Сборник статей (часть 1) общественные и гуманитарные науки алматы 2011 ббк



Pdf көрінісі
бет4/47
Дата31.03.2017
өлшемі5,27 Mb.
#10884
түріСборник статей
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

пайдаланылған әдебиеттер 
Послание Президента народу Казахстана. // Казахстанская правда, 2005- 19 февраля.
1. 
Кунанбаева С.С. Теория и практика современного иноязычного образования. Алматы, 2010. 105-106 б.
2. 
Сластенин В.А. Целостный педагогический процесс как объект профессиональной деятельности учителя» 
3. 
(1998) 111-113б.
Мижериков В.А.
4. 
, Психолого-педагогический словарь. 364б.
Елканов С.Б. Основы профессионального самовоспитания будущего учителя. М.,1989. 26-29б.
5. 
Абжалов С.У.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия 
және саясаттану факультетінің декан 
орынбасары филос.ғ.к., доцент 
ханафи мазһабы: тарихы ЖӘне дІни ІлІмІ
Қазақстан егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүріп келе жатқанына 20 жыл болды. 
Осы  жылдар  аралығында  біздің  қоғамымыздың  барлық  салаларында  дерлік  терең,  түбегейлі 
өзгерістер орын алды. Тарихтың тереңіне кеткен рухани мұра туындылары қайта жаңғырып, 
өзінің лайықты мұрагерлерін тапты. Дегенмен қоғамда орын алып отырған мәселелер де жоқ 
емес. Қазақстандағы қазіргі діни ахуалдың күрделі әрі сан-салалы екендігі деректерден белгілі 
болып отыр [1]. 
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары адамдардың ойы мен санасында әлеуметтік-экономикалық 
мәселелер бірінші орынға шығып, рухани құндылықтардың кешеуілдегені байқалды. Қоғамда 
пайда болған осы рухани бостықтың орнын басқа елдерден келген әр түрлі діни идеялар толтыруға 
тырысып бақты. Алыстай қоймаған өткенінде дінсіз мемлекет идеясын ұстанған елдің тығырықта 

25
тұрғанын ұтымды пайдаланған шетелдік миссионерлер өз тамырын жіберіп үлгерді. Бұл діни 
идеялардың Қазақстан халықтарының рухани сезімдерімен үйлесетіндері де, үйлеспейтіндері де 
бар. Әйтсе де, қазіргі таңда қазақ қоғамы діни ұйымдардың оңды-солына баға беруге қабілетті 
болды.  Бұл  бағытта  бірқатар  маңызды  шаралар  жүргізілуде.  Жуырда  Елбасының  тікелей 
жарлығымен Дін істер жөніндегі агенттік құрылды. Аталған мекеме өз жұмысын діни қызмет 
және діни бірлестіктер туралы жаңа заңды қабылдатудан бастады. Бұл заңның алдыңғы заңнан 
ерекше тұсы – «Осы Заң Қазақстан Республикасының өзін демо кратиялық, зайырлы мемлекет 
ретiнде  орнықтыратынын,  әркiмнiң  ар-ождан  бостандығы  құқығын  растайтынын,  әркiмнiң 
дiни  нанымына  қарамастан  тең  құқылы  болуына  кепілдік  беретінін,  ханафи  бағытындағы 
исламның және православиелік христиандықтың халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани 
өміріндегі тарихи рөлін танитынын, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да 
діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни тағат тылықтың және азаматтардың 
діни наным дарын құрмет теудің маңыздылығын танитынын негізге алады» деп көрсетуі [2].
Қазақстан  мұсылмандары  ислам  тағылымындағы  Әбу  Ханифа  мазһабын  ұстанушылар. 
Бұл  бағыт  суннизмдегі  басқа  мазһабтарға  қарағанда  барынша  толерантты,  жергілікті  әдет-
ғұрып,  салт-дәстүр  заңдарымен  санасатын  ағым.  Ханафи  мазһабы  басқа  діни  мектептермен 
салыстырғанда өз жамағатына көп жеңілдік беруімен ерекшеленеді. 
Исламдағы  бір  мазһабта  болу  мен  ұстанудың  басымдылығы  –  халық  біртұтас,  бірлік 
пен  ұйымшылдық  ішінде  болады.  Орталық  Азия  мен  Қазақстан  территориясында  қанша 
ғасырлардан  бері  діни  қақтығыстардың  болмауының  астарында  осы  нәрсе  жатыр.  Өйткені, 
құлшылық  амалдарының  бір  болуы  ондай  жат  пиғылдың  тууына  жол  бермейді.  Қазақстан 
Мұсылмандары Діни Басқармасының ресми түрде насихаттап отырған мазһабы Ханафи мазһабы 
болып табылады. Десек те, қазіргі таңда Қазақстан мұсылмандарының басым көпшілігі ұстанып 
отырған осы мазһаб туралы ғылыми еңбектер тым аз. Ішінара танымдық деңгейде жазылған 
кейбір еңбектерді айтпағанда, арнайы зерттеу жұмысы жоқтың қасы. Қоғамда туындаған осы 
қажеттілікті қанағаттандыру тұрғысынан және Қазақстанда жаңадан қалыптасып келе жатқан 
дінтану,  исламтану  ғылымының  сұранысын  ескерсек,  осы  мәселеге  байланысты  зерттеу 
жұмысын жүргізудің өзектілігі даусыз. 
«Ханафи  мазһабының  қалыптасуы  мен  даму  жолдары»:  Мазһаб  дегеніміз  «жол, 
баратын жер» деген мағынаны білдіреді. Ислам терминологиясында діннің негізгі (асл) немесе 
туынды (фәр) үкімдерінің сүйенген негіздерін анықтап, бұларды түсіндіріп, жүйелеуде ғалым 
саналған тұлғалардың көзқарастарының жиынтығы немесе дүниетанымдық жүйесі [3] болып 
табылады. Анықтамадағы негізгі (асл) үкімдер діннің сенім негіздерін, туынды үкімдер (фәр) 
діннің ғибадаттар мен адамдар арасындағы қатынастарын білдіреді. Сенім негіздерін зерттейтін 
мазһабтарды иғтиқади, ал қалғандарын фыкһ мазһабтары деп бөлеміз. Басқаша айтқанда діннің 
теориялық  жағымен  ақида  (иғтиқади)  мазһабтары,  практикалық  жағымен  фыкһ  (құқықтық 
мектептер) мазһабтары айналысады.
Исламдағы мазһабтар (фыкһ және иғтиқади) көп жағдайда сол мазһабты құрған, негізін 
салған адамның есімімен аталатын болған. VІІ-VІІІ ғасырларда орталығы Куфа қаласы болып 
табылатын Ирак аймағында басталып, кейінгі ғасырларда дамып жайыла түскен Ирак фыкһына 
және  осы  фыкһтың  методологиясын,  діни  ілімі  мен  жүйесін  қалыптастырған  Имам  Ағзам 
Әбу  Ханифаның  есімімен  байланыстырылып  Ханафи  мазһабы  деген  атау  берген.  Исламдағы 
құқықтық дүниетанымның және ижтиһад түсінігінің дамуына үлес қосқан Әбу Ханифа көбіне 
Имам Ағзам деген атпен танымал болған. Ол 699 жылы Куфа қаласында өмірге келген. Оның 
шыққан тегі туралы тарихи деректер әр түрлі мәліметтер береді. Біреулер оны парсы десе, келесі 
біреулер түркі тектес деген пікірлерді алға тартады, бірақ араб емес екені анық.
Ханафи  мазһабының  қалыптасуы  Әбу  Ханифадан  бұрын  Ирак  аймағында  қалыптасқан 
«Рәй  мектебімен»  тығыз  байланысты.  Сөздікте  мәні  «жеке  көзқарас,  ой  және  тоқтам»  деген 
мағыналарға келетін «Рәй» сөзі фыкһ терминологиясында «мужтаһидтің діни мәселені шешу 
барысында  Құран  және  Сүннеттен  дәлел  табылмаған  жағдайда  белгілі  бір  әдістерге  сүйене 

26
отырып, ортаға қойған жеке көзқарасы» деген мағынада қолданылады [4]. Бұл жердегі басты 
талап,  мәселені  шешу  барысында  соңғы  негіз  ретінде  Құран  мен  Сүннетті  басшылыққа  алу 
болып табылады. Яғни алынған шешім исламның негіздеріне қайшы келмеу керек.
Ибраһим  ән-Нахаидің  әдістері  мен  көзқарастары  шәкірті  Хаммад  ибн  Әбу  Сулейман 
арқылы Әбу Ханифа нәсіліне жеткен және Әбу Ханифа мектебінің фыкһына үлкен әсер еткен. 
Сахаба және табиун кезеңінде Иракта басталған Құран және Сүннетке негізделген діни білімді 
Рәй және ижтиһадпен байытып, толықтыру жолындағы әрекет VІІІ ғасырдың орта тұсында Әбу 
Ханифа және оның шәкірттерінің еңбектерінің арқасында бір жүйеге келтіріліп, жеке мектепке 
айналғанын  айтуға  болады.  Әһли-Рәй  немесе  Ирак  фыкһы  өзінің  осы  ерекшелігімен  Хижаз 
фыкһына  қарсы  бір  мектеп  ретінде  саналған.  Мәдинадағы  Хижаз  мектебін  «Хадис  мектебі» 
(Әһли-Хадис) деп те айтады. Бұл мектептің ерекшелігі – белгілі бір діни мәселенің шешімін 
табуда барынша Құран мен хадистерге сүйеніп, жеке көзқарас (Рәй) пен ижтиһадтан барынша 
алшақ  тұруында.  Тек  ешқандай  дәлел  табылмаған  жағдайда  ғана  ақылға  жүгінуге  мәжбүр 
болады. Ал «Рәй мектебінің» ерекшелігі, оның өкілдері көп жағдайда хадистерден дәлел іздеуге 
құлықты емес және жеке көзқарастарын кеңінен пайдалануында. Егер көзқарастарына қатысты 
бір сахих (рас) хадис табылып жатса, олар пікірлерінен қайтып, хадисті дәлел ретінде алады. 
Методологиялық  ерекшеліктеріне  байланысты  Рәй  мектебі  әлсіз  хадистерді  қабылдамайды. 
Өйткені, мұндай хадистердің жалған болу ықтималдылығы жоғары деп есептейді. Ал, Хадис 
мектебі жеке көзқарастан осы әлсіз хадистерді жоғары қояды. 
Ирак аймағында Ибраһим ән-Нахаи, Хаммад және Әбу Ханифа кезеңдерінде «Рәй» әдісін 
кең қолдану кездейсоқтықтан туындаған жағдай емес. Рәй мектебінің қалыптасуын сол аймақтың 
өзіне  тән  діни  дәстүрі  және  әлеуметтік-құқықтық  қатынас  ерекшеліктерінің  де  әсері  болған. 
Мұсылмандардың қол астына өткен тұста Ирак этникалық, мәдени және діни тұрғыдан алғанда 
сан-алуан сипатта еді. Ирак топырағы, оның ішінде Куфа қаласы Омейядтар халифаты кезеңінде 
сан-алуан мәдениеттермен және өркениеттермен тығыз байланыста болған. Мұнда әртүрлі ұлттар 
мен ұлыстар, діндер мен әлеуметтік және дүниетанымдық ағымдар қабаттасып, араласып жатқан 
еді. Жалпы мазһабтардың қалыптасуына әсер еткен ішкі және сыртқы факторлардың барлығын 
талдай келе, Ханафи мазһабының қалыптасуы мен дамуында маңызды себептер ретінде Әбу 
Ханифаның шәкірттерінің қызметі, мазһабтың құқықтық негіздерінің жүйеленуі, ресми мазһаб 
ретінде қабылдануы сияқты себептерді атап өткен жөн.
Ханафи  мазһабының  құрылуы  мен  таралуында  Әбу  Ханифадан  сабақ  алған  және  оның 
ғылыми кеңестеріне қатысып жүрген шәкірттері мен дос-жарандарының еңбектері зор болды. Әбу 
Ханифаның шәкірттері сол кездегі Ислам әлемінің бірнеше аймақтарында өмір сүрді. Олардың 
үлкен бір бөлігі өз аймақтарында ғылыми мәжілістер ұйымдастырып, шәкірт дайындады, қазы 
болып қызмет атқарды. Бұл тікелей немесе жанама жолдар арқылы Әбу Ханифа негіздеген Ирак 
фыкһының Исламның жаңадан орныға бастаған аймақтарында танылып, жайылуын қамтамасыз 
еткен.
Ханафи  мазһабының  құрылып,  жайылуының  тағы  бір  себебі  Әбу  Ханифа  мен  оның 
шәкірттері қалыптастырған фыкһ ғылымының өз уақытында жинақталып қағазға түсірілуі және 
бұл әрекеттің бұдан кейінгі уақыттарда да жалғасып отырғандығы болып табылады. 
Харун  Рашидтен  бастап  Аббаси  халифаларының  бас  қазылық  қызметіне  Ирак  фыкһ 
мектебінің өкілдерін басқаша айтқанда Ханафи мазһабының факиһтерін тағайындауы Аббаси 
билігі  аумағында,  әсіресе  Ирак,  Иран,  Хорасан  және  Батыс  Түркістанда  осы  мазһабтың  кең 
танылып, қанат жаюында маңызды рөл атқарды. 
Аббасидтерден  кейін  Ханафи  мазһабының  таралуында  Селжук  және  Османдықтар 
мемлекетінің рөлі үлкен болды. Селжук билеушісі Тұғрул Бейдің Нишапур, Исфахан, Хамадан 
секілді  ханафиліктің  аз  танылған  аймақтарында  ханафи  қазыларды  тағайындауы  мазһабтың 
жайыла түсуіне жағдай жасайды. Османдықтар бүкіл діни мәселелерді осы мазһабқа сүйеніп 
шешіп  отырған  және  бұл  мазһаб  мемлекеттің  саясатында  да  маңызды  орынға  ие  болған. 
Ханафи мазһабы көбіне араб емес қауымдар арасында кеңінен таралған. Мұның басты себебі – 

