Сəбет Балтаұлы Бап-Баба (Бабаев)


Қайталау жəне бекiту сұрақтары



Pdf көрінісі
бет23/24
Дата29.12.2016
өлшемі1,88 Mb.
#678
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

  
Қайталау жəне бекiту сұрақтары 
1.  Темперамент мəнiн қалай түсiнесiз? 
2.  Темперамент жөнiнде ғылыми көзқарастар бағыты қандай? 
3.  Темперамент табиғатын түсiндiруде И. П. Павлов еңбектерiнiң маңызы неде? 
4.  Темперамент типтерiн ажыратуға негiз боларлық деректер тобына не кiредi? 
5.  Темперамент түрлерiнiң сипаттамасы қандай? 
6.  Темперамент жəне iс-əрекет арасындағы байланыстар мəнi қандай? 

19-дəрiсбаян
 
  
МIНЕЗ
 
  
Жоспары:   1. Мiнез жөнiндегi түсiнiк.  
2. Мiнез жөнiндегi бiлiмдер.  
3. Мiнез бiтiстерi.  
4. Мiнез түрлерi мен типтерi.  
5. Мiнездiк бiтiс асқынуы.  
6. Мiнездiң ұлттық ерекшелiктерi.  
7. Мiнез жəне адамның жас сатылары. 
  
1. Мiнез жөнiнде түсiнiк 
             Мiнез - жеке  адамның  өзiне  тəн  қылық - əрекетiнде,  тiл  қатынасында  тұрақты 
қалыптасатын дара ерекшелiк-терiнiң жиынтығы. 
             Мiнез  нақты  адамның  шыншыл,  адал,  ақкөңiлдiгiне  орай  сипатталмайды,  аталған 
сапалар - əртүрлi  жағдайларды  көрiнiс  беретiн  жеке  адам  қасиеттерi.  Адам  мiнезiн  бiле 
отырып, оның алдағы ықтималды əрекеттерi мен қылық-тарын күнi iлгерi барластырумен 
оларға  тиiстi  реттеулер  жəне  түзетулер  ендiруге  болады.  Мiнездi  адамның  қандай 
əрекетке келетiнiн жаңылмай, дəл айтуға болады.  
             Алайда,  жеке  тұлға  ерекшелiкке  бай  келедi,  ал  солар-дың  бəрi  де  адам  мiнезiн 
танытады деу қате. Мiнез көрсеткiшi - адамның барша жағдайлардағы мəндi сипаты мен 
тұрақты  сақталатын  таңдаулы  қасиеттерi.  Егер  адам  қандайда  дау-дамайлы  жағдайда 
дөрекiлiк  көрсетсе,  сондай  тұрпайылық  пен  ұстамсыздық  осы  адамның  төл  қасиетi  деу 
жөн  емес.  Жайдары  мiнездi,  көңiлдi  адамның  өзi  кей  жағдайда  мұңайып,  сылбыр  халге 
түсуi  мүмкiн.  Өмiрге  келумен  бастауын  алып,  мiнез  нақты  адамның  өмiр  барысында 
қалыптасады,  тұрмыс  жағдайларымен  айқындалады.  Тұрмыс  қалпы  əр  адамның  ойлау, 
сезiм,  ниет,  əрекет  сипатын  бiрлiктi  анықтап  барады.  Мұнда  адамның  бүкiл  өмiрiн  жан-
жақты қамтыған қоғамдық шарттар мен əлеуметтiк жағдайлар маңызды келедi. Дегенмен, 
мiнездiң нақты қалыптасуы əртүрлi деңгейде дамыған  топтарда (отбасы, достары, сынып, 
спорт  командасы,  еңбек  ұжы-мы  т.б.)  қалыптасады.  Осы  топтар  сипаты  мен  оларда 
ардақталатын  адамгершiлiк,  қоғамдық  құндылықтарға  тəуелдi  мүшелерiнiң  мiнез 
ерекшелiктерi  орнығады.  Мiнез  бiтiстерi,  сонымен  бiрге  тұлғаның  отбасындағы  абыройы, 
топтың басқа мүшелерiмен арақатынасына байланысты тұрақталып не, аса қажет болса, 
өзгерiске  түседi.  Жоғары  деңгейлi  дамыған  топ,  ұжым  мiнездiң  мəндi  де  ұнамды 
бiтiстерiнiң қалыптасуына оң əсер етедi. Жақсы мiнездi адам қалыптастыра отырып, ұжым 
өз дəреже, деңгейiн арттыра түседi. 
            Қоғам əсерлерi мен ықпалдарын бейнелейтiн мiнез мазмұны жеке адамның өмiрлiк 
бағыт-бағдарын  құрайды,  яғни  оның  заттай  жəне  рухани  қажеттерiне,  қызығуларына, 
наным-сенiмдерiне,  мұраттарына  т.б.  негiз  болады.  Бағыт-бағдарға  сай  жеке  адам  өз 
мақсаттарын, өмiрлiк жоспары мен сол жоспарды iске асыруда қажет белсендiлiк деңгейiн 
белгiлей  алады.  Мiнезге  орай  адамның  дүние  талғамы,  өмiр  мəнi,  белгiленген  мақсат-
мүдделерiнiң, əрекет қылықтары-ның себептерi ашылады.  
             Мiнездi  дұрыс  түсiнуде  адам  үшiн  маңызды  болған  қоғамдық  құндылықтар  мен
жеке талғамдар арақатынасы шешушi мəнге ие. Əр қоғамның өзiне сай маңызды да мəндi 
мiндеттерi болады. Мiне осы мiндеттердi iске асыру барысында мiнез қалыптасады. Кейiн 
солар  тұрғысынан  тексерiледi,  бағаланады.  Сондықтан  да  мiнез  қандай  да  адам
қасиетiнiң  (төзiмдiлiк,  өжеттiк  т.б.)  көрiнiсi  ғана  болып  қоймастан,  қоғамдық  мəнi  бар  iс-
əрекетке  болған  бағыт-бағдар  сипатын  аңдатады.  Осыдан  мiнездiң  тыңғылықтылығы, 
бiргелкiлiгi  адамның  өмiрлiк  бағыт-бағдары  негiзiнде  нақты  бiр  қалыпқа  келедi.  Мiнез 
қалыптасудағы басты шарт - өмiрлiк мақсат, мұраттың нақтылығы. Мақсаттың болмауы не
оның  шашыраңқылығы - босбелбеулiк,  мiнезсiздiктiң  белгiсi.  Солайда  болса,  жеке  адам 
мiнезi  мен  оның  бағыт-бағдары  екiталай  нəрсе.  Алдыңызға  ақ  көңiл  кейiппен  келген 
адамның бiрi - iзгi ниеттi де, ал екiншiсi - жауыз болуы мүмкiн. Жеке адам бағыт-бағдары 
оның барша əрекет-қылығына iз бередi. Əрдайым қылық "осылай болсын" деген ниеттен 

ғана емес, адам қатынастарының бiртұтас жүйесiне негiзделедi, ал бұл жүйеде қандай да 
қасиет басымдау болумен адам мiнезiне белгiлi сипат ендiредi. 
             Қалыпқа  түскен  мiнезде  адамның  наным-сенiмдер  жүйесi  жетекшiлiк  етедi. 
Тиянақты  көзқарас - наным  адам-ның  өз  iс-əрекетiн  ұзақ  мерзiмдi  бағыт-бағдарға  сай 
белгiлеп, мақсатқа жетуде жiгерiлiлiктiң, орындап жатқан iсiнiң дұрыс та маңызды екенiне 
сенiмдiлiк туғызады. 
Мiнез  ерекшелiктерi  адам  қызығуларымен  тығыз  байланысты,  бiрақ  оның  бұл 
қызығулары  мəндi  əрi  тұрақты  болуы  шарт.  Ал  қызығулар  үстiрт,  тұрақсыз  болған 
жағдайда,  дербестiгiнiң  кемдiгi  мен  тиянақтылығы  болмағанынан  жеке  адам  елiктегiш 
келедi.  Қызығулар  ұқсастығы  мiнез  теңдiгiн  аңдатпайды.  Мысалы,  өнертапқыштар 
арасында көңiлдi не мұңды, кiшiпейiл не өзiмшiл тұлғаларды айыруға болады.  
            Мiнез адамның қолы бос уақытындағы өзi қалап шұғылданған iстерiнен де танылуы 
мүмкiн.  Мұндай  қызуғалар  тұлға  мiнезiнiң  жаңа,  ерекше  қырларынан  хабардар  етедi. 
Мысалы, ұлы ғалым - химик Ебней Бөкетов қолы босаса, аудармашылықпен айналысып, 
орыс,  батыс  қаламгер-лерiнiң  небiр  əйгiлi  көркем  шығармаларын  қазақ  оқыр-манына 
жеткiзген;  атақты  тiл  ғалымы  Əбдуəли  Хайдари  демалыс  уақытында  қазақы  ер-тұрман, 
қамшы  жəне  т.б.  заттарды  оюлап,  жолдастарын  таң  қалдырған;  ғұлама-түркiтанушы 
академик  Рахманкүл  Бердiбай  колы  босаса,  күйшiлiк  өнермен  айналысады.  Адамның 
рухани  немесе  заттай  қажеттiлiктерiнiң  қайсысының  басым  болуына  қарай  оның  тек  ой, 
сезiмдерiнiң ғана емес, сондай-ақ iс-əрекетiнiң де бағыт-бағдары айқындалады. Бұл арада 
аса  маңызды  нəрсе - iс-əрекеттiң  алға   қойылған  мақсатқа  тiкелей  сай  болғаны,  себебi 
адам  не  iстеп  жатқаны  немесе  не  iстейтiнiне  қарай  бағаланбайды,  əңгiме  сол  iстi  қалай 
орындайтынында.  Осыдан  мiнез  калпы  адамның  бағыт-бағдары  мен  iс-əрекет  кейпiнiң 
бiрлiгiнен келiп шығады.  
             Мақсатқа  жетуде  бағыт-бағдар  бiрдейлiгi  болғанымен,  əр  адам  өз  жолын 
таңдайды, өзiне қолай, қайталанбас əдiс-тəсiлдердi пайдаланады. Осы дербестiктен адам 
мiнезiнiң ерекшелiгi көрiнедi. Белгiлi ықпалға ие мiнез бiтiстерi əрекет немесе қылық түрiн 
таңдауда  айқын  жүз  бередi.  Бұл  тұрғыдан  тұлғаның  табысқа  жету  қажеттiгiн  туындатқан 
ықылас,  ниет  көрiнiсiнiң  деңгейiн  (табандылық,  шешiмдiлiк,  жүректiлiк  немесе  ерiксiздiк, 
қорқақтық,  күдiкшiлдiк  т.б.)  мiнез  бiтiсi  деп  тануға  болады.  Осыған  байланысты  кей 
адамдар  күмəнсiз  табыс  қамтамасыз  ететiн  əрекеттердi (ынта  бiлдiру,  жарысқа  түсу, 
тəуекелге  бел  байлау  т.б.)  таңдап  алады,  ал  екiншiлерi - сəтсiздiктен  қашуды  көздейдi
(жауапкершiлiк алмайды, жүрексiнедi, ықыласы мардымсыз т.б.). 
  
2. Мiнез жөнiндегi бiлiмдер 
             Мiнез  құбылысын  зерттейтiн  ғылым - характерология  ұзақ  даму  тарихына  ие. 
Ғасырлар  бойы  бұл  психология  саласы  мiнездер  типiн  саралап,  адамның  əртүрлi  өмiр 
жағдай-ларындағы  əрекет-қылығын  болжастыру  мақсатында  əрқандай  мiнез  сипатын 
нақтылаумен  шұғылданып  келдi.  Адамның  тума  емес,  өмiр  барысында  қалыптасатын 
белгiсi  болғандықтан,  мiнез  типтерiн  жiктеу  көбiне  тұлға  дамуындағы  сыртқы,  жанама 
факторларға негiзделедi.  Осы бағытта ежелден өрiстеп келе жатқан, мiнез танып, əрекет-
қылық болжас-тырудың психологиялық жолдары бар. Солардың кейбiрiне қысқаша түсiнiк: 
             Жұлдызнама  -  адам  мiнезiн  туған  күнi  мен  байланыстырып  түсiндiредi.  Жалпы 
қабылданған  уақыт  өлшемдерi  белгiлi  кезең,  аралыққа  бөлiнедi,  олардың  əрқайсысына
нақты  белгi,  символ  берiледi.  Осы  символға  (ағаш,  от,  су,  жануар  т.б.)  тəн  əртүрлi 
қасиеттерге  орай  адам  мiнезi  суреттеледi.  Мысалы,  кельт  жұлдызнамасын  да 22 
желтоқсан  мен 1 қаңтар  аралығында  туылған  алмаға  тектес,  осыдан  мұндай  адам
сүйкiмдi,  ақ  жарқын,  күлкiшең  т.б.,  ал  қазақы  жұлдызнамада  жоғарыда  аталған  күндерi 
туылғандар - таутеке, яғни мұндайлар - өжет, тұрақты, төзiмдi, тұйық, сыршыл келедi.  
            Физиогномика (phisis - табиғат, gnomon - бiлу) - адамның сыртқы келбетiне жəне 
сондай келбеттi тұлғаларды ұқсастығымен белгiлi топқа бiрiктiрiп, олардың психологиялық 
сипатын анықтайтын ғылым. Адам дене бiтiстерiне қарай жануармен салыстырылады да 
сол  жануарға  тəн  мiнез  ерекшелiгi  оған  таңылады.  Мысалы,  Аристотель  пiкiрiнше, 
адамның  мұрын  танауы  өгiздiкiндей  жуан  да  қалың  болып  келсе,  ол  ерiншектiк  белгiсi; 
шошқадай  кең  танау,  жалпақ  мұрын - ақымақтық;  қой,  ешкi  жүнiне  ұқсас  шашты  адам  -

үркек; доңыз, арыстан қылшықтарындай тiке шашты адам - ержүрек, батыл т.б. 
             Адамның  басқа  да  келбет  көрiнiстерi (көз,  ауыз,  отырыс,  тұрыс  т.б.)  негiзiнде 
мiнездi байқастыру осы физиог-номика аймағында жоғары дамыған.  
             Хиромантия (cheir - қол, mantia - бал  ашу) - адам  мiнезiн  алақанның  терi 
бедерлерi, түсi арқылы болжастыру жүйесi.         
Дерматоглифика - бармақ, алақан терiсiне тумадан түсетiн өрнектер арқылы адам 
мiнезiн анықтайтын ғылым жүйесi.  
             Графология - мəнерлi  əрекет  жазу  таңбасына  орай  адам  мiнезiн  анықтауға 
бағытталған ғылым. 
  
3. Мiнез бiтiстерi 
             Адам  мiнезi  сан  алуан.  Бұл  iс-əрекетте  айқын  көрiнедi:  бiреудiң  барша  қимылы  -
шапшаң,  екiншi - асықпайды,  бiрақ  iсi  тыңғылықты;  үшiншi - iске  ойланбастан  асыла 
салады,  кейiн  барып  ойланады,  жағдайға  қарай  iсiн  ретiне  келтiредi.  Адам  мiнезiнде 
көрiнетiн  мұндай  ерекшелiктер - мiнез  бiтiстерi  деп  аталады.  Қандай  да  бiтiс -  əрекет-
қылықтың тұрақты, қайталанып отыратын нақты белгiсi.  
            Мiнез бiтiстерi өзара көрiнуi тиiс болған қалыпты жағдайлардан бөлек қаралмайды
(кейде  əдептi  адамның  өзi  де  дөрекiлiк  танытады).  Сондықтан  қалаған  мiнез  бiтiсi  нақты 
жағдайда орынды көрiнген қылықтың тұрақты формасы. 
             Мiнездiң  бiтiстерi  мен  сипатын  белгiлi  қылықтың  нақты  оқиғаға  байланысты 
болуынан да бiлуге болады, яғни белгiлi бiтiстiң көрiну мүмкiндiгi неғұрлым жоғары болса, 
ол адам мiнезiнiң тұрақты белгiсi ретiнде танылады. Дегенмен, ықтималды болғандықтан 
бiтiс ұдайы көрiне бермейдi, яғни мiнез бiтiстерi адам əдетiндей бiрқалыпты, механикалық 
қайталана бермейдi. Солай да болса, мiнез бiтiстерi мен əдеттер арасында жақындық та 
бар:  мысалы,  мiнез  бiтiсi  ретiнде  жауапкершiлiк  адамның  ұқыптылық  əдетiнде  көрiнедi. 
Бiрақ  əдет  мiнез  бiтiсiне  өте  бермейдi,  ол  тек  қандай  да  қылыққа  ыңғайлылықты
танытады. Мiнез бiтiстерi өз iшiне ойлау, түсiну əдiстерiн қамтиды. Қайсы бiр тұлғаға тəн 
қылықты жасауда ерiк, сезiм қосылады. Ал əдет мұндай психикалық процестердiң бiрiмен 
де  байланыспайды.  Соны-мен  бiрге  бiтiс  адам  қылығына  ықпал  ете  отырып,  сол  қылық-
əрекет  барысында  қалыптасады,  бекидi.  Мiнез  бiтiс-терiнiң  қалыптасуын  əрекет-қылық 
мотивтерiнен  айыра  қарауға  болмайды.  Қандай  да  қылық  мотивi  əрекетте  iске  аса 
отырып,  мiнезде  бекидi.  Əрқандай  мəндi,  тұрақталған  мотив  болашақ  мiнез  бiтiсi.  Мiнез 
бiтiстерi  мотивте  алғашқыда  ниет  түрiнде  көрiнiп,  ал  кейiн  оны  əрекет  тұрақты  қасиетке 
айналдырады.  Осыдан  қандай  да  мiнез  бiтiстерiн  қалыптас-тыру  қажет  қылық-əрекет 
мотивтерiн түзiп, оларды бекiтуге арналған iс-əрекеттердi ұйымдастырудан басталады.  
            
Мiнездiң 
жалпыланған 
қасиеттерi 
өздерiнiң 
диалек-тикалық 
қарама-
қарсылықтарында көрiнедi: күштi-əлсiз, қатал-жұмсақ, тыңғылықты - өзара қайшы, кең-тар 
т.б. Егер мiнез күштiлiгi адамның алға қойған мақсатына жетудегi, кедергiлердi жеңуiндегi 
қуатынан  көрiнсе,  мiнез  əлсiздiгi  қорқақтықтан,  ниет  тұрақсыздығынан,  т.б.  байқалады. 
Мiнез қаталдығы өжеттiк, тайсалмастықпен байланысты, ал жұмсақ-тықтан адам икемшiл, 
орнымен  шегiнедi,  келiсiм  жолдарын  табуға  ұмтылады.  Мiнездiң  тыңғылықтылығы  мен 
қайшылы-ғы  мiнез  бiтiстерiнiң  iшiндегi  жетекшi  жəне  екiншi  деңгейлi  қасиеттердiң 
дəрежесiмен анықталады. Қасиеттердiң бəрi өзара үйлесiмдi келсе, тыңғылықты мiнез, ал 
бiр  қасиет  екiншiсiмен  үндеспесе - қайшылықты  мiнез  орнығады.  Адам  қызығулары  мен
ұмтылыстарының, iс-əрекеттерiнiң  жан-жақты  дамығандығы  мен  көп  түрлiлiгi  мiнездiң 
кеңдiгiн  танытады.  Мұндай  адам  əлемдегiнiң  бiрiне  қызығып,  бəрiне  араласқысы  келедi. 
Ал бұларға қарсы - мiнезi "тар" адамдар өзiн-өзi шектеуге бейiм, ниет əрекеттерiнiң өрiсi 
өте елеусiз.  
            Сонымен бiрге, адам мiнезiнiң тұтастығы мен көп тараптылығы кейбiр жағдайларда 
бiр  адамның  өзiнде  де  əрқилы,  тiптi  қарама-қарсы  қасиеттердiң  болатынына  шек 
келтiрмейдi.  Адам  бiрдей  өте  нəзiк  мəдениеттi  болуымен  бiрге  қатал  талапшаң  болуы 
мүмкiн. Осыған қарамастан, оның мiнезi сақталып, оның қырлары айқын көрiне түседi.  
            Көп жағдайда мiнез жəне темперамент салыстырылып түсiндiрiледi, кейде бiрiнiң 
орнына бiрi қолданылады. Ал iс жүзiнде олай болмауы керек. 
            Мiнез бен темперамент ұқсастығы адамның физио-логиялық ерекшелiктерiне, яғни 

жүйке жүйесiне болған тəуелдiлiктен. Қандай да мiнездiң қалыптасуында белгiлi жүйкелiк 
сипатты  темперамент  үлкен  маңызға  ие.  Сонымен  бiрге,  темперамент  жете  дамығанда 
ғана  мiнез  бiтiстерi  қалыптасады.  Темперамент - мiнез  дамуына  негiз.  Мiнездегi 
ұстамдылық - ұстамсыздық,  қозғалғыштық - салғырттық  т.б.  тiкелей  темпераментке
байланысты.  Бiрақ  мiнез  темпераментке  бүтiндей  тəуелдi  емес.  Бiргелкi  темпераментке 
ие  адамдарда  əрқилы  мiнез  белгiлерi  болуы  мүмкiн.  Темперамент  ерекшелiк-терi 
қайсыбiр  мiнездi  дамытып,  басқаларына  шектеу  қояды.  Мысалы,  холерикке  қарағанда 
меланхоликтiң  өзiне  жiгерлiлiк  пен  жүректiлiктi  дарытуы  қиынға  соғады.  Ал  холерик 
флегматик  сияқты  ұстамды  бола  алмайды,  флегматик  сангви-ник  ұқсап  көпшiлiкпен  тез 
тiл табысып кете алмайды, т.с.с. 
             Мiнезi  тұрақталған  адамда  темперамент  дербес  əрекет  көрiнiсi  болудан  қалып, 
мiнез бiтiстерiне сай əрекет-қылықтардың iске қосылу динамикасын айыруға көмектеседi. 
Мiнез  жəне  темперамент  бiтiстерi  адамның  бiртұтас  келбет-кейпiнде  өзара  байланысқа
түсiп, тұлға даралығының интегралды сипаттамасын бередi.  
            Мiнез бен ерiк арақатынасы өте тығыз. Осыдан көп жағдайда "мiнездi адам" жəне 
"еркi  күштi  адам"  сөз  тiркестерiн  бiр  мəнде  түсенемiз.  Ерiк,  көбiне,  мiнез  күшiмен, 
қатаңдығымен, табандылығымен т.б. байланысты. Адам мiнезiнiң күштiлiгiн айта отырып, 
ондағы  ерiктiк  сапалар  мен  мақсат  берiктiгiн  ескеремiз.  Бұл  тұрғыдан  адам  мiнезi  ерiк 
сапаларын  қажет  ететiн  қиын  жағдайларда,  үлкен  кедергiлердi  жеңуде  көрiнедi.  Алайда, 
мiнез  тек  күш  сипатымен  айқындал-майды,  онда  əрқилы  өмiр  жағдайына  орай  ерiк 
əрекетiнiң  қызметiн  бағыттаушы  мазмұн  бар.  Бiр  жағынан,  ерiктiк  əрекеттерде  мiнез 
қалыптасады  əрi  көрiнедi,  адам  үшiн  маңызды  ситуацияларда  ерiк  мiнезге  ауысып, 
тұрақты  қасиет  түрiнде  бекидi;  кейiн  осы  қасиет  адам  қылығы  мен  ерiктiк  əрекеттерiне 
ықпал  етедi.  Ерiктi  əрекет  əруақыт  мақсатына  орай  нық,  тұрақты  жəне  табандылығымен 
ерекшеленедi. Екiншi тараптан, еркi бос адамды көп жағдайда "мiнезсiз" деп сипаттайды. 
Психологиялық  тұрғыдан  бұлай  болмауы  тиiс,  еркi  бос  адамның  да  қандай  да  мiнез 
бiтiстерi  баршылық:  қорқақтық,  жүрексiздiк,  сенiмсiздiк  т.б.  Мiнезi  айқын  болмағандықтан
адамның  iс-əрекет,  қылығын  алдын  ала  бол-жастыру  мүмкiн  емес.  Мұндай  адамда  оның
қылық-əрекетiне жетекшiлiк еткен-дей дербес бағыт-бағдар жоқ. Оның əрекеттерiнiң бəрi 
өз билiгiнде болмай, тысқы ықпалдарға тəуелдi.  
             Мiнез  ерекшелiктерi  адамның  сезiмдiк  процестерiмен  байланысты,  əрi  бұл 
байланыс өзара ықпалды. Бiр тараптан, инабаттық, эстетикалық, интеллекттiк сезiмдердiң 
даму  дең-гейi  адамның  iс-əрекетi  мен  қатынасына  жəне  бұлар  негiзiнде  қалыптасқан 
мiнезге  тəуелдi.  Екiншiден,  осы  сезiмдердiң  өздерi  тұлғаға  тəн  тұрақты  ерекшелiктерге 
өтiп, адам мiнезiн құрайды. Борыш сезiну, əзiлдi көтеру, т.с.с. күрделi сезiмдер-дiң болуы 
жоғары дамыған адамның сипатын танытады.  
            Адамның мiнез бiтiстерiнде ақыл-ой үлкен маңызға ие. Ой тереңдiгi мен жүйрiктiгi, 
қалыптан тыс мəселелердi қоя бiлiп жəне оны дербес шешу, ой жұмысын-дағы ынта мен 
сенiм - бəрi адам мiнезiнiң ақылдық қорының белгiсi. Ал осы ақыл қабiлетiн пайдалануда 
бағыт  таңдау - тiкелей  мiнезге  байланысты.  Тұрмыста  ақылға  кенде  емес,  бiрақ  (мiнез 
жарамсыздығынан) жарытып, ештеңе өндiр-мейтiн адамдар аз емес.  
             Мiнез  құрастырушы  көптеген  қасиеттер  бiртұтас,  олар  даралап,  шектеуге  келе 
бермейдi (өшпендiлiк,  күдiкшiлдiк,  сақилық  т.б.).  Ал  кейбiр  қасиеттер,  мысалы,  ерiктiк 
(жүрек-тiлiк,  дербестiк  т.б.),  сезiмдiк  (жайдарылық,  көңiлдiлiк  т.б.),  ақыл-саналық  (ой 
тереңдiгi, сындарлық т.б.)  адам мiнездерiнiң ерекше құрамды бөлiктерi ретiнде талдауға 
келедi.  Барша  мiнез  бiтiстерi  өзара  заңдылықты  байланысқан:   батыр  адам - сақи  да 
табанды; ашық адам - жайдарлы, сенiмдi, достыққа тұрақты т.б. 
4. Мiнез түрлерi  мен  типтерi 
             Мiнез  түрi  өзiнiң  құрамындағы  бiтiстердiң  жалпы  сипатына  тəуелдi  келедi,  ал 
бiтiстер негiзгi немесе жетекшi жəне қосалқы болып бөлiнедi. Негiзгiлерi адамның бағыт-
бағдарын айқындауға ықпалын тигiзiп, яғни адамның тұрақты мiнезiнiң сипатын бередi де, 
қосалқылары мiнез қырларын толықтыра түседi. Мысалы, батылсыздық, қорқақ-тық жəне 
альтруистiк бiтiстердiң алғашқы екеуi жетекшi мəнге ие болса, онда адам секемшiл мiнездi 
келiп,  бiреуге  жақсылық,  яғни  альтруистiк  қадамында  жалтақшыл,  күдiктi  болуынан 
көздеген  iсiне  бара  алмайды.  Керiсiнше,  альтуристiк  қасиет  басым  келсе,  алғы  екi 

жағымсыз  бiтiстердi  қаймықпай  басып,  қайырымдылық  iсiнде  батыл  мiнездi  қадам 
жасайды.  
             Адам  мiнезiнiң  белгiлi  түрде  қалыптасуы  оның  қоршаған  дүниеге  қатынасына
байланысты. Бұл қатынастар-дың мəнi адам араласып, байланысқа келген өмiрлiк объек-
тердiң маңызымен анықталады: 
1.  Басқа адамдармен қатынасына қарай (шыншыл - өтiрiкшi, əдептi - дөрекi т.б.). 
2.  Орындалатын iс қызметiне орай (еңбеккер - ерiншек т.б.) 
3.  Өз басына болған қатынасына байланысты (сыншыл-өзiмшiл т.б.). 
4.  Заттарға қатынасынан (сақи - ашкөз, ұқыпты - салақ т.б.). 
            Аталған қатынастардың бəрiнiң де мiнез түрiнiң қалыптасуында үлкен маңызға ие 
екенi  сөзсiз,  дегенмен  тұрақты,  нақты  мiнездiң  орнығуы  ең  алдымен  адамның  адам-мен, 
қоғамға  араласып,  қатынасу  дəрежесiне  тəуелдi.  Ұжымнан  тыс  тұлғаның  жолдастық, 
достық, махаббат, т.б. формаларда  көрiнетiн  iзгi ниеттерiнен бөлек мiнез түрi болмайды. 
Адамдар  өзара  ұзақ  қатынасқа  келе  отырып,  бiрi  екiншiсiнiң  мiнезiне  таңбасын  салады, 
осыдан  кей  адамдар  əрекет-қылығында  өзара  ұқсастыққа  келедi  немесе  қарама-қарсы, 
бiрақ бiрiнiң кемшi-лiгiн екiншiсi толықтыратын бiтiстердi игередi. Алайда, еңбек, iс-əрекет 
қатынастарында  қалыптасқан  мiнез  бiтiстерi  мəндiрек  келiп,  мiнез  түрiнiң  басқаларынан 
ажыралуына себепшi болады. 
            Мiнез əр тұлғада өзiнше көрiнiске ие, солайда болса, оның құрамында белгiлi топ 
адамдарына ортақ бiтiстердi бiрiктiруге болады. Осыдан, мiнез түрi - адамдардың кейбiр 
тобына  тəн  қасиеттiң  бiреудiң  дара  мiнезiнде  нақты  көрiнуi.  Мұның  түпкi  себебi - мiнез 
тума берiлмейдi, əр адамның белгiлi топ, қоғам өкiлi болуынан оның өмiр жағдайы мен iс-
əрекетiне сай қалыптасады. 
             Мiнезде  жеке  бiтiстер  жəне  сапалармен  қатар  тұлға-ның  қоршаған  ортаға
икемдесуiн қамтамасыз етушi жалпы қылық тəсiлi - мiнез типтерiн ажыртуға болады. Мiнез 
типiн  анықтауда  нақты  адамдар  мiнезiнiң  жалпы  да  мəндi,  өмiрлiк  қажеттi  тараптары 
ескерiледi. 
            Осыған орай мiнез келесi типтерге бөлiнедi: 
             1.  Үйлесiмдi  мiнез  типi - қоршаған  ортаға  икемдiлiгiмен  ерекшеленедi.  Мұндай 
мiнездi адамда iшкi қарама-қарсылықтар болмайды, ойлаған ойы мен iстеген iс бiр-бiрiне 
сай келедi. Көпшiл, ерiк күшi мол, қайсар, бiр сөздi. Өмiрдiң барша қиын жағдайларында 
таңдаған  бағыт-бағдарынан  қайтпайды,  көзқарас,  талғамын  ауыстырмайды.  Мақсат-
мұраттары  мен  принциптерi  үшiн  күреске  дайын.  Бұл  адамдардың  өмiр  сүру  тəсiлi  жағ-
дайға бағыну емес, оны өз қалауына орай өзгерту.  
             2.  Iштей  қарама-қарсылықты,  бiрақ  сырттай  келiсiмдi  мiнез  адамы.  Бұл  типтi 
адамның iшкi ниеттерi мен сырт əрекет - қылығы арасында келiспестiк бола тұрып,  өзiнiң 
қоршаған  ортамен  қатынасында  əлеумет  талаптарына  ыңғай  бередi, iс-əрекетiн  соларға 
бағындырып,  үлкен  күшпен  орындайды.  Өзiн  ерiк  билiгiнен  бiрде  босатпайды,  жан,  ой 
дүниесiн  сырттай  болмыс  шындығынан  ажыратпаудың  жолдарын  iздестiруге  дайын 
тұрады.  
            Сыртқы дүниемен болған араздықты мұндай адамдар өздерiнiң ой-пiкiрлерiн қайта 
қарастырумен,  психологиялық  қорғаныс  iздестiру  жəне  əлеумет  қолдамаған  күнделiктi 
тұрмыс  күйбеңiне  берiлмеу  жолдарымен  шешуге  бейiм  келедi.  Қоғам  мүшелерi 
қабылдаған  рухани  құндылықтарды  мойын-дайды,  бiрақ  сыртқы  жағдайларды  өзгертуге 
ынталы емес. 
            3. Икемi кем, қарама-қарсылық мiнез адамы: көңiл-күй, ниеттерi мен əлеуметтiк 
борыштары арасында үйлеспестiк орын алған, шамданғыш, ұнамсыз эмоциялары басым, 
тiлдесу  қабiлетi  нашар  дамыған, iс-əрекетiн  ақыл  сарабына  сала  бермейдi.  Бұл  мiнез 
адамдарына тəн қасиет: қоршаған дүниемен арақатынасын нақты əрекет-қылық жүйесiне 
келтiрмеген,  өмiр  желiсi  қарапайым  бағытты - тез  өзгерiп  тұратын  қажеттерi,  олар 
пiкiрiнше, қандай да күш жұмсамай-ақ бiр сəтте қанағаттандырылуы тиiс.  
            Олар өмiр үшiн күреске дағдыланбаған, қажырсыз. Балалық шағында бұл адамдар 
шектен  тыс  мəпеленiп,  төңiрегiндегiлердiң  орынсыз  артық  қамқорлығынан  дербестiк 
қалыпқа  үйренбеген.  Осыдан,  əрқандай  кедер-гiден  қорқады,  ойланып,  жол  iздестiруге 
шамасы жетпейдi. Қиыншылық-тарды абыржумен қабылдап, ырықсыз психологиялық қор-

ғаныстармен (шарбаялық, қыңырлық, нəтижесiз армандау) айналып өтуге тырысады.  
             4.  Тиянақсыз  мiнездi  адам - бағыт-бағдарының  тұрақсыздығынан,  принциптiк 
бостығынан төңiректегi жағдайға ыңғайшыл келедi. Жеке адамдық деңгейi төмен. Тұрақты 
мiнез-құлығы  қаланбаған,  осыдан  барша  iс-əрекетiнде  қоршаған  ортаға  ыңғайлану, 
қатынас адамдарына жағымпаз-дану бұл адамның бойына сiңген мiнездiк көрiнiс.  
             Мұндай  адамдардың  iшкi  жан  дүниесi  дөрекi  қара-пайымдылыққа  негiзделген; 
тiршiлiк үшiн болған əрекет-қимылы тiке, бiрбеткей. Күнделiктi күйбең мүдделерiне жетуде 
ойланып-толғануды бiлмейдi, өз мүдделерiн шектей алмайды. Олар үшiн кедергi бiреу-ақ 
-  сыртқы; iшкi  сапалық,  жандүниелiк  қиыншылықтарды  өлшестiруге  ақылы  жетпейдi,  бар 
көздегенi - мол,  оңай  олжа,  бiр  мезеттiк  игiлiк.  Бұл  адамдардың  барша  ынта-ықыласы, 
нақты,  қалыпты  жағдайды  пайдаланумен  қажеттерiн  мейлiнше  толық  қамтамасыз  ету. 
Ыңғайласу, жағымпаздықпен iшкi дүниесiн тысқы жағдайларға бағындыру - мұндайлардың 
негiзгi мiнездiк болмысы. 
  
 5. Мiнездiк бiтiс асқынуы 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет