Зулзалат, Зулжалал а жоғары мәртебелі; Алла Таға- ланың 99 есімінің бірі (Бабалар сөзі 1-том)
ЗУЛ-ҚАҒДА [ар. зу әл-қағда ذو القعدة] – з а т. Ай күнтізбесі бойынша он бірінші айдың аты. [Ол қажылық айларына жатады]. Құрметті айлар: з у л - қ а ғ д а, зул-хижжа, мухаррам және ережеп оразалары (А. Әбдірәсілқызы, Исламдағы қабір зияраты мәселесі. Исламдағы өзекті мәселелер жайындағы сұрақ-жауаптар). Егер ақыл-есі бүтін, балиғатқа толған мұсылманда қажылық айларында (шәууәл, з у л - қ а ғ д а және зул-хижжаның алғашқы он күні) өзінің қажеттілігінен артық қажылыққа барып қайтуға жететін қаражаты болса, оған қажылық жасау парыз болады (Р. Мухитдинов, Фиқһ әл-ғибадат. Ханафи мазһабы негізінде).