Сборник статей международной учебно-методической конференции


Қолданылған əдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет39/99
Дата30.03.2017
өлшемі8,74 Mb.
#10601
түріСборник
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   99

Қолданылған əдебиеттер тізімі: 

 

1.

 



Өстеміров К. Қазіргі пед.технологиялар мен оқыту құралдары-А: 2007 17.18 

бет 


2.

 

Қасымбек  Ж.Т,  Байгелова  Ш.Т  Республикалық  ғылыми  –практикалық 



жинағы –Қ 2012 300 бет 

3.

 



Алпысбай А.Р. Заманауи білім-Қ.:2012.   27-бет 

4.

 



3. «Педагогика жаршысы» №4 2010, №3.-2010 

 

 



 

НАНОТЕХНОЛОГИЯ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ 

 

 Даулетжанова Ж.Т., Рахимбаева А.Н.,  

 Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті 

 

 

 

 

Қазіргі  заманғы  ғылымда  «Нанотехнология»  терминінің  бірнеше  түсініктемелері 



туындаған. 

 

Нанотехнология – бөлек атомдар деңгейіндегі затпен жұмыс жасау технологиясы. 



Нанотехнология –  бұл  адамның  көзіне  көрінбейтін  майда  бөлшектерді  белгілі  бір  ретке 

келтіре  отырып,  оның  ерекшеліктерін  алдын-ала  белгілеп  беру  арқылы  əлдебір  құрылымды 

қарастыруға қажетті жекелеген атомдарды ыңғайлап орналастыру. Нанометр дегеніміз бір метрді 

миллиардқа  бөлгендегі  ұсақ  бөлігі (1 нанометр=10

-9

 метр).  Нанотехнология – осындай  кішігірім 



өлшемдермен  айналысатын  ғылым. 1986 жылы  сол  кездегі  студент  Эрик  Дрексел  «Жасампаз 

машина»  атты  футуристік  эссесінде  алғаш  рет  «молекулярлы  технология»  деген  сөз  тіркесін 

қолданған  болатын.  Эрик  Дрессел  фантаст-жазушы  Станислав  Лемнің  тұжырымдамаларына  өз 

ойындағы  қиялдарды  үстей  отырып, «Саналы  тіршілік  ортасының»  негізгі  бейне-кескінін  ойлап 

шығарған.  Осы  болжамға  сəйкес, XXI ғасырда  нанороботтар  мен  технологиялар  əрбір  ағзаның, 

заттың  құрамына  енгізіледі  де,  адамзат  өзін  қоршаған  əлеммен  бірге  тұтастай  саналы 

суперкомпьютерге  айналады. «Нанотехнология»  деген  сөзді  өзіміздің  қазақ  тілінде  түсіндіретін 

болсақ, «кішкентай өлшемді технология» дегенді білдіреді. Бұл жерде «нано» сөзі «миллиардтың 

бір  бөлшегі»  деген  мағынаны  береді.Қысқасы,  кез  келген  заттың  миллиардтан  бір  бөлшегі 

бастапқы  тегінен  ерекшеленді  де,  басқа  физикалық  қасиеттерге  ие  болады.  Міне,  осы  заңдылық 

арқылы,  яғни,  материяның  белгілі  бір  күйден  екіншісіне  өту  кезіндегі  өзгерістер  арқылы  өмірге, 

бұрын  ешкімге  белгісіз  жаңа  технология  еніп  жатыр.  Қазіргі  заманауи  «сандық» 

технологиялармен  үйлесімді  жұмыс  істейтін  электронды  құрылғылар – осы  нанотехнологияның 

жемісі десек, қателесіп отырған жоқпыз. Бұған мысал ретінде байланыс саласындағы талшықты-

оптикалық жүйелерді жатқызуға болады. Яғни, ешқандай сым-баусыз ақпараттарды бір нүктеден 

екінші нүктеге ауа ағынындағы талшықтарды өз еркіміз бойынша басқару арқылы оп-оңай жеткізе 

аламыз.  Менделеев  кестесіндегі  көптеген  химиялық  элементтер  нанотехнологияның  əсерінен 

өзгерістерге  ұшырап,  басқа  да  бір  қасиетке  ие  болып  жатқаны  осылайша  анықталған  болатын.     

Қысқасы,  нанотехнология  адамзат  өміріндегі  ең  төңкерісті  жаңалықтардың  бірі  болды  десек, 

артық айтқандық емес. Ал оның бүгінгісінен болашағы əлдеқайда «жемісті». 

  

Нанотехнология саласы енді ғана дамып келе жатқанымен, оның жемістері əскери, 



əуе жəне космонавтика салаларында баяғыдан бері қолданылып келеді. Бірақ, құпиялық жағдайға 

байланысты,  бұл  технология  туралы  ақпарат  тек  ғалымдар  мен  əскер  басшыларына  ғана  белгілі 

болатын.  Кейінгі  кездерде  алынған  нанотехнология  нəтижелерін  өндірісте  (медицина, 

электроника,  ауыл  шаруашылығы,  машина  құрастыру  тб.)  көптеп  қолдану  мүмкіндігінің 

ашылуына  байланысты,  алдыңғы  қатарлы  дамыған  мемлекеттерде  көптеген  зерттеу  жұмыстары 

жүргізілумен қатар, сол зерттеулерге байланысты қолданылатын техникалар өндіріліп жатыр. 

  

Қазақ  жерінде  нанотехнологияларды  дамыту  мақсатымен  мемлекет  тарапынан 



қолдау  көрсетіліп  жатыр.  Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Əбішұлы  Назарбаевтың  жетекші  он 

жоғары  оқу  орындарында  инженерлік  зертханалар  құру  тапсырмасына  байланысты  мемлекет 

тарапынан қаржы бөлініп, сатып алынған электронды микроскоптар, спектрометрлер т.б. құралдар 

нанотехнология  элементтерін  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  берумен  қатар,  оның  əрі  қарай  дамуына 

үлес  қосып  жатыр.  Көршілес  жатқан  Ресей  бұл  саланы  дамытуға 180 млрд.  доллар  көлемінде 


260 

 

қаражат  бөліп  отыр.  Нанотехнология  саласына  көңіл  бөлген  елімізде ұлттық  зертхана  құрылып, 



жаңа  зерттеулерді  жүргізуге  арналған  жаңа   құрылғылар  мен  технологиялық  жүйелер  көптеп 

сатып 


алынуда. 

          Осы  процестің  дамуының  анық  көрінер  қажетті  шарты – күшейтілген  нанотехнология 

ғылымының  негіздерін  мектеп  пен  жоғары  білім  беру  орталықтарының  білім  беру 

бағдарламаларына  енгізу.  Бұл  осы  облыстағы  жас  мамандардың  жетіспеушілігін  азайтуға 

көмектеседі. 

 

Нанотехнологиялар  оқытуға  ерекше  қиын  пəн  болып  табылады.  Ол  дəстүрлі  пəн 



емес,  дəлірек  айтсақ,  ол  физика,  химия,  биология,  математика,  инженерия  мен  технология 

салаларының  басын  қосқан  пəн.  Солай  болғанымен,  нанотехнология  аспектілері  оқушылар  мен 

студенттерге  жемісі  бар  болып  ұсынылып,  табиғи  жəне  техникалық  ғылым  салаларын  үйренуге 

деген ынтасын арттырады. 

 

Нанотехнологиялар  бойынша  курстардың  əзірлемесі  мен  оқу-əдістемелік 



сүйемелдеу əр түрлі дайындық деңгейіндегі білім беру мекемелерінде білім беру стратегиясы мен 

инновациялық нанотехнологиялық тақырып бойынша қазіргі заманғы тұжырымдамасын əзірлеуге, 

оқушылар  мен  мұғалімдерді  қазіргі  заманғы  нанотехнология  ұғымдарымен,  оқу  бағдарламалары 

материалдарымен  таныстыру  жəне  болашақта  білім  беру  үрдісіне  кəсіби  бағдарлаудың 

мотивациялық факторын енгізуге мүмкіндік береді. 

 

Нанотехнологиялар жүйелі түрде көптеген ғылыми пəндермен жəне қазірдің өзінде 



бар  технологиялармен    байланысты,  сонымен  қатар  бұл  специфика  білім  беру  процесінде 

көрсетілгендей, өлшеусіз деңгейдегі құбылыстар мен құрылымдарды зерттеуде де көрсетіледі. 

 

Кейінгі  жылдары  нанотехнологиялар  академиялық  ортада  өте  əйгілі  болды, 



сонымен қатар жоғары білім беру орталықтарында, яғни ол білікті кадрларда өткір қажеттіліктің 

кенеттен  пайда  болуымен  түсіндіріледі.  Қазіргі  заманғы  нанотехнологиялардың  негізін  білетін 

мамандарды  даярлау  білім  берудің  өзекті  міндеті  болып  отыр,  себебі  нанотехнологиялар XXI 

ғасыр технологиясы дамуының түйінді бағытын білдіреді. Ғылымның, техниканың, экономиканың 

түрлі  салаларында  нанотехнологиялар  қолданылуының  үлкен  өсу  əлеуеті  бар  жəне  өзінің  кеңдік 

мөлшеріне қарай өте көп мамандар санын талап етеді. 

 

Нанотехнологияларды  зерттеудің  түрлі  білім  беру  бағдарламаларында  əлемдік 



дөптелген  маңыздылығы  атап  өткен  процестің  əдістемелік  қамтамасыз  етудің  қажеттігін  талап 

етеді, бірақ  бүгінгі күнде методикалық əдебиеттерде қосу көлеміне, оқыту құралдарына қатысты 

айқын  ұсыныстар,  сондай-ақ  түрлі  білім  беру  бағдарламаларының  нанотехнологиялық 

курстарының ерекшеліктерін енгізудің ұсыныстары жоқ. 

Осындай ғылыми жетістіктеріміз көбейе берсін деген тілекпен, Қазақстандық ғалымдарға 

айтар бір сөзім бар: сəттілік. 

 

Қолданылған Интернет-ресурстар тізімі: 

 

1.



 

Уикипедия: 

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D0%B0%D0%BD%D0%BE%D1%82%D0%B5%D1%85%D0

%BD%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F 

2.

 

Массагет сайты:  http://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/321/ 



3.

 

Қазақша 



рефераттар 

сайты: 


http://referatikko.do.am/publ/kursty_zh_mystar/nanotekhnologijany_damu_tarikhy_zh_ne_ony_zhetistikt

eri/1-1-0-68 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


261 

 

100 НАҚТЫ ҚАДАМ ЖОСПАРЫ АЯСЫНДА БІЛІМ БЕРУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ 



ƏДІСТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ 

 

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ «Конституциялық жəне халықаралық құқық» 

кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к.,  доцент Божқараұлы А.Б., Қазтұтынуодағы Қарағанды 

Экономикалық университеті ЭҚҚР кафедрасының аға оқытушылары Ахтышхан Е.А., Хауия 

С.  

  

 

Қазіргі  таңда  елімізде  Мемлекет  басшысы  бастамашылық  жасаған «100 нақты  қадам» 



бағдарламасы  жүзеге  аса  бастады.  Жоспарды  орындау  университеттің  басты  міндеті  болып 

табылады.  Бұл «100 нақты  қадам»  жоспары  біздің  өміріміздің  барлық  сегментін  қамтиды. 

Мысалы:  экономика,  білім,  ғылым,  денсаулық,  мəдениет,  қоғамдық  жəне  саяси  қарым-қатынас, 

мемлекеттік  басқару,  біртектілік  пен  бірлік  жəне  т.б  əр  қадам – бұл  нақты  тəжірибелік 

Президенттің  жауапты  тапсырмасы.  Əрбір  Қазақстандық  маңызды 100 қадамды  өз  қызметімізде, 

жұмыс орнымызда, қоғамдық өмірімізде болсын жүзеге асыруға ат салысуымыз керек. «100 нақты 

қадам»  жоспарын  орындауда  оқу  орны  алдында  тұрған  нақты  міндеттер  мен  тапсырмалар  бар. 

Атап айтқанда: 

-Университетте  білім  беру  интеграциясын  дамыту  үшін  инновациялық  кластер,  ғылым, 

өндіріс  базасы  мен  зерттеу  аумағына  тиімді  ресурэкономикадағы  жетекші  технологияларды 

енгізу; 

-Білім  беру  жүйесінде – ЖОО-да  ағылшын  тілінде  оқытуға  кезең-кезеңмен  көшу.  Басты 

мақсаты – даярланатын  кадрлардың  бəсекелестік  қабілетін  арттыру  жəне  білім  беру  секторының 

экспорттық əлеуетін көтеру. [1]. 

Оқыту  əдістері – оқытудың  мақсат–міндеттеріне  сай,  оның  мазмұнын  студенттерге 

меңгертуде мұғалім мен студенттердің қолданатын амал–тəсілдері мен құралдарының жиынтығы 

деп  жалпы  тұжырым  жасауға  болады.  Оқытушы  оқыту  əдістерінің  көмегімен  студенттерге  білім 

беріп,  олардың  тəжірибелік  іс–əрекетін  ұйымдастыруда  өзінің  іс–əрекетін  студенттердің  таным 

əрекетіне басшылық етумен байланыстырады. 

Демек, оқыту əдісі – студенттерге білім беру жəне оларды дамыту мақсатында мұғалім мен 

студенттердің  бірлесіп  жасайтын  қызметі  мен  қарым–қатынасының  тəсіл–амалдары  ретінде 

қарастырылады. 

Оқыту  əдістері – оқытушы  мен  студенттердің  жұмыс  істеу  əдісі  ретінде  білім,  іскерлік, 

дағдыны  қалыптастырып,  студенттердің  дүние  танымдылығы  мен  қабілеттілігін  арттыруға 

көмектеседі. 

Оқыту  əдістері – мұғалім  мен  студенттердің  бірлесе  жасайтын  іс–əрекеті  немесе  мұғалім 

мен  студенттердің  өзара  іс–əрекетінің  барысында  білім  алу  жолдары  деп  тануға  болады.  Оқыту 

əдістері мұғалім мен студенттердің өзара əрекетінің негізінде білім, тəрбие жəне таным процесін 

жетілдіруге де өз үлесін қоса алады. 

Оқыту  əдістері  оқу-тəрбие  мақсаттарына  жетуге  бағытталған  мұғалім  мен  студенттердің 

өзара байланысты іс-əрекеттерінің тəсілдері жиынтығы ретінде де қызмет атқара алады. 

Бүгінгі  таңда  біздің  көптеген  оқытушылар  мəселелік  оқыту  жəне  жобалық  əдіс 

технологияларын  оқу  үдерісінде  кеңінен  пайдаланады.  Оқытушылар  арасында,  университеттік 

конференциялар мен семинарларда тəжірибе алмасу белсенді түрде жүргізілуде [2]. 

Жоғарыда  айтылған  оқыту  əдістері  бүгінгі  күні  де  даму  үстінде.  Қазір  оқытудың 

тиімділігін арттыру мақсатында оқытудың заманауи əдістеріне ерекше мəн беріледі. 

Заманауи оқыту əдістері дегеніміз студенттің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, 

оқыту  материалдарын  өз  бетімен  пайдалану  арқылы  танымдық  белсенділігін  арттыруға 

бағытталған студент мен оқытушының өзара бірлескен іс-əрекеті. 

Солардың  бірі  оқытудың  белсенді  əдістері  жоғары  оқу  орыны  оқытушыларының  негізгі 

күш-жігері  тəжірибелік  жолмен  жүзеге  асатын  танымдық  іс-əрекетті  белсендіру  əдіс-тəсілдерін 

іздестіруге бағытталған. 

Оқыту  үрдісінде  оқытушы  белсенділігінің  орнына  оқушы  белсенділігі  артуы  тиіс,  ал 

оқытушының  масаты – студенттердің  қабілеттерінің  шыңдалуына  жағдай  жасау.  Егер  студент 

ортасында,  біріншіден,  іс–  əрекет  үстінде  болатын  болса,  екіншіден,  танымды  үрдіске 

қатысушының бірі болған жағдайда оқыту интерактивті болып саналады. 

А.К.Жанабілова интерактивті əдістердің тиімділігін төменгідей тұжырымдайды: 


262 

 

-ойындар  студенттерді  инновациялық  іс–əрекетке  жетелейді,  өзін–өзі  тануына  түрткі 



жасайды; 

- жеке тұлғалық қасиеттерін дамытады; 

- өзін–өзі басқара білу, өз бетімен алдағы мақсатқа жетуіне көмектеседі; 

- алғырлық, тапқырлық, шапшандық қасиеттерін дамытады; 

- білімін тереңдетеді, толықтырады; 

- сөздік қоры жетіледі, əсіресе ауызекі тілдерін жетілдіреді; 

Қазіргі  кезде  қарым-қатынас  үрдісіне  негізделген  оқыту – интерактивті  оқытуға  үлкен 

көңіл бөлінуде. Оқыту үрдісі тиімді болу үшін қарым-қатынастың үш жағы да қатысуы керек: 1) 

ақпараттық ( ақпараттың  берілуі  жəне  сақталуы); 2) интерактивті  (біріккен  іс-əрекетте  өзара 

əсердің ұйымдастырылуы); 3) перцептивті (адамның басқа адамды қабылдауы жəне түсінуі). [3] 

Интерактивті («Inter» – бұл  өзара, «act» – əрекет  жасау) – əлде  кіммен  əңгімелесу, 

сұхбаттасу,  өзра  əрекет  жасауды  білдіреді.  Интерактивті  жəне  активті  əдістердің  жалпы 

ұқсастықтары  көп.  Интерактивті  əдістердің  белсенді  əдістерден  ерекшелігі,  оқыту  үрдісінде 

белсенді студенттердің бір-бірімен басым болуы, оқытушылар ғана емес білім алушылардың өзара 

əрекеттесулеріне көбірек бағытталған. 

а) белсенді 

б) интерактивті 

Жалпы интерактивті əдісті заманауи белсенді əдістердің бірі ретінде қарастыруға болады. 

Интерактивті  əдістерге  келесі  түрлерін  жатқызуға  болады:  пікір  талас,  эвристикалық 

əңгіме, «миға  шабуыл»,  рөлдік, «іскерлік»  ойындар,  тренингтер,  кейс-əдіс,  жобалар  əдісі, 

көрнекілік мəліметтермен топтық жұмыс, бейне фильмдерді талқылау жəне т.б. 

Негізгі  құзіреттіліктерін  қалыптастыру  көзқарасы  бойынша,  жаратылыстану-ғылыми 

пəндерді оқыту кезінде интерактивті əдістер ең маңыздысы болып табылады. 

1. Жобалар əдісі. Қазіргі заманауи педагогикалық технологиялар арасында білім алушылар 

жобалық  іс-əрекеттері  негізгі  құзіреттіліктерін  қалыптастыруда  білім  алу-ең  маңызды  адекватты 

мақсат болып табылады. 

Жобалар  əдісі  жеке  дамып  келе  жатқан  дамушы  технологиялар  ретінде,  əсіресе  жеке  іс-

əрекеттердің  нəтижелерін  бағалау  жəне  жобалай  алу,  мəселелерді  табу  жəне  шешу,  өз  бетінше 

ойлай  білуге,  шығармашылық  бастамалары,  білім  алушылардың  танымдық  дағдыларын  дамыту 

негізін  жатқызуға  болады.  Жобалар  əдісі  білім  алушылардың  өз  бетінше  іс-əрекеттеріне,  əсіресе 

белгілі уақыт аралығында жеке, жұптық, топтық орындайтын іс-əрекеттеріне үнемі бағытталған. 

2. Кейс-əдіс.Кейс-əдіс (Case study) – экономикалық, əлеуметтік, тұрмыстық немесе басқа да 

күрделі жағдайлардың сипаттамаларында қолданылатын білім берудің техникасы. Білім алушылар 

кейспен  жұмыс  жасау  кезінде  болашақ  мамандықтарына  байланысты  іздеу,  əртүрлі  білім 

салаларында  қосымша  ақпараттарды  талдау  жұмыстарын  жүзеге  асырады.  Кейс  əдісті  басқа 

техникаларға  қарағанда  құрамына  өзге  күрделі  емес  таным  əдістері  кіретінін  көрсетуге  болады. 

Оған  кіреді:  моделдеу,  жүйелік  талдау,  күрделі  əдіс,  ой  тəжірибесі,  сипаттау  əдістері, 

классификациялары, пікір талас, ойын əдістері жəне т.б. 

3. Зерттеу əдістері. Зерттеу əдісі кезінде білім алушылардан ең жоғарғы толық дербестікті 

талап  етеді.  Дегенмен,  пəнді  оқытудың  алғашқы  кезінде,  оқытушының  белсенді  қатысуымен 

эвристикалық əдістерді топтағы əртүрлі дейгейдегі білім алушыларға қолданатынын ескеру қажет. 

Эвристикалық  əдістерге  білім  алушылардың  жаңа  білімді  өз  бетінше  іздеу  мақсатында 

жүргізілетін əңгімелер, зертханалық жұмыс тапсырмалары жатады. Іс-əрекеттің бұл түрі ұжымдық 

талқылау  жоспарынан  кейінгі  білім  алушылардың  өз  бетімен  оқытушының  нұсқауынсыз 

тəжірибелік тапсырмаларды орындайтынын болжайды. 

4.  Пікір  таластар.  Оқу  пікір  таластары  білім  алушылардың  тəртіп  бойынша  немесе  өз 

пікірлерін, ойларын, оқу мəселесі бойынша жорамалдарын өзара алмастыратынын көрсетеді. Пікір 

таластар  субьектілердің  өзара  əрекеттесу  формасы  ретінде  мамандандырылған  білім 

мекемелерінде оқытушылардың тəжірибелік қызметінде соңғы уақытта қолданысқа көп ие.  

5.  Ойын  əдістері.  Ойын-  əсіресе  ересектер  мен  балаларға  тəн  іс-əрекет  түрі,  сондықтан 

білім  үрдісінде  бұл  іс-əрекет  түрін  пайдалану  ертеректен  белгілі,  дегенмен  жаратылыстану 

ғылымдарының негізін тануда еріксіз қызығушылығын арттыруы мүмкін, əсіресе іс-əрекеттің бұл 

түрін  қолдану  маңызды  болып  отыр.  Ойынның  іскерлік,  еліктеушілік,  рөлдік  əртүрлі  түрлерін 

пайдаланып,  білім  үрдісінде  пəндік  ағымында  əртүрлілікті  енгізуде  оқу  мəселесін  шешуде 

берілген  пəнді  оқытуда  жағымды  мотивацияларын  қалыптастырады.  Ойын  білім  үрдісінде  білім 

алушылардың белсенділін жігерлендіреді жəне тіпті ең пассивтілерді тартады. 



263 

 

6. «Миға шабуыл» əдісі. Берілген əдіс, күрделі мəселелерді шешу бойынша ой туындауға 



бағытталған,  күрделі  тапсырмаларға  пікір  таластар  ұйымдастыру  барысында  қойылған 

тапсырмаларды  бірігіп  шешу  үрдісіне  негізделген.  Тапсырмада  пəнаралық  сұрақ  немесе  кəсіби 

маңызы бар тапсырма болуы мүмкін. «Миға шабуыл» əдісі білім алушылардың жоғарғы белсенді 

санының  тартылып  қатысуына  мүмкін  береді.  Берілген  əдісті  сабақтың  əртүрлі  кезеңдерінде 

қолдануға:  жаңа  білімді  енгізу  үшін,  білімдерін  аралық  бақылауда  сапалы  меңгеруге,  алған 

білімдерін шыңдауға 

мүмкіндік береді [4]. 

Қарастырылған интерактивті əдістерде құзіреттіліктерін қалыптастыру үшін жоғары кəсіби 

білім,  алғашқы  сондай-ақ,  орта  кəсіби  білім  беретін  мекемелерде  əртүрлі  пəндерді  оқыту 

барысында қолданылуы мүмкін. Интерактивті əдістер қазіргі білім беру үрдісінде кең қолданысқа 

ие болып отыр. Бұл əдістерді жан-жақты меңгерген маман, сонымен қатар əртүрлі болашақ маман 

иелері жəне қазіргі білім алушылар үшін өте маңызды. Интерактивті əдістерді меңгеру барысында 

негізгі құзіреттіліктерін шыңдап, дамытып қазіргі заман талабына сай бəсекеге қабілетті еліміздің 

дамуына үлес қосатын маман болып шығуына мүмкіндік береді. 

 

Пайдаланылған əдебиеттер тізімі: 

 

1.  Ұлт  жоспары - Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  бес  институционалдық 



реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам. 20 Мамыр 2015.//www.akorda.kz 

2. Аяпбергенов С. Қазіргі білім беру үрдісіндегі оқыту əдістерін қолдану ерекшеліктері. – 

Астана, 2013. 

3.  А.К.Жанабілова  «Ұлттық  білім  беру  жүйесінің  міндеттері  жəне  бағыттары» – Алматы, 

2012. 

4.  Абтикалыков  Н.Б. «Педагогикалық  пəндерді  оқытуда  инновациялық  технологияларды 



пайдалану». Қызылорда, 2014. 

 

 



 

ДАМУЫНДА АУЫТҚУЫ БАР БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ БЕРУ 

 

  Меделханова Л.А.,Ахметбекова Қ.Т. 

 «Үміт» оңалту орталығы» КММ 

 

           



Ұрпақ тəрбиесі- келешек қоғам тəрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген 

ақыл-парасаты  мол,  мəдени,ғылыми,  өрісі  озық  етіп  тəрбиелеу-  біздің  де  қоғам  алындағы 

борышымыз. Бұл жөнінде елбасының «Қазақстан жолы-2050: Бір маөста, бір мүдде, бір болашақ» 

атты  Қазақстан  халқына  жолдауында  мектепке  дейінгі  білім  беруді  дамытуға  баса  назар 

аударылады.[1]Қазақстан  Республикасының  «Білім  беру  туралы  заңының» 8-бап(2п)  жеке 

адамның  шығармашылық,  руханижəне  дене  мүмкіндіктерін  дамыту,  адамгершілік  пен  салауатты 

өмір  салтының  берік  негіздерін  қалыптастыру  білім  беру  жүйесінің  басты  міндеттері  деп 

көрсетілген. 

             Олай  болса  егеменді  еліміздің  қоғамдық-саяси  əлеуметтік  бетбұрысына  қарай 

болашақ  ұрпақты  тəрбиелеуде  шығармашылық  тұлғаны  дайындау  мектепке  дейінгі  ұйымнан 

басталады. Қазіргі уақытта алдыңғы қатарлы  елдерде бала  бойындағы шағармашылық,икемділік, 

ерекеше  ойлау,  шексіз  қиялдау  жəне  күтпеген  ерекше  сезімдерді  қабылдау  сияқты  қасиеттерді 

тəрбиелеуге негізгі көңіл бөлініп отыр.Баланың бойындағы шығармашылық қасиеттерді дамытуда 

бейнелеу  өнерінің  дəстүрден  тыс  түрлері  өз  ықпалын  тигізеді.  Ол  көркемдік  шығармашылық 

əрекетінің 

негізі 


жəне 

оның 


дамуы 

болып 


табылады. 

Шығармашылық 

үрдіске 

көкейкөз,қиял,сонымен  қатар  тұлғаның  мүмкіншілікерін  ашуға  деген  қажеттілік  маңызы  рөл 

атқырады.  Сондықтан  үй  жағыдайында  да  ,мектепте  де,шығрмашылық  əрекетіне  кең  көлемді 

жағыдай  туғызу  керек.  Дамуында  ауытқуы  бар  балалардың  ең  сүйікті  əрекеттері  сурет  салу, 

мүсіндеу,  бейнелеу  өнері  болып  табылад.  Бірақ  суретті  қарындашпен,  қылқаламмен  ғана  емес, 

өзінің  сүйікті  ісіне  олар  өзге  заттарды  пайдаланады.  Мысалы:  алақан  ,саусақ,  əр  түрлі 

таяқшалармен,жіптермен, далаппен сурет салуды қызық көреді. 


264 

 

 Дамуында  ауытқуы  бар  балаларды  оқыту  жəне  жетілдіру  жəне  меңгерудегі  іс-əрекет 



дағдыларын еңбекке жəне өмірге тəрбиелеудегі негізгі құрал мақсаттық процес болып табылады. 

Дамуында  ауытқуы  бар  балалардың  көркемдік  талғамын  дамыта  отырып,  ою-өрнектердің 

мағынасын  түсіне  білу.  Қазақтың  ұлттық  ою-өрнегі - қазақ  жерін  мекендеген  көшпелі  тайпалар 

өнері əсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою-өрнек түрлері.Қазақтың 

алғашқы ою-өрнек үлгілері Андронов мəдениеті мен байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері мұраларынан 

геометриялық,  зооморфтық  (жан-жануарлардың  табиғи  жəне  фантастикалық  бейнелері),  көгеріс 

өрнек пен қиял-ғажайып ою-өрнектер (аспанның, жердің символы) ретінде кездеседі. .[2] 

Олар негізінен малгершілік, саятшылық, əдет-ғұрып, үй іші жабдықтары мен сəн-салтанат 

бұйымдарын,  батырлық  қару-құралдарын  əсемдеуге  қолданылған.  Тартымды  жасалып,  биязы 

көркемделген өнердің көне мұралары (алтын тəтілер, ағаштан, қыштан, өнделген теріден жасалған 

ыдыстар, түкті кілемдер мен кестелі заттар т.б.) 

Өсімдік сипатты ою-өрнектер 

Қазақ  оюы,  қазақтың  ою-өрнегі - үй  жиһаздарын,  сəндік,  тұрмыстық  бұйымдар  мен 

киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Жаппай дамыған кезеңде (19 ғасырдан 

кейін) қазақтардың үй жиһаздарын əшекейлеуге кең көлемде қолданған ою-өрнектерді, негізінен: 

зооморфтық, өсімдік сипатты, мүйізіне, тынрағына, мойынына, табанына, т.б. мүшесіне ұқсас ою-

өрнектер  халық  арасында  кең  тараған.  Ұсақ  аңдардың  табандарының  іздері  жүкаяқ,  кебеже, 

асадалдың  көрнекті  жерлеріне  салынған.  Сонымен  қатар  бұл  өрнек  түрін  үй  жиһаздарының 

жиектерінен, бұрыштарынан кездестіруге болады. .[3] 

Үй жиһаздарында кең пайдаланатын Қазақ оюының келесі бір түрі - өсімдік сипатты ою-

өрнектер.  Олар  тұрмыстағы  ағаш  бұйымдарда  жиі  кездеседі.  Жалпы  өсімдік  өрнегінің  жапырақ, 

гүл,  сабақша,  өткізбе,  шиыршық,  тамыр  түрінде  жəне  жаңадан  ашылып  келе  жатқан  жауқазын 

бейнесінде  ұшырасады.  Өсімдік  сипатты  ою-өрнек,  көбінесе,  кебеже  мен  жүкаяқтардың, 

əбдірелердің беттерінде тігінен де, көлденеңінен де бедерленеді. Ал асадалдарда бұл ою-өрнектер 

бір-бірімен сабақтасып, тұтасқан түрінде беріліп отырады. Өсімдіктер ағаш бұйымдарда шебердің 

талғамына  қарай əр  қилы  көрініс  табады. Шебер оны  өз талғамына  орай жеке  детоптастырып  та 

пайдаланған.  Сондай-ақ  ағаш  бұйымдарда  өсімдік  белгілері  сабақтастырылған,  шиыршықталған 

күйінде немесе шеңбер түрінде бедерленген. Бұл ою-өрнектің арасындағы бүгінде кең таралғаны 

ағаш  сұлбасының  абстракциялық  түрдегі  бейнесі.  Аталған  ою-өрнектің  арасындағы  келесі  кең 

таралғаны - жапырақ  тектес  түрі.  Жапырақтың,  əсіресе,  дара  жəне  топтасқан  бейнелері  көп 

қолданыс тапқан. 

Геометриялық ою-өрнектер 

Үй  жиһаздарында  геометриялық  ою-өрнек  түрі  жиі  кездеседі.  Ол  барлық  дерлік 

бұйымдарда  орын  алады,  көбінесе,  жалпы  композисия  құру  барысында  негізгі  күрделі  ою-

өрнектерді жалғастырушы, толықтырушы рөлін атқарады. Кейде əр қилы орындалған сызықшалар 

40-50  көлбеу  орналасса,  бір  тұстарда  қосарласа  тартылады.  Ол  үй  жиһазының  жиетеріне, 

бүйірлеріне,  қапталдарына  нақышталады.  Көбінесе,  кебеже,  əбдіренің  орта  тұсында  шеңбер, 

сызық түрінде бедерленеді. Сондай-ақ үй бұйымдарында геометриялық ою-өрнектердің үшбұрыш, 

төртбұрыш, сүйірбұрыш, айқышты, сопақша түрлері де кездеседі. 

Қазақ  жиһаздарында  космогониялық    ою-өрнек  те  кең  таралған.  Ол  кебеже  мен  əбдіре 

бетінің дəл ортасында, көбінесе, күн бейнесінде бейнеленіп, айналасына ұсақ жұлдызшалар, бұлт, 

толқын  салынады.  Ағаш  бұйымдарда  космогониялық  ою-өрнектердің  "жұлдыз", "шұғыла", 

"төртқұлақ", "бітпес","шимай"  деп  аталатын  түрлері  кеңнен  қолданған.  Аталған  ою-өрнектер 

негізінен,  ағаш  бұйымдарында  бірнеше  рет  қайталанып,  ырғақ  зандылығымен  орындалады. 

Космогониялық  ою-өрнектер  үй  жиһаздарының  орта  тұсында  жəне  жиектерінде  бедерленген. 

Мəселен, күн бейнесі, оның шұғыласы ағаш бұйымдарының ортасына шеңбер түрінде бедерленсе, 

ай  бейнесі  көбінесе  қыз  жасауларында  жаңа  ай  күйінде  өрнектеледі.  Ал  толқын  тəріздес 

шумақталған  бұлт  бейнесінің  сыртқы  пішінін  бұйымдардың  жиектерінде  беріледі.  Ағаш 

бұйымдарында  көрініс  дамығандығын  аңғартады.  Ою-өрнектердің  түрлері.  Өрнектердің  түстері 

мен бояулары. Ою-өрнектердің түрлері. Өрнектердің түстері мен бояулары. Ою-өрнек ісі тым ерте 

заманан бастап-ақ қолөнерінің барлық түрлеріне бірдей ортақ əсемдеп əшекейлеудің негізі болып 

келеді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нəрсені ойып, 

кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нəрсенің бетіне ойып бедер 

түсіру деген мағына жатады. Ал өрнек дегеніміз əр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, 

бояп,  батырып,  қалыптап,  істеген  көркемдік  түрлердің,  əшекейлердің  ортаң  атауы  іспеттес. 

Сондықтан  көбінесе  ою-өрнек  деп  қосарланып  айтыла  береді.  Ертедегі  қазақ  оюларын  мазмұны 



265 

 

жағынан  іріктесек,  негізінен 3 түрлі  ұғымды  бейнелейді.  Олар:  біріншіден,  мал  өсіру  мен 



аңшылықты, екіншіден, жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін 

əр  түрлі  заттардың  сыртқы  бейнесін  береді.  Шеберлер  іске  беріліп,  жұмыс  əдісіне  төселе  келе 

мұндай адамдарды "оюшы" деп атады. Əрбір елде, əрбір руда атағы шыққан таңдаулы оюшылар 

болды. Ондайлар өз өнерінің тамаша үлгісін өзінің руына, маңайындағы елдерге тартып отырады. 

Осы  ою-өрнектердің  көп  қолданылатындарына,  сондықтан  да  халық  шеберлерінің  көпшілігіне 

белгілі атауларының кейбір түрлеріне əдейі тоқтап өтейік. 

Ою-өрнектің түрлері 

1. "Мүйіз" - қазақ  оюының  ең  көне  мəнері.  Ою-өрнектің  бұл  элементі  мүйізді  мегзеуден 

шыққан. "Мүйіз" ою-өрнек кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, сияқты 

нəзік қолөнер саласында қолданылады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сəулет өнерінде 

сан  түрлі  мəнерде  қолданылады.  Мүйіз  элементтері  "аймүйіз", "қосмүйіз", "сыңармүйіз", 

"сынақмүйіз", "қырықмүйіз", "маралмүйіз", "еркешмүйіз", "қошқармүйіз"  т.б.  түрлерге  бөлінеді. 

"Мүйіз"  өрнегі  үй  жиһаздарында  (кілем,  сырмақ,  текемет,  алаша,  көрпе,  түскиіз,  шымши), 

тұрмыстық  заттарда  (саба,  шанаш,  күбі,  оқшантай,  торсық,  сандық  т.б.),  сондай-ақ  қару-

жарақтарда  (қынап,  оқшантай,  торсық,  садақ),  киім-кешек,  ат  əбзелдерінде  (ертоқым,  айыл) 

қолданылады, жалпы бұл элементтің қолданбайтын жері жоқ десе де болады. 

2. "Қошқармүйіз"  ою-өрнегі  қойдың  төбесі  мен  екі  жаққа  иіріле  түскен  мүйіз  бейнесінде 

келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тəрізді екі буын 

шығып  тұрады.  Одан  байқаған  адамға  қошқардың  тұмсық  бейнесі  аңғарылады  Текемет,  сырмақ, 

басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі. 

Кейізден  жасалған  бұйымдарда  бұл  ою  түсті  шүберектермен  ойылып,  құрақ,  яғыни 

аппликациялық өрнек түрінде де тігіледі. 

3."Өркеш"  ою  өрнегі  түйенің  қос  өркешін  бейнелейді.  Сырмақ,  текемет,  тұскейіздерге 

салынатын ою-өрнек композициясында көбірек кездесетін элемент. Қазақ оюында малмен аңның 

қосмүйізін, түйенің қос өркешін, биенің қос емшегін бейнелеу тек симметриялық тепе-теңдік үшін 

ғана емес, сонымен қатар береке-бірліктің, көбейудің символын білдіреді.  

4."Гүл" ою-өрнегі гүл өсімдігінің барлық түрлерін тұспалдап тұрады. Бұл өрнетің түрі үш 

жапырақты  ою-өрнетен  басталып,  он  екі  жапырақты  ою-өрнекке  дейін  қолөнер  бұйымдарында 

кездеседі. Кесте тоқуда жəне киім-кешектердің жағасына, қалтасына, жиектеріне салады.  

5. "Түйетабан"  ою-өрнегі  түйенің  басқан  ізін  долбарлайтын  күрделі  ою-өрнек.  Ол  кейде 

"карта", "қарға", "қызылайыр" ою-өрнегіне ұқсайды. Қатар тұрған S тəрізді екі сызық қатарласып 

қосылмайды, түйенің табанына ұқсас екі жарты сопақша дөңгеленіп келетін ою.  

6. "Тарақ"  үлгідегі  өрнек  күнделікті  тұрмыста  пайдаланылып  жүрген  шаш  тарайтын 

тараққа ұқсайды. Бұл өрнек нақышына келтіріліп алаша, басқұрларда қолданылады. 

 7.  "Суөрнегі"деп  əрбір  өрнекті  бөліп  тұрған  жолақты  айтады.  Суөрнегі  екі  қатар  сызық 

аралығында  ирек  сызық  арқылы  дөңгелек,  төртбұрыш  бейнелерді  жасайды.  Бұл  ою-өрнекті 

"бессаусақ", кейде "бескүл" деп те атайды.  

8. "Ботакөз"  ою-өрнегі  əшекейлі  композицияның  ортасына  салынатын  немесе  бірнеше 

қайталанып келіп, шетін көмкеретін жиектеме түзейтін ою.  

 9. 


"Жылан", "жыланбас"  ою-өрнегі  балалардың  тақиясына  "көз  тимесін"  деп 

тағатын, жыланың бас сүйегіне ұқсас ою-өрнек. 

 10.  "Құсқанат"  ою-өрнегі  мүйіз  оюы  мен  не  шахмат  шақпақтарының  ізімен  бейнеленген 

құстың  қанаты  тəріздес  ою-өрнек.  Ал  бұйымдарда  көп  қолданылатын  бұл  ою  қанатын  жайып, 

ұшып келе жатқан құсты тұспалдайды. 

11. "Ирек", "ирексу"  өрнектері  кейде  түзу  сызықтардың  сынықтары,  кейде  доғал 

сызықтардың  ұштасуы  арқылы  жасалады.  Ондай  сызықтар  бірнеше  қатар  сызықтар  түрінде 

қатарласа  келеді.  Бұл  өрнек  бешпент,  камзол,  шапан,  тақияның  жиегіне  орнатылады.  Зергерлік 

бұйымдарда көбірек кездеседі. 

12. "Қос  дөңгелек"  ою-өрнегі  мал  таңбасына  ұқсайды  "қос  дөңгелек"  өрнегімен  негізінен 

кейіз бұйымдарын, текеметтерді, сырмақтарды əшекейлейді. .[4] 

Қазақтың  ою-өрнегі  арқылы  көркемдік  шығармашылық  əрекеті,  бейнелеу  өнерінің 

дəстүрден  тыс  түрлері  баланың  шығармашылық  қабілеттілігін,  қиялдаумен  ойлауын, 

жауапкершілігін, өз пікірін ашық айтуын, дербестігін- барлық қасиеттерінің ашылу мен дамуына 

септігін тигізеді. Дəл осы қасиеттер балаланың болашақ өмірігдегі жетістік формуласының негізі 

болып  табылады.Қазақ  халқының  өзіне  тəн  ұлттық  ерекшеліктерінің  бірі  ұлттық  ою-өрнектері. 

Ою-өрнек  күнделікті  өмерде  біз  пайдаланып  жүрген  заттарды  көп  кездеседі.  Олар  ұрпақтан-


266 

 

ұрпаққа  тарап  жалғасып  келеді.  Ою-өрнек  сəндік,  көркемдік,  тазалық,  нəзіктік,  сұлулық, 



ақылдылық, ептілік, дəлдікке баулиды, тəрбиелейді. Ою-өрнек салған адамның жүрегі, жаны нəзік 

болады. Ою-өрнекті адамдар өзін қоршаған дүниеден алады.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет