ЗАБҰР [ар. забурبورز] е с к і к і т. Забур. Уа және төрт кітапты жатқа білді, Ол кітап: Таурат, Забұр, Інжіл, Құран ерді [«Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 13-том. 2005. 100 томдық]. Сейіт сонда оқыды Інжіліні, Мисли Дәуіт оқыған Забұрыны [«Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 4-том. 2005. 100 томдық].(араб, парсы діни сөздер 1)
ЗАҒИ [ар. зағ زاغ] е с к і к і т. Зағ.Зағи байғұс дәйім жүрер қияда,Ақылы емес бір-біріден зияда [«Үшбу Ғауазханның қиссасы-дүр». Бабалар сөзі. 48-том. 2008. 100 томдық]. (араб, парсы діни сөздер 1)
ЗАЙҰЛ [пар. заил زايل] е с к і к і т. Зайыл. Енді Сейіт оның ақылын зайұл қылды, Апарып тақ үстіне оны қойды [«Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 13-том. 2005. 100 томдық]. Ол уақытта рахат, дәулет мауфир ерді, Бұл күнде жұмла дәулетлер зайұл болды [«Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 13-том. 2005. 100 томдық]. (араб, парсы діни сөздер 1)
ЗАЙЫЛ [пар. заил زايل] е с к і к і т. е т. Жоғалу, жоқ болу. Топшыдан қылыш тиіп үзіп түсті, Ақылы зайыл болып бүркіт талды [«Патша Синдбад хикаясы». Бабалар сөзі. 5-том. 2004. 100 томдық].