Зар5. з а т. и р а н. Алтын. Жақсының жүзі жәндет-ті Бір көруің қанібет-ті. Жаманның ісі міндет-ті зар берсе, алушы болма (Ы.Алтынсарин, Таңд. шығ. – Алматы: «Ғылым», 1994, 33-б.).
ЗАРАФШАНИ [пар. зарафшани] е с к і к і т. е т. Алтын шашу, алтындай шашылу. Зарафшани сәлде – алтынмен әшекейленген сәлде. Басыма зарафшани сәлде ораймын, Сұлу қылып мұртымды бұраймын [«Хикаят Көрұғлы сұлтан». Бабалар сөзі. 48-том. 2008. 100 томдық].(араб, парсы діни сөздер 1)
3ар жылау. Бір нәрсеге кейіген жанның зар еңіреп, жұбатқанға көнбей, ұзақ уақыт қоймай жылауы. (Ә.Қайдар, Қазақтар ана тілі әлемінде (этнолингвистикалық сөздік), І том. Адам. Алматы. 2009). 1) Зар жылатып жаншыған Дұшпанының талайын, Жаудан қорғап, бермеген Маңғыстаудың маңайын (https://www.facebook.com). 2) Күмәнді шешім шығарған судья жалғызбасты ананы зар жылатты (https://aikyn.kz/145324).
Зарлап жылау. «қатты дауыс шығарып жылау» (жыла наразылығын айтып, өкініштерін айтып жылау, көз жасы ағыл-тегіл, даусы зарлы, ащы, әйел адамға ғана қатысты) (К.Ш. Хұсайын, Дыбыс, мағына, сөз. Алматы 2016 ж.). 3арлап жылау. Өткен-кеткенді есіне түсіріп, жұбатқанға көнбей, барынша қатты жылау. (Ә.Қайдар, Қазақтар ана тілі әлемінде (этнолингвистикалық сөздік), І том. Адам. Алматы. 2009). 1) Көзінің жасын тыймай жылап жүріп, Зарланып неге әнге салады ол? (Абай, Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол). 2) Анасының зарлап жылағанына шыдай алмаған кенже баласы: – Апа, неге сонша жылайсыз? Сіздің қаншама жылдан бері сүтке қосқан суыңыз сел болып, ақыры сиырды ағызып кетті, – депті (Хикметтер қазынасы кітабынан). 3) Осылай Ақан зарлап жылап жатты, Қайтсын ол, жыламасқа, жанға батты (І.Жансүгіров, Бай-бай, Құлагерім!). 4) Қандай ауыр азап дeсeңізші, күйіктeн өзeгі өртeнгeн eкі мұңлық күн-түні зарлап жылаумeн бoлады (Ежелгі қытай әдебиеті).(көңіл-күй)
Достарыңызбен бөлісу: |