Scratch(оқылуы «скрэтч»)- визуальды объектілібағдарлы программалауортасы. Scratch



бет3/4
Дата30.04.2022
өлшемі30,68 Kb.
#32959
түріПрограмма
1   2   3   4
Байланысты:
Scratch

2.2 Балаларды бағдарламалауға үйрету

Жоғары технологиялар ғасырында көптеген ата-ана балаларының өмірде табысқа жетуін әлбетте қалайды. Жақсы білім мен қажетті талапқа сай бейімділік соның маңызды элементі болып табылады. Қазіргі таңдағы және болашақта айрықша сұранысқа ие машықтың бірі бұл компьютерлік бағдарламалау.

Балаларға арналған бағдарламалау – бұл онша игере қойылмаған сала дерлік. Бұл оңай шару да емес. Мәселе бағдарламалау өнерінің интеллектуалдық күрделілігінде де емес. Басты міндет баланың қызығушылығын тудырып, оны сақтап қалу және көңілін ұстай білу. 10 жастағы (не одан да кіші) орташа оқушының компьютерлік бағдарламалардың қалай жасалатынын түсінуге білімі мен тәжірибесі жеткілікті. Шынына келгенде информатиканың негізгі тиісті курсы болып табылатын, балалар мен жасөспірімдерді информатика мен бағдарламалауға үйрету проблемасына қазіргі кезде өте аз көңіл бөлінетін жағдай бар. Дәлірек айтқанда, әлбетте көңіл бөлінеді, бірақ көбінесе зейін аясы студенттік орта айналасында қалыптасады. Көптеген табысты бағдарламашылар өздерінің бастапқы қадамдарын ерте жаста бастайды және оларға бұндай жағдайда көмектесу абзал. Неден бастау керек? Әрине, “Бағдарламалау өнері” (ағыл. “The Art of Computer Programming”) сияқты іргелі “ересек” монографиядан бастау дұрыс емес. Компьютерлік ғылым саласындағы американдық математик және маман Дональд Кнуттың бұл кітабы айрықша мәнді болғанымен (кітапты жазу 1962 жылы басталды, ал 1999 жылы ол ғасырдың он екі үздік физико-математикалық монографияның бірі болып мойындалды), балаға оны, әрине, оқуға ертерек және де теориядан емес, практикадан бастау жақсырақ. Аз уақытта минимум күш салып, максималды нәтижеге қол жеткізу өте маңызды. Бастапқыда қарапайым және балаға түсінікті нәрселерден бастау керек және оқыту ата-ананың жетекшілігімен өткізілуі дұрыс.

Баланы бағдарламалауға үйрету мүмкін бе? – деп сұрарсыз сіз. Барлығы сіздің және баланың зейіні мен оның қабілетіне байланысты. Ең болмағанда қызығушылығын тудырып, бағдарламалау негіздерін дағдыландыру қолыңыздан келеді. Жарайды, бірақ қалайша? Курстарға беру керек болса, оған жоғары сыныптарға жақын жаста қабылдайды. Ал, сіздің балаңыз алты жаста немесе он жаста болса. Бұндай жағдайда не істеу қажет…

Түптеп келгенде балаңыздың 13-14 жасқа жеткенінше күтуңізге болады не болса оғанға дейін тырысып көріп, әрекет етуіңізге болады. Бұндай жағдайда балаларды бағдарламалауға үйрететін арнайы бағдарламалар бар екен. Соның бірі “Scratch” деп аталады.

“Scratch” – бұл 2007 жылы балаларға арналып жасалған жаңа бағдарламалау тілі. “Скретч” арқылы қызықты анимация мен басқа да визуалды эффектілер құруға болады.

Бұл бағдарламалау ортасында атап өтетін айқындықтар:

Көрнекілік – біріншіден, балалар ешқандай код жазбайды, олар кодты “Лего”-ғы фигуралар сияқты кубиктерден жинайды, екіншіден, бүкіл код дайын жинақтан әр түрлі кейіпкерлерді басқару және анимациялау үшін құрылады. Соңында ойыншының кез-келген әрекетіне байланысты толыққанды хикаялар жасауға болады. Ең алғыр балалар өздерінің кейіпкерлерін және аңызға айналған “Супер Марио” сияқты қарапайым ойындарды жасай алады.

Әлеуметтілік – Scratch-та бағдарламаларды (жобаларды) құрушылардың  халықаралық қауымдастығы (http://scratch.mit.edu) бар. Онда балалар өздерінің парақшаларына бағдарламаларын жүктеп, өздерінің жұмыстарымен алмаса алатын мүмкіндігі бар. Сонымен қатар бір-бірлерінің жұмыстарын қолданып, бірлескен жобалар құрай алады. Қауымдастық ашық болып табылады және кез келген бала сайтқа кез келген жүктелген бағдарламаның жұмысымен танысып, оны үйрене алады. Жобаларға комментарий жазып, хабарламалармен алмасуға жағдай жасалған.

Дамыту – Scratch балаларды жоба жасау барысында циклдар, шарттар, ауыспалы мәндер, оқиғаларды өңдеу сияқты бағдарламалаудың негіздерімен операциялар жасауды, соның ішінде объектілермен операциялар жасауды үйретеді. Осылайша балаларды маңызды объектілі-бағытты бағдарламалау тілдерін игеруге дайындайды.

Scratch бағдарламасының негізгі компоненттері спрайт-объектілер болып табылады. Спрайт графикалық көріністерден тұрады – кадр-костюмдер(ағыл.costume) жинағы және сценарий-скрипт. Костюм-спрайттарды редактрлеу үшін Scratch-та графикалық редактор (ағыл. Paint Editor) енгізілген. Scratch бағдарламасында әрекет координаттар центрі көрініс ортасында орналасқан 480х360 (шартты) пиксель көлемді көріністе орындалады.

Сценарийлерді бағдарламалау үшін Scratch-та drag-and-drop тәсілдемесі қолданылады: блок тақтайша блоктарынан скрипт облысына сүйретіледі. Функционалдық мақсаттары бойынша блоктар 8 топқа бөлінеді, блок белгілі бір топқа қатыстылығына сай түсі бойынша белгіленеді.

Scratch-ты қолданғанда, бұл орта балаларға арналғанымен, әйтсе де ересектердің қатысуын талап ететінін ескерген жөн. Ата-аналар балалары Scratch-та жоба жасасын десе, алдымен өздері қарапайым бағдарламаны құруды байқап көру артық болмас. Дайын бағдарламалар мысалдарын жүктеп, сол арқылы олардың қалай жұмыс жасайтынын түсіндіру жақсы болар еді. Кейін, бала белгілі уақытта бейімделіп, өзі бағдарламалар жасайтын болады. Егерде сіз оны қызықтыра алсаңыз, әрине.

Scratch бағдарламасынан бөлек, Lightbot (http://lightbot.com) деп аталатын бағдарламалау негіздерін үйрететін ойын бар. Сондықтан Scratch-ты қолдануды бастамастан бұрын, балаларға осы ойынды ойнатып, барлық деңгейлерін өту ұсынылады.

Scratch — бағдарламаларды құруға арналған қызықты орта болып шықты. Scratch балаларға бастапқы бағдарламалау дағдыларын әдеттендіріп ғана қоймай, оны қызықты, қолайлы және ойын формасында ұйымдастырады.

Әрине, бұл супер әлуетті бағдарламалау ортасы емес, Scratch-тың икемділігін төмендететін, ерекшеліктерімен шартталған белгілі шектері бар. Бірақ бастапқы кезеңде бұл балалар үшін мінсіз орта. Scratch-ты игергеннен кейін балаларға жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдерін үйрену оңайырақ соғады. Scratch бағдарламалауды кіші және орта мектеп жасындағы балаларға қолжетімді және қызықты етеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет