ҚАЗАҚСТАН ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ КІРУ ТУРИЗМІНЕ ӘСЕРІ
ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ
Оспанов Б.Р.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті
Қарағанды қ, Қазақстан Республикасы
e-mail:
baur.balkhash@mail.ru
Ғылыми жетекші: э.ғ.м., аға оқытушы Усенова Д.М.
Бүгінгі таңда туризм индустриясы дамыған және дамушы елдер
экономикасында маңызды орынға ие болып отыр. Себебі қазіргі кезде
нарықтық экономиканың талаптарына сай мемлекеттің экономикалық деңгейін
көтеруде, қызмет көрсету нарығы жедел дамуда. Қазақстан Республикасында
94
аталған сала бойынша қарқынды дамудың үлгісі ретінде, туризм индустриясын
қарастыруға болады.
Туризм ішкі экономиканың маңызды сегменті бола тұра,
«көрінбейтін» экпорт спецификасына ие. Өнімдері тұтынушыға
жеткізілетін
шаруашылықтың
басқа
салаларынан
туризмнің
айырмашылығы рекреациялық ресурстар жинақталған орындарға (демалу,
күш жинау үшін қажет орындарға) адамдарды тартуында. Туризмнің
көрінер ерекшелігі – халық шаруашылығының басқа салалары: көлік,
сауда, байланыс, ауылшаруашылықтың дамуына ықпал ететін оның
ауқымды әсері.
Туризмнің инфрақұрылымы – жолдың, байланыс құралдарының және
туристердің туристік ресурстарға дұрыс енуін қамтамасыз ететін
инженерлік және коммуникациялық желілердің құрылыс кешені.
Дүниежүзілiк экономикалық дағдарыс туристiк саланың дамуына да кері
ықпалын тигізгенін атап өту керек. Туристiк салада көрсетілген қызметтердiң
жалпы көлемi 0,4%-ға азайып, 65 761,9 млн. теңгені құрады, сатылған
жолдамалар құны 19 281, 6 млн. теңгені құрады (13,9%-ға артты) (1 кесте). [2]
1 кесте
Келу туризмі бойынша қызмет көрсетілген туристер саны
2009
2010
2011
2012
2013 2013/2009
Келу туризмі, мың адам
4365,0
4706,7
5310,6
4721,5
4329,8
99,19%
оның ішінде
Туристік ұйымдарымен
39,9
56,3
62,2
38,0
31,3
78,44%
Орналастыру
объектілерімен
264,2
351,4
579,0
580,7
513,6
194,4%
Санаторий-курорттық
мекемелерімен
69,0
95,5
90,8
126,1
65,1
94,34%
Айрықша қорғалатын
табиғи аумақтарымен
130,4
173,6
168,2
179,5
153,9
118,02%
Мәдени мекемелерімен
828,6
1304,1
1355,1
1121,4
1325,3
159,94%
Жалпы қызмет көрсе-
тілген келушілер саны
10649,0
11889,6
13787,6
14218,2
14799,4
138,97%
2009-2013 жылдары елімізге келермендер санының тұрақты өсуі
байқалады. Келушілерге қызмет көрсетуде мәдениет мекемелері бірінші орында
тұр. Оларға мұражайлар, археологиялық қазба орындары, кітапханалар, көне
қалалар, театрлар, сарайларды және т.б. жатқызуға болады. Бұл кәсіпорындарға
2013 жылы шетелдік келушілердің 30,6 % тиесілі. Бұл көрсеткіш жылдан жылға
артып келеді (2009 жылы 19,9 %, 2010 жылы 27,7 %, 2011 жылы 25,5%, 2012
жылы 23,7 %).
2 кесте мәліметтеріне сүйенсек шетел туристерінің арасындағы көлік
түрінің ең танымалы – әуе көлігі болып табылады. 2009 жылы келермен
туристер тасымалының 86,6%-зы осыған тиесілі [1].
95
2 кесте
Келуші туристердің (резидент емес) қолданатын көлік құралдары
2009
2010
2011
2012
2013
2013/2009
әуе көлігі
34545
51204
58596
34302
29863
86,4%
темір жол көлігі
3979
3930
2571
1488
180
4,5%
автобус
614
860
452
1367
162
26,4%
су көлігі
-
-
-
-
-
-
басқа да құрлық көлігі
734
209
498
780
1041
141,8%
Келуші туристердің
саны(резидент емес)
39872
56203
62117
37937
31246
78,3%
Келесі орынға темір жол көлігі ие (10 %). Автобус көлігі туристердің 1,5
%-зын тасымалдады. 2010 жылы әуе көлігінің үлесі одан сайын артты – 91,1 %,
темір жолының үлесі жалпы келермендер тасымалында айтарлықтай өзгерген
жоқ – 3930 турист (7 %,), автобустардың үлесі өзгерген жоқ (1,5 %). 2011 жыл
шетел туристер санының ең көп болуымен сипатталады. Осы жылы келуші
туристерінің саны 2009 жылмен салыстырғанда 55,8 %-ға өсті. Туристер
тасымалдауда әуе көлігі көш басында – 94,3 %, темір жол және автобус
көлігінің тасымалы азайды тиісінше – 4,1 % және 0,7 %. 2012 жылы ғаламдық
экономикалық дағдарыс салдарынан келуші туристердің, сәйкесінше, көлік
тасымалының көлемі азайған. Туристер ағымы 2011 жылмен салыстырғанда 39
%-ға қысқарды. Келуші туристердің 90,4 %-зы әуе көлігімен, 3,9 %-зы темір
жол көлігімен , 3,6 %-зы автобустармен, 2 %-зы басқа құрлықтық көлікпен
тасымалданды. 2013 жылы туристер ағымының төмендеу тенденциясы
жалғасуда, 2012 жылмен салыстырғанда 17,8 %-ға, 2011 жылмен
салыстырғанда 49,7 %-ға қысқарған. Бұл жылы әуе көлігінің үлесі 95,5 %,темір
жол көлігінің үлесі 0,5 %, автобус көлігінің үлесі 0,5 %, өзге де құрлық
көлігімен 3,3 % тасымалданды [1].
Туризм индустриясы – мейманханалар, көлік құралдар, қоғамдық
тамақтану
орындар, ойын-сауық, танымдық, іскерлік, сауықтыру,
туроператор және турагенттер қызметін іске асыратын объектілер, және
де
гид-аудармашылар
қызметі
мен
экскурсиялық
қызметті
ұйымдастыратын мекемелер жиынтығы.
Одан басқа, туризм ХХ ғасырдың феномены ретінде қоғамдық
миссияны атқарады, яғни елдің демалысын және сауықтандыруын
қамтамасыз етеді. Туризм адам құндылығына, мәдени мұраға, рухани
сауықтандыруға, коммуникация құралдарына, адам арасындағы қарым-
қатынасқа ықпал ете алатын құрал болып табылады.
Экономика мен туризм бір-бірімен тығыз әрекетте. Экономиканың
туризмге әсері ерекшеленеді және керісінше – туризмнің жалпы экономикаға
әсерімен ерекшеленеді.
Жалпы экономикалық факторлар туризмге оң және теріс әсер етуі мүмкін.
96
Туризмге оң әсер етуші факторлар мыналар:
- нақты кірістің артуы;
- кірісті неғұрлым тең бөлу;
- валютаның қалыпты жағдайда болуы;
Туризмге теріс әсер етуші факторлар:
- экономикалық тығырықты жағдай;
- өндірістің құлдырауы (жұмыссыздықтың артуы, еңбекақының қысқаруы,
уақытша жұмыс);
- валютаның тұрақсыз жағдайда болуы.
Нақты кірістің көлемі туристік қызметтің сұрынасына әсер етеді. Нақты
кіріс өскенде тұтынушылардың қолында көп қаржы болады. Егер ақша өмір
сүру жағдайынан көп болса, онда саяхатқа деген сұраныс артады.
Кірісті бөлу де туризмге әсер етеді. Кіріс тең бөлінген сайын онда көп
адамдар саяхатқа шыға алатын болады. Осы өзара байланысты ХІХ ғасырда
және ХХ ғасырдың басында-ақ аңғарған болаты [2].
Экономиканың туризмге әсерінен гөрі туризмнің экономикаға әсерінің
көптігін қарастырамыз. Осыған байланысты туримнің бес функциясын бөліп
қарауға болады.
Өндірістік функция. Кәсіпорындар өндірістік қызметті еңбек, жер, капитал
факторлары пайдаланғанда ғана қолдана алады. Өндірістік факторларды
комбинирлеу барысынды жаңа өнімді шығаруға қосымша құн салынады. Бұл
процесті құндылықты жинақтау деп атайды. Туристік салада жұмыс істейтін
кәсіпорындар жаңа өнімдер шығарып құндылықтың жинақталуына ықпал етеді.
Кірісті құру функциясы. Жұмыс істеген адам өз қызметінен кіріс алады.
Туризмнің функциясына кіріс кіргізу де енеді. Экономикалық терминологияны
қолдана отырып, туризм ұлттық валютаны құруға үлес қосады деп айтуға
болады. Ол ең бірінші туризмде жұмыс істеп жүрген барлық адамдарға
қатысты. Бұл жерде туризмнің тура эффектісі туралы айтылып отыр.
Қосымша, туристік кәсіпорында алынған әрбір тенге кәсіпорынның
есебінен тағы да кететінін айта кету керек. Сонмен, жаңа кірістер туындайды ол
үшінші жақтан, егер осы үшінші жақ туристік кәсіпорынға қандайда бір тауар
жеткізуші болатын болса, онда туризмдегі жанама кірісті құру туралы айтуға
болады. Мысалы, қонақ үйдің менеджері наубайшымен осындағы қонақтарға
қажетті нан жеткізу бойынша келісімге отырады. Бұл жерде наубайшы өзінің
кірісінің жартысын туристік саламен қызметтесу арқылы алады.
Аймақтық аспектіде туризмнің мына экономикалық функциясы маңызды
рөл ойнайды - теңдеу (сглаживание) функциясы, ол туризмнің аймақтың осал
жерлерінің дамуына ықпал етуі. Туристер әсіресе өндірісі аз дамыған аймақтар
қызықтырады. Онда көбіне ауыл шаруашылық дамыған.Жергілікті тұрғындар
үшін туризм кірістің маңызды көзі болады: олардың өндірісі дамыған
аймақтардағылармен кірісін теңестіруге әсер етеді.
Туризмдегі теңдеу функциясы халықаралық маңызы бар. Бұл жерде
ауылшаруашылығында да осылай болады. Кішкене аралдағы мемлекетті
алатын болсақ ондағы адамдар ауыл шаруашылықпен балық аулау арқылы өмір
сүреді. Бұл жерде туризмнің экономикалық маңызы зор екені белгілі, туристер
97
жергілікті жердің тауары мен қызметін пайдаланады. Бұл жағдайда туризм ел
табысын индустриалдық және ауылшаруашылықтық түрде қайта бөледі.
Туризмнің соңғы экономикалық функциясы – төлемдік балансты
нивелирлеу. Ауыл шаруашылығында төлемдік баланыс бар. Қызметтің
балансын құрайтын ел ішінде саяхаттау болмақ. Бұл баланста жергілікті жердің
шығыны шетел туристерінің тауар мен қызметтен алған кіріске қарама-қарсы
қойылады [3].
Туризм әр елдің төлемдік баланысына әр түрлі әсер етеді. Саяхаттың
балансы дефицит болып табылады қазақстандықтар шетелге Қазақстанға келген
шетелдіктерден көп ақша шығарады.
Сонымен, туризмнің ауылшаруашылықтық мағынасы мына факторлар
арқылы анықталады: өндірістік функция арқылы (өндіру); тұрғындардың
еңбекпен қамтылуына ықпал ету; кірісті жинау функциясы (кірісті арттыру
эффектісі); реттеу және төлемдік балансты теңестіру.
Туризм индустриясының негізгі компоненттерінің сипаты.
Тасымалдау индустриясы- туристерге тасымалдау қызметін көрсететін
көліктік кәсіпорындардың барлық түрлерін: авиакомпания, автокөлік
кәсіпорындары, теміржол компаниялары және желілері, теплоходтар және
круиздік компанияларды біріктіреді. Тасымалдау жүйесі, техникалық прогресс
деңгейімен анықталады және пайдалану тұрақтылығына негізделеді:
- адамның күші- ескекті қайық, велосипед;
- аңдар- пілдер, түйе, ат, есек, иттер;
- жермен механикалық жылжу құралы- мотоцикл, автомобиль, автобус,
теміржол;
- ауа және космостық жылжу құралы;
- су – моторлы және желкенді қайықтар, суасты және су үсті өзен теңіз
судалары.
Қонақжайлық индустриясы - көңіл көтеру, тамақтандыру және
орналастыру
сферасындағы
кәсіпорындарды
қамтиды.
Орналастыру
(жайғастыру)- индустриясы- бұл
туристерді ұжымдық немесе жекелеген
орындарға
орналастырумен
айналысатын
кәсіпорындар:
қонақүйлер,
кемпингтер, туристік лагерлер, демалыс орны, жастар турбазасы, пансионаттар,
виллалар және т.б.
Тамақтандыру индустриясы - туристерге демалу, саяхаттау және көңіл
көтеру уақыттарында тамақтандыру қызметтерін көрсететін кәсіпорындар.
Көңіл көтеру индустриясы - қонақжайлық индустриясы, көңіл көтерумен
тікелей
байланысты.
Қазіргі
уақытта
көңіл
көтеру
жағдайлары
қарастырылмаған бірде-бір қонақүй жоқ. Адам (адамдар тобы) көңіл көтере
отырып, рухани қажеттіліктерін қанағаттандырады, өзін-өзі бағалайды, әртүрлі
әлеуметтік жүйе шеңберінде өзінің рөлін бағалайды. Көңіл көтеру
индустриясына , көңіл көтеру арқылы адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру
мен айналысатын қызмет ұсынатын кәсіпорындар жатқызылады. Ондай
кәсіпорындарға: цирктер, хайуанаттар бағы, аттракциондар, игротекалар,
демалау саябақтары, жылжымалы театрлар, кинотеатрлар, концерттік
бірлестіктер және ұжымдарды (оркестр, ансамбль, мюзик-холл) жатқызылады.
98
Көңіл көтеру индустриясына дене мәдениетімен айналысуға мүмкіндік беретін
су бассейндері, спорттық залдар немесе клубтарды да жатқызады. Мәдени
құндылықтарға байланысты кітапханалар, мұражайлар, көрмелерді де
жатқызуға болады.
Экскурсиялық-танымдық ұйымдар - туристердің демалу және саяхаттау
уақыттарында экскурсиялық шаралады ұйымдастыру, өткізу және дайындауды
қамтамасыз ететін кәсіпорындар.
Қосымша қызметтер көрсету индустриясы- туристерге қосымша қызметтер
көрсететін кәсіпорындар жиыны (автокөліктерді прокаттау, шаштараз, сән
салоны, фитнес- салондары, кір жуатын және тазалайтын орындар).
Осы және басқа да туристік қызмет түрлерін ұсына отырып, еліміздің
инфрақұрлымдарын жетілдіре келе. Кіру туризімінің жағдайын біршама
арттыруға мүмкіндік аламыз [3].
Әдебиеттер
1
Қазақстан
Республикасы
Статистика
комитетінің
материалдары:
www.stat.gov.kz
2 Кусков А.С. Транспортное обеспечение в туризме: учебник. –М.: КНОРУС,
2007.
3 Волков Ю.Ф. Гостиничный и туристский бизнес. - Ростов-н/Д.: Феникс, 2009.
ҚАЗАҚСТАНДА ЭТНОТУРИЗМНІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Төлеуұлы А,. Қияз А.Б
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті
Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы
e-mail:
almas_kar@bk.ru
Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға
дейінгі тұжырымдамасын (ішкі туризмді дамытуды қоса есептегенде) және
«Астана – Еуразия жүрегі», «Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы»,
«Табиғат бірлігі және көшпелі мәдениеттер», «Алтай інжулері», «Ұлы Жібек
жолын қайта жаңғырту», «Каспий қақпасы» өңірлік мәдени-туристік
кластерлерін құруды жүзеге асырумен байланыстырылады. Қазақстан
Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейін
тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-
экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-
инновациялық дамыту жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламаны, туризмді маңызды әлеуметтік-экономикалық бағыттардың бірі
ретінде дамыту бөлігінде бәсекеге қабілеттілігі мен тартымдылығын көтеру
үшін Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму
жоспарын іске асыру мақсатында әзірленді.Тұжырымдама халықаралық
99
тәжірибені ескере отырып, Қазақстан Республикасы туристік саласының қазіргі
жай-күйіне кешенді талдау жасау негізінде әзірленді және туризмді дамытудың
стратегиялық пайымын, республиканың туристік саласын 2020 жылға дейінгі
дамытудың негізгі қағидаттарын қамтиды, осы саладағы мемлекеттік саясатты
іске асырудың мақсаттарын, міндеттерін және кезеңдерін айқындайды [1].
Қазақстан – мәдениет пен тарихқа бай мемлекет, сол себепті туризмнің бір
бағыты - этнотуризм. Қазақ тұрмыс-тіршілігіне, мәдениетіне, тарихына
қызыққан туристтер Қазақстанның барлық аумағынан өзіне қажетті
мағлұматтарды ала алады. Еліміздегі ірі туристік орталыққа айналу
ықтиалдылығы басым әрі туристік тиімділігі жоғары қазақстандық
аймақтардың бірі –бай туристік әлеуетке ие Орталық Қазақстандағы Ұлытау
өңірі.
Өңірдің туристік тартымдылығының жоғары деңгейі рекреация мен
туризмді дамытуға қажетті туристік ресурстардың ауқымды шоғырына
байланысты болатындығы даусыз. Өңірдің қолайлы географиялық орны,
антропогендік фактордың әсері айтарлықтай байқалмайтын жақсы күйінде
сақталған бірегей табиғи әлеуеті, осы өңірде сан ғасырлар бойы жинақталған
тарихи-мәдени мұраның бай қоры туризмді дамытуға аса қолайлы үйлесім
тапқан.
1 сурет - Қазақстандағы этнотуристік маршрут перспективалары
Осы өңірде туризмді дамытудың алғашқы алғышарттарын қалыптастыру
мен тетіктерін құрудың бастапқы қадамдары да жасалуда. Ұлытау өңірінің
жоғары әлеуеті өзінің сан алуан тарихи, мәдени, табиғи ресурстарының
негізінде туризм мен рекреациялық қызметтің бірқатар түрлерін дамытуға
толығымен жетеді. Ұлытау өңірі күшті туристік әлеуетке ие болғанымен, бұл
әлеует туризм мақсатында тиімді, рационалды түрде дұрыс пайдаланылып
жатқан жоқ, өңірдің бірегей, қайталанбас туристік ресурстары да экономикалық
тұрғыдан тиімді игеріліп жатқан жоқ. Үш жүздің басы біріккен, талай тарихи
тартыстардың куәсі болып, қазақ қауымының киелі бесігі болған ұлы даланы
көрмеген қазақтар қаншама. Тіпті кіндік қаны ұлылықтың ұйтқысы саналатын
жерге тамып, дала төсінде туып-өсіп, жылдар бойы топырағын басып, тасын
Қазақстандағы этнотуристік маршрут
перспективалары
Қазақ
тұрмысы
Мәдениет
Ұлттық
ойын
Ат спорты .Қазақ
күресі
Күнделікті
тұрмыс
Тарих,Сәулет,Құс
бегілік.Аңшылық.
Музыка
Құда түсу.Келін
түсіру.Шілдехана.
Тұсаукесер
100
теуіп келе жатқан жапсарлас елді мекендердің қазақтары да «Бодрумға» ай
сайын барып жатса да мына тұрған Ұлытауға ат басын бұрмапты. Бұл - ішкі
туризмді дамыту тетіктерінің осалдығын танытады. Туризм саласындағы
маркетингтің мардымсыздығынан әлем түгіл ішкі нарықтың өзінде өңір
имиджін қалыптастыра алмай отырмыз.
Туристік ресурстар жоқ жерде туризмнің дамуы әсте мүмкін емес. Жекелеген
туристік ресурстар туризмді шектелген кеңістікте ғана дамытуға мүмкіндік
береді, ал Ұлытау өңірінің туристік ресурстарының сан алуан, әрі бай да
бірегей қоры туризмді кең көлемде дамытып, туризмнің көптеген түрлерін бір
мезгілде қалыптастыруға және де оны болашақта қарқынды түрде өрістетуге
жол ашады. Қазіргі таңда қазақстандық туристік индустрия әлемдік нарыққа
белсенді түрде енудің бастапқы қадамдарын жасауда.
Дүниежүзілік тәжірибеге көз жүгіртсек, әлемнің көптеген алдыңғы қатарлы
елдерінің экономикасына нұқсан келтіріп, жылдар бойы жетілген қарқынды
даму тетіктерін шайқалтып кеткен дүниежүзілік дағдарыс кезеңінде туристік
инфрақұрылымы
ежелден
қалыптасқан
әлем
елдері
экономиканы
тұрақтандырудың, әрі оның дамуын бірқалыпты өрістетудің бір жолы ретінде
туризмге арқа сүйеген болатын. Туризм - ел экономикасын кемелдендірудің
тиімді жолы мен қомақты кіріс көзі.
2 сурет - Ұлытау өңірінің туристік-рекрециялық ресурстары
Ұлытау өңірінің табиғи туристік-рекреациялық ресурстары мен тарихи
туристік ресурстары туризмнің аймақтық ұйымдастырылуына, туристік
орталықтар мен аудандардың қалыптасуына және де олардың экономикалық
тиімділігіне қол жеткізуге қомақты ықпалын тигізеді. Себебі өңірдің туристік
Ұлытау
туризмі
Танымдық
Сауықтыру
Этнотуризм
Экотуризм
Спорттық
101
ресурстарының бай әлеуеті мен бірегей шоғыры осы аймақта туризмді
дамытудың
маңызды
алғышарттарын
қалыптастырады.Еліміздің
өзге
аймақтарын қоспағандағы бір Ұлытаудың өзі - бағалай білсек, қыруар табыс
көзі. Қазіргі таңда қазақстандық туристік индустрия әлемдік нарыққа белсенді
түрде енудің бастапқы қадамдарын жасауда.Туризм - ел экономикасын
кемелдендірудің тиімді жолы мен қомақты кіріс көзі. Мемлекетіміздің туризнің
дамуына айрықша мән беріп отырғандығының бір себебі де осыған байланысты
болатындығы сондықтан. Осыған орай, Қазақ елі өзінің табиғи, тарихи, мәдени
құндылықтарын әлемге әйгілеп, шет елдік туристерді бірегей болмысымен
қызықтыра алатын туризм тұрғысынан тартымды имиджін қалыптастырудың
қарышты қадамдарын жасап келеді. [2]
Заманауи туризм-бұл әлемдік экономиканың маңызды саласы, сонымен қатар,
туризм саласы мемлекеттің экономикасының өсуінің 3 ұнамды жақтарымен
көріне алады. Яғни:
1. шетелдік валютаның қаржы түсімін қамтамассыздандырады;
2. халықтың тұрмыс тіршілігінің өсуіне үлес қосады;
3. елдің инфрақұрылымының дамуына себеп болады.
Қортындылай келе қазіргі таңда, Қазақстан Республикасында жергілікті
халықтың экономикалық іс-әрекетінің бір түрі болып табылатын этно-
экологиялық туризм арқылы қазақ халқының экономикалық дамуын
ынталандыратын жобалар құрастырылуда. Олар жергілікті тұрғындардың
күші арқылы этнографиялық туризмнің орнықты дамуына бағытталған. Оның
мүмкіндіктері туризмнің өзге салаларынан еш кем емес. Этнотуризмнің
бағыттары көп. Көшпенділердің дәстүрі көптеген елдерді қызықтырады. Бірақ
біз қазір оны дамыта алмай отырмыз.
2020 жылға дейін жеткілікті уақыт бар. Егер біз этнографиялық ауылдарды
дұрыс ұйымдастыра алсақ, Қазақстанның барлық өңіріне туристерді көп тарта
аламыз. Бұл үшін онда жергілікті тұрғындардың көмегімен этнографиялық
ауылдарды құрастыру қажет. Бізде оған қажетті барлық негіз бар.
Жалпы этнографиялық туризм арқылы халқымызды әлемге
таныстырудың мүмкіндігі өте зор [3]. Мысалы 2000 жылдардың басында
шыққан Бораттың киносынан кейін шетелдіктердің кейбірі Қазақстанды
шынымен де артта қалған ел деп ойлап қалған болатын. Олар шетелде болған
кезде - «Біз Қазақстаннанбыз» деген кезде қатты таңырқайды. Егер
этнографиялық туризм арқылы біз мәдениетіміз бен ғылымымызды ежелгі
замандардан-ақ жоғары дамығанын көрсете алсақ, Қазақстанды әлемге таныту
үрдісі жылдамдары күмәнсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |