Нәресте жасының бас кезінде бала жан-жағына қарап заттарды заттардан, не таныстарды таныстардан ажырата алғанымен, оның қабылдауы әлі нашар дамыған. Таным процестеріне байланысты бөбектің тіліне де әсер етеді. Егер біреудің бізге таныс емес тілде сөйлеген дауысын естісек, осыған байланысты дыбыстарды ажырата алмаймыз. Бізге сол дыбыстар тек шудан тұратындай болып көрінеді. Мұның себебі үйренгендіктен: ана тілімізде естіген сөздер тек белгілі тәртіпке бағынатын сияқты. Осыны фонематикалық есту деп атаймыз. Фонематикалық есту әркімнің қабылдауының өз тіліне бейімделіп өзге тілдегі дыбыстарды елемеуі. Осы қасиет тек бөбек жасынан басталып,олар өз тілінің фонематикалық есту ерекшелігін өзге тілдерден ажырата бастайды.
Бала тік отырады, басын кемінде 10 секунд ұстайды. Бала тепе-теңдікті ұстау немесе сүйену үшін қолын пайдаланбайды.
Еңбектеу
Бала қолдары мен тізелерін кезек-кезек ауыстырып, еңбектеп алға және артқа қарай қозғалады. Бауыры еденге тимейді. Кемінде қатарынан үш рет ұзақ және жүйелі қимылдайды.
Сүйеніп тұру
Бала қозғалмайтын заттан (мысалы, жиһаз) екі қолымен ұстап, бірақ теңселмей аяғына тұрады. Денесі тіреуішке тимейді, бүкіл негізгі салмағы аяғына түседі. Сөйтіп, бала сүйеніп кемінде 10 секунд тұрады.
Сүйеніп жүру
Бала арқасын тіктеп тұрады. Қозғалмайтын заттан (мысалы, жиһаз) бір немесе екі қолымен ұстап, алға қарай не жанына бір қадам жасайды. Бір аяғы денесінің салмағын ұстап тұрғанда, екінші аяғын алға басады. Сөйтіп, бала кемінде бес қадам жасайды.
Өз бетімен тұру
Бала арқасын тіктеп екі аяғын басып (бірақ аяғының ұшымен емес) тұрады. Аяқтары салмағын 100% ұстап тұрады. Бала басқа адамға немесе затқа сүйенбейді. Өз бетімен кемінде 10 секунд тұрады.
Өз бетімен жүру
Бала арқасын тіктеп, өз бетімен кемінде бес қадам жасай алады. Бір аяғы салмағының басым бөлігін ұстап тұрғанда, екінші аяғын алға басады. Бала басқа адамға немесе затқа сүйенбейді.