Литература:
1.
Государственная программа инфраструктурного развития «Нұрлы жол» на
2015-2019 годы
Указ Президента Республики Казахстан от 6 апреля 2015 года
№І030, Казахстанская правда
2.
Закон Республики Казахстан «О туристской деятельности в Республике
Казахстан»: Сборник законодательных актов. - Алматы: Юрист,2010.-с.3-4.
3.
О государственной программе развития и совершенствования бухгалтерского
учета и аудита в республике Казахстан на 2000-2012гг. Указ Президента
Республики Казахстан № 3838 от 28.10.2008г. // Бюллетень бухгалтера – 2008
г. № 18 (212) апрель 2-7 с
625
4.
Краткий статистический ежегодник Управления статистики Жамбылской
области за 2010-2015г.г.
5.
Налоговый Кодекс РК (с изменениями и дополнениями на 05 января 2015г.)
6.
Статистический ежегодник. Регионы Республики Казахстан. 2014г.
7.
Туризм Казахстана в 2015 году. Статистический сборник. Алматы, 2015
8.
Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, практика. - Алматы,
2010.-с.242.
ШОБ КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІҢ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫНА СӘЙКЕС АҚША
ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ МЕН АУДИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
ӘДІСТЕМЕСІ
Мусагулова А.М.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы
E-mail: aknur_93_07@mail.ru
Ғылыми жетекші: к.э.н., доцент Шакеев С.С.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» халқына Жолдауында: «Шағын бизнесті мамандандыруды келешекте
оларды орта деңгейге көшіру перспективасымен дамыту шараларын қабылдау
маңызды болмақ. Осы сектор субъектілерінің банкроттығының айқын
тетіктерін енгізген жөн. Шағын және орта бизнес жаңа инновациялық
кәсіпорындар төңірегінде дамуға тиіс. Мен Үкіметке индустрияландырудың
екінші бесжылдығы жоспарын «Бизнес-2020» жол картасымен үйлестіруді
тапсырдым. Үкімет Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жұмысын жаңа
бастаған бизнесмендерге әдістемелік көмектің тиімді тетіктерін жасауы
керек»,-деп айтып өткеніндей, кәсіпорындар – экономиканың қозғаушы күші
[1].
Ал кәсiпорын қызметiнiң дұрыс жолға қойылуы көптеген факторларға
байланысты болып табылады. Соның iшiнде бухгалтерлiк есептiң, аудиттiң,
оның iшiнде қаржылық есептiң, iшкi аудиттiң және талдаудың дұрыс
ұйымдастырылып жүргiзiлуi үлкен рөл атқарады. Бухгалтерлiк есептiң
маңызын осыдан ақ бiлуге болады.
Кәсіпорынның ақша қаражаттары және олардың қозғалу процесі, қаржыны
басқарудағы маңызды объектілердің бірі болып табылады. Ақша ағындары
деген ұғымның мағынасынан, барлық жалпы ақша түсімдері кәсіпорынның
төлемдері деп түсіндіріледі. Ақша қаражатының жылжуы, алғашқы негізі
болып табылады, соның нәтижесінде, қаржылар, демек, қаржылық қатынастар,
ақша қорлары, ақша ағындары пайда болады. кәсіпорынның тиімді қызмет
626
атқаруын қамтамасыз ету, оның іс-әрекеттерін сауатты басқаруды талап етеді,
мұның өзі, ақша қаражаты ағындарымен басқару дағдысымен белгіленеді.
Қазақстан Республикасының Президенті кезекті Жолдауында «еліміздің
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі Қазақстанның халықаралық рыноктарда
бәсекелестік қабілетін нығайту үшін кең мүмкіндіктер ашатынын» ескереді.
Осыған байланысты 2013 жылдың 1 каңтарынан бастап ШОБ кәсіпорындары
ҚЕХС көшті. Яғни Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы
заңына сәйкес ШОБ кәсіпорындары өздерінің қаржылық шаруашылық
қызметтеріне ҚЕХС стандарттары қажет деп санаса ҚЕХС көшуіне болады
ҚЕХС көшу кезеңдерін 1 суреттен көре аласыздар.
Шағын және орта бизнес кәсіпорындарына арналған Қаржы есептілігінің
халықаралық стандартын (IFRS) (ШОБ-қа арналған ҚЕХС) жариялау
Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты Кеңесінің мүшелерінің
қолдауымен 2009 жылдың 1 шілдесінде қабылданған, бұл стандарттар 35
бөлімнен тұрады. ШОБ-қа арналған ҚЕХС-тың әрбір бөліміндегі ұстанымдар
ҚЕХС-тың толық нұсқасының бөлімдерінен алынған. ШОБ-қа арналған ҚЕХС-
тың артықшылықтары:
Несиелік қаражаттардың қолжетерлігін көтереді
- несиелер қаржылық есептілік негізінде беріледі
- сатушылар сатып алушылардың қаржылық жағдайын бағалайды
- шет ел несиелері және жабдықтаушылары
Акционерлік капиталдың қолжетерлігін көтереді
- әкімшілік емес инвесторлар
- шетелдің венчурлік капитал
Білім және оқыту
Тиімді аудит
Толық ҚЕХС қолдану міндетті талап болып табылатын жерлердегі
міндеттерін жеңілдетеді.
ШОБ-қа арналған ҚЕХС-на сәйкес, шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілерінің қаржылық есеп беруді жасауды жүзеге асыру үшін былайша
бөлу ұйғарылады:
1) шаруашылық қожалығын, ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер мен
оңайлатылған декларацияның негізінде жұмыс істейтін ұйымдарды қоса
алғанда, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бухгалтерлік есепке алу барынша
оңайлатылған тиісті қаржылық есеп беру стандарты әзірленетін болады;
2) бірінші тармақта көрсетілгенді қоспағанда, шағын кәсіпкерлік
субъектілері, орта кәсіпкерлік және алдағы санатқа кірмеген коммерциялық
емес ұйымдар үшін, сондай-ақ орта кәсіпкерлік субъектілері (көпшілік
компанияларды қоспағанда) және жедел басқару құқығында негізделген
мемлекеттік кәсіпорындар үшін ҚЕХС негізінде әзірленген оңайлатылған
ұлттық қаржылық есеп беру стандартын қолдануға болады [2].
ШОБ-қа ҚЕХС қолдану күрделілігі проблемасын шағын-орта бизнес үшін
мамандандырылған стандарт әзірлеумен бірнеше жылдан бері айналысатын
ҚЕХСКҚ-да түсінеді. Әмбебап стандарт әзірлеу өте күрделі жұмыс, өйткені
шағын кәсіпкерлікке қатысты саясат және тиісінше оларға қойылатын талап әр
627
елде әрқалай. Сонымен қатар, осы стандартты ХҚЕСКҚ қабылдағаннан кейін
оның ережелерін бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудің ұлттық
жүйесіне барынша инкорпорациялауға болады.
ШОБ кәсіпорындарына арналған ҚЕХС-ның өзектілігі. Кәсіпорындардың
кең шеңберіне жарияланған ҚЕХС пайдалану арқылы жасалған екі жылдық
қаржылық есептілікті ұсынған жағдайда ҚЕХСК басқармасы ШОБ
кәсіпорындарына арналған ҚЕХС қолдануда ШОБ кәсіпорындарының
тәжірибесіне мұқият шолу жасауды жоспарлайды. ҚЕХСК басқармасы осы
шолу барысында анықталған қолдану бойынша сұрақтарға арналған жауаптар
үшін түзетулерді жалғастыруды жоспарлайды. Ол сонымен қатар осы ҚЕХС
шығарылған күннен бастап қолданылған жаңа және түзетілген ҚЕХС-н
қарастырады.
Қолданудың бастапқы шолуын жүргізгеннен кейін ҚЕХСК шамамен екі
жылда бір рет келіп түскен талқыланған ұсыныстардың алдын ала нұсқасын
жариялау арқылы ШОБ кәсіпорындарына арналған ҚЕХС-на өзгерістер мен
қосымшалар ұсынуды жоспарлайды. Өзгерістер мен қосымшалардың мұндай
алдын ала нұсқасын құрастыру кезінде Басқарма: өткен үшжылдық кезең
барысында қабылданған жаңа және өзгертілген ҚЕХС-н, Басқармаға ұсынылған
ШОБ кәсіпорындарына арналған ҚЕХС-на жасалынған өзгерістер мен
қосымшалар бойынша нақты ұсыныстарды ескеруі тиіс. Басқарма сонымен
қатар үшжылдық циклдің нақты келісім емес, алдын ала нұсқасы болып
табылатынын болжай алады. Кейбір жағдайларда Басқарма әдеттегі үшжылдық
циклдан тыс ШОБ кәсіпорындарына арналған ҚЕХС-на өзгерістер мен
қосымшалар енгізу қажеттігін белгілей алады. ҚЕХС-ның толық нұсқасына
ҚЕХСК енгізген өзгерісі ШОБ кәсіпорындарына арналған ҚЕХС-ның мәтінінің
өзгертілмейінше, ШОБ кәсіпорындарына арналған ҚЕХС-на жарамсыз болады.
ҚЕХСК ШОБ кәсіпорындарына арналған ҚЕХС-на енгізілген өзгерістер
мен қосымшалар мен осы өзгерістер мен қосымшалардың әрекет ету күні
арасындағы кезең кем дегенде бір жылды құрайды [3].
Бухгалтерлік есептілікті және аудит жүйесін дамыту өсіп және серпінді
дамып келе жатқан мемлекет құруға маңызды жағдай болып табылады. ШОБ
кәсіпорындарын ҚЕХС көшіруді іске асыру Қазақстан кәсіпорындарына
халықаралық нарық мүмкіндігін толық шамада кеңінен пайдалануға мүмкіндік
береді, осылайша ол өзінің бәсекеге қабілеттілігін артады, бұл Қазақстанның
дүниежүзілік сауда ұйымына кіру қарсанында аса өзекті болып отыр.
Әдебиет:
1.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан 2014
жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» халқына Жолдауы
2.
ШОБ кәсіпорындары үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты
628
3 Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп
принциптері: Оқу құралы. – Алматы, Экономик' С, 2013.-360б.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІРЫҢҒАЙ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ
ҚОРЫ
Нокербек Н.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
Астана қ., Қазақстан Республикасы
E-mail:
nokerbeknurlan@gmail.com
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Жамиева А.Е.
Қазақстанның заманауи зейнетақы жүйесі ҚР Үкіметі еліміздегі
зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі тұжырымдамасын мақұлдап және
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен
қамсыздандыру туралы» Заңы қабылданған 1997 жылдан бастап өз жұмысын
бастады. Жаңа ереже ынтымақтастықты жүйеден ақырындап бас тарта отырып
жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізін құруға жасалды.
Өткен жүз жылдық соңында зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері
ерекше шиеленіс жағдайларында болды. Оған себеп бір жағынан нарықтық
экономика механизміне өту болса, екінші жағынан - өткен жүз жылдықтың 90
жылдарындағы Қазақстанға тән әлеуметтік-демографиялық фактор болды.
Әрекет еткен ынтымақтастықты зейнетақы жүйесінің шарттарында
инфляцияның жоғарғы өсу қарқыны және халық арасындағы жұмыссыздық,
ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) көлемінің төмендеуі, бюджеттік тапшылық зейнетақы
төлемі жөніндегі қарыздардың пайда болуы мен ұлғаюына себеп болды және
тіпті әлеуметтік кепілдіктің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету мүмкін
болмады. Сайып келгенде, халықтың ынтымақтастығына негізделген
зейнетақымен қамсыздандырудың таратушы жүйесінің айқын тұрақсыздығы
қалыптасты.
Қажетті
зейнетақы
шығыстарын
жеткілікті
қаржыландырылмауымен байланысты мәселелерге демографиялық мәселелер
қабаттасты. Осылардың бірқатары қазақстандықтардың орта өмір сүру
ұзақтығының ұлғаюы фонында халықтың жас құрылымы формасының
өзгеруімен және туылудың азаюының нәтижесінде халықтың қартаю үрдісінің
жеделдеуімен байланысты болды.
Жұмыссыздар деңгейінің өсуі және бейресми және толық емес жұмыспен
қамтылу еңбек нарығына келеңсіз ілгеру басушылыққа алып келді, осылардың
салдарынан жарналары ынтымақтастықты зейнетақы жүйесінің қаржылық көзі
болған халықтың бір бөлігі міндетті зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінен
шығуына алып келді. Халықтың жұмыс істейтініне болжанған өсуді төмендету
және зейнетақы жүктемесін шамадан тыс күшейту, жұмыскер және зейнеткер
ретінде өмір сүру деңгейінің нашарлауын ескерту, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің болашақта зейнетақы төлемдерін үздіксіз қамтамасыз ету
629
мақсатында, осы толғағы жеткен мәселелерді шешудің баламалы жолы ретінде
зейнетақы жүйесін реформалау жүргізілді.
Зейнетақы реформасының негізі болып чилилік үлгі қабылданды. Чилидегі
зейнетақы жүйесі таратып тұратын механизмді ұстамайды және қызметкердің
жеке шотына
қаражатты
толықтай жинақтауға және
жарналарды
капиталдандырып отыруға негізделген. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне енуші
әрбір адам дербес шот алып, онда оның зейнетақы жарналары
аккумуляцияланып, оның мөлшері анықталып белгіленеді. Бұл қаражаттар жеке
зейнетақы қорларында жиналып, салымшылар зейнетақы жасына жеткенше
олар зейнет төлемдерінің көздеріне айналады. Чилилік жүйе негізінен басқа
қазақстандық үлгі өзіндік ерекшелігін және басқа елдердің тәжірибесін
бейімдеп қабылдады, сол себепті әлемдік тәжірибедегі ең табыстылардың бірі
болып
саналады.
Жинақтаушы
зейнетақы
жүйесінің
дамуының
перспективалары және оның бағалы қағаздар нарығына әсері зейнетақы
активтерінің және инвестицияланатын қаражаттар көлемінің сәйкесті өсуімен
байланысты. Сәйкесінше, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің
барынша маңызды мәселелері болып келесілері табылады:
1)
ұлттық қор нарығының дамымауы, яғни, активтерді инвестициялау үшін
құралдар тапшылығы;
2)
қызметтің негізгі қағидалары бойынша тұрғындардың сауатсыздығы және
мағлұматсыздығы;
3)
жинақтаушы зейнетақы қорының қызметімен тұрғындардың толық
қамтылмауы;
4)
ерікті және кәсіби зейнетақы жарналырының кеңінен қолданылмауы;
5)
қоржынның нашар диверсификациясы және аффилировандық тұлғалармен
мәмілелер;
6)
отандық сақтандырудың дамымаған класстарының бірі – зейнетақылық
аннуитеттер.
Қазақстан Республикасында жинақтаушы зейнетақы қорының жағдайы мен
олардың болашағы мәселесіне қатысты мынадай қорытындылар жасауға
болады.
Зейнеткерлік жастағы тұрғындарды жоғары әлеуметтік деңгеймен
қамтамасыз ету бүгінгі таңдағы әлемдегі әрбір елдің алдында тұрған маңызды
мәселе болып отыр. Осының салдарынан көптеген елдер өздерінің зейнетақы
жүйесін қайта қалыптастыру шараларын қолға алуда. Бірқатар елдерде
түбегейлі өзгерістер жүргізу қолға алынуда. Қартаң адамдарды жеткілікті
өмірмен қамтамасыз етудің бірдей үлгісі жоқ. Әрбір ел зейнетақы жүйесінің
өзіндік
үлгілерін
ұсынуда.
Зейнетақымен
қамтамасыз
етудің
диверсификациясы, көп деңгейлі зейнетақы жүйесін құру күрделі жағдайдан
шығудың қолайлы жолы ретінде қарастырылады.
Зейнетақымен қамтамасыз етуді қайта құру жолдарын таңдауда әлемдік
тәжірибелерді қарастыру Қазақстандағы сондай өзгерістер үрдісінде пайда
болған мәселелерді тереңірек танып білуге, қажетті қорытындылар жасап,
зейнетақыдағы өзгерістердің орталық буынын талқылауға, соның ішінде
630
зейнетақы жүйесі мен капиталдардың ішкі нарықтарымен өзара байланысын
зерттеуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының зейнетақылық жүйесінде 1997 жылы
«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңды
қабылдауының нәтижесінде біршама өзгерістер орын алды. Бұл заң
зейнетақымен қамсыздандырудың мемлекеттік толыққанды жүйесінен —
белгіленген міндетті жарналармен және ерікті қосымша жарналармен
байланысты жинақтаушы зейнетақы жүйесіне біртіндеп өтуді бекітті.
Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту және
зейнетақы
төлемдері
жөніндегі
қызметті,
сондай-ақ
Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін
инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға
болып табылады. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері:
зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және жинақтаушы
зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегеріп тастағандағы
залалдарды өтеу ретінде түскен қаражат есебінен қалыптасады.
Ал, бүгінде қаржы нарығында зейнетақы жүйесінің үш негізгі кәсіби
қатысушысы бар: жинақтаушы зейнетақы қоры, жинақтаушы зейнетақы
қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару ұйымдары және
банк-кастодиан. Олар өзара тығыз байланыста қызмет көрсетеді.
Жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфельдеріндегі
сенімді және төмен кірістілікті қаржы құралдарының ұлғаю салдарынан
сәйкесінше 2012 жылы ЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша номиналдық кірістің
орташа алынған коэффициенттерінің төмендеуі байқалады. Оның үстіне,
суреттен байқанымыздай, ЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі сәйкес
кезеңдегі инфляцияны жаппайды. Бұл деген ЖЗҚ-ының қаржы нарығында тек
тәуекелі төмен, осымен сәйкес табыстылығы да төмен қаржы құралдарымен
жұмыс жүргізіп отырғандығын білдіреді. Дағдарыстан кейінгі кезеңнің
айрықша белгілерінің бірі зейнетақы секторының анықталған мәселелерін жою
қажеттілігі, жіберілген қателерді түзету және тұрақты әртараптандырылған
өсуді қамтамасыз ету болып табылады. Егемен Қазақстанның қазіргі заманғы,
тұрақты және бәсекеге қабілетті жинақтаушы зейнетақы қоры жүйесін құру
жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.
Елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа әлеуметтік, қаржы-несие және
несие саясатын реформалау арқылы қол жеткізіліп отыр. Дегенмен, соңғы кезде
экономикалық дамудағы қол жеткен жоғары көрсеткіштерге қарамастан,
мемлекеттің алдында шешімін таппаған бірқатар маңызды міндеттер тұр.
Соның бірі жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдіру болып табылады.
Жүргізілген талдаулар нәтижесі бойынша жинақтаушы зейнетақы жүйесін
дамытудағы басты мәселелерге мыналарды жатқызуға болады: қартайған кезде
зейнетақы төлемдерінің лайықты деңгейін қамтамасыз ету үшін қажетті
зейнетақы жинақтары көлемінің жеткіліксіз болуы; жинақтаушы зейнетақы қор
қызметтерімен халықтың жеткіліксіз қамтылуы; халықтың қаржылық
сауаттылығы мен инвестициялық мәдениетінің төмен деңгейлігі; ерікті
жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытуға жеткілікті маңыз берілмеуі және осы
631
уақытта сенімді әрі өтімді бағалы қағаздар тапшылық жағдайында зейнетақы
жинақ ақшаларын тиімді инвестициялау жүргізілмеуі.
Сонымен, зейнетақы қорының қызметін жетілдіру барысында бүгінгі таңда
келесідей шаралар жүргізілуі тиіс: отандық зейнетақы қорының қызмет көрсету
сапасын жақсарту және тәуекелдерді басқару құрылымын жетілдіру; зейнетақы
жүйесінің сенімді институционалды инфрақұрылымын құру; зейнетақы
қорының және зейнетақы активтерді инвестициялық басқаруды жүзеге
асыратын ұйымдардың пруденциалдық реттеуін белгілейтін нормативтік
құқықтық актілерді жетілдіру; жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне
қашықтықтан қадағалауды жетілдіру және оның айқындылығы дәрежесін
арттыру; ішкі инвестиция нарығын және ұсынылатын қаржылық құралдардың
спектерін ұлғайту, өндірістік қаржы құралдар нарығын дамыту; халықты
зейнеткерлік жасына жеткеннен кейін зейнетақымен қамсыздандырылуының
неғұрлым тиімді және әділ жүйесін қамтамасыз ету; ел тұрғындарының
жинақтаушы зейнетақы жүйесіне деген сенімділігін арттыру; халықтың
қаржылық сауаттылығын, сонымен қатар инвестициялық мәдениетін көтеру.
Зейнетақы қорының инвестициялық портфелдерінің сапасын қолдау
мақсатында келесідей іс-шаралар атқарылуы тиіс: ақпарат берудің жеделдігі
мен толықтығын арттыру; салымшыларға арналған зейнетақы активтерін
басқарудың тиімділігі көрсеткіштерінің жүйесін жетілдіру; активтерді
әртараптандырумен ерекшеленетін түрлі зейнетақы жоспарларын енгізуге
арналған іс-шаралар кешенін әзірлеу; әрбір қалыптасатын инвестициялық
портфельге қатысты номиналдық кірістілікті және шартты бірліктің есептеуді,
инвестициялық декларацияларды қалыптастыру бойынша жинақтаушы
зейнетақы қорының міндетін белгілеу туралы мәселені қарау; жинақтаушы
зейнетақы қорының консервативті, қалыпты және агрессивті инвестициялық
портфельдерді құрайтын зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат
етілген қаржы құралдарының тізбесі мен оларға қойылатын талаптар нақтылау;
жинақтаушы зейнетақы қорының консервативті және қалыпты инвестициялық
портфельдеріне қатысты зейнетақы активтері мен номиналды кіріс
коэффициентінің шартты бірлігін есептеу әдістемесін енгізуді көздейтін,
сондай-ақ агрессивті инвестициялық портфельге қатысты жаңа пруденциялық
нормативін енгізу; әрбір жеке инвестициялық портфельге қатысты зейнетақы
активтерінің номиналды кірістілігін есептеу бойынша талаптарды белгілеу;
жинақтаушы зейнетақы қорларын тәуекел-бағдарлы қадағалауды әзірлеу және
енгізу; жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін қадағалауды жүзеге
асыру барысында шұғыл ықпал етуді жүзеге асыру.
Зейнетақы жүйесінің бұдан әрі бүтіндей қызмет етуі мынадай маңызды
әлеуметтік және экономикалық міндеттерді шешуге қолғабысын тигізетін
болады: зейнеткерлік жасындағы азаматтардың әлеуметтік қамсыздануы
жөніндегі міндеттемелер; салымшылардың еңбек қызметтері ішінде олардың
еңбек жалақысын, зейнетақы жарналарын төлеудің ұзақтығын және зейнетақы
жинақ ақшаны инвестициялаудың тиімділігін есептей отырып, олар зейнет
жасына жеткеннен кейін зейнетақымен қамсыздандырылуының неғұрлым
тиімді және әділ жүйесін қамтамасыз ету; қарттарды кедейшіліктен қорғау;
632
зейнеткерлікке шыққаннан кейін кепілдендірілген табыспен қамтамасыз ету;
инфляция немесе басқа да факторлардың нәтижесінде нақты өмір сүру
деңгейінің төмендеуінен тағайындалған табысты қорғау; демографиялық
факторлардан, елдің экономикасындағы саяси және экономикалық
жағдайлардан салыстырмалы түрде еріктілігін қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |