Сейлханов т. М



бет13/27
Дата08.04.2023
өлшемі1,05 Mb.
#80531
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
ПОЛИПРОПИЛЕН (- СН2 –СН(СН3 ) -)п.
Полипропилен (ППр), өндірісте процесстердің орындалу шарттарына байланысты, түрлі құрам құрылысты қоспа. Анағұрлым бағалы материалдар болып табылатыны атактикалық және стереоблокты құрылымды қоспалардың аз мөлшерде болған полимерлер. Мұндай полимерлердің молекулалық масасы 80000-200000, изотактикалық бөлшегі 80-95% құрайды.
Изотактикалық полипропиленді Циглер – Натта комплексті катализаторының қатысында пропиленнің стереоспецификалық полимерлену арқылы алады. Полимерленуді көмірсутектердің сұйықты ортасында жүргізеді (гептанда, уайт-спитртте, бензинде)..
ПОЛИСТИРОЛ (- СН2 –СН(С6 Н5 ) -)п.
Полистирол – бос радикал немесе иондану механизмі бойынша полимерленуі мүмкін. Радикалды механизм бойынша полимерлену нәтижесінде алынған полимерлер аморфты болып келеді, ал ионды полимерлену нәтижесінде алынған полимерлер катализатор типіне байланысты аморфты не кристалды болуы мүмкін.
Жоғары молекулалық галоген өндіруші көмірсутек ішіндегі ең маңыздысы поливинилхлорид, политетрафторэтилен, поливинилфторид болып табылады. Техникада ең маңызды поливинилхлоридтік пластикалар болады. Ол пластикалар өндірісте полиолефиндерден кейінгі орында.
ПСт кемшіліктері жылуға төзімділігі төмен, соққыға мардымсыз тез тозады. Сондықтанда композицияға әдетте минералды толықтырушылар, пластификаторлар, тұрақтандырғыштар енгізіледі.
ПОЛИВИНИЛХЛОРИД (ПВХ) - (- СН2 –СНСl - )п.
Поливинилхлорид – ерітіндіде, суспензияда, эмульсияда радикалды винилхлорид полимерлену массасында алады. Өндірісте суспензиялық әдіс кең көлемде қолданылады.
Поливинилхлорид негізінде шығарылатын материалдардың екі типі бар: винипласт ( қатты пластик) және пластикат (жұмсақ пластик).
ПВХ жақсы электроизоляциялаушы және жылуды изоляциялаушы қасиетке ие, сонымен қатар күшті және әлсіз қышқылдармен сілтілер, майлардың әсеріне тұрақты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет