Scratch(оқылуы «скрэтч»)- визуальды объектілібағдарлы программалауортасы. Scratch



бет2/4
Дата30.04.2022
өлшемі30,68 Kb.
#32959
түріПрограмма
1   2   3   4
Байланысты:
Scratch

2.1 Scratch бағдарламасының тарихы

Scratch бағдарламалау ортасының атауы ерекше, осы бағдарламаның  эмблемасы – кішкентай Scratch (орысша-царапка, қазақша- тырнауыш) деп аталатын мысықтың баласы. Бағдарлама оны басып, жазып шығарудың орнына кодтың блоктарын біріктіру жолымен жасалады. Scratchті қолдану оңай және жеңіл, сонымен қатар басқа бағдарламалау тілдерінің қолданысқа қажетті негізгі идеяларын сізге үйретеді. Бұл көпплатформалы өнім, яғни оны Windows, Linux және тағы басқа да операциялық жүйелерде орната беруге болады.  Массачусет технологиялық институтының «Lifelong Kindergarten Group» зерттеушілер командасы Scratch программалау ортасын Лего конструкторы мен Лого тілі идеясының жалғасы ретінде 2007 жылы құрған болатын.

Scratch -мультимедиалық жүйе. Тілдің операторларының көп бөлігі  анимациялық  және бейне эффектілер құруға, дыбыс пен графикамен жұмыс жасауға бағытталған. Ол бас кезінде 8-16 жас аралығындағы оқушылар үшін ойластырылған болатын, бірақ қазіргі таңда программалау ортасы әртүрлі жас аралығындағы пайдаланушылар үшін қолжетімді әрі қызықты. Жобадағы кейіпкерлердің суретін салу, оны қозғалысқа келтіру, дыбыс қосу тіпті кішкентай бүлдіршіндер мен ата-аналардың өзін еліктірері сөзсіз. Көптеген жоғары оқу орындарының студенттері Scratch программалау ортасын компьютерлік сыныптарда қандай да бір объектінің моделін жасау барысында дәрісте қолдану үстінде. Бұл программалау ортасын http://info.scratch.mit.edu сайтынан жылдам әрі тегін жүктеп алуға болады.

Миллиондаған пайдаланушылар Scratch жобаларды әртүрлі жағдайларда -үйде, офисте, мұражайлар мен кітапханаларда жасайды. Ол әлемнің 150 мемлекетінде қолданылып, 40 тілге аударылған. Программалау ортасы барлық деңгейде (бастауыш буыннан жоғары буын оқушылары) және кез келген оқу пәндерінде (математика,информатика, тілдер, қоғамдық т.б.) ұтымды пайдаланылуда. Пайдаланушылар мен мұғалімдер http://scratch.mit.edu сайтында бір-бірімен тығыз байланыс жасап, әртүрлі мысалдармен, ресурстармен және жобалармен алмаса алады.

Скретч-анимацияланған ертегілер, мультфильмдер, ойындар  мен модельдерді  құрастыруға  арналған  жаңа программалау ортасы. Программада объектілермен бірнеше әрекеттер жасауға болады: жылжыту, түрін  өзгерту, басқа  объектілермен  байланыстыру  және т.б. Объектілі- бағдарлы  программалау ортасына  негізделген сценарий түрлі-түсті  және әртүрлі пішіндегі блоктардан құралған  командалардан құрастырылады.



Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі негізгі орта білім беру деңгейінің 3-сыныбына арналған «цифрлық сауаттылық» пәнін оқу бағдарламасында Scratch бағдарламалау ортасында жұмыс жасау қарастырылған. Сонымен қатар, Scratch ортасы 3,4-сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін де қолайлы. Балалар өздері сценарий ойлап тауып, кейіпкерлердің суреттерін салып, дыбыспен жұмыс жасай алады.
Кейіпкерлердің әр түрлі іс-әрекеттерін сипаттау кезінде оқушылар бағдарламалаудың негізгі ұғымдары — тармақталу және әр түрлі циклдермен танысады. Объектілер өзара іс-әрекет жасайды, оқиғаға жауап қайтарады, түрін өзгерте алады; жобадағы басқару пернетақтамен де, тышқанмен де жүзеге асырылуымүмкін.
Жобаның авторы ретінде оқушы спрайтты Scratch кітапханасынан таңдап алуға, файлдан немесе веб-сайттан жүктеп алуға немесе өз объектісін ойлап тауып оған қоршаған ортаны өз бетінше құрастырып (суретін салып) алуына болады. Мұны істеу үшін Scratch ортасына сурет редакторы кіріктірілген. Жобаға дыбыс блогындағы арнайы командалар арқылы дауыс беруге болады. Бұл жағдайда да дайын дыбыс жазбасын таңдап жүктеуге немесе жаңа аудио-фрагмент ойлап тауып, жазып, өңдеп қондыруға болады. Сондықтан, Scratch ортасын тек бағдарламалау жүйесі ретінде ғана қарау жеткіліксіз. «Медиа ақпараттың» әр түрімен (мәтін, графика, дыбыс, анимация) жұмыс істей білуі Scratch ортасын мультимедиялық жүйе ретінде қабылдатады және оқушылардың бастапқы танысатын сандық технологиясының дидактикалық негізін құрайды. Scratch жанында интернет-қоғамдастық құрылған: Scratch-тің желілік нұсқасында бірге жұмыс жасай отырып, балалар идеялармен алмасады, білімдеріне тікелей қолданыс табады, өзіне-өзі және өзара оқу (көмек) принциптері жүзеге асады.
Жасалған жобалар әртүрлі сипатта болуы мүмкін: интерактивті мультимедиялық таныстырылымдар (презентациялар), демонстрациялау роликтері, тренажерлық программалар, анимациялық көріністер және т.б. Әдетте, мұндай конструкцияларда сигналдарды беру арқылы спрайттар арасындағы диалогты орнату, әрекетті өңдеуші құрал болып табылатын (спрайтты тышқанмен шерту, пернені басу) «бақылау» және «сенсорлар» блоктарындағы командалар арқылы қолданушы мен программа арасында диалог орнату талап етіледі. Осы кезде скриптердің дәйекті орындалуына немесе бірнеше орындаушының параллель іс-әрекетіне қол жеткізуге болады.
Scratch ортасының онлайн нұсқасындағы ерекшеліктері ретінде кіріктірілген аудио редакторды, графикалық редакторда векторлық графикамен жұмыс жасау мүмкіндігін, сондай-ақ, кейбір блоктарға енген толықтырулар, мысалы, «сенсорлар» блогының видеомен жұмыс жасауға арналған командаларын атап өтуге болады. «Жаңа блок» құрып скриптарға пікір (коментарий) жазу мүмкіншілігі де енген. Scratch-ті пайдаланудың негізгі мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, логикалық ойлауын жетілдіру және ақпараттық технологияларды пайдаланудағы еркіндікке қол жеткізу. Scratch ортасы арқылы, оқушылардың жоба құру жұмыстарын ұйымдастыруға болады. Оқу жобаларын құру жұмыстары оқушыға өзін ақпаратты жаттап кері айтып беруші емес, ізденуші-ғалым ретінде сезінуге мүмкіндік береді. Осылай компьютерлік технологиялар, соның ішінде медиа құралдар баланың ойлау қабілетін өсіретін, оқушының өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру идеясына негізделген сындарлы білім мәдениетін қалыптастыратын құралға айналады. Бұл жаңа ұрпаққа арналған білім беру стандарттарының құзыреттілік білім беру мақсаттарына сай келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет