Кощей: Ой-ой барлық жерім ауырып бара жатыр. Енді не істесем екен? (Әр жерін сипай береді)
Мыстан: әне көрдіңдер ме? Ол еріп бара жатыр, сондықтан оған ән айтып беру керек. Кане сен де қосыл.
Кощей: Мен не айтам. Ән білмеймін ғой.
Мыстан: Қыс туралы, аяз туралы білгеніңді айта берсеңші.
Кощей: Қане әуенді қосыңдар! (әндете бастайды)
Жүргізуші: Тоқта тоқта Аяз ата! Сен тіпті әнді де дұрыс бастамадың. Шынын айтсам сендер Аяз ата мен Ақшақарға ұқсамайсыңдар. Әлде нарықтық кризис әсер еткен бе, Аяз атамыз өте арықтап кеткен, Ақшақар болса қартайып кеткен бе қалай? Жарайды айт десеңдер балалар ән орындап береді.
Ән: «Шырша жыры» Жүргізуші: Балалардың жаңа жылға дайындаған тақпақтарын тыңдаңыздар. Зарина Ясмина Оралды өлкеме Аспан жерге төгеді,
Жаңа жыл армысың, Ақ күмісін уыстап,
Оранды ақ көрпеге Жаңа жылда келеді
Асқар тау, қарлы шың. Бізге қарай жылыстап.
Нурали Диляра Тілеймін мен бар әлемге Оралдың өлкеме
Дос көп болсын жанашыр Жаңа жыл армысың!
Ата - әже, әке - ана. Оранды ақ көрпе
Құтты болсын Жаңа жыл Асқар тау, қарлы шың!
Мансур Т Нурислам Ақ қырауға малынған Тамаша, тамаша,
Сақалы да мұрты да. Шыршамыз тұр жараса.
Аяз ата сағынған, Басында әсем жұлдызы,
Сәлем берді жұртына. Көз тоймайды қараса.
Кощей: Мен өзімді әлі де жайсыз сезініп тұрмын. Маған бір би билеп берсеңдер қайтеді?
Би: «Қуыршақтар» Мыстан: Әне сендердің әндерің мен билерің Аяз атаны ауруынан сауықтырып жіберді. Ол енді бос сөздер сөйлемейтін болды.(Кощейге) Не істеп тұрсың, есіңді жи. Шырша шамын жағатын кез болды
Кощей:Не үшін?
Мыстан: Солай болуы керек. Жаңа жылда шырша шамы жарқырап тұруы керек.
Кощей: Жағу керек болса жағайық. (сіріңке алады) Менің нем кетіп барады. Әттең әдемі шырша еді.
Мыстан: (Кощейден сіріңкені тартып алады)Мұның не? Балалар Кощейге қалай жағу керегін түсіндіріңдерші. Әне сөзбен ақ жағуға болады. Кане барлығымыз бірге көрейік. Бір-екі-үш кане шырша жарқыра! (шыршаны жағады)