27
ханафиліктің ислам дінінің практикалық жағын түсіндіруде Рәй мен ижтиһадты бірінші орынға 
қойып, араб қоғамына тән дәстүрлерді жеңілдетіп, ислам ілімі мен әдет-ғұрпын басқалардың оңай 
түсініп, қабылдаулары үшін ыңғайланған дүниетанымдық жүйені қалыптастырғандығында. 
Қазіргі  таңда  әлемдегі  мұсылмандардың  шамамен  үштен  екі  бөлігі  ханафи  мазһабында 
болып табылады. Егер нақты деректерге сүйенетін болсақ қазіргі уақытта Түркия, Балқандар, 
Босния, Қырым, Әзірбайжан, Кавказ; Қазан, Уфа, Сібір және Орта Азия Түркілері, Қытай-Жапон 
мұсылмандары, Ауғанстан, Үндістан, Пакистанның көпшілігі ханафилер. Йемен, Хижаз Мысыр, 
Палестина, Жазаир және Тунисте ханафилердің қатары аз мөлшерде, ал Эфиопия, Сирия және 
Иракта бұларға қарағанда көбірек [5].
«Ханафи мазһабындағы ижтиһад философиясы»: Сөздікте «қайрат көрсету, бүкіл күшін 
жұмсау, алған бетінен қайтпау, қиыншылық көру» деген мағынадағы «ж-һ-д» түбірінен шыққан 
ижтиһад «бір мәселеде қолдан келген қайратты көрсету, қол жеткізу үшін бүкіл күшті жұмсау» 
дегенді  білдіреді  [6].  Ижтиһад,  Құран  мен  Сүннеттің  ішкі-сыртқы  мағыналарында  жасырын 
жатқан діни үкімдерді ортаға шығаруға бағытталған адамның күш-жігерін, талпынысын білдіреді. 
Бұл  талпынысты  жасаған  адамды  мужтаһид  дейді.  Ижтиһад  жасау  Хз.  Мұхаммед  пайғамбар 
дәуірінен  басталып  сахаба,  табиун  және  атақты  мужтаһидтер  кезінде  де  жалғасын  тапқаны 
тарихтан белгілі. Ижтиһад, Құран және Сүннеттен шешімі табылмаған мәселелерді ақылға салу 
арқылы адамның жеке көзқарасына сүйеніп, жағдайдан шығу дегенді білдіргендіктен өзіндік бір 
ой қорыту, дүниетаным және көзқарас болып табылады. Ақылдың қызметіне сүйенген көзқарас 
болғандықтан ижтиһад тікелей болмаса да, жанама түрде бастауын Құраннан алады. Өйткені 
Құранда мұсылманды ойлануға, әлемдегі ерекше тәртіппен орналасқан дүниелерге қарап ғибрат 
алуға, ақылдарын қолдануға шақыратын аяттар өте көп. Тек қана ойлануға қатысты 65-аят бар [7]. 
Сондай-ақ елуден астам «ақыл» деген сөз, он бір жерде «ақыл иелері» деген сөздер айтылады.
Мұсылман ғұламаларының басым бөлігі ижтиһад жасауды әрбір мұсылман үшін парыз деп 
санады. Алайда мұсылмандардың барлығы бірдей қабілетке ие емес. Ижтиһад жасау үшін діни 
ғылымдарды терең меңгеру шарт. Ханафи мазһабындағы ижтиһадқа келер болсақ, Әбу Ханифа 
тікелей  бұл  мәселеге  қатысты  еңбек  жазып  қалдырмаған.  Оның  ижтиһад  әдісін  шәкірттері 
жеткізген. Әбу Ханифаның ижтиһад әдісін қысқаша былай көрсетуге болады. Кітап (Құран), 
Сүннет, сахаба сөзі, қияс, әдет-ғұрып және басқа ақылға негізделген дәлелдер.
Әбу Ханифа өзіне дейінгі және өзінен кейінгі мужтаһид ғалымдармен салыстырғанда қияс 
әдісін көп қолданған. Ханафи мазһабында Құран және Сүннеттен кейін діни үкім шығарудың 
үшінші формасы «ижма» келеді. Сөздік мағынасы бірнәрсені біріктіру, жинақтау, бір мәселе 
бойынша ой бірлігін жасау дегенді білдіреді. Ижманың діни әдебиеттердегі терминдік мағынасы 
«Мұхаммед  үмметінің  (мужтаһидтер)  оның  өлімінен  кейінгі  келетін  замандарда  діни  бір 
мәселенің үкімін беруде ауызбіршілік етулері» деп көрсетілген.
Пайғамбардың  өлімінен  кейін  сахабалардың  алдарындағы  туындаған  мәселелерден 
шығар жалғыз жол, Құран мен пайғамбардың сүннетін жақсылап түсіну және түсіндіру болды. 
Ижтиһад деп аталатын бұл ой әрекетін пайғамбардың өзі тірі кезінде насихаттап, дағдылардың 
қалыптасуын  қамтамасыз  еткен  болатын.  Ислам  құқықшыларының  басым  көпшілігі  ижманы 
шариғатта  дәлел  ретінде  қабылдайды  және  оны  діни  үкімдер  иерархиясында,  жоғарыда 
айтқанымыздай Құран мен Сүннеттен кейінгі орынға қояды. 
Бүкіл мазһабтарға ортақ діндегі төртінші дәлел «қияс» болып табылады. «Қияс» сөздікте 
бір нәрсенің басқа бір нәрсемен өлшенуі, салыстырылуы, екі нәрсені бір-бірімен теңестіру деген 
мағыналарға сәйкес келеді. Терминологиялық анықтамасы «Кітап, Сүннет немесе Ижмада үкімі 
табылмаған  мәселеге,  араларындағы  ұқсастықтарына,  ортақ  ерекшеліктеріне  қарай,  аталған 
қайнар көздердегі орын алған мәселенің үкімін беру» дегенді білдіреді [8]. 
Ислам құқығындағы келесі бір діни үкім шығарудағы әдіс «истиһсан» болып табылады. 
Истиһсанның  сөздік  мағынасы  бір  нәрсені  жақсы  деп  табу,  жақсы  көру  дегенді  білдіреді. 
Терминдік мағынасы «мужтаһидтің белгілі бір мәселені шешуде ижма, салт-дәстүр, қияс секілді 
арнайы және басым көрінген бір дәлелге сүйеніп, сол мәселеге ұқсас мәселелерде шариғаттың 

28
мақсатына  анағұрлым  сәйкес  деп  табылған  басқа  бір  үкіммен  үкім  беру»  болып  табылады 
[9]. Истиһсанды Әбу Ханифа мен оның шәкірттерінің діни мәселелерді шешу барысында өте 
шеберлікпен  қолданғандары  және  бұл  әрекеттерінің  кейбір  ғұламалар  тарапынан  қолдауға, 
мақтауларға ие болғандығы, ал кейбіреулері тарапынан сынға ұшырағаны тарихи деректерден 
көрінеді. Тіпті, көпшілік истиһсанды тек қана Ханафи мазһабына тән әдіс ретінде қарастырады. 
Алайда истиһсан ұғымының ханафилермен қатар малики және ханбалилердің діни ілімдерінде 
де маңызды орынға ие болғаны, басқа мазһабтардың тек оның атауына ғана қарсы болып, әдіс 
ретінде олардың тарапынан да басқа атаулармен қолданылғанын деректерден көруге болады.
Ханафи  мазһабындағы  діни  үкім  шығаруда  қолданылған  келесі  бір  әдіс  «әдет-ғұрып» 
болып табылады. Ханафи мазһабын басқа мазһабтардан ерекшелеп тұратын тұсы да осы әдет-
ғұрыптарға қатысты жері болып табылады. Ханафи мазһабында шариғат үкімдерінің негіздерінің 
бірі  болып  табылатын  әдет-ғұрып  фыкһ  терминологиясында  былай  көрсетілген:  «Қоғамның 
дағдыға айналдырып, өмір салттарында басшылыққа алатын сөздері мен іс-әрекеттері» [10].
Әдет-ғұрыптардың  шариғат  негіздеріне  қайшы  келетін  жағдайда  дәлел  ретінде 
қолданылмайтыны, тіпті тиым салынуы туралы ислам ғұламалары арасында ауызбіршілік бар. 
Мысалы спирттік ішімдіктер ішу, құмар ойындарын ойнау, пайыз жеу сияқты іс-әрекеттер қоғамда 
әдетке айналған құбылыстар болғанымен, бұлар заман ағысына қарай өзгеріске ұшырамайтын, 
діни және қоғамдық кейбір жағымсыз іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында қойылған шариғат 
нормаларына қайшы келгендіктен, дұрыс әдет ғұрып ретінде қабылданбайды. Ислам ғұламалары 
әдет ғұрыптың дінде назарға алынуы үшін кейбір шарттар қойған: Бірінші шарт, әдет-ғұрыптың 
кеңінен  қолданыста  болуы  керек.  Егер  үкім  шығарылатын  жердің  халқы  белгілі  бір  мәселе 
бойынша  әртүрлі  әдет-ғұрыптарды  ұстанатын  болса,  ортақ  қолданыста  жоқ  болса,  онда  ол 
әдет-ғұрыпты негізге алып діни үкім шығармайды. Екінші шарт, төреші рөлін атқаратын әдет-
ғұрыптың сол мезетте бар болуы қажет. Үкім шығару кезінде бір әдет-ғұрып бар болып, кейін ол 
өзгеріп кетсе, үкім беретін кезде қолданыста болған әдет-ғұрып негізге алынады.
Байқап  отырғанымыздай  ислами  үкімдер  шығаруға  әдет-ғұрыптың  маңыздылығы 
Ханафилікте алғашқы орынға шыққан. Әбу Ханифаның Құранда және Сүннетте, сахабалардың 
тәжірибесінде үлгісі табылмаған мәселелерде сахих (дінге қайшы келмейтін) әдет-ғұрыптарға 
діни  пәтуа  негіздерінен  бірі  рөлін  беруі  ислами  үкім  шығаруды  жеңілдетумен  бірге,  оның 
мазһабын Аббасидтердің фыкһ мазһабы болуына ең ыңғайлы мазһаб дәрежесіне әкелген. Үлкен 
бір  аймақты  билеп  отырған  халифат  аймақтағы  ерекшеліктер  мен  қажеттіліктерді  бақылап 
отыратын бір құқықтық жүйеге мұқтаж болды. Қазы болатын адамға қызметіне баратын жерінің 
әдет-ғұрпын, аймақтың ерекшеліктерін білуді басты шарт ретінде қойылған. Ханафилік өзінің 
фыкһ әдісі тұрғысынан аталған қажеттіліктерге жауап беруге ең лайықты, ең ыңғайлы мазһаб 
еді. Осының табиғи бір нәтижесі ретінде ол Аббаси халифатының ресми мазһабы болды және 
шамалағанда бес жүз жылдай қоғамдық тәжірибеде әлеуметтік-құқықтық қатынастарды реттеуде 
кеңінен қолданылды [11]. 
Қорыта келгенде Ханафи мазһабының қалыптасуына Рәй мектебінің ықпалы зор болды. Рәй 
мектебінің ерекшелігі, бір діни мәселе бойынша Құран мен Сүннетте үкім табылмаған жағдайда 
арнайы әдістер арқылы жеке көзқарастарына сүйеніп мәселені шешетін. Осы дәстүрді Ханафи 
мазһабы одан әрі дамытып жетілдіре түседі. Бұл мазһаб көбіне араб емес қауымдар арасында 
кеңінен  таралған.  Мұның  себебі  Ханафилік  діннің  практикалық  жағын  түсіндіруде  Рәй  мен 
ижтиһадты бірінші орынға қойып, араб қоғамына тән дәстүрлерді жеңілдеткен және басқалардың 
оңай  түсініп,  қабылдаулары  үшін  ыңғайланған  дүниетанымдық  жүйені  қалыптастырған. 
Ханафи мазһабында ижтиһадқа негізделген ойлау жүйесіне мейлінше еркіндік берілген. Заман 
ағымы мен мәдени-әлеуметтік ортаны, дүниетанымдық ерекшеліктерді, салт-дәстүр мен әдет 
ғұрыптарды  ескере  отырып,  Ханафи  ғұламалары  ижтиһад  жасаған  және  осылайша  исламды 
өмірден, қоғамнан аластатпай, оны керісінше өмірлік тәжірибеге бейімдеген.

29
пайдаланылған әдебиеттер
1.  Байтенова  Н.Ж.  Қазақстан  Президентінің  «Жаңа  Әлемдегі  Жаңа  Қазақстан»  атты  жолдауындағы 
Қазақстандағы конфессияаралық келісім мәселесі // Өркениеттер сұхбатын дамытуда Қазақстан Мәдениетаралық 
және конфессияаралық келісімнің әлемдік орталығы ретінде: Халықаралық ғылыми практикалық конференцияның 
материалдары. − Алматы, 2007. − 3-7 бб.
2. Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы // Егемен Қазақстан, 15 Қазан, 2011 ж.
3. Islam Ansiklopedisi. – Ankara, 2004. – С. 29. – 526 s.
4. Islam Ansiklopedisi. – Istanbul, 1994. – C. 10. – S. 520.
5. Islam Ansiklopedisi. – Istanbul, 1997. – C. 16. – 555 s.
6. Islam Ansiklopedisi. – Istanbul, 2000. – C. 21. – S. 432. 
7. Karaman H. Islam Hukukunda Ictihad. – Ankara, 1985. – S. 15.
8. Necib Taylan. Ilim Din Iliskileri, Sahalari, Sinirlari. – Istanbul, 1979. – S. 249.
9. Islam Ansiklopedisi. – Ankara, 2002. – C. 25. – S. 529. 
10. Islam Ansiklopedisi. – Istanbul, 2001. – C. 23. – S. 329.
11. Hayreddin Karaman. Islam Hukukunda Ictihad. – Ankara, 1988. – S. 135.
Айбасова А.М. 
С.Байешев атындағы Ақтөбе Университеті
аға оқытушы 
сирек металдар саласыныҢ инновациЯлыҚ дамуы ЖӘне 
ҚазаҚстанныҢ сыртҚы нарыҚҚа ШыҒу перспективалары
Әлемдік  экономиканың  өнеркәсіптік  өндіріс  және  қызмет  көрсету  салаларының 
қазіргі  технологиялық  өзгерістерге  негізделген  даму  үрдістері  уақыт  талабынан  туындайды. 
Экономикалық  өсудің  дәстүрлі  бағыттарының  мүмкіндіктері  қанат  жая  бастаған  шақта  жаңа 
үрдістердің,  инновациялық  үдерістер  жүйесінің  басымдығы  айқындалып  отыр.  Мұның  өзі 
ХХІ  ғасырдағы  экономикалық  өсу  тағдыры  ғылыми  сана,  инновациялық  процестер,  жаңа 
технологиялар, өнімдер мен қызмет көрсетулер үлесінде екендігін білдірсе керек. Инновациялық 
бағдар тек қана бүгінгі күннің емес, сонымен бірге кез-келген саладағы адамзат іс-әрекетінің 
болашағын  да  көрсетеді.  Осыған  орай  экономика  нақты  секторының  бәсекеге  қабілеттілігін 
арттыруда инновациялық  фактордьщ  маңыздылығын, негізгі  мәселелерін, болашағын  зерттеу 
қажеттілігі туындайды. 
Қазақстанның казіргі кезде нақты секторының инновациялық даму жолына бет бұруының 
өзі  елдің  әлемдік  қатаң  бәсекелік  күресте  экономикалық,  әлеуметтік,  саяси,  экологиялық, 
жалпы алғанда ұлттык шаруашылыктың кез-келген саласы жағынан мықты болу мақсатынан 
туындауда. 
Сирек  металдарды  қолданудың  жоғары  тиімділігі  замани  ғылыми  салалар  мен 
технологияларда  (электроника,  лазерлік  техника,  қорынтпалар,  жоғары  сапалы  шойындар, 
электромагниттік және оптикалық материалдар, жаңа керамика және т.б.) оларды экономикалық 
дамыған мемлекеттерде тұтыну динамикасының жоғарылауын шарттастырады. 
Осы мақсатпен бәсекеге қабілетті сирек металдар өнімінің экспортын жоғарылату арқылы 
Қазақстанды сыртқы саудалық балансын белсендіру болып табылатын дүниежүзілік шаруашылық 
байланыстарда Қазақстанның қатысуын кеңейту үшін әр түрлі алғышарттар құрылу керек. 
Қазақстанның отандық сирек металдар саласын дамытуға қатысты страгегиясы минимум 
залал  болмайтындай  жұмыс  істеу  керек,  ал  ол  дүниежүзілік  конъюнктура  факторларының, 
халықаралық бәсекелестікпен, сонымен қатар сыртқы және ішкі нарықтарының қазақстандық 
тауар өндірушілері қызметінің тиімділігі жоғарылау нәтижесінде келтірілуі мүмкін. Қазақстан 
үшін  де  аталған  салаларды,  сонымен  қатар  экономиканың  баска  да  басымды  бағыттарын 
дамыту арқылы индустриалды дамыған елдердің қатарына қосылу ең өзекті мәселелердің бірі. 

30
Сол себепті экономика салаларын жаһандану үдерісіне сәйкестендіре дамытуға, экономиканың 
шикізат экспортына тәуелділігін төмендетуге және әлемдік рынокта сапалы бәсекеге кабілетті 
өнім ұсынысына бағытталған сервистік-технологиялық экономикаға өтуге жағдай жасау қажет.
Қазақстанның  2030  жылға  дейінгі  даму  стратегия сын да  кен-металлургия  кешені  Қазақ-
стан ның  әлеуметтік-эко номикалық  жағы нан  жоғары  дамы ған  елдердің  қата ры на  қосылуын 
қам тамасыз  етуге  жәрдемдесетін  басым  салалардың  бірі  ретінде  белгіленген.  Республика 
кен-металлургия  кешенінің  басты  міндеті  ішкі  және  сыртқы  рыноктардың  қажеттерін 
қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті өнімдер шығару болып табылады [1].
Дамыған  және  дамушы  мемлекеттерде  сирек  металдар  ғылым  мен  техниканың  әлуетін 
қамтамасыз  ететін  факторларға  жатады.  Сирек  металдар  өндірісі  –  жаңа  техно логиялардың 
шикізат қоры. Бұларсыз жаңа өндіріс буындары дамымайды. Өндірісті дамыту бағытымызда 
бұл сала басым бағыт есебінде қаралуы керек. Айта кететін жәйт, бұрын Қазақстан өндірісінде 
шығарылған, бірақ соңғы кезде нарықта өз секторын жоғалтып алған металдарға назар аударған 
жөн.  Бұл  металдар  электроника,  аэроға рыш,  мәшине  жасау,  т.б.  салалардың  негізін  қалайды. 
Бүгінде  ашылып  жатқан  даму  институттарын  пайдалана  отырып  елімізде  өндіріс  саласын, 
соның ішінде сирек металдар өндірісін жасауға болар еді. Бұл елімізде дамыған индустриялық 
металл алу өндірісін кеңейту, құрал-жабдықтарды, тұрмыстық заттар, мәшине жасауға қажет 
балқымалар алуға мүмкіндік берер еді.
Басты мәселелердің бірі – страте гиялық сирек металдар өндірісін дамытудың мемлекеттік 
бағдарламасын  жасау.  Бүгінгі  таңда  бұл  сала  металлургия  класте рін  дамытудың  негізгі 
бөліктерінің бірі ретін де қаралып, мемлекет қолдауында болуы керек.
Бүгінгі  таңда  Қазақстанда  вольфрам,  молибден,  тантал  және  бериллий  өндіретін  және 
өңдейтін өнеркәсіп орындары жұмыс істейді. Бірақ бұл кендердің сирек кездесетін, сирек жер 
элементтері толығымен өндірілмейді. Ал бұл бағыт еліміз үшін аса маңызды [2].
Германий, тантал, галий, рений, цирконий, селен, талий т.б. сирек металдар әлемде өте 
қымбат  бағаланады,  олардан  алынатын  материалдар  мен  бұйымдар  құны  басқа  металдарға 
қарағанда еселенiп өседi. Мысалы, аммоний перренаты түрiндегi 1 келi рений металының құны 
800 АҚШ доллары тұрса, ал сол мөлшердегi металды электроникада қолдану тиiмдiлiгi 5 есеге 
артады, бензин өндiрiсiнде катализатор жасау 60 есе, ароматты көмiрсутектерiн алуда 180 есеге 
дейiн пайданы өсiредi [3]. 
Сирек  металдың  тағы  бiр  ерекшелiгi,  оның  өндiрiсiн  салу  көп  қаржыны  талап  етпейдi, 
экологиялық таза, ғылымды көп қажет ететiн өнiмдер бередi. Бұл металдар атом, ғарыш, авиация, 
электроника және термоэнергетика, машина жасау салаларында қолданылады. Көптеген сирек 
металдар болат, алюминий т.б. балқымаларда қоспа ретiнде пайдаланылады. Сирек металдарды 
кеңiнен пайдалану басқа табиғи қорларды үнемдеуге көп әсерiн тигiзедi, материалдың сапасын 
жақсартады, энерготехникалық және ресурстық шығындарды азайтады.
Осыдан 50 жыл бұрын академик Қ. Сәтпаев ванадийдi тиiмдi пайдаланып, елiмiзде осы 
саланы  өркендету  туралы  мәселе  көтерген  болатын.  Өкiнiшке  орай  бұл  мәселеге  Орталық 
құлақ аспай, аяқсыз қалды. Сирек металдың аз ғана қоспасы металл жаймаларын бiрнеше есеге 
жеңiлдетiп, сапасын жақсартады, бұл болса үлкен көлемдегi энергоресурстарды үнемдеуге жағдай 
жасайды. Соңғы жиырма жылда Үлкен жетiлiк елдерiнде отын, темiр, тағы басқа индустрияға 
қажеттi материалды пайдалану 20-50% азайып, сирек кездесетiн металдарды пайдалану бiрнеше 
есе өстi. Бұлар бiр-бiрiмен тығыз байланысты. Сирек металдарды қосу металл балқымалар мен 
қоспаларының қасиеттерiн өзгертедi [4]. 
Қазiргi  кезде  елiмiзде  iске  асырылатын  индустриялық-инновациялық  стратегияны 
орындауда  сирек  кездесетiн  металдардың  орны  ерекше.  Себебi,  Қазақстанда  басқа  елдерде 
өндiрiстiк мөлшерде кездеспейтiн сирек металдар бар. Олар қазiргi кезде металдар нарығында 
елiмiздiң табиғи бәсекелестiк басымдылығы болмақ. Ресей мамандарының айтуынша, Кеңестер 
Одағы тараған соң Ресей бiрнеше стратегиялық маңызы зор материалдардан айырылып қалған, 
оның iшiнде Қазақстанның шикiзат көздерi де аталады. 

31
Осы  қиыншылықтар  Ресейдi  басқа  шикiзат  көздерiн  iздеуге  итермеледi,  тiптi  Куриль 
аралындағы вулканнан шығатын газдан рений алу жоспарлары жасалынған. Кейбiр мәлiметтер 
бойынша,  бұрынғы  Кеңестер  Одағы  1990  жылы  әлемге  тантал,  германий,  берилий,  және 
басқа стратегиялық металдардың 50 пайызын берсе, бұл көрсеткiш 1996 жылы Ресейде едәуiр 
төмендеген. Осы жағдай Ресейдi 1996 жылы стратегиялық пайдалы қазбалар тiзiмiн қабылдауға, 
1998 жылы Табиғи қорлар министрлiгiнде Ресейдiң стратегиялық сирек металдар федералдық, 
өндiрiсаралық бағдарламасын жасауға мәжбүр еттi. 
Ал  Қазақстандағы  жағдай  бұрынғы  қалпында  қалып  отыр.  Бiздiң  Ұлттық  орталықта  си-
рек  металдар  нарығының  болашағы  туралы  зерттеулер  жүргiзiлдi.  Талдаулар  сирек  металдар 
өндiрiсi  мен  олардың  қорларының  тез  өсiп  жатқанын  көрсетедi.  Тек  соңғы  10-15  жылда  ғана 
бұл металдардың әлемде үлкен кен орындары ашылып, негiзгi қоры бiрнеше есе өскен. Тiптi 
кейбiр металдардың 100 жылдық қорлары табылған. Бiрақ осыған қарамастан, көптеген сирек 
металдардың құны бiрнеше өсiп, металдар нарығында ауық-ауық тапшылығы сезiлiп қалуда [5]. 
Қазақстанда рений, ниобий, бериллий, тантал, галлий металдарының мол қорларының үлесi 
туралы да айтқанымыз жөн. Өкiнiшке орай, соңғы 15 жылда бұл сала экономиканың жеке бөлiгi 
ретiнде қаралған жоқ. Қазiргi кезде елiмiзде машина жасау сияқты өндiрiстiң қажеттiлiгi төмен 
болуына байланысты бұл металдарға сұраныс аз. Бiрақ индустриялы-инновациялық стратегияға 
сәйкес жаңа салалар пайда болғанда бұл металдардың құны, сөз жоқ, шарықтайды. 
Металдар  нарығының  тарлығын  ескерсек,  өзiмiзде  бар  нәрсеге  кiрiптар  болып,  басқа 
жұрттың қабағына қарап қалуымыз да әбден мүмкiн. Себебi, бұл металдарды өндiрушiлер аз, 
шикiзат көздерi көп елдерде жоқ. Кейбiреулер ойлағандай сырттан сатып алу саясаты болашақ 
өндiрiс ошақтарын толық қамтамасыз ете алмайды [6].
Жалпы  СЖМ  өндірісі  кәсіпорындарының  технологиялық  қамсыздандырылуы,  өндіруі 
және өңдеудегі жағдайы аса қиын. Бүгінгі таңдағы негізгі кемшіліктер мыналар:
СЖМ  сала  дамуының  бірыңғай  мемлекеттік  саясаттың,  бағдарламаның  немесе 

концепцияның жоқтығы;
СЖМ айналысатын компаниялардың әрекетін үйлестіру үшін бірыңғай бақылаушы 

органның жоқтығы;
Сыртқы  нарықта  бәсекеге  қабілеттілігін  қамтамасыз  ете  алмайтын  шығарылатын 

өнімдер сапасының төмен деңгейі;
Жаңа  кенорындарын  табу  бойынша  барлау-іздеу  жұмыстарын  жасаудың 

бағдарламалары мен қаржыландырудың жоқтығы;
Белгілі кенорындарын өндірістік игерілуінің жеткіліксіздігі;

СЖМ өндіру мен өңдеуде өндірістің жалпы төмендеуі;

Өндірістің  технологиялық  қамсыздандырылуының  төмен  деңгейі  мен  моральді 

тозуы;
Барланған  шиказаттар  қоры  бола  тұра,  СЖМ  шикізат  базасының  жоқтығы  немесе 

толық емес қамсыздандырылуы;
СЖМ өнімін отандық тұтынушыларының жоқтығы;

СЖМ  ғылыми-талдау  базасының  әлсіздігі,  кадрлық  құрамды  оқытатын  және 

жаңартатын саясаттың жоқтығы;
Қазақстанның стратегиялық минералды ресурстар (СМР) құрудың жалпы мемлекеттік 

бағдарламасының жоқтығымен байланысты СЖМ стратегиялық қорлардың жоқтығы;
СЖМ  дүниежүзілік  «өндіруші-сатып  алушы»  сыныптауда  республика  «басқалардың» 

құрамына кіреді [7;146б].
Демек, өнімі уақытты озған, бірақ болашағы бүгін бар саланың күйі аса қиын. Қазақстанға 
СЖМ дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын даярлап қана қоймай, сонымен қатар СЖМ 
қолданатын  жоғары  технологиялық  өндірістерді  енгізу  қажет  екені  даусыз.  Жарияланған 
Қазақстандағы  нанотехнологияларды  және  космостық  зерттеулерді  дамыту,  жоғары 
технологияларды даярлау мен енгізу бағдарламасы міндеттті түрде СЖМ негізделеді және 

32
оның қолдануынсыз өтпейтітін ескеру қажет. Мысалы, Жапония өз шикізат қорлары болмаса 
да,  таза  СЖМ  және  олардың  қоспаларын  ірі  өндірушілердің  бірі  болып  табылады.  Олар 
мәселені оңай шешті – өз елінің шекарасынан тыс жерде шикізат базасына инвестициялап, ал 
жоғары технологиялық өндірістерді өз мемлекеттерінде орналастырды. Дүниежүзілік нарықтағы 
СЖМ жалпы тенденциясы мынадай: бөлінген және таза СЖМ сұраныс жоғарылауда, ол олардың 
қолданудың  жаңа  аймақтары  пайда  болумен  түсіндіріледі.  Бұл  тенденция  сақталады,  себебі 
ғылым да, ғылыми ашылулар да бір орында тұрған жоқ, бір жаңа технологиялар басқаларымен 
ауысады.  Барлық  осы  ашылулар  мен  жаңа  технологиялар  СЖМ  қолданусыз  өтпейді,  оларды 
қолдану аймағын кеңейтуді қажет етеді. [7;147б]
Осы  салаға  инвестициялар  мен  түйінді  технологиялық  қамсыздандыру  бар  болса  және 
ғылыми  зерттеулер  өткізілсе,  Қазақстан  СЖМ  өндіруші  мемлекеттердің  алғашқы  бестігінде 
лайықты орын ала алады [7;148б].
Сурет 1. Қазақстандағы сирек металдар және сирек жер металдарын өндірісінің дамуын 
шектейтін негізгі факторлар
Ескерту: Автормен [8; 4бет] әдебиеті бойынша құрылған
Сурет 2. Қазақстандағы СМ және СЖМ салаларын дамыту және тұрақтандыру 
шараларын орындау үшін қажеттілер
Ескерту: Автормен [9,41бет] әдебиеті бойынша құрылған

33
Сурет 3. Сирек металды өнімдерді өндірудің мемлекеттік реттеудің қажетті шаралары
Ескерту : Автормен [8,7бет] әдебиеті арқылы құрылған 
Сурет 4. Қазақстанның стратегиялық сирек металдары
Ескерту: Автормен [8, 2] әдебиеттері бойынша құрылған
Қазақстан сирек және сирек жер металдар минералды шикізаттың айтарлықтай көлеміне 
ие  екендігі  туралы  ғалымдар  бұрыннан  айтып  жатыр.  Бұл  облыста  жағдайды  жақсартудың 
«рецепті» де белгілі: бұл байлықты рационалды қолданған кезде ол мемлекетте замани ғылым және 
техниканың салааралық дамуына жеткілікті болады. Сонымен қатар, үздіксіз оның тазалығын 

34
және  әр  түрлі  саларда  қолдану  үшін  дайындылығының  дәрежесін  жоғарылата  отыра  сирек 
металл және сирек жер өнімдерін дүниежүзілік нарықтарға өткізуге болады. Мемлекеттің даму 
деңгейінің көрсеткіштерінің бірі табиғи ресурстарын үнемдеуді, өнім сапасын жоғарылатуды, 
энергетикалық және материалды шығындарды төмендетуді қамтамасыз ететін СМ және СЖР 
қолдану аймағын тұрақты кеңейту болып табылады [8; 4бет].
Көптеген дамыған мемлекеттер құрамында сирек металдары бар шикізатты оларды кейінгі 
өңдеу мен ішкі нарықта қолдану және сыртқы нарыққа өнімді жоғары бағамен сату мақсатымен 
сатып алады. Қазақстанға мұндай тәжірибені ескере отырып, жоғары технологиялық өңдеумен 
өзінің шикізат базасын дамыту мақсатымен сирек металдар саласын жаңа дамыту стратегиясын 
құру  керек.  Бұл  дүниежүзілік  нарықта  бәсекеге  қабілетті  сирек  металдар  мен  сирек  жер 
өнімдерінің кең номенклатурасын алуға мүмкіндік береді. 
Үкiмет Қазақстанның әлемдiк металл нарығында табиғи басымдылығы басым стратегиялық 
материалдардың тiзбесiн жасап, оларды пайдалану ерекшелiктерiн заңдастыруы тиiс. Бұл жұмыс 
1996  жылы  27  қаңтарда  қабылданған  «Жер  қойнауы  және  жер  қойнауын  пайдалану  туралы» 
Заңның  7-бабының  3-тармағында  көрсетiлген.  Осы  заңның  1-бабында  стратегиялық  және 
тапшы пайдалы қазбалар деген термин түсiндiрiлiп көрсетiлмегендiктен, осы ұғымдарды бөлек 
айқындайтын заңнамалық қосымша әзiрленуге тиiс [1].
Стратегиялық пайдалы қазбаларды, материалдарды анықтағанда әлемдiк тәжiрибеге ғана 
сүйенiп қоймай, басты көрсеткiш ретiнде өз экономикамызда технологиялық үздiк басымдықтар 
беретiндiгi  ескерiлiп,  дүние  жүзiнде  сирек  кездесетiн  рений,  галий,  ванадий,  осмий  секiлдi 
металдарға тоқталған жөн.
Басты  мәселе  –  стратегиялық  сирек  металдар  өндiрiсiн  дамытудың  мемлекеттiк 
бағдарламасын жасау. Бұл сала қазiргi кезде металлургия кластерiн дамытудың басты бөлiктерiнiң 
бiрi ретiнде бағаланып, мемлекеттiк қолдауға ие болуы керек.
Сирек  металдар  басқа  индустриялық  металдар  өңдейтiн  кәсiпорындар  рудасының 
құрамында болғандықтан, олардың жұмысына ерiксiз араласуға мәжбүрмiз. Кейбiр металдарды 
ысырапсыз  өңдеу  үшiн  экономикалық  реттеу  тетiктерiн  пайдалануға  тура  келедi.  Пайдалы 
қазбаларды кешендi пайдалану ережесiн қатайту мәселесi де қаралуға тиiс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет