Аяз ата:Кәне,балалар барлығымыз бірге 1,2,3, шырша ,шырша жарқыра.(2 рет қайталау шырша жанады.)
Ақшақар: Тамаша,тамаша,
Шыршамыз тұр жараса
Өзі жарқ-жұрқ етеді.
Көз тоймайды қараса.
Аяз ата:Балалар,бұл жай шырша емес,сиқырлы шырша,бәрін ұғады.Аяғымызды топылдатсақ оның шамы сөнеді,(аяқтарын топылдатады,шырша сөнеді)
-Енді алақандарыңды шапалақтасаңдар,шырша жанады (балалар шапалақтайды ,шырша жанады).Көрдіңдер ме,қандай шырша бәрін ұғады.
Ақшақар:Тамаша!Шыршамыз шамдарын жарқыратып,әп-әдемі болып тұр,осындай әсем шыршаның жанында би билеуге де болады.
Хоровод"Жаңа жыл" Аяз ата:Бәрекелді,қарақтарым! Өнерлерің өсе берсін!
Ақшақар:Аяз ата,менің кішкентай ақшақар қыздарым жаңа жыл мерекесіне арнап өз өнерлерін ала келді .Барлығымыз қошеметпен қол соғып қарсы алайық.
Би"Снежинки" Аяз ата:Рахмет,сендерге балалар,енді жайғасып отырыңдар,ертегімді тыңдаңдар.
Аяз ата:Менің қапшығымда қоян бар,ол әрқашанда менімен бірге жүреді.(қапшығынан би-ба-бо қоянды алып шығады,үйдің ішінде қоян бала отырады)
Қазір менің кішкентай қояным үлкен болып шығады.Үйдің ішіне отырғызайын,сиқырлы сөздерімді айтайын.(сиқырлы музыка ойнайды, аяз ата ортаға шығып сиқырлы сөздерін айтады).
Аяз ата: Сиқырымды жасайын.
Қоян саған айтайын,
Үлкен болып өсе ғой.
Мерекеге келе ғой.
(үйдің ішінен көңілсіз қоян атып шығады)
Аяз ата:Амансыңба,қоянжан ?
Қоян:Салеметсіздер ме!
Аяз ата:Сенің неге көңілің жоқ?
Қоян:Қалай менің көңілім болады,егерде түлкі мені өзімнің үйімнен қуып шықса.
Аяз ата:Ай,қарақшы -түлкі ,істеген ісін қара.
Қоянжан, сен жылама,түлкіні біз қуып шығармыз.
Қоян: Уһ,қорқамын түлкіден
Қуып шыққан үйімнен
Мінезі оның шапшаң
Тістеріде жаман.
Ақшақар:Қоянжан ,ормандағы сенің кішкентай көмекші достарың аңдарды шақырайық,олар аяз атамен бірге қоңырау соғып би билеп берсе,мүмкін түлкі қорқып қашып кетер.