Сценарий тақырыбы : "Қоянның үйі"



бет3/4
Дата03.02.2023
өлшемі19,46 Kb.
#65097
түріСценарий
1   2   3   4
Аяз ата:Кәне балалар,
Қоңырауларды алайық
Шеңбер болып тұрайық.
Қатты,қатты сылдырлатып.
Түлкіні үйден қуайық.
Би"Колокольчики"
Ақшақар:Кәне,балалар,түлкіге "Шық үйден" деп айтайық.(Балалар түлкі,түлкі шық үйден)
Түлкі:
Қазір үйден шығамын,
Сендерді жан-жаққа қуамын.
Кетесіңдер шашылып,
Аяқтың астында басылып.
Ақшақар:Ой!қандай өзі қорқынышты,отырайықшы,балалар.Қорқып кеттім ғой.Аяз ата,мүмкін бізге жылдың басы әтеш келіп болысар? Ол үйдің жанында билеп жүрсе,түлкі оны көріп,үйден шығады,сосын біз оны қайтып кіргізбейміз үйге.
Әтеш:Ку-ка-ре-ку! (деп билеп шығады).
Мына Әтеш өзі қандай сеп-семіз.Қарным ашып тұрса олай-былай жүре берді ғой қазір мен сені ұстап алайын.(Әтеш залдың ішінде біраз жүгіріп,шыршаның артына қарай қашады,түлкі оны қуады)
Аяз ата:Көмектесейік Әтеш пен қоянға,шеңбер жасап тұра қалайық.
Ойын "Мықты шеңбер"
(Әтеш пен Қоян шеңберге кіріп кетеді,түлкі шеңбердің сыртында бақырып жүреді)
Түлкі:қазір мен секіріп кіріп,сендерді ұстап аламын.
Аяз ата:Балалар,қолдарыңды биік көтеріңдер,шеңберді қатты ұстаңдар,түлкі кіріп кетпесін шеңберге.(бірнеше жерден кіремін деп тырмысады,кіре алмаған соң,отырып жылайды)
Аяз ата:Түлкі сен неге жылап отырсың?
Түлкі:Менің қарным ашты,мені ешкім аямайды,тонып қалдым.
Аяз ата:Ал сен Қоянды неге аямайсың?Оның да табаны ,құйрығы тонып қалды ғой.
Түлкі:Мен енді бұзақылық жасамаймын.
Аяз ата:Балалар,сендер қалай ойлайсыңдар,түлкіні кешіреміз бе,тамақ берейік пе?
(Балалар жауабы) Иә.
Аяз ата:Түлкі,сен енді бұзақылық жасама.Мына тоқашты алып жей ғой.Ал,сен Қоян бар өз үйіңе,ешкімнен қорықпа.
Қоян:Рахмет сендерге! (үйіне кіріп кетеді)
Аяз ата:Түлкі ,Әтеш,сендер әрқашанда тату тәтті болыңдар.
Түлкі,Әтеш:Біз енді дос болдық,сау болыңдар! Жаңа жылдарың құтты болсын!!!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет