белсен-дiлiк арттыру, немесе ынталандыру жəне реттеу қызметтерiн де атқарады.
Ерiк, яғни ырықты əрекеттер - ырықсыз қимыл - қозғалыстар негiзiнде пайда
болады. Қарапайым ырықсыз қимылдар қатарына жататындар, мысалы, көз
қарашығының тарылуы мен жайылуы, жыпылықтау, жұтыну, түшкiру т.б. құсаған
рефлекстi əрекеттер. Ыстықтан қолды тартып алу, шу шыққан тарапқа бас бұру т.б.
сияқты қозғалыстар да осы топтан. Бiздiң сезiмдiк, көңiл-күй таныту əрекеттерiмiз де
ырықсыз сипатқа ие, мысалы, таңдана, қасымызды керемiз не ауызымыз ашылып қалады;
қуана, күле шырай бiлдiрiп, ашуда қабағымызды түкситiп, тiсiмiздi қайраймыз т.с.с.
Сонымен бiрге, əрекетiмiздiң жалпы мақсатынан тыс, ниеттенбеген импульстiк
қозғалыстар да осы ырықсыз қимылдар тобына кiредi, мысалы, сырттағы шуға мойын
бұру, қандай да затқа бiр көргеннен əуестену т.б. Ерiктiк қылық-тың ерекшелiгi оның ''мен
қалаймын'' емес, ''мен мiндеттiмiн'' толғанысының жетегiнде болуы. Дегенмен, кейде адам
өзiнiң ерiктiк бағдары мен тума қылықтарын бiрiктiре алады, мысалы, "Мен өз
борышымды орындауды қалаймын" – "борыш" - ерiктiк, "қалаймын" - импульстiк. Осыдан,
бiздiң барша өмiрiмiз ұдайы ерiктiк əрекеттер мен əдеттегi қылықтарымыздың өзара
байланысты қатынасынан тұрады. Ырықсыз қозғалыстарға қарсы қойылатын саналы
əрекеттер адамға тəн бола келiп, ниеттелген мақсатқа жетуге бағдар-ланады. Ерiктiк
қылықтың басты көрсеткiшi де осы нақ мақсатқа бағытталған саналы əрекет. Бiрақ
əрқандай ниет өзiнiң құрылымдық күрделiлiгiнен көздеген мезетте iске аса бермейдi,
осыдан ерiктiк əрекет өз iшiне жеке бiрлiктер ретiнде көп қайталанудан бастапқы саналық
сипатын жойып, автоматтасқан қимыл-қозғалыстарды қамтуы мүмкiн.
Кейбiр ерiктiк əрекеттер күрделi сипатта болуынан, оның орындалуы ұзақ мерзiмге
созылуы мүмкiн, мысалы, тау шыңын ерттеп мiнем деген альпинист, көрмеге
дайындалған оқушы т.с. өз ойларын ақтауы үшiн талай жұмыстарға маңдай терiн төге,
ерiк күшiн сарп етуi керек.
Психиологиялық қорғаныс механизмдерiн пайда-ланып, кейбiр ұнамсыз қылықтар
төркiнiн басқаларға бiлдiрмеу мақсатымен адам өзiнiң iшкi кедергiлерiн сырт, объектив
етiп көрсетуге тырысады. Мысалы, сабаққа кешiк-кенiн оқушы ұйқысырап қалғаны
(субъектив кедергi) мен жауапкерсiздiктен емес, мың-сан жалған объектив кедергi-лермен
байланыстыра салуы мүмкiн: əжем ауырып қалды, дəрiгер шақырдым; автобус уақытында
келмей қалды, асығудан жығылып, үстiмдi бүлдiрiп, үйге барып, қайта киiндiм т.с.с.
Əрқандай ниеттелген мақсаттың орындалуында түрлi объектив сипатқа ие сыртқы
кедергiлер кездеседi. Бiрақ кедергiнi жеңуге бағытталған көрiнген əрекет ерiктiк бола
бермейдi. Мысалы, иттен қорқа қашқан бала, кейiн өзi таң қалғандай, былайғы күнде
қолынан келмес əрекеттердi жасайды: биiк дуалдан секiрiп өткен, жалаң аяқ жантақты
жерден жүгiрген, сулы кең арықтан секiрiп өткен т.с.с.
Мақсатқа жетуде қандай да қиыншылықтарды жеңу сол мақсаттың мəн-мағынасын
терең түсiне бiлуге жəне адамның өз борышын саналы байыптауына тəуелдi. Мақсат
неғұрлым маңызды болса, адам соғұрлым қандай да кедергi-ден қаймықпайды. Кей
жағдайларда мақсаттың өмiрден де қадiрлi болуынан, адам ол үшiн жан пидалыққа
барады. Аяулы ару батырларымыз Мəншүк пен Əлияны еске түсiрiңiз.
2. Ерiк теориялары
Ерiктiк əрекеттер табиғатын түсiну үшiн бұл жөнiндегi ғылыми көзқарастар өрiсiне
зер салған жөн. Ерiк ұғым ретiнде де, нақты болмыстық құбылыс ретiнде де тарихи
сипатқа ие. Ежелгi жəне орта ғасырлық дүние ерiк құбылысын бүгiнгi бiздiң түсiнiгiмiздей
танып бiлмеген (Г. Л. Тульчинский). Мысалы, ежелгi қоғамда адам еркi жөнiнде тiптi
сөз болмаған, оның орнына ''даналық мұраты'' ұғымын қолданған. Адамның қылық-
əрекеттерi табиғат пен өмiрдiң ақыл бастауларына жəне логика қағидаларына бағынады
деп түсiнген. Осыдан, Аристотельдiң пайым-дауынша, əрқандай əрекет логикалық
қорытындылардан туындайды. Ал өзiнiң "Никомахов этикасы" еңбегiнде: "дəмдiнiң бəрiн
жеу керек" жəне "бұл алма дəмдi" деген пiкiрлер санада "Бұл алманы жеу керек" деген
қорытынды ой пайда етпейдi, адамды бiрден сол алманы жеп қою əрекетiне келтiредi" -
деп жазған. Ерiк табиғатына болған мұндай көзқарас қазiргi күнде де жоқ емес. Ш. Н.
Чхарташвили мақсат пен саналы тану интеллектуалды əрекеттер категориясынан
туындаған деумен, ерiктiң өзiндiк сипаты барлығына шек қояды, сондықтан ғылымға жаңа
бiр "ерiк" терминiн ендiрудiң қажетi жоқ екенiн дəлелдеуге тырысады.
Жеке адам қасиетi сипатында ерiк ортағасырлықтарға да таныс болмаған. Мұны
сол уақытта қоғамда орын алған экзорис - жын-шайтан қуу үрдiсiнен аңдауға болады. Бұл
үрдiсте адам шылғи да енжар астама күйiнде танылып, сыртқы əсерлер жинайтын ''ұя''
ретiнде бағаланған. Ол заманда ерiк дербес жасайтын, нақты қайырымды не жауыз
құбыжық күштер түрiне енген құбылыс деп есептелген. Бұл тылсым күштер қандай да
мақсаттар белгiлеушi ақылға ие деп түсiнiлген. Осы күштердi (тiптi нақты перiште мен
шайтан есiмiн бiлуге дейiн) танудан адамның "шын" қылық-əрекетiнiң мəнiн түсiнуге
болады-мыс.
Ерiк табиғатын бұлай түсiндiрудiң себебi - сол заманда қалыптасқан қоғамның
адам əрекет-қылығының негiзi оның өзiнде екенiн мойындамаудан. Əр адам бабалардан
жеткен нəсiлдiктiң iзi ғана деп қабылданған. Мұндай сипаттан қауымның кейбiр
мүшелерiнiң ғана ажыратылуға құқы болған, мысалы, бабалар аруағы жəне ол дүниемен
тiлдесетiн - бақсы-балгер (шаман), от пен металды бағындырған - темiршi, өзiн қоғамға
қарсы қойған қарақшы - қанiшер т.б.
Мүмкiн, ерiк түсiнiгiнiң жаңа "Қайта тiктелу" заманында жеке адам проблемасымен
бiрге ғылым аренасына келуi осы адамның қалыпты жағдайдан ауытқуларын мойын-
даудан болар. Осыдан адам шығармашылыққа қабiлеттi, "тiптi қателер жiберуге де бейiм"
дегендей тұжырымдар жоққа шығарылмады. Қалыптан шығып, тек ортасынан бөлiнумен
адам жеке адамдық кемелденуге жетiседi. Мұндай тұлға үшiн ең мəндi нəрсе - ерiк
бостандығы.
Ерiк бостандығын бiр жақты асыра дəрiптеу нəтижесiнде экзистенциализм
немесе "тiршiлiк философиясы" пайда болды. Экзистенциализм (М. Хайдегтер, К.
Ясперс, Ж. П. Сартр, А. Камю т.б.) ерiктi тəуелсiз, тысқы əлеуметтiк əсерлерге
қатысы жоқ құбылыс деп таниды. Мұндай пайымның негiзi-қоғамдық байланыстар мен
қатынастардан, əлеуметтiк-мəдени ортадан бөлек, дерексiзденген адам. "Дүниеге қандай
да бiр күшпен келiп қалған" бұл адамның өмiрi мағынасыз "қым-қиғаш оқиғалар" жиынтығы
да, адамның өзi – "пайдасыз құмарлық". Мұндай адамның қоғам алдында ешқандай
инабаттық мiндеттерi мен жауапкершiлiгi жоқ. Осыдан да ол адамгершiлiктен жұрдай,
намыссыз, өз бетiмен кеткен, тартыну дегендi бiлмейдi. Қандай да қалып-тəртiп (норма)
ол үшiн жойылу, басыбайлыққа түсу көзi. Ж. П. Сартр пiкiрiнше, нағыз
адамгершiлiк - бiр ғана рет көрiнетiн, реттестiрiлмеген, қандай да қоғамдық мекемелер
талаптарының
шеңберiмен
оқшауланбаған,
өздiгiнен
туындайтын,
себепсiз,
"əлеуметтенуге"
қарсылық
əрекетi.
Ерiк
бостандығын
асыра
мадақтаудан
экзистенциалистер адам болмысының жалпы негiздерi жөнiндегi ойларына дəлел айта
алмай, адамды өз өмiрiнiң мəнi, мақсаты жəне жауапкер-шiлiгiнен айыратын, қоғам, тарих,
мəдениетке қайшы келетiн кездойсоқ, жауыздық, ақылдан аулақ бастаулар тұңғиығына
бiр-ақ түсiрдi.
Қылық иесi-адам қалыптасқан тағылым-талаптарды жоққа шығара отырып,
мiндеттi түрде қандай да басқа, өзiне ұнаған құндылықтарға ауысады. Егер адам бiр
мəдени қалыпты мойындағысы келмесе, онда оның бұл əрекетi екiншi бiр, қыр-сырлары
танылып болмаған қажеттiктi көздегенi. Осыдан ежелден бүгiнге дейiн баршамыз қоғамға
жат деп есептейтiн параққорлық пен нашақорлықтың бiр жағы мəдениеттiлiктен
шыққандығы ғажап нəрсе. Бұл қоғамға ерсi болып көрiнген қылықтардың өздерi де қандай
да ұйымдасу негiзiне ие, өздерiне сай талап, ережелерi, мақтан тұтатын қырлары мен
ғұрыптары баршылық.
Осыған байланысты түсiнiктеме берген И. П. Павлов ерiктi - адам белсендiлiгiне
байлау болатын кедергiлердi жеңуде көрiнетiн əрекетшеңдiк – " еркiндiк инстинктi" деп
қарастырады. "Еркiндiк инстинктi ретiнде ерiк аштық пен қауiп-қатерден де мəндiлеу. Егер
осы қасиетi болмаса, - деп жазды И. П. Павлов, - жануар алдынан шыққан елеусiз-ақ
кедергiден өте алмай, өлiмге душар болар едi". Ал адам үшiн мұндай кедергiлер қатарына
əрекетке матау болатын сыртқы əсерлер ғана емес, өз қызығулары мен қажеттiлiктерiн
бақылауға алатын өзiндiк сана мазмұны да болуы мүмкiн. Бұл тұрғыдан ерiкiндiк инстинктi
болған ерiк, Г. Л. Тульчинский-дiң пiкiрiнше, жеке адамның психологиялық болмысының
барша деңгейлерiнде көрiнедi, бiр қажеттiлiктердi басып, екiншiсiне ынталандырады, өз
мiндетiн танытып, жеке адамдық қадiрiн қорғау мен өз мұраты үшiн жан пидалыққа дейiн
апарады.
З. Фрейд пен Э. Фроммның психоаналитикалық зерттеу-лерiнiң нəтижесiнде "ерiк
адам қылықтарына дем берушi ерекше қуат)" деген түсiнiк ғылымға ендi. Бұл
ғалымдардың болжамынша, адам қылықтарының көзi - психикалық формаға келтiрiлген
жанды ағзаның қандай да биологиялық қуаты. Ал бұл қуат, З. Фрейдше, санадан тыс,
ақылдан алшақ "либидо" (махаббат) - жыныстық құмарлықтың психо-сексуалды
энергиясы. Мұндай тұжырымдаумен З. Фрейд адам қылығын осы тiршiлiк жалғастырушы,
яғни "либидоның" "мəдениеттестiрiлген" алғашқы көрiнiсi (эрос) деп, ал кейiн бұл қылық
адамның арғы дүниеге (өлiмге) ұмтылысының белгiсi (танатос) екенiн түсiндiрiп бақты.
З. Фрейд болжамдары оның шəкiрттерiнiң еңбекте-рiнде қызықты эволюциялық
жалғасын тапты. Солардың бiрi К. Лоренц ерiк энергиясы адамның əу бастан жыртқыш
болуынан дегендi алға тартты. Егер осы жыртқыштық қасиет қоғам рұқсат еткен
белсендiлiктер түрiнде жүзеге асып тұрмаса, ол əлеуметтiк қатерге айналып, ырыққа
келмейтiн қарақшылық əрекеттермен ұштасуы мүмкiн. А. Адлер, К. Г. Юнг, К.
Хорни, Э. Фромм ерiк көрiнiстерiн əлеуметтiк жағдайлармен байланыстырады. К. Г. Юнг
үшiн бұл - əр мəдени қауымда ежелден қалыптасқан əмбебап қылық жəне ойлау түрлерi,
А. Адлер əкiмшiлiк пен əлеуметтiк билiкке талпыныс; ал К. Хорни мен Э. Фромм ерiктi
мəдени ортада өз мүмкiндiктерiн iске асыра бiлудiң шарты деп бiледi.
Шынына келгенде, психоанализ бағыты өкiлдерiнiң (З. Фрейд жəне шəкiрттерi) қай-
қайсысы да қорытынды пiкiрлерiн - адам əрекеттерiнiң көзi - қажеттiлiктердiң мəндi, бiрақ
тұтастай емес, бiр тарапын ғана асыра дəрiптеуге бағыттаған. Пiкiр қарсылығын
тудыратын тек бұл əсiре ғана емес, адамның өз "тiршiлiгiн сақтау" мен "тұтастығын
қолдауды" қамтамасыз ететiн ықпалдарды түсiндiруi де ғылымдық көзқарасқа сай
келмейдi. Адам өзiнiң биология-лық болмысы, яғни тiршiлiгiне қарсы қатерге де баруы
тұрмыстан белгiлi: соғыстағы ерлiк, қауiп-қатерде батылдық т.б., бiрақ фрейдшiлер бұл
жағдайды ескермейдi.
Ерiктiк əрекет себептерi адамның сыртқы ортамен белсендi қарым-қатынасқа
келуiнен туындайды. Ерiктiң себептi болуы адамды қандай да қылыққа мəжбүрлеп,
көндiрудi бiлдiрмейдi. Адам табиғатынан қоршаған орта жағдайлары болмай, өз өмiрiн
қолдай да, жалғастыра да алмайды. Ерiк бостандығы - табиғат пен қоғамның жалпы-
ланған заңдылықтарын терiстеу емес, керiсiнше, адамның оларды жете танып, өз əрекетiн
соларға сай реттестiре бiлуi.
3. Ерiктiң физиологиялық негiздерi
Психиканың басқа да көрiнiстерi сияқты ерiк те мидың жүйкелiк процестерiне
негiзделген заттасқан құбылыс.
Ырықты əрекеттердiң негiзi алдыңғы орталық жүйке сайларындағы ми
қабықтарының бiрiнде орналасқан аумақты пирамидалы жасушалар қызметiнде
көрiнедi. Əрекетке келтiретiн импульстер осы жасушаларда пайда болады, осы арадан
түйдектелген жүйке талшықтары бастауын алып, миға тереңдейдi, одан төмен түсiп,
жұлынды (арқа ми) бойлай отырып, дененiң қарсы тарапындағы бұлшық еттерге жетедi,
яғни пирамидалы жол жүредi. Осы жасушалардың қай бiрi жарақаттанса, адамның оларға
сəйкес бiр қозғалыс мүшесi iстен шығады.
Алайда, ырықты əрекеттер бiр-бiрiне байланысты өзара ықпалды əрi ниеттелген
қимылдардың күрделi жүйесiн-де пайда болады. Бұл процесте қозғалыс түйсiктерiнiң
маңызы үлкен. Егер алдыңғы орталық жүйке сайларының артына жайғасқан бөлiктердiң
бiрi зақым алса, адам өз əрекеттерiн сезбей, қарапайым қимылдардан қалады, қалаған
қозғалысын таңдап, реттей алмайды. Əрекеттердiң бiр iздiлiгi мен байыптылығы алдыңғы
орталық жүйке сайларының қызметiмен басқарылады. Бұл ми қабығы бөлiгiнiң зақым-
дануы қозғалыс икемсiздiгiне соқтырып, бұрыннан қалыптас-қан дағдыларды жояды.
Аталған ми аймақтарынан басқа, ерiктiк əрекеттердiң бағыты мен қуатын қолдап
барушы құрылымдарды да ескерген жөн. Мидың маңдай профронталь бөлiгi iстен
шығуынан қимыл-əрекеттер ырықты реттелуден ауып, қажеттi бағдарламаға көнбей, ерiк
жоспарына икемдесуден қалады. Мұндай аппраксия жағдайында адам қандай да iсiн
бастағанымен, аяқтай алмайды, бастамай жатып, доғарып та қоюы мүмкiн немесе
еленбес себептерден-ақ жұмысын басқа арнаға бұрып жiбередi. Клинникалық тəжiрибеде
кездескен жағдай: аппраксияға ұшыраған бiр науқас ашық тұрған шкафтың жанынан өте
бере, iшiне кiрiп алыпты да, ендi не iстерiн бiлмей, жан-жағына алақтап тұрған құсайды.
Мұндай сырқатты адамның əрекет-қимылының басы бiрiкпей, басқаруға келмейдi.
Ми сырқаты негiзiнде адам абулия (зақымды ерiксiз-дiк) ауруына ұшырайды.
Мұндайда əрекет иесi өз қадамының қажеттiгiн бiле тұра, оны iске асыруға ерiк күшi
жетпей, керектi шешiм мен əрекетке келе алмай, жан күйзелiсiне түседi. Абулия ми
қабығындағы шектен тыс (зақымды) тежелу мен мидан берiлетiн импульстiк ықпалдардың
қажеттi деңгейiнiң бəсеңдеуiнен болады. Осыдан сырқат адам көбiне ырықсыз қылықтар
шырмауынан шыға алмай, қиналады.
Ерiк əрекеттерiн орындауда адамның саналы əрi мақсатты қимыл-қозғалыстарын
реттеушi екiншi сигналдық жүйенiң маңызы орасан. Екiншi сигналдық жүйе адамның
қозғалыс қуатын арттырумен бiрге, барша психикалық процестерiнiң: ойлау, қиял, ес,
зейiн, сезiм - бастау көзi. Осыдан, ырықты əрекет бас миы қабығының барша бөлiктерiнiң
бiркелкi қызметiнiң нəтижесi ретiнде көрiнедi (И. П. Павлов).
Тұтастай алғанда ерiк шартты рефлекстiк сипатқа ие. Уақытша жүйке
байланыстарының негiзiнде əрқилы ассо-циациялар жинақталып, бекидi. Ендi келiп түскен
ақпарат бұрыннан бар бiлiктермен салыстырылады. Егер келiп түскен хабар ми
қабығында бұдан алдын түзiлген бағдарламамен сəйкес келмесе, не əрекет өзгередi, не
жоспар қайта жасалады. Ерiктi реттестiрудiң рефлекторлық негiзi бас миындағы қажеттi
қозу ошағының пайда болуына тəуелдi. Бұл жүйкелiк қозу ұдайы энергиялық қуатты
керек етедi. Мұндай ми қажетiн ерекше аккумлятор сипатты ретикулярлы формация
қамтамасыз етедi. Осы ретикулярлы формация қажеттi қозу ошағының қуатын
қолдауынан, адам қандай да жұмыс орындауда үлкен жiгерлiлiк танытып, көздеген
мақсатына жетуге батыл қадам жасайды.
4. Ерiк құрылымы
Əрқандай ерiк əрекетi өзiнiң күрделiгiмен ерекше-ленедi. Ниеттелген мақсат анық
болып, орындалу жағдай-ларына сəйкес əрi тiкелей iс-əрекетке өтетiн болса, əңгiме
қарапайым ерiк əрекетi жөнiнде болғаны. Ал күрделi ерiк əрекетiнде ықпал жасаушы
импульстер мен нақты əрекеттер арасына қосымша ерiк бiрлiктерi енедi. Ерiк процесiнiң
мəндi кезеңдерi мен бөлiктерiнiң құрамы келесiдей: 1 ) ниеттiң туындауы мен мақсат
белгiлеу; 2) талдау, талқылау кезеңi мен түрткiлер таласы; 3) шешiм қабылдау; 4)
орындау.
Ерiктiк əрекет желiсiнiң бастапқы басқышының негiзгi мазмұны - ниет белгiлеу
мен мақсат қою. Ниеттiң бəрi бiрдей саналы болып келе бермейдi. Қандай да қажеттiлiк
өз түсiнiк денгейiне орай құмарлық немесе тiлек сипатын алады. Егер тұлға өз
жағдайына қанағаттанбаса, сонымен бiрге, осыған байланысты қажеттiлiк толығымен
өзiне əлi түсiнiксiз болса, оның мақсатқа жету жолы мен шараларының күңгiрт болғаны.
Бұл жағдайда оны iске итермелейтiн əшейiн құмарлық, көрсеқызарлық. Құмарлықта адам
өзiне бiрдеңе-нiң керектiгiн сезiнедi, бiрақ сол нəрсенiң не екенiне көзi қанық жетпейдi,
қажеттiлiгiн нақты түсiнбейдi. Мұндайда "не керегiн, өзi де бiлмейдi" деймiз.
Байыпталмағандығынан құмарлық iс-əрекетке бастау бола алмайды. Сондықтан да ол
ауыспалы құбылыс, ондағы қажеттiлiк бiрде сөнедi, ал кейде анық-қанығы ашылып, нақты
тiлек, ниет, арманға айналады.
Бiрақ тiлек ету де əлi əрекетке келу деген емес. Қажет-тiлiк мəнiн бейнелегенiмен
тiлекте белсендiлiк болмайды. Тiлеу - бұл алдымен əрекетке келтiрушi себептi түсiну
кезеңi. Əрқан-дай қылықтың түрткiсiне, кейiн мақсатына айналудан бұрын тiлiк
сарапталып, бағаланады; оның орындалуына кедергi не қолдау беретiн шарттар
өлшестiрiледi. Тiлек iс-əрекет түрткiсi сияқты өзiнiң туындауына себепшi болған
қажеттiлiктiң айқын-дығымен ерекшеленедi. Ынталандырушы күшке негiзделген тiлек
адам санасын болашақ мақсатқа ойыстырып, жоспар түздiредi, сонымен бiрге ол
мақсаттың орындалу жолдары мен құрал-жабдықтарын ақылға сай нақтылайды.
Көрiнген тiлектiң бəрi iске аса бермейдi. Адамда бiр уақытта əртүрлi, тiптi бiрiне бiрi
қайшы келген тiлектер туындап, осыдан қайсысына орай əрекет iстеуiн бiлмей, ол
күйзелiске келедi. Мектептi бiтiрiп, қай жоғары оқу орынын таңдайтынын бiле алмай,
дағдарысқа түскен кешегi оқушы осының мысалы.
Əрқилы қажеттiктер маңызының өзгерiске келуiнен адамда түрткiлер күресi
басталады. Бұл талас-тартыстың мəнi: əлi бастамаған əртүрлi əрекеттердiң оң не терiс
тараптарын, қай жағдайда қандай əрекетке кiрiсу қажеттiлiгiн таңдауға бағышталған
адамның талқылау iсiнiң жүруi. Түрткiлер таласы жағдайында адам үлкен толғанысқа
келiп, өз санасы мен сезiмiнiң, қара басы мен қоғам мүдделерi арасындағы қарама-
қарсылықтарды жеңе алмай, өз "қалауы" мен сырттан қойылған мiндет "талауына" түседi.
Түрткiлер тартысының қорытынды сатысы- шешiм қабылдау; бiр түрткiнi қалаумен
нақты мақсатқа жүгiну. Шешiм қабылдай отырып, адам бұдан былайғы əрекеттiң бəрi
оның өзiне тəуелдi екенiн сезедi, бұл өз кезегiнде онда ерiктiк əрекеттiң ерекше сипаты -
жауапкершiлiк сезiмiн оятады. Батыл шешiмге келудiң бiрнеше жолы белгiлi (У. Джеймс):
1. Саналы шешiм түрткiлер қарсыластығы бiрте-бiрте семiп, арасындағы бiр
мəндiлеу баламаға аса зорлықсыз-ақ жол беруден пайда болады. Көзделген əрекет
жайбарақат, өзiнен өзi басталғандай сезiледi.
2. Таңдау толғанысы мен батылсыздық ұзаққа созылып, тереңдей түссе, адам
дағдарысқа келiп, ештеңеге кiрiспегеннен гөрi, бiрiн бастай салайын деп, қателiкке ұрынуы
мүмкiн. Мұндайда қандай да бiр кездейсоқ əсердiң ықпалында қалып, "не болса, сол
болсын" деумен, адам өз басын "тағдырдың жазғанына" көндiредi.
3. Ықпалды-ынталандырушы күштердiң жоқтығынан, өз батылсыздығынан iштей
күйiнiп, адам қалай болса, солай, ойланбай, iске барады, тап осы мезетте iстiң ақыры не
бола-тыны оны қызықтырмайды. Мұндай көзсiз батылдық өте əрекетшең, күштi көңiл-
күйдегi темперамент иесiнде болады.
4. Iшкi толғаныстардың байыпқа келуi - алғашқы түрткiлер құндылығының өзгерiске
келуiне де байланысты. Мұндайда шешiм адамгершiлiк көзқарас, намыс араласумен
қабылданады. Адам "маған осы не болды" деумен, өзiн жинақтап, қажеттi бағыттағы
əрекетке батыл кiрiседi.
5. Кейде өз қалауын қонымды ақылға сыйғыза алмай, адам белгiлi бiр əрекет түрiн
таңдайды, яғни ерiк күшiмен өз көңiлiнде бұрын еленбей келген бiр түрткiге қуат бередi,
осы-дан жаңағы түрткi басқаларын басып, əрекет көзiне айналады. Қазақтың "Көз қорқақ,
қол батыр" мəтелi осының айғағы.
Шешiм қабылдау бiршама күрделi процесс, оның жүрiсi де iшкi толғаныстың
үдемелi қозғалысын тудырады. Ал шешiмге келуден, адам жеңiлденiп, қанағаттану
сезiмiне бөленедi.
Бiрақ шешiмге келу əлi жұмыстың орындалуын қамта-масыз ете алмайды. Кейде
ниеттелген əрекет те iске аспайды, бастама аяқсыз қалады. Ерiктiк əрекеттiң мəндiлiгi сеп-
түрткiлердiң тайталасы мен шешiмнiң қабылдануында емес, жұмыстың белгiлi нəтижеге
келуiнен. Қабылдаған шешiмiн нəтижелi iсте көрсете алған адам ғана ерiк күшiне ие деп
бағаланады.
Ерiктiк əрекеттiң орындалу кезеңi өзiнiң күрделi құрылымына ие. Шешiмнiң
орындалуы қандай да мерзiммен байланысты. Егер шешiмнiң орындалуы ұзақ мерзiмге
кейiн қалдырылса, онда ол ниет қана. Ниет соңға ысырылған əрекетке дайындық ретiнде
танылып, шешiмге байланысты көзделген мақсатты бiлдiредi. Мысалы, оқушы келесi
жылдан бастап ''беске'' оқуды жоспарлайды, яғни ниет қояды. Мұндай ниет ерiктi əрекет
жасауға жеткiлiксiз. Бұл əрекетте мақсатқа жетудiң жоспарлау сатысын ғана байқаймыз.
Жоспарлау - күрделi ой əрекетiмен ұштасқан, қабылданған шешiмнiң тиiмдi əдiстерi мен
құрал-жабдығын iздестiру кезеңi.
Жоспар əрқилы деңгейде, сапада болуы мүмкiн. Кей адамдар бəрiн өлшестiрiп,
пайымдаса, екiншiлер жалпы, үстiрт жоспармен шектеледi. Жақын уақытта орындалатын
əрекет-тер нақты, айқын қарастырылса, уақыт өтумен жүзеге келетiн iстер күңгiрттеу
болады. Жоспарланған əрекет өздiгiнен бола қалмайды, ол үшiн ерiк күшi араласуы
қажет. Ерiк күшi - бұл адамның қажыр-жiгерiн жинақтап, мақсатқа жетуге керек болған
қосымша қуат, түрткiлердiң көзiн ашатын, мақсатты белгiлеу мен iстiң орындалуына
дейiнгi ерiк процесiнiң барша бөлiктерiне ықпалды фактор. Орындау барысында адам
өзiнiң iшкi кедергiлерiн ғана емес, сыртқы қиыншылықтарды да ерiк күшiмен жеңетiнiн
нақты байқай аламыз.
Ерiк күшi бұлшық еттердiң күш салуынан сапалық өзгешелiкке ие. Ерiк күшiнде
дене қозғалысы тiптi мардым-сыз, ал оған байланысты iшкi жан толғанысы шектен тыс
деңгейге жетiп, кейде адамның тiрлiк қалпына зақым келтiруi мүмкiн.
Ерiк күшiнiң қарқындылығы төмендегi жағдайларға тəуелдi:
1. Жеке адамның көзқарасы (жапон самурайы, жахид жариялаған мұсылман).
2. Моральдық тұрақтылық (жауапкерлiк, немқұрайлық).
3. Қоғамдық мəндi мақсаттар.
4. Iс-əрекетке деген көрсетпе-талап (мұғалiмнiң оқушыға тапсырмасы: "тек оқып кел",
"бiрiн қалдырмай көшiрiп ал" - əрқайсысы əртүрлi ерiк күшiн керек етедi).
5. Жеке адамның өз басын жұмысқа бұрып, басқара алуы. (Өзiн жетiлдiре алмаған
адам, қиыншылықтарға төзiмсiз келедi).
Адам орындалатын iстiң маңызын, оның моральдық талаптарға қайшы еместiгiн де
түсiнуi мүмкiн, алайда бұл оған iс барысындағы кедергi, қиыншылықтарға қарсы тұруға
демеу бола алмайды. Түсiнуден көптеген басқа ниет, тiлек-тердi баса отырып, қажеттi
ұмтылысты пайда етуi үшiн, адам ''осылай болуы тиiстi'' дегендей үлкен жан қалауы -
борыш сезiмiне бөленуi тиiс. Борыш сезiмi - моральдық талаптардың адамның iшкi жан
дүниелiк қасиетiне айналып, "мендiк" пен қоғамдық мүдделер тоғысында таңдалатын
тиiмдi əрекет-қылықтың жол көрсеткiшi.
Көп жағдайда адам ерiк күшiмен өзiнiң мiнез-қылығындағы ырықсыз белсендiлiгiн
ноқталап, тоқтамға келтiруiне тура келедi, бұрыннан бекiген əдеттерi, бойға сiңген
келеңсiз қылықтарына қарсы шайқасқа түседi.
Бiрақ мұнысымен адам ырықсыз белсендiлiктi түбе-гейлi шектей алмайды, тек
түрiн өзгертiп, не тысқы көрiнiс-терiн басуы мүмкiн. Сондықтан да, ерiк - адамның өз
болмысын билей алу қабiлетi, өз ұмтылыстары, сезiмдерi мен құмарлықтарына
тоқтам беру қасиетi.
Ерiк əрекеттерiн iске асыру барысында, əсiресе орын-даудан соң бағалау кезеңi
келедi. Баға түрлi əлеуметтiк-саяси, моральдық, эстетикалық т.б. бағыттардан берiледi,
ал кей жағдайда аталған талғамдардың басы бiрiгiп, бiр бағаға арқау болуы ықтимал. Баға
тек жеке адамның өлшемiнен емес, iске қатысы бар көпшiлiктiң пiкiрiне де телiнуi мүмкiн.
Осыдан, ұжымдық баға əрбiр дара тұлға əрекет-қылығының шын өлшемi бола алады.
Орындалған iс-əрекеттiң бағамы қабыл-данған шешiмдер мен iс əдiстерiн қолдау, ақтау не
кiнəлау сипатта көрiнедi. Əрқандай баға көңiл-күй толғанысын тудырып, iс нəтижесiнен
қанағаттану не қанағаттанбау сезiмi-не бөлейдi. Орындалған əрекеттiң болымсыздығынан
адам опық жейдi, ұят қысылысына түседi. Баға жұмыстың ендiгiден былай жалғасуына,
өзгеруiне не доғарылуына түрткi болады.
Достарыңызбен бөлісу: |