Сборник статей (часть 2) общественные и гуманитарные науки алматы 2011 ббк 73 и 66



Pdf көрінісі
бет11/46
Дата15.03.2017
өлшемі2,31 Mb.
#9441
түріСборник статей
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46

пайданылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы 2003-2015 жылдарға арналған  индустриальды-инновациялық даму Стратегиясы, 
Астана,2003.
2. Ерланова Д.Е. Макроэкономический анализ инновационного развития Казахстана. Ж.Саясат.
№3,2009.23 стр
3. «Инновационный менеджмент, под ред. П.Н.Завлина, А.К. Казанцева, Л.Э. Миндели, ЦИСН: Москва, 1998 г
Сарбасова Қ.А.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессоры, педаго-
гика ғылымдарының докторы, профессор
ЖаҺандану ЖаҒдайында ҚазаҚстанда педагогика Ғылымын 
дамытудыҢ ерекШелІктерІ
Адамзаттық даму кезеңінің жаңа сатысына көтеріліп отырған бүгінгі күнде әрбір мемлекеттің 
әлем үдерісіне қатыспай шет қалуы мүмкін емес екендігі ақиқат. Сонымен бірге халықаралық 
ықпалдастыққа орай ұлт ретінде иммунитетті күшейту жолдарына баса ден қойып отырған мем-
лекеттер де жоқ емес. Ал әлем сахнасында өз ұлттығын жоғалтпаған халықтың болашағы да зор 
болатыны түсінікті. Сондықтан да ғаламдық өзекті мәселеге айналып отырған жаһандану кезінде 

78
өркениет әлеміне қазақ құбылысы болып енгіміз келсе, Қазақстанда педагогика ғылымын әрбір 
халықтың ұлттық ерекшелігіне сай жетілдіру мәселесін қарастыруымыз қажет.
Қазақстанда педагогика ғылымының жеткілікті жоғары деңгейде дамуы білім берудің да-
муы мен болашағын болжауға мүмкіндік береді. Кеңестік дәуірде педагогиканың дағдарысқа 
ұшырауының  бірден-бір  себебі  оның  әдіснамалық  негіздерінің  идеологиялануы  болып  та-
былды,  оның  негізін  тәрбиеге  таптық  тұрғыдан  қарау  қағидасы  құрады.  Мұның  өзі  әрбір 
ұлттың педагогикасының дамуын әлемдік педагогикалық тәжірибеден және жалпыадамзаттық 
гуманитарлық мәдениеттен аластатты. Қазақстанның тәуелсіздік алуы, мемлекетiмiздiң ұлттық 
мәдени тұрғыдын кемелденуi Қазақстанда әлемдік педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде қазақ 
педагогикасының дамуына жол ашты. 
Жаһандану жағдайындағы Шығыс пен Батыстың, Азия мен Еуропаның сұхбаты мәселесінің 
Қазақстанда күн тәртібіне қойылып, біздің елімізде шешімі табылуы мүм кін екендігі анық, оған 
мындай жағдайлар негіз бола  алады: біріншіден, қазақ педагогикасының өзіндік ерекшелігі қазіргі 
кезеңде әлемдік өркениеттік кеңістіктің кең көлеміне шығуына мүмкіндік береді, мәдениеттер 
мен өркениеттердің сұхбатына шақырады. Екіншіден, біз үшін жаңа мәдени-тарихи өлшемдерге 
осындай болып ену қазақ мәдениетінің басқа мәдениеттермен танысуы арқылы өзінің көкжиегін 
кеңейтуге көмектеседі және бұл процесте өзін тереңірек тануға мүмкіндіктері ашылады. Сөйтіп, 
сол арқылы әлемдік дамудың жаңа биіктеріне көтерілуге болады. Үшіншіден, жаһанданудың 
жаңа үлгісі міне, осындай әлемдік ақпараттар ағымына қосылатындай мәдениеттердің ашық, 
шығармашылықты  қолдайтын  сұхбатын  артық  көреді.  Бірақ  сонымен  қатар  өзіндік  ұлттық 
төлтумалықты,  өзіндік  ұлттық  болмыс  пен  абыройды,  халықтың  ұлттық  бірегейлігін  және 
қайталанбастығын сақтап қалу қажетілігін негізге алады. 
Өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамдастықта барған сайын зор 
құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келе жатқан Қазақстан 
үшін  халқымыздың  рухани  кемелденуі,  ұлттық  мәдениетіміздің  дамуы  аса  қажет,  өйткені  ол 
алмағайып дүниенің дауылында ұлттың қасиетін сақтап, елдіктің тұғырын анықтайтын негізгі 
шарт болып табылады. Осы орайда қазақ педагогикасындағы ізгілендіру идеялары қазіргі педа-
гогика ғылымын дамыту ісіне жаңа серпін беріп, тың өріс аша алатындығымен құнды болмақ.
Қазіргі педагогиканың ерекшелігі оның дәстүрлі мәдениеттің жан-жақтылығын қамти от-
ырып, герменевтикалық жолмен ұрпақты тәрбиелеуге бағытталуында болып табылады. Қазақ 
халқының  дәстүрлі  дүниетанымында  «өмірлік  күш»,  «өмірдің  бастамасына  жан  кіргізуші», 
«өмірді  жандандырушы»,  сонымен  бірге  «бақыт»,  «береке»,  «тағдыр»,  «несібе»  ретінде 
түсіндірілетін «құт» ұғымы ерекше мәнге ие болады. Бұл ұғым қазақтың дәстүрлі мәдениетінің 
шынайы мағыналық-мәндік белгісін көрсете отырып, онтологияны, антропологияны, әлеуметтік 
философияны  және  педагогиканы  біріктіреді.  Орта  ғасырда  өмір  сүрген  қазақ  даласының 
кемеңгер ойшылдарының еңбектерінің негізгі өзегі – бақытты ұрпақ тәрбиелеу, оның бойына 
өмір сүруге күш-қуат беретін «құтты» дарыту, ізгі қасиеттерді сіңіру. Олар ізгілікті тұлғаға тән 
ең абзал қасиет ретінде анықтай отырып, оның адамға жоғары құндылық иесі ретінде саналы 
көзқарасты  қалыптастыратын  адамгершілік  және  мінез-құлық  сапаларының  бірлігі  екендігін 
ашып  көрсетеді.  Ізгілендіру  адамшылық  арқылы  сипатталады,  сондықтан  оның  әлеуметтік-
педагогикалық мәні тұлғаны кемелдендіру болып табылады. Қазіргі педагогикадағы ізгілендіру 
мен  тұлғаға  бағдарланған  білім  берудің  мәні  әл-Фарабидің,  Ж.Баласағұнидің,  М.Қашқаридің 
педагогикалық теорияларынан бастау алады. Оларды бүгінгі күннің талабына сай пайдалану пе-
дагогика ғылымының көкжиегін кеңейтіп, педагогикалық құбылыстардың ішкі қисынын түсінуге 
мүмкіндік береді де, тың білім мен өнегелі тағылым алуға жол ашады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев 
өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде «Қазақ даласы – ұлы түркі елінің қара шаңырағы» дей 
отырып [1], «түркілердің рухани аспанында жарқырап көрінген үш жарық жұлдыз – Сыр бой-
ында әл-Фараби, Жетісуда Жүсіп Баласағұн және Махмұд Қашқари. әл-Фараби Орталық Азияда 
түркінің Платонындай рөл атқарды. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі» – Қазақстан мен Орта 
Азиядағы  түркі  тілдес  халықтардың  бізге  жеткен  ең  тұңғыш  зайырлық  шығармасы,  Махмұд 

79
Қашғаридан қалған түркі тілдерінің «Диуани лұғат-ат-түрк» сөздігі – ХІ ғасырдағы түркінің ең 
тұңғыш энциклопедиясы» – деп атап көрсетеді [1.Б.278]. Ата тегіміз түркілердің ізгілендіруді 
ең басты ұстаным ретінде танып, оның әлеуметтік және қоғамдық мәнін жете түсінгендігі ту-
ралы Елбасы Н.Ә. Назарбаев былай дейді: «Сонымен, түркілер адамзат әлемінің ұстын тірегі 
деп Адамды таныды. Тап сол адамның өмірі, құштарлыққа, арман-мақсатқа, іс-әрекетке және 
түрлі оқиғаларға толы жеке адамның өмірі мемлекеттің, қоғамның өмірімен етене тұтастықта 
қарастырылды...Түркілер адамға тән қасиетті қатты бағалады, оны бәрінен де жоғары қоя білді» 
[1.Б.98]. Түрік ойшылдары әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің ізгілендіру идеялары 
адамды табиғаттың бір бөлігі ретінде түсінуімен және тұлғаның құндылығын жоғары қоюымен 
сипатталады.  Олар  жалпыадамзаттық  құндылықтар  –  Адамды  сүю,  бостандық  және  әділдік, 
адам  тұлғасының  қадір-қасиеті,  еңбексүйгіштік,  теңдік  пен  бауырмалдық,  т.б.  мәселелерді 
көтерілген. 
Қазіргі  педагогика  үшін  теориялық  және  тәжірибелік  мәнділігі  жоғары  әл-Фарабидің, 
Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің педагогикалық ілімдерін педагогиканың қайнар көздері ретінде 
қарастыру педагогикалық пәндердің мазмұнын толықтыруды қажет етеді. Әр халықтың ұрпақты 
тәрбиелеу тәжірибесінде өзіндік ерекшелігі болатыны анық, дегенмен де, түрік ойшылдарының 
педагогикалық  теориясы  барлық  халыққа  ортақ  игілік,  себебі,  ондағы  ой-пікірлердің  негізгі 
арқауы барша адамзатқа ортақ тәрбие мәселесін шешуге бағытталған. 
Қазіргі  кезде  әлем  жұртшылығы  ұлы  реформатор,  ұлт  көшбасшысы  деп  таныған 
Президентіміз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  тікелей  бастама сымен  Қазақстан  Үкіметі 
елдің индустриялық-иннова циялық даму жолына түсуі үшін қыруар еңбек етіп жатыр. Оның 
түпкі астарында да мемле кеттік идеядан туындаған ұлттық мүдде, ұлттық ұстаным мен ұлттың 
келешегі жатқанын түсіну керек. 
Қазақ педагогикасының заңдары мен заңдылықтары әлемдік педагогикамен тығыз байла-
нысты, мұнда тек ұлттық сана-сезім мен ұлттық ерекшеліктерге байланысты тәрбиенің болмы-
сында өзіндік сипат болады. Әрбір заңдылықтардың арасында өзара мәнді байланыстар айқын 
көрінеді. Атап айтсақ:
- мектеп пен педагогиканың арасындағы, бір жағынан, қоғамның экономикалық деңгейі, 
екінші жағынан саяси даму деңгейі тұрғысынан;
-  қоғамның  саяси  жағдайы  мен  қоғамдық-педагогикалық  қозғалыстар,  педагогикалық 
теорияның даму қарқыны мен тәжірибе арасындағы;
- қазақ педагогикасы мен басқа ғылымдар (әсіресе, қазақ философиясы, қазақ психология-
сы) арасындағы;
- қоғамның әлеуметтік құрылымы мен қазақ халқының тәрбие жүйесі арасындағы;
-  мектеп,  білім  беру  мен  тәрбие  мазмұны  және  қоғамдық  сананың  басқа  формалары 
(мәдениеті, дін және т.с.с.) арасындағы;
- қазақ педагогика ғылымының жетістіктері мен білім беру міндеттері және мазмұнының 
арасындағы;
- тұлғаны қалыптастыру мен дамытуға ықпал ететін факторлар арасындағы және т.с.с.
Осы заңдылықтардың барлығы өзара тығыз байланыста не себеп, не салдар, не байланы-
стырушы дәнекер ретінде әрекет етеді, жалпы алғанда, олар қазақ педагогика ғылымының тұтас 
бірлігін құрайды.
Қазақ  педагогикасы  –  әлемдік  педагогиканың  құрамдас  бір  бөлігі.  Педагогика  тарихына 
шынайы көзқарас қазіргі кезде оның құрамында үш түрлі компонент бар екенін көрсетеді. Олар 
– этнопедагогика, аймақтық педагогика және әлемдік педагогика. Қазақ педагогика ғылымының 
өзекті  мәселелерін  зерттеу  барысында  педагогика  тарихы  дамуындағы  жалпылық,  ерекшелік 
және даралық диалектикасын басты қағида етіп алу әдіснаманың бірден-бір талабы болып та-
былады. Философ Ә.Нысанбаевтың пайымдауынша «Өркениетті ірі ұлттар қоғамдық өмірдің 
белгілі бір салаларында айрықша орын алған. Мәселен, ағылшындар – экономикада, ежелгі грек-
тер – эстетикада, римдіктер – заң саласында, еврей мен арабтар – дінде, француздар – әдебиетте, 

80
немістер – музыка мен философияда көріне білген. Ал түркі халқына назар аударатын болсақ, 
ол басынан аяғына дейін гуманизм мен парасаттылық үлгісімен сипатталған» [2.Б.138]. Түркілік 
дүниетаным  және  қазақ  дүниетанымы,  тарихтың  тұңғиығына  тереңірек  бойласақ,  этикалық 
әмбебаптарға арқа сүйейді. Ал енді оларды әлемді рухани игеруде субъектілер негізгі субстан-
ция етіп алатынын көптеген зерттеушілер атап өтіп жүргенін айтуға болады. Мәселен, Н.Аюпов, 
Ә.Нысанбаев,  Т.Ғабитовтардың  «Тюркская  философия:  десять  вопросов  и  ответов»  деген 
еңбектерінде көптеген маңызды сұрақтарға жауап бере отырып, түркілерге тән онтологиялық 
қасиеттердің  біршамасын  сипаттайды.  Оларға  «адамгершілік»,  «отбасы»,  «ұрпақты  сүю», 
«үлкенді сыйлау», «қонақты сыйлау», «сөздің қадірін білу» және т.б. жатқызылатындығы орын-
ды айтылған [3]. Әрине, жоғарыдағы айтылған тізімнің үлкен жалғасы болуы да мүмкін. Деген-
мен, аталған түркілік өмір салтының жүйелік ерекшелігін айқындайтын болмыстық құбылыстар, 
шығыстың ойлауына сәйкес келетін категориялар деп алынса да болады. 
Жаңа  адамзат  қоғамының  келешегі  техникалық  даму  деңгейі  мен  экономикалық  өсімнің 
артуына  ғана  байланысты  емес,  ең  алдымен,  ол  басты  әлеуметтік-экономикалық  мәселелерді 
шешетін адамға байланысты. Сондықтан бүгінгі таңда дүние жүзінде халықаралық деңгейде 
білім  беру  жүйесін  реформалауға  ерекше  назар  аударылып  отыр.  ЮНЕСКО-ның  мәліметтері 
бойынша, бұл құбылыстың негізгі себептерінің бірі әлемдік жалпыадамзаттық құндылықтарды 
қайта бағалау болып табылады, соның нәтижесінде қоғам ғаламдық ойлау мәдениеті бар, өзін 
және қоршаған болмысты өзгерте отырып, әлеуметтік прогреске белсене атсалысуға қабілетті 
адамды тәрбиелеу қажеттілігін түсінді. Білім беру саласындағы жетістіктер адамтану бойын-
ша ғылыми білімдерді жинақтаумен қамтамасыз етіледі. Сондықтан педагогика ғылымы адам 
мәселесімен  айналысатын  басқа  ғылымдармен  өзара  бірлесіп  әрекет  етуі  үшін  тәжірибеге 
аксиологиялық (құндылық) принциптерді енгізу қажет. Аксиологиялық принциптерге мыналар-
ды жатқызуға болады:
- құндылықтардың біртұтас ізгілендіру жүйесінде барлық философиялық көзқарастардың 
тең құқылы болуы;
- дәстүр мен шығармашылықтың мәндерінің тең болуы, өткеннің ілімін оқып-үйренуді және 
пайдалануды, бүгін мен болашақ үшін олардың мүмкіндіктерін ашып көрсетуді мойындау;
- адамдардың теңдігі, өзара келісім мен сұхбаттың болуы.
Бұл принциптер әртүрлі ғылым салалары мен ағымдары бойынша бірлесіп жұмыс істеуге 
және қолайлы шешімдер іздеуге мүмкіндік береді. Сондықтан қазіргі кезде ең басты міндеттердің 
бірі ғылымдардың ізгілендіру тұрғысынан бірігуі болып табылады. Тек ізгілендіру бағдары ғана 
адамзаттың жарқын болашағының кепілі екендігі айқын. Педагогика адамды тәрбиелеу ғылымы 
болғандықтан, ізгілендіру идеясы қазіргі педагогиканың негізін құрайды.
 Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, кез келген мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік 
гүлденуі  мен  қауіпсіздігі  халық тың  білімі  мен  зияткерлік  ресурстарымен  тығыз  байланысты. 
Парасатты ұлт болу деген тар шеңбердегі ұғым емес, оның түпкі иірімінде ұлттық негіз, ұлттық 
ұстаным, ұлттық болмыс жатыр. Жаһандану дәуірінде Қазасқтанның инновациялық дамуы үшін 
адам тәрбиесімен айналысатын педагогика ғылымының жетістіктерін пайдалану арқылы ғана 
биік мұратқа жетуге болады. Ал оның түпкі мақсатында инновациялық терең білім алу қажеттілігі 
мен технологиялар әлемінде қабілеттілік таныту сұранысын қанағаттандыру мәселесі тұрғаны 
анық.
пайдаланылған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. – 296 б.
2. Нысанбаев Ә. Қазақ даласының ойшылдары. А.Иссауи дүниетанымы мен философиясы. – Алматы: Ғылым, 
1995. – 150 б.
3. Тюркская философия: десять вопросов и ответов.// Составит. Г.К.Курмангалиева, Г.Г.Барлыбаева. – Алматы: 
Институт философии и политологии, 2006. – 142 с.  

81
Саркытова Марал Тулепбергеновна
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң
заң факультетінің кедендік, 
қаржылық және экологиялық құқық 
кафедрасының аға оқытушысы
Жер учаскесІне ҚҰҚыҚты табыстаудыҢ ерекШелІктерІ
Қазақстанда  елді  мекендердегі  жер  учаскесін  жекеменшікке  беру  кезінде  жасала-
тын  төлемақының    базалық  ставкаларын  белгілеу  құқығы  облыстық,  Астана  және  Алматы 
қалаларындағы  өкілетті және атқарушы ұйымдардың құзырына берілетін болады. Бүгінде тек 
қана үкімет қаулысымен бекітіліп келген оларды әр аймақтың өкілетті ұйымдары өздері белгілеп 
ұсына алады. Бұл өзгерістер «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу 
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қарастырылып 
отыр. Заң жобасы кеше Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында бірінші оқылымда қаралып, 
мақұлданған еді. 
Парламент  Мәжілісінің  2009  жылғы  14  қаңтардағы  отырысында  бірінші 
оқылым  да  және  биылғы  жылдың  2  наурызындағы  отырысында  тұтастай  мақұлданған  бола-
тын. 
Жалпы,  жер  мәселесі  төңірегіндегі  түйткілдердің  көп  екені  ешкімге  жасырын  емес. 
Сондықтан, оған қа тысты жазылатын халықтың арыз-шағымдары да аз емес көрінеді. Олардың 
жер қатынастары мәселесін дегі бюрократизмнің, қа ғаз бас тылықтың көптігіне орай туын дап 
отырса керек. Аталмыш заң жобасы осы ретте біраз мәселелердің оң шешімін ұсы нып отырған 
сияқты. Соның маңыздысы, әрине, жоғарыда атап көрсеткен базалық төлемдерді белгілеуді аймақ 
құзыретіне қалдыру қарапайым халық үшін үлкен жеңілдік болары сөзсіз.  Заң жобасы бойын-
ша шешілетін және бір мәселе – ауыл шаруашылығына арналған жер учаскелерінде шетелдіктер 
мен азаматтығы жоқ адамдарға жалға беруге енгізіліп отырған шектеу. Сондай-ақ, шет елдіктерге 
қойылатын шектеулер жарғылық капиталындағы шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыз-
дан асатын қазақ стандық тұлғаларға да қолданылатын болады.Заң жобасындағы тағы бір жаңа 
өлшем, жеке тұрғын үй салу үшін мемлекет тарапынан тегін берілетін жер учаскелерді саудаға 
салу пиғылын болдыртпау мақсатын көздейді. Мұндай учаскелерді жекеменшікке рәсімдеу жер 
учаскесін  игеру  талаптарын  орындау  тәртібіне  байланысты  шешілетін  болады.  Яғни,  оларды 
жекеменшікке алу нысанын пайдалануға берілгеннен кейін жүзеге асырылады. Сонымен қатар, 
облыстың,  Астананың  және  республикалық  маңызы  бар  қаланың  аумағындағы  жерді  басқа 
облысқа, Астанаға және республикалық маңызы бар кез келген қалаға ұзақ мерзімді пайдалануға 
беруде үкіметтің құзыреттері нақтыланды.  Бұл Шығыс Қазақстанда да туындап отырған мәселе. 
Сондықтан, мұндай нысандар құрылысына алдағы уақытта Президент Жарлығымен ғана рұқсат 
берілетін болады. 
Мемлекеттiк  меншiктегi  жерден  жер  учаскесiне  құқықты  табыстау  мынадай  ретпен 
жүргiзiледi:
1) жер учаскесiне тиiстi құқық табыстау туралы өтiнiм жасау;
2)  мәлiмделген  өтiнiмдi  қанағаттандыру  мүмкiндiгiн  анықтау  (жер  учаскесiн  алдын  ала 
таңдау);
3)жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекiту;
4) жер учаскесiне құқық табыстау туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, 
Астананың),  ауданның  (облыстық  маңызы  бар  қаланың)  жергілікті  атқарушы  органының, 
аудандық  маңызы  бар  қала,  кент,  ауыл  (село),  ауылдық  (селолық)  округ  әкімінің  шешiм 
қабылдауы;
5) белгiлi бiр жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу;
6)  жер  учаскесiне  құқықты  куәландыратын  құжаттарды  дайындау  және  беру;  7)  жер 
учаскесiне құқықты мемлекеттiк тiркеу.

82
Жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiш түскен кезiнен бастап екi айға дейiнгi мерзiмде 
қаралады, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жер учаскесiне құқық беру туралы өтiнiш үш 
апталық мерзiмде қаралады. Егер атқарушы органның жер учаскесiн беру туралы шешiмiнде 
өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге және 
жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық орган жер учаскесiне құқықты куәландыратын 
құжаттарды бергенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы норманы сақтамау 
жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп танылады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк 
құқық  бұзушылық  туралы  заңдарына  сәйкес  әкiмшiлiк  жауапкершiлiктi  көздейдi.  Құқықты 
куәландыратын құжаттары ресiмделмеген жер учаскелерiне қатысты мәмiлелер жасасуға жол 
берiлмейдi.Мемлекеттік меншіктен жеке тұлғаларға жер учаскелеріне құқықты табыстау тәртібі. 
Егерде сіз жер учаскесін алуға мүдделі болсаңыз, сізге жергелікті атқарушы органға жерді табы-
стау туралы өтініш беру керек. 
Өтініште: жер учаскесiн пайдаланудың мақсаты (жеке тұрғын үй құрылысы, өзiндiк қосалқы 
шаруашылық (үй маңындағы және егiстiк телiмдердi қоса алғанда) жүргiзу, бағбандық, саяжай 
құрылысы үшiн және ауыл шаруашылығын жүргізу үшін);
оның болжамды мөлшерi;
орналасқан жерi (сұралатын жер учаскесінің болжамды орналасқан жері);
сұралатын пайдалану құқығы (жеке меншік құқығы, уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа 
мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығы, уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы); басқа жер 
учаскесiнiң болуы (болмауы) көрсетiлуі тиiс.
Жер учаскесінің пайдалану мақсатына байланысты өтінішке келесі құжаттар мен олардың 
көшірмелері қосылып беріледі: 
-  жеке  тұрғын  үй  құрылысы,  өзiндiк  қосалқы  шаруашылық  (үй  маңындағы  және  егiстiк 
телiмдердi қоса алғанда) жүргiзу, бағбандық, саяжай құрылысы үшiн:
- жеке куәлік;
жеке тұлғаларға салық төлеушісінің куәлігі (СТТН);
-  азаматта  жер  учаскесiнiң  бар  немесе  жоқ  екендiгi  туралы  анықтама  (облыстық 
(республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) 
уәкілетті органы жетi күн мерзiмде бередi);
- азаматта жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқ екендiгi туралы анықтама (жылжымай-
тын мүлiктi тiркеудi жүзеге асыратын орган жетi кїн мерзiмде бередi).
Жер учаскесінің табыстауы мүмкін емес болған жағдайда, жер комиссиясы жер учаскесін 
табыстау  туралы  өтінішті  арнайы  есепке  қойылуы  туралы  қорытындысын  шығарып,  жалпы 
тізімдегі нөмірін көрсетеді. Бұл хабарлама комиссияның қорытындысы шыққаннан кейін өтініш 
беруші жеті күндік мерзімде алуы керек.
Жер учаскесiне құқық табыстаудан бас тартудың дәлелді себептерi көрсетiліп, ал көшiрмесi 
өтiнiш берушiге шешiм қабылданғаннан кейiн жетi күн мерзiмде тапсырылуға тиiс.
шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін:
шаруа (фермер) қожалығының басшысы мен мүшелерінің қолы қойылған шаруа (фермер) 
қожалығының мүшелерінің тізімі;
жер учаскесінің бар жоғы туралы аңықтама;
ауыл шаруашылық өндірісін жүргізудің қысқаша бағдарламасы;
қожалық басшысының ауыл шаруашылық өндірісінде еңбек еткенін растайтын құжаттар.
Мемлекеттік меншіктен заңды тұлғаларға жер учаскелеріне құқықты табыстау тәртібі. Жер 
учаскелерiне меншiк және жер пайдалану құқығының табысталуына мүдделi заңды тұлғалар 
жер учаскесi орналасқан жердегi облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), 
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына, аудандық маңызы 
бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ өкіміне өтiнiш бередi.
Өтініште:
жер учаскесiн пайдаланудың мақсаты;


83
оның болжамды мөлшерi;

орналасқан жерi (сұралатын жер учаскесінің болжамды орналасқан жері);

сұралатын пайдалану құқығы көрсетілуі тиіс.

Міндетті түрде жер учаскесіне құқықты табыстау туралы өтінішке келесі құжаттар мен 

олардың көшірмелері қосымша тапсырылуы керек:
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

статистикалық карточка;

салық төлеушісінің куәлігі;

лицензия немесе келісімшарт, егер жер учаскесi жер қойнауын пайдалануға лицензия не-

месе келiсiмшарт жасасуды талап ететiн қызметтi жүзеге асыруға немесе iс-қимыл жасауға ар-
налса.[1]
Оралмандарға жер учаскелеріне құқықты табыстау тәртібі;
Қазақстан Републикасының Жер кодексінің 46 бабына сәйкес оралмандарға өзiндiк қосалқы 
шаруашылық жүргiзу, бағбандыќ және саяжай құрылысы үшiн жер учаскелерiн беру ауылдық 
елдi  мекендердiң  жерiнен,  ауыл  шаруашылығы  мақсатындағы  жерден,  иммиграциялық  жер 
қорының,  арнайы  жер  қорының  жерiнен  және  босалқы  жерден  уақытша  өтеусiз  жер  пайда-
лану  құқығымен,  ал  тауарлы  ауыл  шаруашылығы  өндiрiсiн  жүргiзу  үшiн  жер  учаскелерiн 
беру  ауыл  шаруашылығы  мақсатындағы  жерден,  арнайы  жер  қорының,  иммиграциялық  жер 
қорының жерiнен және босалқы жерден уақытша жер пайдалану құқығымен жүзеге асырыла-
ды. Оралманның жер учаскесi орналасқан жердегi жергілікті атқарушы органына берілген жер 
учаскесін беру туралы өтiнiште:
-жер учаскесiн пайдаланудың мақсаты;
-оның болжамды мөлшерi;
-орналасқан жерi;
сұралатын  пайдалану  құқығы  (Қазақстан  Республикасының  азаматтығын  алғанға  дейін 
оралмандарға уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы);
өзіндік қосалқы шаруашылық, жеке тұрғын үй құрылысы, бағбандық және саяжай құрылысы 
үшін басқа жер учаскесінің бар немесе жоқтығы туралы мәлімет беру керек.
Концессия  шартында  көрсетілген,  бірақ  өтемін  төлеп  уақытша  жер  пайдалану  құқығын 
беру  туралы  шешім  қабылданған  күннен  бастап  бес  жылдан  аспайтын  мерзімге  Қазақстан 
Республикасының  заңнамасына  сәйкес  жасалған  концессия  шартын  іске  асыру  мақсатында 
берілген  жер  учаскелері  бойынша  концессионер  төлемақы  төлеушілер  болып  табылмайды.      
Мемлекет өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға беретін жер учаскесі салық салу объектісі 
болып  табылады.  Төлемақы  ставкалары  Қазақстан  Республикасының  жер  заңнамасына 
сәйкес  айқындалады.  Бұл  ретте  осы  Кодекстiң  387-бабының  2,  5-тармақтарында  көзделген 
ережелердi есептемегенде, төлемақы ставкалары жер салығы ставкаларының мөлшерiнен кем 
белгiленбейдi.  
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет