Сəбет Балтаұлы Бап-Баба (Бабаев)


бiтiстердi  бiрiктiре  əсерлену



Pdf көрінісі
бет10/24
Дата29.12.2016
өлшемі1,88 Mb.
#678
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24

бiтiстердi  бiрiктiре  əсерлену  құбылысы.  Оның  мəнi  мынада:  əрбiр  адам  сан-қилы 
тұлғалармен көп мəрте кездесе жүрiп, қабылдау жəне бағалаумен жадында олардың сырт
көрiнiсi,  психологиялық  жəне  əрекет-қылығы  туралы  пайымдау  бекiтедi.  Көп  қайталап 
кездескен  бұл  əсерлер  бiрiгедi  де,  солардың  iшiнде  бiрi,  мысалы,  адамның  сырт  келбетi 
белгiлi  бiр  психологиялық  iшкi  қасиетпен  ұштастырылады.  Осы  бiрiккен  образ  негiзiнде 
екiншi бiр адамды кездестiргенiмiзде, одан оның сырт пiшiнiне қарап, өзiмiздiң санамызда 
орныққан  осы  пiшiнге  сəйкес  қасиеттi iздестiремiз.  Мысалы,  қабағы  түксиген  адамдар 
көбiне  тұйық,  ауыр  мiнездi  келедi.  Мiне  осы  жалпылай,  бiрiктiре  түзген  iшкi  бейнемiздi 
қабағы  түксиген  нақты  адамдардың  бəрiне  бiрдей  баламалай  саламыз.  Адамдардың 
психологиясындағы  жалпы-лық  олардың  iс-əрекетiнде  жалпылай  кездеседi,  ал  iс-
əрекеттегi  жалпы  қасиеттер  адамдардың  жалпы  сырт  тұлғалық  бейнесiнен  көрiнедi. 
Осылай  жалпылай  бiрiктiрiп,  образ  жасау  қасиетi  жас  өспiрiмдiк  шақтан  орнығып,  кейiн 
өмiр бойы түзетулермен реттелiп барады. Осы тəсiлдi жақсы игеруден адам психологиясы 
құрылымының  бiр  белгiсi:  əрекет-қылығы,  дүниетанымы  немесе  мiнезi - бойынша  сол 
адамның басқа да қасиеттерiн бағалаушы адам өзiнде қалыптасқан  бiрiкпе образ арқылы 
ашуға  бейiмделедi.  Егер  осы  бiрiкпе  образ  жасау  тəсiлi  адамның  сырт  көрiнiсi  мен  iшкi 
дүниесi  арасындағы  байланыстың  шындыққа  жақын  екенiн  дəлелдей  алса,  онда  бұл 
адамдарды  бағалауда,  олардың  əрекет-қылы-ғын  күнi  бұрын  болжастыруда  таптырмас 
құралға айналады, ал керi жағдайда жаңсақ əңгiмелерге тап қылады. 
             Бөгде  адамның  тұлғалық  ерекшелiктерiн  тануда  жеке-дара  жəне  кəсiби 
ерекшелiктер  көп  рөл  ойнайды.  Қайырым-ды,  мейiрман,  əсерлi  адам  басқаларды  жеңiл 
түсiнедi, қабылдайды, себебi мұндай адамдар, əдетте үлкен де бай қатынас тəжiрибесiне 
ие  болумен,  басқалардан  əрқашан  жақсылық  қасиеттердi iздестiруге  бейiм  келедi,  ал  өз 
өмiр  жолы  сəтсiздiктен  қаланып,  көпшiлiкпен  тiл  табыса  алмаған  адам  басқалардың  да 
оңды образын жасауға қабiлетсiз келедi. 
            Кең əлеумет ортасында жүрген кəсiп, қызмет иелерi (педагог, дəрiгер, экономист, 
саясаткер, əдебиетшi, өнер адамы) төңiрегiндегiлердi дұрыс бағалап, қасиеттерiне сəйкес 
қабылдай бiледi. 
  
  
  
  
3. Таным мен түсiнiсудегi қателiктер себебi 
             Бiрiн  бiрi  түсiнiсуде  адамдар  көбiне  шектен  тыс  өзiмшiл,  субъективтi,  асығыс 
қорытынды жасауға бейiмшiл келедi. 
             Адамның  өзiмшiлдiгi  оның  төңiрегiндегiлерге  баға  берудегi  өз  қабiлетiн  асыра 
дəрiптеуiнен  келiп  шығады.  Өзiнiң  кейбiр  iстерге  байланысты  ой-өрiсi  мен  ептiлiктерiнiң 
мүлтiк-сiз  жұмыс  атқаруға  жарайтынын  пайдаланып,  адам  сипаттауда  да  сол  қабiлетiм 
жеткiлiктi  дегендей  жаңсақ  ойдың  арбауында  қалып  қояды  да,  нəтижеде  назарға  алған 
адамы жөнiнде қате пiкiрге тап келедi. Ал онысын өзi сезбейдi де, мойындамайды. Мұның 
түпкi  себебi -  заттар  мен  жан  дүниелi  адамдарға  болған  қатынастардың  өзiндiк 
ерекшелiктерiн бiлмеуден. 
             Субъектив  қателiктiң  мəнi:  нақты  кезеңдегi  өзiнiң  психологиялық  кейпiне  назар 
салмастан,  адам  нақты  көрiп  тұрғаны  мен  естiгенiне  сенiп  қалады,  ал  көз  бен  құлақ 
қабылдауы  əрқашан  адамның  жеке  көңiл-күйiнiң  жағдайына  тəуелдi.  Қандай  да  адамды 
қабылдауымыз  бiздiң  өзiмiздiң  сол  мезеттегi  жан  толғанысымыз,  көңiл  шарпуымыз  бен 
қажет-сiнуiмiзге  байланысты  келедi.  Осы  тұрғыдан  адам  бағалауда  өз  сезiмi  мен  пiкiр 
пайымдауына да толығымен сене беруге болмайды.

             Ситуативтiк  қателiк  мəнi:  басқаны  бағалай  жəне  қабылдай  отырып,  тұлға  өз 
қабылдау процесiнiң қандай жағдайда өтiп жатқанын ескермеуi жəне сол жағдайдың оның 
өзiнiң  əрекет-қылығы  мен  бақылауындағы  адамның  болмысына  нендей  əсер  етiп 
жатқанын байқамауы мүмкiн. Ал адам өзiнiң бақылау астында екенiн сезсе, өзiнiң əдеттегi, 
қалыпты  қылықтарын  бұрмалап  көрсетуге  тырысады.  Бақылаушының  өзi  де  нақты 
жағдайларға орай өз əрекетiнiң формасын өзгертедi. Мысалы, дəрiгердiң сырқатты өзiнiң 
қызмет кабинетiнде қабылдауы мен сол адамды кездейсоқ көшеде не демалыс орнында
кездестiрiп, тануы үлкен өзгешелiктерге ие. Осыдан психологиялық  образ қалыптастыру 
процесiне ситуацияға орай реттеу мен түзетулер ендiрiп тұрған шеп болмайды. 
             Асығыс  қорытынды  жасауға  байланысты  қателiк  мəнi:  бақыланушы  адам 
жөнiндегi  пiкiр  мүмкiн  болған  мəлiмет-тердiң  бəрi  жинақталмай,  үстiрт  берiледi.  Мұндай 
қателiк  болмауы  үшiн  төңiрегiндегiлердi  түсiнуге  ниет  еткен  əрбiр  адам  өзiн 
ұстамдылықпен,  болжамы  нақты  деректермен  айқындалмағанша,  бақылауға  алынған 
тұлға жөнiнде ой топшылаудан аулақ болғаны жөн. 
            Қателiктердiң жəне бiр тобы жалған қарапайым-дылықтан келiп шығады. Мұндай 
қателiк өзiн өзi шын мəнiнде кiм екенiн бiлмейтiн, қоғамдық беделi жоқ, аңғырт адамдарда 
болады.  Бұл  типтегi  жандар  төңiрегiндегiлердiң  iшкi  жан  дүниесi  мен  əрекет-қылығының 
мəнiн  түсiнуге  қабiлетi  жетпегенiнен,  өзiн  дүниеден  хабарсыз,  не  болса,  соған  сенгiш 
кейiпте танытып, кiм болса, соның арбауына түсiп кете бередi. 
  
Қайталау жəне бекiту сұрақтары 
1.  Адамаралық қатынастардың пайда болу жəне даму себептерi неде? 
2.  Адамдар арасындағы қатынастардың түрi қандай? 
3.  Остранизм деп адамдар арасындағы қай қатынастарды атаймыз? 
4.  Қатынастардың эмоционалдығын қалай түсiнесiз? 
5.   Жеке  жəне  ресми  қатынастар  айырмашылығы  неде  жəне  олардың  өзара  ықпалын
қалай түсiнемiз? 
6.  Үйлесiмдi қатынастардың мəнi не? 
7.  Қарама-қарсылықты қатынастар төркiнiнде не жатыр? 
8.  Амбиваленттi қатынастар мазмұны неде? 
9.  Альтруист болған жақсы ма, не қажетсiз құбылыс па? 
10. Адам аралық қатынастарға ықпал етушi факторлар    
     қандай? 
11. Адамның өзiн-өзi сезiнуi неге байланысты? 
12. Адамдар қауымдастығының түзiлу себебi нелiктен? 
13. Адамаралық қатынастардың орнығуы мен түзiлу  
     себептерi қандай? 
14. Адамдардың бiрiн-бiрi қабылдауы мен түсiнiсуiне себепшi    
     факторлар қандай? 
15. Адам үшiн өзiн-өзi танудың қандай маңызы бар жəне ол   
     қалай жүзеге асады? 
16. Адам образын жасау тəсiлдерi қандай? 
17. Таным мен түсiнiсудегi қателiктер нелiктен туындайды?

8-дəрiсбаян
 
  
ТIЛДЕСУ ПСИХОЛОГИЯСЫ
 
  
Жоспары:   1. Тiл қатынасы жөнiнде түсiнiк.  
2.  Тiлдесу - ақпарат алмасу құралы. Сөйлеу.  
3. Сөз (сөйлеу) қызметтерi.  
4. Сөйлеудiң  түрлерi 
  
1. Тiл қатынасы жөнiнде түсiнiк 
             Адамның  қоғамдық  болмысы  жан-жақты  əрi  көп  деңгейлi  аралық  қатынастардан
құралатынын жоғарыда əңгiме еткенбiз. Ал осы қатынастар арасында өзiнiң ерекше мəнi 
мен  құрылымы  жағынан  танылатын  құбылыс - бұл  тiлдестiк  қатынастар.  Тiлдесу 
барысында  адамдар  өзара  əрекеттiк  байланысқа  келiп,  тұрмыс-еңбек  тəсiлдерi  мен 
нəтижелерiн, əрекетке орай туындаған болжамдар мен идеяларын, ниеттерiн, қызығулары 
мен  сезiмдерiн  жəне  т.б.  өзара  бөлiседi,  алмасады.  Тiлдестiк  қатынас  бiршама  дербес 
құбылыс  ретiнде  қабылдануымен,  субъектi  белсендiлiгiнiң  ерекше  бiр  формасы  ретiнде 
көрiнедi.  Тiлдесу  қызметiнiң  нəтижесi - өзгертiлген,  болмаса  қайта  жасалған  дүниелiк  не 
идеалдық  өнiм  емес,  ол  адам  мен  адамның,  адам  мен  қауым  арасында  орныққан 
байланыс қатынасы. Бұл ретте əңгiме тек бiрдiң екiншiге бағытталған жай əрекетi, не оның 
ықпалы  жөнiнде  емес,  ал  өзара,  бiр-бiрiне  болған  əсерi  туралы.  Тiлдесу  үшiн  мiндеттi 
түрде əрқайсысы өз алдына субъектiк мағынаға ие ең кемiнде екi адам болуы қажет. 
             Қазiргi  кезде  жалпы  психология  мəселелерiнiң  көптеген  шешiмi  осы  тiлдестiк 
қатынастарды  зерттеуге  байланысты  болып  отыр.  Себебi  психологиялық  бейненiң  бiр 
формадан екiншiсiне өтуi (мыс.: түйсiктiң сезiмге, сезiмнiң ойға, ойдың сөзге т.с.с.), адам 
психикасындағы  ашық  сана  аймағы  мен  бейсана  байланысы,  адам  көңiл  шарпуларының 
ерекшелiктерi,  жеке  адам  заңдылықтары  т.б.  осы  тiлдестiк  қатынастың  негiзiнде 
жасалады. 
             Тiлдесу  деген  не?  Тiлдесу - бiркелiкi iс-əрекет  қа-жеттiгiнен  туындаған  адамдар 
арасындағы байланыстардың даму көзi. Тiл қатынасы негiзiнен əңгiмелесушiлердiң өзара 
ақпарат алмасуынан қалыптасады. Бұл ақпарат алмасу тiл қатынасының коммуникативтiк 
сипатын құрайды. Тiлдесудiң екiншi тарапы - сөйлеушiлердiң өзара ықпалы, яғни сөйлесу 
барысындағы  сөз  алмасу  ғана  емес,  сонымен  қатар  бiр  бiрiнiң  əрекетiн,  қылығын  танып, 
оны өзгерiске келтiруi, жауап беруi. Үшiншi, ақырғы, тарапы тiл қатынасы сөйлесу арқылы 
адамдардың бiрiн бiрi қабылдап, өздерiнiң психологиялық бейнесiн түзуi. 
             Сонымен,  бiртұтас  тiлдесу  процесiнде  үш  бағытты  байқаймыз:  коммуникативтi
(ақпарат  алмасу),  интерактивтi  (өзара  ықпалды  əрекетке  келу)  жəне  перцептивтi
(адамның  бiрiн  бiрi  қабылдап,  түсiнiсуi).  Осы  үш,  бiр-бiрiне  байланысты  тiлдесудiң 
қырлары  бiрлiктi  қызмет  орындауымен  сол  қызметке  араласқан  адамдардың  өзара
қатынасын ұйымдастырудың əдiстерiн құрайды.  
            Тiлдесу  мен  iс-əрекет өзара тығыз  байланысты екенi  сөзсiз.  Бiрақ,  əңгiмеге арқау 
болып отырған тiлдесу қызметi iс-əрекеттiң бiр бөлiгi ме, не бұл екеуi өз алдына дербестiгi 
бар,  теңдей  құбылыс  па? - деген  сұрақ  туындайды.  Бiрлiктi iс-əрекет  барысында  адам 
қажетсiнуден  мiндеттi  түрде  басқа  адамдармен  қауым  түзедi,  сөйлеседi,  пiкiр  алысады, 
яғни байланысқа келiп, өзара түсiнiсумен ақпарат алысып, берiседi. Бұл жағдайда тiлдесу 
қызметi iс-əрекеттiң  бiр  бөлiгi  сипатында  қарастырылады,  бiрақ  адам  мұнымен  шектелiп 
қалмайды.  Тiлдесе  отырып  адам  басқаларға  өзiнiң  ерекшелiктерiн,  даралық  қасиеттерiн 
танытады  (қазақтың  "аузын  ашса,  көмекейi  көрiнедi"  деген  қанатты  сөзi  осыдан). 
Өндiрiлген зат (құрылған үй, отырғызылған ағаш, жазылған кiтап, орындалған əн) бұл, бiр 
жағынан, iс-əрекет нысаны, ал екiншi жағынан - адамның өзiн-өзi қоғамдық тұлға ретiнде 
көрсетуiнiң  қажеттi  құралы,  себебi  өнiм  басқалардың  мүддесiне  бағышталған.  Осы  зат 
арқылы  адамдар  арасындағы  қатынас  тiке  емес,  жанама  сипат  алады  да,  өндiрушi  мен 
пайдаланушыға теңдей ортақ тiл байланысын туындатады. 
            Сонымен, iс-əрекет - тiлдiк қатынастың бiр бөлiгi, ал сезiм iс-əрекеттiң құрам бөлiгi, 
ал екеуi қосылып барша жағдайларда тұтас бiрлiктi құрайды.

             Тiлдесу  əрекетiнiң  сипаты,  аймағы  мен  əдiстерi  оған  қатынасқан  адамдардың 
əлеуметтiк  қызметтерiмен,  қоғамдық  қатынаста  тұтқан  орынымен,  қандай  да  қауымға 
мүшелiгiмен  анықталады  да  өндiрiс,  өнiм  алмасу  жəне  оны  пайдалануға  байланысты
жағдайларға,  сондай-ақ  қоғамда  орныққан  заңдар,  ережелер,  талаптарға  сай  əлеуметтiк 
мекемелер тарапынан реттелiп барады. 
            Шынында да, қай тарапынан болмасын тiлдесу процесiне қатыспайтын адамға тəн 
психикалық құбылыс-тарды атау өте қиын. Iс-əрекетпен бiртұтас байланысқан осы тiлдесу 
арқылы  адам  бүкiл  қоғам  жаратқан  тəжiрибенi  игередi.  Жеке  адам  дамуы  тұрғысынан 
тiлдесу  барысында  бiрiне-бiрi  қайшы  екi  диалектикалық  бағыт  өзара  байланысқа  келедi: 
бiр жағынан, жеке адам қоғам өмiрiне араласады, адамзат топтаған тəжiрибенi игередi, ал 
екiншi жағынан - адамның даралығы айқындалады. 
  
2. Тiлдесу - ақпарат алмасу құралы. Сөйлеу 
             Тiлдесудiң  жеке  адам  деңгейiндегi  сипаты  өз  алдына.  Бұл  жағдайдағы  оның
қызметi  үш  түрге  бөлiнедi:  ақпараттық  тiлдесу,  реттеу  тiлдестiгi  жəне  сезiм  бiлдiру
тiлдестiгi. Осыдан тiлдестiк қатынастың үш түрлi мазмұны  ашылады: ақпарат алмасу, 
адам аралық өзара ықпал жəне адамдардың бiрiн-бiрi түсiнуi. 
Коммуникативтiк  процесте,  бiрiншiден,  ақпарат  бiр  жақты  бiреуден  бiреуге 
жеткiзiлiп қалмастан, екеу арасын-дағы хабар алмасуы, яғни бiр адамның өз ақпаратының 
мазмұнына сəйкес екiншiсi жауап хабар алуға бағытталған əрекетi үздiксiз жүрiп жатады. 
Егер осы ақпарат тiлдесу барысында түсiнiмдi қабылданса ғана, тiлдескен адамдар үшiн 
өз мəндiлiгiне ие болады. 
             Екiншiден,  адамдар  арасындағы  ақпарат  алмасу  сипаты  қоғамда  қабылданған
таңбалар  жүйесi  негiзiнде  адамдардың  бiр  бiрiне  ықпалды  əсер  ете  алуына  байланысты 
келедi.  Бұл  жағдайдағы  коммуникативтiк  ықпал  бiр  адамның  екiншiсiне  жасаған 
психологиялық əсерiне теңгерiледi. 
            Үшiншiден, ақпарат алмасудың нəтижесi болған коммуникативтiк ықпал тiлдесуге 
қатысқандардың  тiл  жүйе-сiндегi  таңбаларды  теңдей  таныса  ғана  пайда  болады.  Бiрақ, 
ескеретiн жəйт, бiр сөзге тəн мағынаның өзiн бiле тұра, адамдардың бiрiн бiрi түсiнiспейтiн 
жағдайлары  болады,  мұның  себебi  сол  адамдардың  əртүрлi  əлеуметтiк,  саяси,  жас 
ерекшелiктерiнiң болуында. 
             Төртiншiден,  адамдар  өзара  сөйлесу  барысында  ерекше  тiл  қатынастары 
кедергiсiне  ұшырауы  мүмкiн.  Бұл,  бiр  жағынан,  əңгiмелесушiлердiң  өзара  сұхбат  өзегiн 
түсiне  алмауынан,  яғни  əртүрлi  көзқараста,  нанымда,  пiкiрде  болуы-нан,  екiншi  жағынан, 
кедергiлер сөйлесушiлердiң даралық психологиялық бiтiстерiнен немесе екеу арасындағы 
тiлдесуге мүмкiндiк бермейтiн адам аралық қатынастардың белең алуынан туындайды. 
             Ақпараттың  қайсысы  болмасын  таңбалар  жүйесi  арқылы  берiледi.  Бiздiң 
қолдануымыздағы  бұл  таңбалар - дыбыс,  сөз,  сөйлеу.  Сөйлеу  мен  ойлау  генетикалық 
бай-ланыста,  қоғамдық  еңбек  желiсiнде,  адамзаттың  əлеуметтiк-тарихи  дамуында 
қалыптасты.  Сөйлеу  процесi  санамен  реттеледi  де,  өз  кезегiнде,  адамдар  арасындағы 
тiлдесуде  қалыптасады.  Сананың  негiзгi  қызметi  болмысты  өрнектермен  бейнелесе,  сөз 
бен  тiл  сол  болмысты  арнайы  қабылданған  таңбалармен  белгiлейдi.  Болмыс  бейнесiнiң 
белгiсi (таңбасы) ретiнде сөйлеу де тiлмен бiрлiктi байланыста. Сөйлеу - тiлдесу əрекетi, 
тiл негiзiнде мағына бiлдiру, ықпал жасау, ақпарат беру, яғни сөйлеу - əрекеттегi сана мен 
ойдың көрiнiс формасы. 
             Сонымен,  сөйлеу - тек  адамға  тəн  тiл  қатынасының  ең  жетiлген  формасы.  Бұл 
қатынас  айтушы  жəне  тыңдаушының  мiндеттi  түрде  болуымен  жасалады.  Айтушы  ойды 
жеткiзуге  қажет  болған  сөздердi iрiктеп,  грамматика  ережелерiне  сай  оларды 
байланыстырады,  артикуляция  ағзаларын  iске  қосу-мен  дыбыстайды.  Тыңдаушы  сөздi 
қабылдап,  онымен  өрнек-телген  ойды  түсiнуге  əрекет  жасайды.  Айтушы  мен  тыңдаушы 
арасындағы  сөз  түсiнiстiгiмен  белгiлi  ойды  қабылдау  үшiн,  сол  ойды  өрнектеуге
бағытталған екi түлғаға да ортақ сөздердi жүйелестiру құралы мен ережелерi болуы шарт. 
Мүндай  құрал  жəне  ережелер  тобы  сипатында  көптеген  əулеттердiң  өмiр  барысында 
өзара сөйлесуден қалыптасқан белгiлi бiр ұлттық тiл қызмет етедi. 
            Тiл - сөйлесу құралдарының қатаң қалыпқа келтiрiл-ген жүйесi, ал сөйлеу - ой мен 

сезiмдi  жеткiзуге  арналған  тiлдiң  екеуара   қатынасты  əрекеттiк  қолданымы.  Тiлдiң  өзiнде 
мағына-ой  болмайды,  ол  тек  ойды  өрнектеуге  арналған  əртүрлi  таңба-белгiлердiң 
жиынтығынан  тұрады.  Ал  осы  қордан  сөйлеу  үшiн  қажеттi  белгiлi  тiлдiк  құралдар 
(дыбыстар,  сөздер,  ережеге сай сөз  тiркестерi  мен сөйлемдер,  əуен,  ырғақ  т.б.) iрiктелiп 
алынған шақта ғана, ой бiлдiру мүмкiндiгiне ие боламыз. 
  
3. Сөз (сөйлеу) қызметтерi 
             Сөз  негiзiнен  екi  қызметтi  атқарады:  коммуникативтiк,  сигнификативтiк.  Осы 
қызметтерiне  орай  сөз  тiлдесу  құралы  жəне  ой  мен  сананың  көрiну  формасы  ретiнде 
танылады. 
             Сөздiң  негiзгi  сипаты  оның  мағынасында,  семанти-калық  мазмұнында  екенi 
баршаға белгiлi. Баяндалып жатқан сөздi тыңдағанымызда бiздiң назарымыз оның мəндiк 
мазмұнына аударылады. Адам тiлiнiң əрбiр дара сөзi қандай да бiр затты өрнектейдi, оны 
атаумен  бiздiң  санамызда  нақты  бiр  заттың  не  құбылыстың  бейнесi  пайда  болады. 
Осынысы-мен  де  адам  тiлi  жануарлардың  қысқа  мерзiмдi,  қылықтық  күйiн  бiлдiретiн 
аффектiк  "тiлiнен"  ажыратылады.  Жануарлар  "тiлi"  ешқашан  да  нақты  бiр  затты  белгiлi 
дыбыстық  өрнекпен  таңбаламайды,  таныта  алмайды.  Сөздiң  бұл  қызметi -
сигнификативтiк қызмет деп аталады. Сөздiң белгiлеу қызметi нақты ұлт өкiлiне түсiнiктi 
сөздерден  құралған  тiлдiң  қызметi.  Осы  қызмет  нəтижесiнде  адам  əртүрлi  заттардың 
бейнесiн  жанама  түрде  санада  тұрғыза  алады,  заттардың  өзi  жоқ  болған  кезде  де
олармен iс-əрекеттiк қатынасқа түсе алады. Осыдан адам танымы еселенiп байиды, яғни 
адам өзiндiк сана қорында заттың тiкелей бейнесiн сақтап, таниды, оған қоса сол заттың 
таңбалық баламасымен де байланысқа келедi. 
             Сөздiң  жəне  бiр,  күрделiрек  қызметi  бар.  Ол  арқылы  заттарды  талдап,  олардың 
мəндi  қасиеттерiн  ажыратып,  заттарды  белгiлi  категорияларға  топтастыру  мүмкiншiлiгiне 
ие  боламыз.  Осыдан  сөз  дерексiздендiру  мен  нақтылау  құралына  айналып,  қоршаған 
дүние  заттарына  байланысты  тереңде  жатқан  байланыстар  мен  қатынастарды
бейнелеуге  қолданылады.  Сөздiң  бұл  екiншi  қызметi "сөз  мағынасы"  терминiмен 
белгiленедi.  Сөздi  игеру  арқылы  нақты  заттар  араласатын  адамзаттың  көп  ғасырлы
тарихында  қалыптасқан  байланыстар  мен  қатынастарды  танимыз,  зерттеп,  үйренемiз.  
Сөйлесудiң  жəне  бiр  қызметi - коммуникативтiк   өрнектеу  құралдары  мен  ықпал  жасау 
құралдарының  бiрлiгiнен  орындалады.  Өрнекке,  яғни  дыбыстардың  бiрiгiп,  сөз  жəне 
сөйлем  формасына  келуiнен  əлi  сөйлеу  шықпайды.  Сөйлеу - заттық  негiзi  бар  мағына 
болғанда  ғана  iске  асады.  Əрқандай  сөздiң  (сөйлеу)  белгiлi  зат  жөнiнде  баяны  болып, 
екiншi  бiреуге  бағытталса  ғана,  өзiнiң  коммуникативтiк  қызметiне  сай  болады.  Сөйлеудiң 
мағыналық  мазмұнының  өзегi - өрнектеген  заты.  Бiрақ,  нақты  белсендi  сөйлесу 
барысында  сөз  өзiнiң  белгiлегенiнен  тыс  көп  хабарды  жеткiзе  алады,  себебi  сөз  ағымы 
сезiмдiк əрекеттермен толығады: ым, ишара т.б. 
            Адам тiлiндегi көңiл-күй көрiнiсi үлкен маңызға ие. Сөздi тек ақыл-ой көрiнiсi деп 
тану  оның  өрiсiн  өте  тарылтып  жiбередi.  Сөзде,  əсiресе  оның  ауызша  түрiнде  көңiл-күй 
танытатын  көптеген  сөйлеу  бiрлiктерi  қосылады: iркiнiс,  ырғақ,  əуен;  жазба  түрiнде  -
тыныс  белгiлерi,  сөз  орыны  т.б.  Сөйлеу  барысында  бiз  тек  бiлген  ақпаратымызды  ғана 
хабарлаумен  тынбастан,  əңгiме  арқауына  болған,  əңгiме  тыңдаушыға  болған  өз  көңiл 
толғаныс,  қатынастарымызды  бiлдiремiз.  Сөз  неғұрлым  өрнектi,  əсерлi  болған  сайын, 
одан сөйлеушiнiң келбетi, болмысы дəл əрi нақты көрiнедi. 
            Сөз бiр нəрсе жайында баяндаумен бiрге ықпал жасау құралы да болып қызмет 
етедi.  Адам  тiлiнiң  ықпалдық  қызметi - өте  мəндi  құбылыстардан.  Ол  тiкелей  əрекет-
қылықты өзгертпегенiмен, қалайда тыңдаушының ой-санасына, сезiмiне қандай да өзгерiс 
ендiредi.  Сөйлеу - əлеуметтiк  мiндеттi  орындау,  тiл  қатынасының  құралы  бола  тұрып, 
саналы ықпал қызметiн орындайды. 
             Сөйлеу  процесiнiң  негiзгi  тiрегi - түсiну,  түсiнiсу.  Сөз   қоғамнан  тыс  болуы  мүмкiн 
емес, сөйлеу тiлдесуге арналған жəне тiлдесуде пайда болатын əлеуметтiк өнiм. 
             Сөйлеу  саналы  əрекетке  айналуы  үшiн  əңгiме  арқылы  шешiлетiн  мəселе  жəне 
оның  мақсаты  анық  болуы  қажет.  Сонымен  бiрге,  əңгiме  барысындағы  мiндеттiң  шешiмi 
сол əңгiме жүрiп жатқан жағдайға да байланысты. Бұл жағдай əңгiме өзегi болған зат пен 

əңгiме  бағышталған  тыңдаушы  қауымының  сипатымен  анықталады.  Əңгiме  мақсаттары 
мен   жағдайларын  бiрлiкте  қарастыра  отырып,  адам   не  айту  керек,  қалай  айту  керек 
екендiгiн  барластырады,  осыдан  өз  сөзiн  алдына  қойған  мiндетiн  шешуге  жарайтын 
саналы əрекетке айналдырады. 
  
4. Сөйлеу түрлерi 
            Сонымен, сөйлеу - тiл көмегiмен түзiлген адам аралық қатынас құралы. Сөйлеудiң 
келесi  түрлерi  болады:  сыртқы  жəне  iшкi  сөйлеу.  Сыртқы  сөйлеу  өз  кезегiнде  ауызша, 
жазбаша болып, ал ауызша - монологтық жəне диалогтық болып бөлiнедi. 
            Сөйлеудiң барша түрлерi өзара ықпалды қатынас түзедi. Сөйлеу түрлерiнiң бəрiне 
бiрдей  сипат - олардың  сөздiк  дыбысталуында.  Бiрақ  олардың  əрбiрiнiң  өзiндiк 
ерекшелiктерi  бар.  Тiл  қатысынсыз  жəне  заттасқан  тiлдiк  процесс  болмай,  ешқандай  ой, 
ойлау болуы мүмкiн емес. Ауызша да, əсiресе жазба сөздiң дайындығы сөйлеудiң iштей, 
адамның өзiнен-өзi, күбiрлеп айтып шығуынан басталады, мұны ғылымда iшкi сөйлеу деп 
атайды. 
             Жоғарыда  атағанымыздай,  сыртқы  сөйлеу  ауызша  жəне  жазбаша  болады. 
Жазбаша  сөйлеуде  тiлдiк  қатынас  мəтiн  арқылы  жанама  болады.  Жазба  сөйлеудiң, 
ауызшаға  қарағанда,  мазмұны  жинақты  келедi.  Сөйлеудiң  жазба  түрi  жазба  белгiлер 
негiзiнде  орындалады.  Қазiргi  кездегi  көп  тiлдердiң  дыбыстары  əрiптермен  өрнектеледi. 
Жазба сөйлеу - естумен қабылданатын тiлдiк дыбыстардың, көрумен танылатын əрiптер 
мен  адамның  тiлдiк  əрекеттерiнiң  күрделi  байланысынан  құралатын  процесс.  Осыдан, 
жазба  сөйлеудiң  ауызша  сөйлеуден  кейiн  пайда  болып,  əрi  соның  негiзiнде 
қалыптасатынын түсiнемiз. 
             Бiреудiң  дыбыстауынан  құлағымызға  жеткен  сөз   ауызша  сөйлеу  деп  аталады. 
Ауызша  сөйлеуде  кеңiстiк  жəне  уақытқа  байланысты  бiраз  шектеулер  болады.  Əдетте, 
əңгiмелесушiлер  бiрiн  бiрi  көрiп  тұрады  немесе  дауыс  жететiндей  алшақтықта  болуы 
мүмкiн.  Осы  жағдайларға  орай  сөйлеудiң  сипаты  өзгерiске  түседi.  Мысалы,  телефонмен 
сөйлескенде сөз қысқа, жедел сұрақ-жауап кейпiнде байқалады. Тыңдаушы сұрақ қойып, 
оған жауап алуы мүмкiн емес телерадиодағы сөйлеу тiптi басқаша.  
Ауызша сөйлеу - диалогтық жəне монологтық түрде болады. Диалогтық сөйлеу
əңгiмелесушiлердiң  өзара  қысқа  сөз  алысуы,  түзiлетiн  сөйлемнiң  құрылымы  толық 
болмауымен ерекшеленедi. Өзара түсiнiстiк мұндайда бұрынғы əңгiме желiсiнен, тақырып 
барысынан  жəне  iс-əрекет  мазмұнына  орай  жетiледi.  Ауызша  сөз,  əдетте,  əңгiмелесуге 
қосылған адамның ниет ықыласына, болмаса қоршаған орта ықпалдарына орай жасалған 
жауап ретiнде жүзеге асады. 
             Монологтық  сөйлеу  ұзаққа  созылады,  ортаға  қыс-тырма  сөздер  қосылмайды, 
алдын ала көп дайындықты талап етедi. Əдетте бұл кең көлемдi, күнi бұрын ой желiсiне 
салынып,  қорытылған  баян  (мысалы,  баяндама,  шығып  сөйлеулер,  дəрiсбаяндар  т.б.). 
Дайындық  барысында  мұндай  баяндардың  кей  жерлерi  бiрнеше  рет  iштен  қайталанады, 
жоспары қайта түзiлiстерге түседi, орынды сөздер, сөз тiркестерi мен сөйлемдер iрiктелiп, 
таңдалады,  көп  жағдайда  ауызша  сөйлеудiң  жоспары  жазбаша  түзiледi.  Монологтық  сөз 
құрылымы  жағынан  күрделi  болып,  ой  толықтығымен  көрiнедi,  баяндалуы  бiр  iздi,  қатаң 
логикалық  талаптарға  бағынады.  Монологтық  сөйлеу  диалогтыққа  қарағанда  қиындау, 
сондықтан  оның  толық  формасы  адамзат  тарихында  кейiнiрек  қалыптасқан.  Ал  мұндай 
сөйлеу  түрiн  оқушыларда  қалыптастыру  үшiн  мұғалiмдер  арнайы  мiндеттердi  жүзеге 
келтiре  отырып,  еркiн  əрi  мəндi  сөйлеу тəрбиесiн  бүкiл  оқу процесiнде   үзбестен  жүргiзiп 
барады. 
            Бұрын атағанымыздай, қалаған ақпаратты екiншi адамға жеткiзу үшiн таңбалар, не 
таңбалар  жүйесiн  қол-данамыз.  Осыған  орай  тiлдестiк  қатынас  процесiнде  вер-балды
(таңба  ретiнде - сөз,  баян)  жəне  вербалды  емес  (таңба  ретiнде - сөзден  тыс  белгi, 
ишаралар) байланыстар қолданылады. 
            Вербалды тiлдесуде таңбалық жүйе ретiнде сөз (сөйлеу) қабылданған. Мұндайда 
сөйлеу - лексикалық  жəне  синтаксистiк  екi  принциптi  қамтыған  дыбысты  тiл,  яғни 
фонетикалық  белгiлер  жүйесiн  түсiнемiз.  Сөйлеу - тiлдестiк  байланыстың  ең  өнiмдi 
əмбебап  құралы,  себебi  мұның  жəрдемiмен  берiлген  ақпарат  мағыналық  толықтығын 

жоғалтпайды.  Сөз  бен  сөйлеу  арқылы  ақпарат  таңбалық  бекiмiн  тауып,  қажет  кезде 
мағыналық  шешiмге  келедi (кодирование,  декодирование).  Əңгiмелесудiң  ерекше  түрi 
ретiнде диалогтық сөйлеуде хабарлаушылар рөлi бiр iздi алмасып отырады, осыған орай 
бiз не жөнiнде əңгiме болып жатқанын түсiнемiз. 
            Сөйлеу арқылы тек қана ақпарат  "жүрiсi"  орындалып қалмастан, əңгiмелесушiлер 
арасындағы  бiр  бiрiне  деген  ықпал  да  жасалады,  яғни  өзара  бағыт  бағдар  көрсете 
отырып, олар бiр-бiрiнiң iс-əрекет қылықтарын үйлестiруге не өзгертуге тырысады. 
             Əңгiме  мағынасын  жеткiзу  мен  қабылдау  барысын-дағы  адамдардың  сөз  саптау 
сипаты əртүрлi. Хабарлаушы үшiн ақпарат мағынасы сөйлеуден бұрын келедi, себебi ол 
алдымен  мақсат  қойып,  кейiн  оны  сөзбен  баламалайды.  Ал  тыңдаушы  үшiн 
қабылданатын ақпараттың мəнi, оны сөзге келтiрумен бiрге ұғылады (Я. Яноушек). 
             Хабарлаушының  айтқан  ой  мағынасының  тыңдау-шыға  түсiнiктi  болғандығы 
тыңдаушы хабарлаушы ролiне  енiп,  өз  сөзiмен қабылданған  ақпараттың түсiнiктi екендiгi 
жайлы белгi бергенде ғана айқындалады. 
             Тiлдесудiң  мазмұндылығы,  оның  барысындағы  əңгiме-лесушiлердiң  бiр-бiрiне 
ықпал жасауынан көрiнедi. Ал бұл өзара ықпал жасау процесiн айқын түсiну үшiн тiлдестiк 
қатынас  əрекетiнiң  құрылымын  ғана  бiлiп  қою  жеткiлiксiз,  бұл  орайда  əңгiмелесуге  негiз 
болған түрткiлер, тiлдесу мақсаттары мен ниеттерiн де талдай тану үлкен маңызға ие. Бұл 
үшiн тiлдесу барысында сөз бен сөйлеуден тыс қолданылатын белгiлердi ажырата алған 
жөн.  Сөзбаян  қаншалықты  əмбебап  болғанымен,  оның  толық  мəнi  тiлдестiк  əрекет 
жүйесiнiң  сөзден  тыс  ишара  белгiлермен  толық-тырылғанда  ғана  ашылады.  Осыдан 
вербалды емес (сөзден тыс) тiлдесу проблемасы туындайды
             Вербалды  емес  тiлдесуде  ең  алдымен  көру - қозғалыс  жүйесiне  байланысты  өз 
iшiне  ым,  ишара,  пантонима  т.б.  қамтыған  белгiлер  тобы  өте  маңызды.  Əрқилы  дене 
мүшелерiнiң  (бет,  бас,  қол  ұшы,  иық  т.б.)  жалпы  қозғалысқа  келуi  адамның  көңiл-күй 
көрiнiсiн  берiп,  тiлдестiк  қатынасқа  көркем-көрiктiк  нəр  бередi.  Ал  бұл  ишара  белгiлер 
əртүрлi  мəдениет  иелерiнде,  яғни  əртүрлi  ұлт  өкiлдерiнде  бiрдей  емес.  Мысалы,  қазақ 
келiспесе басын шайқайды, ал болгарлар басын изейтiн көрiнедi. 
            
Вербалды 
тiлдесуге 
"қосымша" 
ретiнде 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет