Сейлханов т. М



бет8/27
Дата08.04.2023
өлшемі1,05 Mb.
#80531
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
Байланысты:
ЖМҚХ

Полимердің құрылысы полимердің химиялық табиғаты мен синтездеу әдісінен тәуелді. Полимерлі макромолекуланың құраушы буындары тізбекте әртүрлі жолмен макромолекуланың әртүрлі құрылымдық түрін түзе отырып қосылуы мүмкін.
Тармақталған полимерлер полимерлену және поликонденсациялану реакцияларында түзіледі.
Сызықты макромолекулалары бір бірімен табиғаты әртүрлі химиялық байланыстар арқылы байланысқан полимерлер тігілген полимерлер деп аталады. Көлденең химиялық байланыстар полимердің түзілу реакциясында да, алдын ала синтезделінген сызықты полимерді химиялық өңдеу кезінде де түзіледі. Полимердің құрылысы ретті және реттелетін және реттелмейтін бола алады. Реттелетін полимерлерге изотактикалық және синдиотактикалық жоғары молекулалық қосылыстар, ал реттелмейтін полимерлерге атактикалық жоғары молекулалық қосылыстар жатады.
Бірдей орынбасарлары негізгі тізбек жазықтығына қатысты ретсіз кезектесетін полимерлерді атактикалық полимерлер деп атайды.
Бірдей орынбасарлары негізгі тізбек жазықтығына қатысты бір жақта орналасатын полимерлерді изотактикалық деп атайды.
Бірдей орынбасарлары негізгі тізбек жазықтығына қатысты молекулалық тізбекте кезектесетін полимерлер синдиотактикалық деп аталады.
Негізгі әдебиеттер: 1-2, 4-9.
Қосымша әдебиеттер: 1.

ДӘРІС 2
Тақырыбы:Поликонденсациялық процестердін негізі.


Поликонденсациялану деп көп функционалды қосылыстардың функционалды топтарының әрекеттесуінен жоғары молекулалық қосылыстар түзілу реакцияларын айтады. Түзілген макромолекулалардың соңында әрқашанда функционалдық топтар болады. Поликонденсациялану кезінде көп жағдайда төмен молекулалық қосалқы заттар бөлінеді. Сондықтан бұл реакция кезінде түзілетін полимерлік буындардың құрамы бастапқы мономерлердің құрамынан өзгеше болады. Іс жүзінде төмен молекулалық қосылыстар бөлінбей жүретін реакциялар да кездеседі, бірақ реакцияның барлық жүру заңдылықтары поликонденсациялауға тән.
Поликонденсациялану процесінің мономерлері ретінде екі немесе одан да көп функционалды топтары (OH, OR, NH2, Cl, COOH, COOR, COCl, SiOH, SiOR) бар қосылыстар қолданады.
Поликонденсациялану әдісі бойынша полимер синтездеу үшін әр түрлі химиялық реакциялар қолданылады. Оларға мыналар жатады: этерификациялау, амидтеу, уретандардың түзілуі, ароматикалық орын басу және т.б. Поликонденсациялану екі түрлі функционалдық топтардың әрекеттесуінен жүреді.
Поликонденсациялану процесі – сатылы реакция.
Осылардың яғни осы реакциялардың қалдықтарының әсер ету молекуласы байланысады. Амин қышқылының поликонденсациясы мысал бола алады, нәтижесінде полиамид түзіледі:
H2N – R – COOH + H2N – R – COOHH2N – R – COOH + H2O
H2N – R – CONH – R – COOH + H2N – R – COOH 
H2N – R – CONH – R – CONH – R – COOH + H2O
Жоғарыдағы схема сатылы болып табылады.
Бір мономердің поликонденсациясы гомополиконденсация деп аталады. Егер реакцияда әр түрлі заттар қатысса, онда ондай поликонденсация гетерополиконденсация деп аталады. Амин қышқылының поликонденсациясы осы гомополиконденсация мысалы болады.
Қазіргі кезде 4 негізгі поликонденсацияны жүргізу әдісі бар: балқымадағы поликонденсация, ерітіндідегі поликонденсация, аралық және қатты фазадағы поликонденсация.
Балқымадағы поликонденсация қазірде өте кең тараған түрі. Өндірісте полимерлер реттерін (полиэфирлер, полиамидтер) алуға кең қолданылады. Бастапқы мономерді араластырып және реакциялық аппаратта бірнеше сағат бойына синтезделінетін полимердің балқу температурасына қарағанда жоғары температурада қыздырады. Реакцияны төменгі молекулалы өнімді толығымен айдап алу үшін вакуумде аяқтайды.
Қатты фазада өтетін поликонденсация процесін өндірісте қолданбайды. Алайда, мұндай процестер, балқыма мен ерітіндінің бірінші кезеңінде кеңнен қолданылады. Түзілген полимер және олигомер термиялық зерттеуде қозғалады, соның нәтижесінде соңғы өнімге айналады да қатты фазаның ақырғы кезеңінде өтеді. Осы поликонденсация түріне қатты фазада үш өлшемді поликонденсация кіреді, өндірісте кең қолданылатын поимерлер тізбегінің түрлерін (фенолформальдегидті, глифталды және т.б.)түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет