Сейлханов т. М



бет10/27
Дата08.04.2023
өлшемі1,05 Mb.
#80531
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Тізбектің өсуі Тізбектің өсуі иницирлеудің нәтижесінде түзілген радикалдарға мономерлердің біртіндер қосылуынан жүреді. Реакция кезінде мономердегі π- және σ- байланыстарының энергиялары әр түрлі болғандықтан бұл реакция әрқашанда жылу бөлу арқылы жүреді.
Мономерлердің радикалға қосылу реакциясының активтену энергиясы негғұрлым төмен болса, яғни мономер неғұрлым активтілеу болса, осы мономерден түзілген радикалдың қабысу энергиясы соғұрлым жоғары болады. Керісінше, радикалдың қос байланысты мономерге қосылғандағы активтену энергиясы неғұрлым жоғары болса, яғни радикалдың реакцияласу қабілеті неғұрлым жоғарырақ болса, соғұрлым оның қабысу энергиясы төмен болады. Демек, бір мономерлер қатарынад мономерлердің және оларға сәйкес радикалдардың реакцияласу қабілеті антибатты өзгереді.
Тізбектің үзілуі. Үзілу реакциясы деп кинетикалық және материалдық тізбектің шектелу реакцияларын айтады. Тізбектің үзілуі жүйедегі активті радикалдардың жойылып, олардың орнына активтігі төмен, мономер молекуласын өзіне қоса алмайтын радикалдардың пайда болуына әкеледі. Радикалдық полимерленуде тізбектің үзілуі негізінен өсіп келе жатқан екі радикалдың бір-бірімен әрекеттесуінен болады. Үзілу рекомбинациялану немесе диспропорциялану жолымен жүреді.
Үзілу реакциясының активтену энергиясы негізінен радикалдың бір-біріне диффузиялануының активтену энергиясымен анықталады да 6 кДж/мольден аспайды. Тізбек өзінің кез келген өсу сатысында үзілуі мүмкін. Сондықтан, полимерлену кезінде ұзындығы әр түрлі макромолекулалар түзіледі. Сол себептен синтетикалық полимерлер полимолекулалы келеді.
Үзілу төмендегі екі механизм бойынша жүзеге асады:
1) рекомбинациялану-екі макрорадикалдың қосылуы:
R - CH2-CHX-… CH2-CHX+ CHX - CH2-… CHX-CH2- R'
- R-CH2-CHX-…- CH2-CHX- CHX- CH2-… CHX-CH2- R'
2 ) диспропорциялану-екімакрорадикалдыңбірініңаяқыбуынынансутекнемесегалоидатомыныңүзіліп, екіншісінеөтуі:
R - CH2-CHX-… CH2-CHX+ CHX - CH2-… CHX-CH2- R'
R- CH2-CHX-…- CH=CHX+ CH2X- CH2-…-CHX- CH2- R'


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет