиындықтард ы  шешу

жолдары ретінде мына мәселелерді атап өткен жөн:

1.  Оқушыларға  тапсырмаларды  6  деңгейлі  Блум  таксономиясы  негізінде құрып,  ондағы

білу, түсіну, қолданудан гөрі синтез, анализ, бағалауға мән беру.

2.  Стандарт  талаптарына  сай  берілген  тапсырмаларды  орындаумен қатар  оқушының

өмірде қолдана алатындай тапсырмалар құрастыруға көңіл бөлу.

3.  Оқушының логикалық ойлауын,  сыни  тұрғыдан  ойын  жеткізуді  жүзеге  асыру үшін,

білім  беруде  сабақтың  құрылымын өзгерту,  яғни  оқытудың белсенді  стратегияларын

қолдану, оқушының сабаққа  деген  ынтасын  арттыру үшін әр10  мин  сайын  жағдаятты

өзгертіп отыру.

4. Оқушыға тапсырма берген кезде оның алгоритмдерін алдын -ала ескерту.

5. Тапсырманы зейін қойып, орындауға және эксперименттік есептер, зертханалық шағын

зерттеу  жұмыстарын  орындата  отырып, өзінің орындаған  жұмысының дұрыстығына  көз

жеткізуге, өзін -өзі бағалауға үйрету.

Осы 


іс-әрекеттерді 

орындаған 

жағдайда 

оқушыға 


жоғары 

деңгейде 

білімін

қалыптастыруға 



жол 

ашылады. 

Ол

үшін 


мұғалімдердің

жан -жақтылығы,

шығармашылығы,  білім і  жоғары  деңгейде  болуы  керек.Оқушы  неғұрлым  көбірек

тапсырма  орындауға  тырысса  және  максималды  балл  жинаса,  онда  PISA  бойынша

берілген тапсырманы толық орындай алғандығы анықталады[3].

Химия  сабағында  алған  білімдерін  оқушылар  күнделікті өмірмен  байланыст ырып,

оны қажетіне  жаратуды қамтамасыз  ету  менің бірінші  міндетім  болып  саналады.  Химия

пәні  күрделі  пән.  Оны  жаттап  алу  мүмкін  емес,  түсіну  керек.  Міне  осындай әр  түрлі

ойлардан  кейін  бала  жүрегіне  жол  тауып,  білімге  жетелеу үшін  мұғалім әр  түрлі әдіс -

тәсілдерді қолдануы тиіс.

Сабақ жоспарымның  әр  бөлімінде  тақырыптағы  функционалдық сауаттылықтарды

анықтап, соған сәйкес тапсырмаларды дайындаймын.  Сабақ барысында білімді меңгерту

деңгейінің төрт сатысы анықталады:

1. Үйренушілік деңгейі «Білу»-оқушының функци оналдық сауаттылығының төменгі деңгейі.

2. Алгоритмдік  деңгей  «Түсіну»,  «Талдау»-оқушының функционалдық деңгейінің орта

деңгейі.


3. Эвристикалық

деңгейі 


«Қолдану», 

«Жинақтау» -оқушының

функционалдық

сауаттылығының жоғары деңгейі.



4. Шығармашылық деңгейі  «Бағалау» -оқушының функционалдық сауаттылығының ілгері

деңгейі.


Әр  сабағымда  оқушылар өздерінің болжамдары  мен  сұрақтарын құрастырады,  бір -

біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды.

Шығармашылық есептерді пәнге деген қызығушылығы жо ғары оқушылар орындағаны өте

тиімді. Олимпиадаға дайындау барысында оқушының танымдық қызығушылығы артады.

Оқушыларда  оқу қызметінің мүддесі  мен  мақсатын,  оларды  іске  асыру әдістерін

қалыптастыру үшін,  ең алдымен  оларды қызықтыру  керек.  Химия  сабағында  сан дық

есептерді  пайдалану  осы қызметті  орындауға  мүмкіндік  береді. Қарапайым  сандық

есептер – ойды,  зейінді қызықтырып әкететін  тартымды  есептер. Әсіресе  8 - күнделікті

тұрмыста  химиялық заттардың  қолданылуын,маңызын  ашып  көрсетсе,  сандық есептерді

көбірек шығартса, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады. Сандық есептер

оқушыларды әртүрлі  ой әрекетіне:  салыстыруға,  жалпылауға,  талдауға,  синтездеуге

үйретеді.  Сандық есептер  оқушылардың есте  сақтауын қалыптастырады,  танымдық

мүмкіншіліктерін  кеңейтеді,  х имиялық білім  деңгейінің жоғарлауына,  мектеп  курсының

сапалы қабылдауына жетелейді.



Мысал. «Білу» деңгей тапсырмасы:

Көмір қышқыл газының химиялық формуласы қандай?

А) CO;

В) СО

2

;

С) C;


D) О

2

.



Төменгі деңгейдегі тапсырма негізгі химиялық формулалардың білуін пайымдайды.

Мысал: «Түсіну» оқу-танымдық түріндегі жоғары деңгейіне арналған тапсырма:

Даниярға белгісіз қатты заттың үлгісін берді. Ол осы заттың металл екенін білгісі келеді.

Осы заттың м еталл екенін қандай қасиеті бойынша анықтауға болады?

Жауабы: металл  электр  тогын өткізеді.  Ол  оны  затты,  батарейканы  және  шамды

қарапайым  электр  тізбектеу  арқылы  дәлелдей  алады.  Барлығы  дұрыс қосылса  шам

жанады, бұл жағдайда зат металл екені анық.

Негізгі мектептің оқушылары  металлды  анықтай  алуы  және  металл  болу үшін  заттың

қандай қасиеттері болу керектігін сипаттауы қажет.

Оқушылар  кейбір

ғылыми  зерттеу  дағдыларын  демонстрациялау,  сәйкес  келетін

эксперименталды әдістерін  таңдау  мен  негіздеу, әр  түрлі  тип тегі  диаграммалар,  контур

карталар, 

сызбанұсқалар 

мен 

кестелерді 



біріктіру 

мен 


ақпаратты 

логикалық

қорытындылау,  керекті  ақпаратты  таңдау,  анализдеу  мен қорытындылау,  сонымен  бірге

қысқаша сипаттама беру керек.



Мысал: «Қолдану» саласынан тапсырма:

Ыстық кү нде шыны құмыраның ішіне мұздай су құйды

Біраз уақыттан кейін құмыраның сыртында су тамшылары пайда болды.

Құмыраның сыртында су тамшыларының пайда болу үдерісін сипаттап бер.



Жауабы: Конденсация үрдісі  сипатталады.  Бұл  жерде  су  буының  (ауадағы)құмыра

сыртымен  конденсациялануына  сілтеме  жасалады.Мысалы:  Су  тамшылары  ауадағы  су

буынан  пайда  болады.  Ауадағы  су  буы  суық бетпен  жанасқан  кезде  сұйық суға

конденсацияланады. Құмыра беті суық, себебі ол жылуды мұздай суық суға айналдырады.

Олар  шыны

құмыраның

су ық

бетінен  конденсацияланған  су  буынан  пайда



болады.Тапсырма    «Заттардың агрегаттық күйі»  тақырыбына  арналған.  Бұл  сұрақ    8 -

сыныптың  «Физика»  бағдарламасында,  «Булану  және  конденсация»  тақырыбын  оқыту

кезінде қарастырылады

Мысал:  «Бағалау» деңгейдегі тапс ырма:

Ахмет  сынауыққа  аз  мөлшерді ұнтақ салды.  Содан  кейін  ол ұнтаққа  сұйықтық  құйып,

сынауықты шайқады. Химиялық реакция жүрді.

Химиялық реакция кезінде Сіз байқай алатын екі үрдісті сипаттаңыз.



Жауабы:

1) температураның өзгеруі;

2) газ көпіршіктерінің бөлінуі

Тапсырма  орындауда  химиялық реакция  кезінде  жүретін өзгерістерді  нақты  сипаттау

қабілеті мен маңызды концепцияларды түсінуі ескеріледі.

Қорыта айтқанда  PISA  зерттеулерінің  әдісімен  тест  тапсырмаларын құрастыруда

мұғалімнен  көп  еңбек,  терең білімді лік,  күш-жігер,  жан-жақтылық, ізденімпаздық, жаңа

ақпарат  көздерін  мейлінше  тиімді қолдана  алатын қажыр -қайрат  талап  етіледі.  Осы

аталған маңызды сипаттар мұғалімнің жан -жақты ізденістегі шығармашылық тұлғасында

тоғысып  және  де  оқу

үрдісінде

ұтымды


қолданы лған  жағдайда

құзыреттілік

қалыптастырудың сапалы  да өрелі  мақсатына  жетуге өрісті  ықпал  етпек.  Сонда ғана

өскелең  ұрпаққа  сапалы  білім  алуына  дұрыс  бағыт -бағдар  беріліп,  оқушылардың  өмірде

таңдайтын  кәсіби  бағытына  жетуде  адастырмайтын  жол  ашылады әрі  елш ілдік

ұстанымдағы зияткерлік тұлғасын қалыптастыруға айқындауға жол ашылады деп білеміз.

Әдебиеттер:

[1]. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 -2016 жылдарға

арналған ұлттық іс -қимыл  жоспары  (Қазақстан  Республикасы Үкіметінің  2012 жылғы  25

маусымдағы № 832 Қаулысы);

[2].  «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан  дамуының басты  бағыты»  Елбасы

Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевтың  2012 жылғы  27 қаңтардағы Қазақстан  халқына

Жолдауы:

[3]. «PISA халықаралық зерттеуі» әдістемелік құрал, Аста на-2013;

[4].  http//collegy.ucoz.ru, Функционалдық сауаттылықты жүзеге асыру жолдары;

[5].  http//www.aktau-business.com, Рейтинги стран по грамотности;

[6].http//worvik.narod.ru, Новый порог функциональной грамотности вызов 21 века, Павел

Терешкович, Светлана Крупник;



АҚПАРАТТЫҚ -КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНА

ОТЫРЫП,ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ

Жиенбай С. Б.



Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты.

Арқалық қаласы,

Sandu_80.z@mail.ru

Қазақстан

Республикасының білім  беру  жүйесін  2015  жылға  дейін  дамыту

тұжырымдамасында  орта  білім    берудің мақсаты – жылдам өзгеріп  отыратын  дүние

жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге,

өзін-өзі  дамытуға  және өз  бетінше  дұрыс,  адамгершілік  тұлғасынан  жауапты  шешімдер

қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп нақты көрсетілген.

Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз -оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі

тұман»  , - деп  М.Дулатов  айтқа ндай,  егеменді  еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Сусыз,

құрғақ, таса  көлеңке  жерге  дән  ексең  өнбейтіні  сияқты,  жас ұрпақтарымызды



тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі  білім  беру  ордаларында  мұғалімдерінің алдында

тұрған  басты  міндет - оқушылардың шығарм ашылық білім  дағдыларын қалыптастыру.

Жаңа заман ағымына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор .

12  жылдық білім  беру  тұжырымдамасында  орта  білім  берудің басты  мақсаты:

Қазақстан Республикасының  әлеуметтік,  экономикалық және  саяси өм іріне  белсене

қатысуға  дайын  бәсекеге қабілетті  тұлға  дайындау  деп  атап  көрсетілген,  сондықтан  оқу

тәрбие үрдісінің алдында тұрған негізгі міндет табысты және тиімді әрекетке дайын өзінің

пікірін білдіруге және өзінің іс - әрекетін өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін

түсінуге қабілетті отбасындағы, қоғамдағы, ұжымдағы әлеуметтік ролін сезінетін құзырлы

тұлғаны


қалыптастыру. 

Оқушылардың

бойында 

шығармашылық

іс -әрекетті,

іздемпаздықты қалыптастыру, жүйелі қортынды жасай білу, дәлелді пікір айту іскер лігін

арттыру, оқу материалдарын сараптау, талдап салыстыру іскерліктерін үйрету қажеттілігі

туындайды.

Заман талабына сай білім беру – бұл оқушыларды адамгершілік, интеллектуалдық,

мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамассыз етуге бағытталған

тәрбие беру

мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу

процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілетімен бейіміне негізделген

оқытудың таңдамалы,  белсенді, қарқынды әдістеріне  көшуді  талап  етеді.  О ндағы  негізгі

мақсат оқушының барлығын және әр біреуін жақсы оқыту болып табылады.

Білім  беру  жүйесінің негізгі  бөлшегі – оқушы,  оқушылар  тобы,  топ,  білім  беру

ордасы  болса  білім  сапасы  баспалдақтардың  әр  бір  буынына  байланысты  біз  білім  беру

сапасын  жақс артудың жолдарын  анықтауға  тырысамыз.  Бүгінгі  күні  мектептегі  оқу

пәндерінің ішіндегі  ең күрделісі әрі қиындығы  мол  деп  саналатын  пәндердің бірі

математика.  Оқушыларға  математикалық жүйелі  білім  беру,  олардың  өздерінің алған



білімдерін өмірде қолдана  біл уге  және  арнайы  дамытуға  тәрбиелейтін

– мұғалім.

Мұғалімнің бүкіл өмір  жолы  жақсылық пен  адамгершілікке, өнегелі  рухани  борышқа

толы.  Мұғалімдердің мақсаты – оқытудың барлық компоненттерін  пайдалана  отырып,

оқушыға  жалпы  орта  білім  деңгейінде  терең білім  б еру. Әрбір  оқушыны  жан -жақты

білімді етіп тәрбиелеу – әр мұғалімнің негізгі міндеті. [1]

Биология – ерекше құдіретті ғылым. Қазіргі заман – биология ғылымының өте жан -

жақты  тараған  кезеңі.  Математиканы  оқытудың мазмұнын  жүзеге  асыру үшін  жаңа

технологияларды  тиімді  пайдалану қажет. Қазіргі  ақпараттық технологияның озық

жетістіктерін  математика  сабағында қолдану  арқылы  танымдылық іс - әрекеттерін

ұйымдастыра отырып оқушылардың құзіреттілігін дамытуға болады.

Жаңа  технологиялар  мұғалімнің жүйелі  жұмыс  істеуін е  мүмкіндік  береді.

Ақпаратты  оқыту  технологиясының бүгінгі  күні  интрактивті  тақта  ерекше  орын  алып

отыр. Оқушы  интерактивті  тақтамен  жаңа  материалдарды  арнаулы  программамен

мүмкіндігінше  пайдалана  алады.  Ондағы  мақсат – оқушының  өзінше  ойлау қабілетін

арттыру  және қәзіргі  заманғы  интерактивті  тақтамен  жұмыс  істеуге үйрету.  Жаңа

технологиялар  оқушының шығармашылық белсенділігімен өзіндік  танымдық  қызметін

ұйымдастырушы болады.

Биологияны  оқытудағы  негізгі  талап – оқушыға  биология ғылымының жолдары

мен  тәсілдерін үйрету.  Интерактивті  тақтамен  сабақ берген  кезде  мұғалім,  шәкірт  және

интерактивті  тақтамен қарым -қатынас  жүргізіледі.  Мұнда  компьютер  ойына үрдістер

арқылы қозғау  салып,  шәкірттердің  құзіретілігін  дамытуға әсер  етеді.  Ең алдымен



оқушының ойлау қабі леті мен білімін арттыруға үйретемін. Сонан соң оқушы кейінгі және

бүгінгі өмірді салыстырмалы түрде тани білуге тырысады.

Биология сабағында оқушылар өз бетінше жұмыс жасау дағыдыларын дамыту, баға

жетпес құндылықтардың бірі.  Жаттығуларды өз  бетінше  тексе ріп, қорытынды  жасай

білетін  тұлға қалыптастыру  мақсатында  жаңа  технологиялар әдістерін  кеңінен қолдану

қажет деп білеміз.

Биология 

сабағында 

сыни 

тұрғыдан 



ойлау 

технологиясының 

әр 

түрлі


стратегияларды,  жаңа  ақпараттық технологияларды,  (интерактивті  тақтан ы) қолдана

отырып, өз  бетінше  жұмыс  істеу  факторы –з  ертханалық жұмыстарды,  шапшаңдылық,

шеберлік дағыларын ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзыреттілігін арттыру арқылы

шығармашылықтарын  дамыту.  Мұғалімнің білімі – оның негізгі құралы.  Леонардо  да

Винчи

«Сүйкімді  асты қабылдаудың еш  жағымды әсер  болмайтыны  тәрізді,  ынтасыз,



зердесіз  білім қабылдауда  ақыл  ойды  тоздырады,  айтылған  ақпараттар  бойға  сіңбейді,

жақсы  тәрбиелі ұрпақ  қалыптаспайды»

– деген  еді.  Яғни  оқушыларды  тәрбиелеу

мұғалімнен басталады. [2]

Білім  беруді  ақпараттандыру–бұл  ақпараттық -коммуникациялық технологияның

құралдарын  білім  беру  саласына қолданудың методологиялық және  тәжірибелік

құндылықтарын  зерттеп,  оқыту  мен  тәрбиелеудің психологиялық және  педагогикалық

мақсаттарына  бағыттап қамтамас ыз  ету  процесі.  Бұл  процесс  мына  бағыттар  бойынша

жетілдіріледі:  білім  беруді  ақпараттандыру  процесі  жағдайында  жеке  тұлғаның

интеллектуальдық, қоғамдық, экономикалық, коммуникациялық және ақпараттық сияқты

іс-әрекеттерін  түрлі  салаларға қолдану  арқылы құз ырлықтарын қалыптастыру  негізгі

талаптардың біріне айналады.

Енді біз ақпараттық -коммуникациялық құзырлық дегеніміз не? Деген сауалға жан -

жақты тоқталайық. «Құзырлылық» ұғымы латын тілінен «соtреіy» аударғанда «жасай алу»

деген  мағынаны  білдіреді.  ЮНЕСКО  глоссарийінде  мынадай  анықтама  берген:

Құзырлылық – бұл күнделікті өмірдің нақты жағдайларында пайда болатын проблемалар

мен  міндеттерді  тиімді  түрде  шешуге  мүмкіндік  беретін қабілеттілік.  Стенфорд

комиссиясының директоры  Г.Вайнер құзырлылықты  адамның белгі лі  бір әрекеттер

аймағына  сәйкес  бағыттылығы  ретінде қарастырады.  Ал  белгілі ғалым  М.М.Чошанов

құзырлылықты  білім,  білік,  дағдының  өзара  байланысы  деп қарап,  оның төмендегідей

формуласын ұсынады:  білімді қолданудың жылдамдығы – әдістердің оралымдылығы –

ойлаудың сынаулығы.  Аталған анықтамадан кейін ақпараттық құзырлылық дегеніміз не?

анықтамасына  тоқталайық.

Ақпараттық  құзырлылық

– бұл  оқу,  тұрмыс  және  кәсіби

бағыттағы 

міндеттерді 

шешуде 


ақпараттық -коммуникациялық

технологияның

мүмкіндіктерін  жан-жақты қол дану қабілеті. Әдебиеттерде  «ақпараттық  құзырлылық»,

«компьютерлік құзырлылық» терминдері  жиі  кездеседі.  Ақпараттық -коммуникациялық

технологияның

жеделдетіп 

дамуына 

байланысты 

«ақпараттық -коммуникациялық

құзырлылық» деген терминді қолдану тиімді. Ақпаратты қ-коммуникациялық құзырлылық

– бұл  адамдардың кез  келген  проблема  мен  міндеттерді  компьютермен,  ақпараттық

құрылғылармен  және  телекоммуникациямен  шешу қабілеті.  Орта  білім  беру  жүйесін

ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қал

ыптастыру.

Ақпараттық мәденеиет – бұл  алынған  мәліметті  ой  елегінен өткізіп,  талдай  білу  және

өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда өз еркіндігіңді шектей білу.

ХХІ ғасыр  ақпарат ғасыры  болғандықтан  адамзатқа  компьютерлік  сауаттылық

қажет. Қазіргі  кезде  республикалық білім  беруді  ақпараттандыру ғылыми әдістемелік



орталығы  (РБАО)  негізінен  білім  жүйесінің барлық сатылары үшін  электрондық

оқулықтар  жасаумен  шұғылданып  келеді.  Мұғалім үшін  электрондық оқулық бұл

күнбекүн  дамытылып  отырған  ашық түрдег і әдістемелік  жүйе,  оны  оқытушы өз

педагогикалық тәжірбиесіндегі  материалдармен  толықтыра  отырып, әрі қарай  жетілдіре

алады.

Мұғалімнің және  оқушының шығармашылық жұмыстарының  ғылыми  деңгейін



қалыптастыруда, жаңа құндылықтар, ізденістер жасау, үздіксіз пр оцесс болу қажет. Ұстаз

үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған

білімдерін қажетіне қолдану  болып  табылады.  Заман  талабына  сай  жаңа  технология

әдістерін тиімді пайдалану, бағыт -бағдар беруші – мұғалімдерміз. Осы үдеріспен бәсекеге

қабілетті  дамыған  елдердің  қатарына  ену ұстаздар қауымына  зор  міндеттер  жүктелетінін

ұмытпауымыз керек. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем! [ 3]



Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.Астамбаева  Ж.Қ., Уәйісова  Г.И.  «Шағын  жинақты  мектептегі педагогикалық

үдеріс теориясы мен технологиясы» - Алматы, 2010- 85 б.

2.Баймолдаева  Т.М.  «Шағын  жинақталған  мектептерде  пәндерді  оқытуда  жаңа

педагогикалық  әдістерді  пайдалану  жолдары.»  (Әдістемелік  нұсқау). – Алматы,

2002


3.Тоғызбаева  Р.Ә.  «Шағын

жинақталған  мектепте  сапалы  білім  берудегі

инновациялық технологиялар». – Алматы, 2003.

ДЕНЕ ЖАТТЫҒУЛАРЫНЫҢ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА МА ҢЫЗЫ

Амиров Марал Сапабекұлы., Ершатов Қайрат

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты,

Арқалық қ.. Қазақстан

Дене жаттығуларын қалыптастыру жан ұядан бастау алып, балабақша, мектеп, орта

және  жоғары  оқу  орындарында, өндірістік ұжымдарда өткізіліп,  мемлекеттік  тұрғыдан

қаралып  тиісті  бағасы  берілуде.  Дене  тәрбиесінің адам  тәніне  тигізетін әсері  мен

заңдылықтарын  жете  білу  бүгінгі ұрпақтың ертеңгі ұлағатты ұстаздың алдында  тұрған

негізгі міндеті.

Дене  жаттығуларының ағзаға  дене  шынықтыру  және  сауықтыру  маңызы  бола  отырып

кез-келген  дәрі-дәрмектен  жақсы әсер  ете  алатындығы  белгілі.Көптеген  жүргізілген

зерттеулер дене жаттығуларының ағзаның барлық жүйелеріне және мүшелеріне жағымды

әсерін көрсетеді.Дене жаттығуларының емдік құрал ретінде, әсіресе тірек -қимыл аппараты

ауруларын  емдеуде  зор  маңызы  айқындалады.Дене  шынықтырумен  шұғылданғанда

ағзаның бейімд елуі тек қана дене жүктемелеріне емес, сонымен қатар кез -келген бұзатын

әсерлерге  артады,  стрессорлық, жоғары  және  төмен  температуралар әсеріне  ағзаның

тұрақтылығы жоғарылайды.[1]

Қазіргі таңда  жастардың дене  шынықтырумен  айналысуының ең басты  мақсаты

салауатты өмір салты болып табылады.

Дене  тәрбиесімен  ерте  жастан  айналысып,  тиімді  де  уақытылы  дем  алған  адамның

оқуға, еңбек етуге қабілеті арта түсетіні белгілі. Спорттың өзіне тән керемет қасиеті темекі

тарту,  ішімдік,  нашақорлық сияқты  зиянды әдеттерден  бойды  аулақ салуға  тәрбиелейді.

Елбасының салауатты өмір  салты  туралы  сөз  еткенде – спорттың бұқаралығына  ерекше

мән  беріп  отырады.  Себебі,  денсаулық болмаса  тән  азабын  былай қойғанда,  адам  нағыз


азаматтық асқарына  көтеріле  алмай,  аңсаған  армандары  көңілді  мазалап,  жан  азабына

шалдығады.

“Он  екі  мүшең сау  болса  жарлымын  деме” – деп  халқымыз  денсаулықтың адам

өміріндегі  орнын,  тән  сұлулығын,  жан  тазалығын  еш  нәрсемен  теңестіруге  болмайтыны

жайлы ескертіп отырған.

Қазіргі жағдайда  адамның  қимыл  белсенділігі  төмендеген,ол қоғамның  әл еуметтік

және  экономикалық дамуының жоғары қарқынымен  байланысты  радио,  теледидар,

компютор, лифт және тағы басқалар.

Дене қозғалыстары  адамның рухани  күйін  дамытуда  ерекше  орын  алатыны  көне

шығыс медицина саласында ертеден белгілі (йога, цигун, у -шу, т.б.). Сондай – ақ оны «тән

саулығы – жан саулығы» дейтіні дәлелдейді[2].

Қимыл белсенділігі  реттеуші  жүйелердің  қызметіне әсер  етеді.  И.П  Павловтың

айтуынша, қимыл -қозғалыс  «бұлшықет қуанышын»  береді. Қимыл  кезінде  ОЖЖ -нің

өңдейтін  ақпарат  көлемі өсед і,  оның барлық  құрлымдарының  қызметі  артады, қозу  мен

тежелу үрдістері  белсендіріледі  және  теңдестіріледі. Қозғалыс  зерде ұластыру,  нұрлану

шығармашылық үрдістерін күшейтеді.

Ми

қыртысына  шеттен  келетін  серпіністер



гипоталамус – гипофиз жүйесін белсендіред і.  Сөйтіп барлық сөлініс бездерінің қызыметі

кірістіріледі,  ол қозғалыс  кезінде  вегетативтік  жабдықтау  ағзалардың  қызметіне  оңтайлы

жағдай  жасайды.  Мәселен,  жүгіру  немесе  басқа  белсенді қозғалыс  кезінде қаңға

гормондар, эндорфиндер жиналады. Олар абыржу, үрей, ауырсыну және ашығу сезімдерін

азайтады.

Организмнің қосалқы мүмкіндіктері өсіп, оның тіршіліктік сергуі (тонусы) артады.

Адамның стресс  түрткілеріне  кәдік  себептерге  төзімділігі,  тұлғалық және  психикалық

жұмыскерлігі, шыдамдылығы қалыптасады.

Академик П.Бергтің есебі бойынша 100 жыл бұрын материалдық игілікті құрудағы

дене  белсенділігінің деңгейі -96  %-ды құраған,  ал қазіргі  дене  еңбегінің  үлесі  1%

шамасында. Қазіргі  заманғы  адамдарда  гиподинамия -қимыл  белсенділігінің төмендеуі

және  гипокинезия-бұлшық ет  күштенуінің төмендеу құбылыстары  айқын  байқалады.

Гиподинамия  және  гипокинезия  бірқатар өзгерістермен  сипатталады:  тірек қимыл

аппаратында-бұлшық еттер  атрофиясы,  бұлшық еттер  күші  төмендейді,  бұлшық еттер

салмағы  азаяды,  бұлшық еттерде  белок  ыдыра у  процестері  басым  болады.  Жасуша

мембранасының

амин

қышқылдары  мен  ферменттер



үшін

өткізгіштігі  артады,

нәтижесінде, олар қанға шығып, бұзылады, ағзадан көптеген тұздар (S, Na, K, Ca және т.б)

шығарылады.  Жілік  кемігінің ыдырауы  байқалады, қанға  Ca  және  ф осфор  тұздарының

мөлшері  жоғарлайды,  олар  жартылай  буындарда  немесе  тас  күйінде  бауырда, өт

қапшығында,  бүйректе  жинақталады.  Сүйектер  жұмсарып,  олардың беріктігі төмендейді.

Себебі: диафрагманың және құрсақ бұлшық етінің қимылы азаяды, олардың кеуде қуысы

мүшелеріне  сығымдау әсері  төмендейді,  ішектің  қимыл  белсенділігі  (гиподинамия)

төмендеп  ағза  интоксикациясы  (өздігінен өзі  улану)  болады.  Жүрек  көлемі  20 -25%-ға

азаяды, жүректің соғу жылдамдығы артады.

Қандағы

холестеринді  тасмалдайтын  төмен  тығыздықты  л ипопротеиндер  (майлы



қышқылдар бар белок) мөлшері артады, атеросклероз (сыбайластырғыш ұлпалардың өсіп

кетуі  есебінен  артериялық  қан  тамырлар қабырғалары  тығыздалуы, қан  тамырлары

қуысының тарылуы,  мүшелердің  қанмен қамтамасыз  етілуінің нашарлауы)  даму

мүмкіндігі артады. Қан тамырларының қабырғасы жүйкелі және гуморальді импульстерге

әлсіз  жауап  береді,  миокард  инфаркті,  инсульт  туындауы  мүмкін,  эндокринді  реттелу

бұзылады.  Дене  және  ой  жүктемелері  кезінде қанға  адреналиннің бөлінуі  артады,  зат

алмасуы нашарлайды, көмірсулардың майларға айналуы және майлардың қорға жиналуы

жоғарылайды. Қимыл  белсенділігінің шектелуі  бұлшық еттерде  орталық жүйке  жүйесіне

келетін импульстер ағымын төмендетеді; әлсіздік (босаңдық), ұйқы бастылық, селқостық

байқалады.  Аристотель

айтқандай:  «Ағзаны  бұзатын  басты  нәрсе -әрекетсіздік  ».

Гиподинамияны және гипокинезияны емдеу тәсілі -бұлшық ет белсенділігін арттыру, яғни



дене  шынықтырумен  айналысу. Дене  шынықтырудың денсаулықты  нығайту қағидасы.

барлық дене  шынықтыру  жаттығулары,  сабақт ары  адам  денсаулығын  нығайтуға  арналуы

тиіс.  Бұл  сабақтардың нәтижесі  олардың көлемі  мен  жаттығуды  орындау қарқынына

байланысты. Оқытушы ағзаның биологиялық заңдылықтарын, адамның жас ерекшеліктері

мен  барлық мүмкіндіктерін  білуі  керек,  педагогикалық тәсіл дерді  және  дәрігерлік

бақылауды  жақсы  меңгеруі қажет.  Сонда ғана  ол  денсаулықты  нығайту  жолында  жемісті

еңбек ете алады.

Демек, қазiргi  бiзге  жеткен өнердiң, театр  элементтерiнiң  қай -қайсысы  болса  да  ойын

үстiнде  көрсетiлiп,  осы  ойындардың  әр  түрлi  м әнерлi  орындауының нәтижесiнде  тап

қазiргiдей үлкен өнер  дәрежесiне  жеттi.  Адам  баласы  көне  замандардан  берi  жабайы

аңдармен талай рет "күш сынасуына" тура келдi. Аң және балық аулау, жемiс -жидек теру

адамның күшi  мен  төзiмдiлiгiн,  икемдiлiгi  мен  шапшаңдығ ын,  байқампаздығын

қалыптастырып, дамытты.

Дене  тәрбиесiнiң пайда  болуы  мен  бастапқы  даму  дәрежесi  халықтың тұрмысы  мен

санасына  байланысты  белгiлi  бiр  мақсатты  шешуге  бағытталды.  Адамның  қимыл әрекеті

таңертең ұйқыдан оянудан басталады[3].

Адам өзінің күнделікті  тіршілігінде  еңбек  барысында  толып  жатқан әрекеттер  мен әр

түрлі қозғалыстар  жасайды.  Осының бәрі  дененің кейбір  жекелеген  мүшелерінің

қалыптасып, жетілуіне өзіндік әсер етеді. Кей жағдайда мұндай ықпалдар теріс болуы да

мүмкін.  Бір  бағыттағы  а ртық  қозғалыстың  әсерінен  дененің бір  мүшесі  шаршап  немесе

деформацияға, яғни ағзаның қалыпты формаларының өзгеруіне әкеліп соғады. Сондықтан

да  күнделікті  тіршілікте  болатын  бір  бағытта ғана  жүргізілетін  дене қозғалыстары  мен

әрекеттерінің бәрін бірдей де не тәрбиесінің  құралы деуге болмайды.

Адамның жеке  басының  қасиеттері  дененің  қалыптасуымен  тығыз  байланысты.

Демек  денені  жүйелеп  шынықтыру  мен  денсаулықты қалыптастыру  адамның ой

санасының жетілуі мен шығармашылық күштерінің дамуының негізі.

Қазіргі таңда Қазақстан  Республикасының болашағын  тәрбиелеп қана қоймай

олардың салауатты өмір салтын қалыптастыру керектігін айтып өткен жөн. Болашақ ұрпақ

білімді ғана  болып қоймай  сонымен қатар  олар өздерінің ой өрістерімен  бірге    ағзадағы

өзгерістерін  де қадағала п  отыруы қажет. Әр  азамат өзінің денінің саулығын,  дене

жаттығуларының ағзаға деген әсерін анық біліп күнделікті өмірде салауатты өмір салтын

қалыптастыруы керек.

Қолданылған әдебиеттер

1.Сәтпаева    Х.  Н.,  Нілдібаева    Ж.  Б., Өтепбергенов Ә. А.,  Адам    ф изологясы  Алматы,

«Білім», 1995.

2.Физиология    человека.  Учебник    для    институтов    физической    культуры  /Под    общей

ред.. проф. Н. В. Зимкина/ М.,Ф и С,1975.

3. Бұғыбаев С.Ж., Бөлекбаева А.Е., Лесбекова Р.Б «Дене жаттығуларының физиологиясы »




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет