Сейсенбіде Қызылорда қала­ сында облыс әкімі Қырымбек


Аким Казалинского района                  Н.Шамуратов



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата05.02.2017
өлшемі10,82 Mb.
#3431
1   2   3   4   5   6   7

Аким Казалинского района                  Н.Шамуратов.

ПРОЕКТ

РЕШЕНИЕ КАЗАЛИНСКОГО РАЙОННОГО АКИМАТА

О перечне уполномоченных органов, ответственных за взимание поступлений в районный 

бюджет, за возврат из бюджета и (или) зачет излишне (ошибочно) уплаченных сумм и 

осуществляющих контроль за поступлениями в бюджет неналоговых поступлений, 

поступлений от продажи основного капитала, продажи финансовых активов государства, 

трансфертов, сумм погашения бюджетных кредитов, поступлений займов

Приложение к постановлению акимата

Кызылординской области от «   » сентября  2016 года № ___

Перечень уполномоченных органов, ответственных за взимание поступлений в районный 

бюджет, за возврат из бюджета и (или) зачет излишне (ошибочно) уплаченных сумм и 

осуществляющих контроль за поступлениями в бюджет неналоговых поступлений, 

поступлений от продажи основного капитала, трансфертов, сумм погашения бюджетных 

кредитов, от продажи финансовых активов государства, займов

Примечание: *наименование поступлений в районный бюджет изложены в соответствии с при­

казом Министра финансов Республики Казахстан от 18 сентября 2014 года  № 403 «Некоторые вопросы 

Единой бюджетной классификации Республики Казахстан» (зарегистрирован в Реестре государственной 

регистрации нормативных правовых актов за номером 9756). Поступления в областной бюджет учиты­

ваются в соответствии с приказом Министра финансов Республики Казахстан от 18 сентября 2014 года 

№404 «Об утверждении Таблицы распределения поступлений бюджета между уровнями бюджетов и 

контрольным счетом наличности Национального фонда Республики Казахстан» (зарегистрирован в Рее­

стре государственной регистрации  нормативных правовых актов за номером 9760);

ГУ – государственное учреждение.



Уполномоченные органы

КБК*

Наименование поступлений в районный бюджет*

1

ГУ «Районный финансовый отдел»



201102

Поступления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий

2

201302


Дивиденды на государственные пакеты акций, находящиеся в коммунальной собственности

3

201508



Доходы от аренды имущества коммунальной собственности района (города областного значения), за исключением доходов 

от аренды имущества коммунальной собственности района (города областного значения), находящегося в управлении 

акимов города районного значения, села, поселка, сельского округа

4

201907



Поступления от реализации бесхозяйного имущества, имущества, безвозмездно перешедшего в установленном порядке в 

коммунальную собственность, безнадзорных животных, находок, а также имущества, перешедшего по праву наследования 

к государству

5

201910



Плата за сервитут по земельным участкам, находящихся в коммунальной собственности

6

301102



Поступления от продажи имущества, закрепленного за государственными учреждениями, финансируемыми из местного 

бюджета


7

301103


Поступления от продажи гражданам квартир

8

402101



Целевые текущие трансферты

9

402102



Целевые трансферты на развитие

10

402103



Субвенции

11

402201



Целевые текущие трансферты

12

402202



Целевые трансферты на развитие

13

402203



Субвенции

14

501106



Погашение бюджетных кредитов, выданных из местного бюджета специализированным организациям

15

601102



Поступления от продажи доли участия, ценных бумаг юридических лиц, находящихся в коммунальной собственности

16

601105



Поступления от продажи коммунальных государственных учреждений и государственных предприятий в виде 

имущественного комплекса, иного государственного имущества, находящегося в оперативном управлении или 

хозяйственном ведении коммунальных государственных предприятий

17

701203



Займы, получаемые местным исполнительным органом района (города областного значения)

18

Исполнительные органы, финансируемые 



из районного бюджета

202102


Поступления от реализации товаров (работ, услуг), предоставляемых государственными учреждениями, финансируемыми 

из местного бюджета

19

203102


Поступления денег от проведения государственных закупок,организуемых государственными учреждениями, 

финансируемыми из местного бюджета

20

204114


Прочие штрафы, пени, санкции, взыскания, налагаемые государственными учреждениями, финансируемыми из местного 

бюджета


21

204116


Штрафы, пени, санкции, взыскания по бюджетным кредитам (займам), выданным из областного бюджета местным 

исполнительным органам районов (городов областного значения)

22

204118


Штрафы, пени, санкции, взыскания по бюджетным кредитам (займам), выданным из местного бюджета 

специализированным организациям, физическим лицам

23

206105


Поступления дебиторской, депонентской задолженности государственных учреждений, финансируемых из местного 

бюджета


24

206107


Возврат неиспользованных средств, ранее полученных из местного бюджета

25

206109



Другие неналоговые поступления в местный бюджет

26

206110



Сбор за легализацию имущества

27

ГУ «Аппарат акима района в городе, 



города районного значения, поселка, 

села, сельского округа

204154

Административные штрафы, пени, санкции, взыскания, налагаемые государственными учреждениями, финансируемыми из 



бюджета района (города областного значения), за исключением штрафов, пеней, санкций, взысканий, налагаемых акимами 

городов районного значения, сел, поселков, сельских округов

28

ГУ « Казалинский районный отдел 



жилищно­коммунального хозяйства

пассажирского транспорта и 

автомобильных дорог»

201509


Доходы от аренды жилищ из жилищного фонда, находящегося в коммунальной собственности района (города областного 

значения), за исключением доходов от аренды государственного имущества, находящегося в управлении акимов города 

районного значения, села, поселка, сельского округа

29

ГУ «Казалинский районный отдел 



сельского хозяйства»

201703


Вознаграждения по бюджетным кредитам, выданным из областного бюджета местным исполнительным органам районов 

(городов областного значения)

30

201713


Вознаграждения по бюджетным кредитам, выданным из местного бюджета физическим лицам

31

201718



Вознаграждения по бюджетным кредитам, выданным из местного бюджета юридическим лицам, за исключением 

специализированных организаций

32

201706


Вознаграждения по бюджетным кредитам, выданным из местного бюджета специализированным организациям

33

501113



Погашение бюджетных кредитов, выданных из местного бюджета физическим лицам

34

501121



Погашение бюджетных кредитов, выданных из местного бюджета юридическим лицам, за исключением 

специализированных организаций

35

ГУ «Казалинский районный отдел 



земельных отношений»

303101


Поступления от продажи земельных участков

36

303102



Поступления от продажи земельных участков сельскохозяйственного назначения

37

303202



Плата за продажу права аренды земельных участков

38

Департамент юстиций Кызылординской 



области филиал «Казалинский 

территориальный отдел»

204103

Исполнительская санкция



39

Казалинский районный суд

204142

Административные штрафы, пени, санкции, взыскания, налагаемые судебными исполнителями, судебными приставами 



и другими сотрудниками судов, уполномоченными председателем суда или председательствующим в заседании суда, за 

исключением поступлений от организаций нефтяного сектора и правонарушений в области налогообложения

40

Отдел внутренних дел Казалинского 



района

204106


Административные штрафы, пени, санкции, взыскания, налагаемые департаментами внутренних дел областей, города 

республиканского значения, столицы, их территориальными подразделениями, финансируемыми из местного бюджета

Аудандық «Қазалы» газетінің 2016 жылғы 24 қыркүйектегі №76 (864) санында жарияланған «Қазалы ауданының 

дамуы: деректер мен дәйектер» атты инфографикадағы «көк түс – жеке кәсіпкерлер, қызыл түс – заңды тұлғалар» бо­

лып түзетіліп оқылсын.

Түзетіліп оқылсын


№776

7346


Мекен­жайымыз: 120400, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа батыр көшесі №11 үй, E­mail: kazaly@bk.ru

Кезекші редактор  Ұ.ТАЛАПБАЕВА.

сейсенбі,

Газет  редакцияның  компьютер  орталығында  теріліп, 

беттеліп, «Сыр медиа» ЖШС

баспаханасында басылды.  

Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4.

Тел: 8 (7242) 40­06­68

Газет таралымы бойынша 21­6­94 немесе 

8 (7242) 70­14­08 телефондарына хабарласуға болады.



       Таралымы 7388             Тапсырыс №1165

№78 (866) Сенбі, 1 қазан 2016 жыл.

Бас редактор

Дәурен ОМАРОВ

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА. 

ҚАЗАЛЫ: КЕШЕ 

және

 БҮГІН

Тарихқа көз жүгіртсек, жоғалтқанымыз жетерлік. Алайда, еліміз егемендік алып, оң-солымызды танығалы бері бүгінгі 

күнді  баян ды  етудің  қамында  жүрміз.  Ұлттық  санамыз  оянды,  мәдени  һәм  рухани  жауһарларымыз  қайта  жаңғырды. 

Әлеумет әл-ауқатын арттырды. Мемлекетіміз әлемнің саяси сахнасынан ойып орын алды. Осылайша, жаңа әлемдегі жаңа 

Қазақстан өз шежіресін жазып жатыр. Сондықтан, біз газетімізде Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында оқырман наза-

рына кешегі мен бүгінгі күніміздің айғағындай болған фотобаяндарды ұсынып отырмақпыз.

Қазалы  ауданындағы  Әйтеке  би 

кентінің  Орталық  алаңындағы  Ұлы  Отан 

соғысында  қаза  тапқан  қазалы лық  тарға 

арналған  еңселі  ескерткіштің  тас  тұғырға 

орнатылғанына қырық жылға жуықтапты. 

Ескерткіш  Кеңес  Одағының  сол 

кездегі  ақша  бірлігімен  80  мың  рубьлге 

бағаланып,  бұрынғы  Ленинград,  қазіргі 

Санкт­Петербургте арнайы сұраныс бойын­

ша жасалған. Бұл тарихи ескерткіш – бейбіт 

өмір  үшін  кеудесін  оққа  тосып,  сүйегі 

жат  жерде  қалған  қазалылық  боздақтарға 

арналған ұрпағының құрметі. 

Ортақ  Отанды  қорғауға  біздің  ауда­

нымыздан  10770  азамат  майданға  аттанса, 

соның 6229­ы ғана елге аман оралған. Ұрыс 

даласында  алдыңғы  сапта  болып,  ерліктің 

ерен  үлгісін  көрсеткен  жерлестеріміздің 

арасынан  Кеңес  Одағының  батырла­

ры,  «Даңқ»  орденінің  иегерлері,  басқа  да 

лайықты  марапат  иелері  өз  орындарын 

айқындады. 

Қан  майданда  хабарсыз  кеткен  қаза­

лылық қаһарман дарға қойылған ескерткіш­

белгі  ана  мен  баланың  азаматты  алапат 

соғысқа аттандырып тұрған сәтін айшықты 

бейнелеуімен,  Отан  қорғаушының  жауға 

қарсы тұруға шақырған айбындылығымен, 

болашақ  ұрпақты  соғыс  салған  қасіретті 

естен  шығармауға,  бейбіт  өмірді  бағалай 

білуге шақырып тұрғандай.

Дайындаған:

Ғалымжан АЛДАМЖАРОВ.

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазалылықтарға арналған ескерткіш

«Аққу көлдің, ақын – елдің киесі». Марқұм әжемнің осы 

сөзді  жиі  айтатыны  жадымда  сақталып  қалыпты.  Бәлкім, 

оның осынау жоғары ұстанымы біздің бойымыздағы өнерге 

деген құштарлықты қалыптастырған да шығар. 

Мен  ол  кезде  екінші  курста  оқушы  едім.  «Балықшы  –

балықшыны алыстан таниды» демекші өлеңге жақын жас та­

лапкер ақындар, жырау, әншілер бірге жүретінбіз. Бір күні 

жанымдағы досым:

– Қарттар үйіне соға кетсек қайтеді? Сонда қазалылық 

бір  ақын  ағамыз  бар,  сәлем  беріп  шығайық,  –  дегенінде 

сасқанымнан  не  дерімді  білмей  үнсіз  қалдым.  Тек  басым­

ды  изеп  ізіне  еріп  жүре  беріппін.  Өмірімде  қарттар  үйіне 

тұңғыш рет жолым түспекші. Көңілім сан­сақта. Бұған дейін 

жетім балалар үйіне бір рет кіріп шыққаным бар еді. Қарттар 

үйіне бас сұқпаған екенмін. «Өзі қандай кісі? Ол жерде не 

қылып жүрген жерлес?» деген сұрақтар маза берер емес. «Не 

болса да көрейін» деп еріп келемін. 

Аялдаманың  дәл  алдындағы  көп  қабатты  қоңыр  ғима­

ратты  көргеннен  көңілім  құлазып  қалды.  Қазақылықтың 

қаймағы  бұзылмаған  біздің  облыстың  орталығында  да 

әке­шешесін  қартайғанда  тастап  кететін  безбүйректердің 

бар  екеніне  қынжылдым.  Темір  қоршаудың  арғы  жағында 

отырған  ақсақалдар  мен  әжелер  құдды  бір  бөбекжайдағы 

қауқарсыз  балаларды  есіме  түсірді.  «Адам  қартайғанда  бір 

бала»  деген.  Айғыз­айғыз  әжім  басқан  жүздеріне  қарап, 

көздерінен  бір  үлкен  мұңды  аңғарғандаймын.  Біреуді 

күтетін  сияқты.  Сәби  кезімізде  балабақшада  жүргенде 

кешкілік әр баланы әке­шешесі келіп алып кететін мезгілде 

терезеге  жалтақтап,  ата­анамызды  асыға  күтіп  отырушы 

едік.  Әлдеқалай  кешіксе  жыларман  күйге  түсетінбіз...  Бұл 

жерде  де  дәл  солай.  Сырттан  келген  адамдарға  қарттар  да 

жалтақтап  қарайды.  Олардың  балабақшадағы  балалардан 

айырмашылығы  қауқары  қайтқан,  тағдырдың  тарам  жолы 

жылатқан, есейген жандар екендігінде ғана.

Ғимаратқа  кіріп,  арнайы  журналға  тіркелдік.  Бас­

палдақпен  жоғары  өрлеген  сайын  жүрегім  атша  тулау­

да.  Ғимараттың  ішінен  шыққан  дәрі­дәрмектің  ащы  иісі 

қолқаңды  қабады.  Иә,  бұл  да  аурухана  ғой.  Тек  мұнда  тән 

ауруымен  қатар  жан  азабын  тартқандар  жатыр.  Ілбіп  ба­

сып  сыртында  525  деген  нөмірі  бар  бөлмеге  кірдік.  Бір 

адамдық бөлмедегі кереуетте қара торы кісі қоңыр домбы­

расын шертіп отыр екен. Жанымдағы досымды көріп домбы­

расын бұрышқа сүйей салып, амандасып мәз­мейрам болды. 

Үнсіз  барып  қос  қолымды  ұсындым.  Бұрын  көрмеген  ада­

мым.  Жанымдағы  жолдасыммен  әңгімелесіп  шұрқырасып 

қалды.  Маған  бұрыштағы  үстелді  нұсқап  «төрлет  інім» 

– деп қояды. Бір аңғарғаным жасы елуден енді асқан жігіт 

ағасы  секілді.  Кереуетінің  астындағы  мүгедектер  арбасы­

на  көзім  түскенде  біраз  сырды  іштей  ұққандаймын.  Өзін 

таныс тырып,  қазалылық  екенін  айтып,  ақжарқын  жүзбен 

көсіле сөйлеп кетті. Әкемді жақсы танитын болып шықты. 

Тілдесе  келе  өзінің  қос  аяқтан  қалай  қалғанын,  қарттар 

үйіне  қалай  түскенін  баяндап  берді.  Осыдан  он  бес  жыл 

бұрын ауылында мотоциклмен зырылдап жүріп, аударылып, 

омыртқа сүйегі зақымданған. Дертіне дауа іздеп, көрінбеген 

емшісі, бармаған дәрігері қалмаған. Ештеңеден қайран бол­

май жазмыштың жазуымен мүгедек атаныпты. Жығылғанға 

–  жұдырық.  Кейін  әйелі  жалғыз  қызын  алып,  Алматыға 

кетіп  қалыпты.  Қарт  анасы  мен  інісінің  келіншегіне  ма­

сыл  болмайын  деген  оймен  осында  келгенін  қынжыла 

о тырып,  мұңды  дауыспен  жеткізді.  Содан  бері  осы  жердің 

тұрғыны.  «Басында  жатырқаушы  едім,  кейін  етім  үйренді. 

Өзім  сынды  тағдырдың  тәлкегіне  түскен  жандар  бар,  со­

лармен  сөйлесем.  Студент  жастар  келіп  тұрады.  Анам  мен 

бауыр ларым  хабарласады»  деп  жабырқау  көңілін  жұбатып 

та қойды. Біз әңгімелесіп отырғанда қолына тәрелке ұстаған 

толықша  сарғыш  келіншек  бөлмеге  кіріп  келді.  «Оу,  Коля 

қонақтарыңа  ән  шырқап  бермедің  бе?»  деп  қолындағы 

темір тәрелкесін кереуеттің жанындағы тумбочканың үстіне 

қоя  салды.  Әкелген  тамаққа  көзім  түсті.  Маған  біртүрлі 

өлтірместің күні сияқты болып сезілді. Бала кезімізден «Бай­

бақуатты  елміз,  мұнайымыз  көп.  Менделеев  кестесіндегі 

элементтердің түгелге жуығы елімізде бар» деп өскендікі ме, 

қарттар үйіндегі тамаққа көңілім көншімеді. «Жайшылықта 

«Қарттарым – асыл қазынам» дегенде жағымыз бір тынбай­

ды.  Сондағы  құрметтегеніміз  осы  ма?»  деген  ой  жанымды 

жегідей жеді. Ас құрамында суға асылған макарон мен ұсақ 

туралған бірнеше түйір ет, қызыл шай. Нанды да жарытпаған 

екен. Көңілімнің түсіп кеткенін байқаған жанымдағы жігіт 

«Қайреке, «Сыр қызын» әуелетіп жіберші» – деп әңгіме ау­

анын басқа арнаға бұрды. Ақын жымия күліп домбырасын 

бір­екі шертіп жіберіп, әсем әуенді бастап кетті. Ойнақы, наз­

ды, сөзі де әуені де сүйкімді ән екен. Өлең дертімен қоса ма­

хаббат машақатына түсіп жүрген біздей бозбалаға айрықша 

әсер етті. Кейін әр келген сайын осы «Сыр қызын» орындау­

ын өтінетін болдым. Сөзі де, әні де өзінікі екен. Әннің өмірге 

келу тарихы да аса тартымды. Ақынмен сол күнгі кездесу­

ден кейін бір ерекше күйге бөлендім. Адамдарға жылы шы­

раймен,  мейірімділікпен  қарағым  келетін  сияқты.  Мүмкін 

тағдырлы адамдардың өмірін көзбен көргендікі шығар. 

***


Қайрекеңмен  соңғы  рет  қарттар  үйінде  кездескенімде 

«Операция сәтсіз өтті. Асқа зауқым да жоқ, жақында ауылға 

қайтатын  шығармын»  –  деп  күрсінген  болатын.  Жүрегі 

әлдебір сұмдықты сезген екен. 

Сол  кездесуден  соң  да  біршама  уақыт  сырғып  өте 

шыққанды.  Ауылға  демалысқа  келген  сәттің  бірінде  оған 

қоңырау шалдым. Жағдайын сұрадым. Қайрат ағаның дау­

сы  солғын  естілді.  Амандық  сұрасқаннан  кейін  әлсіз  ғана 

«Айналайын  інім,  біздің  үй  жаққа  соғып  кетсең  дұрыс  бо­

лар еді. Ағаңның жағдайы күннен­күнге нашарлап барады. 

Дәм татпағаныма үш күннен асты...» дегенінде жүрегім шым 

ете қалды. 

Тәңсәріден  тәңірден  тілек  тілеп,  көлік  тізгіндеп, 

ақынның ауылына қарай тарттым. Амал қанша, Қайрекеңмен 

сол  жолы  тілдесе  алмадым.  Қатты  шаршап  қалған  екен. 

Ал  бүгін  оның  жарық  жалғаннан  татар  дәмі  таусылғанын 

естідім. Алайда әсем әні құлағымызда қалды. Ендеше сенің 

мәңгілік өмірің жаңа басталды, қайсар ақын...



Есет ТАБЫНБАЕВ.

ҚАРТТАР ҮЙІНДЕГІ 

КЕЗДЕСУ

(ЭССЕ)


Біздің тұрақты оқырман

Құттықтаймыз

Біртүйер

Өзгергенді көз көрген

Жалғанда ұстаз көрмеген, иә мұғалімнің алдында оқушы болмаған тұлға кемде-

кем  шығар.  Ал  осынау  мамандықтың  ыстығына  күйіп,  суығына  тоңып  жүрген          

абзал жандарға деген ата-аналардың алғысы шексіз.

Жыл сайын қазан айының бірінші жексенбісінде аталып өтетін мұғалімдер 

күніне орай немереме тәлімді тәрбие беретін ұстазын құттықтауды жөн сана-

дым.

Құрметті  Жолмырзаева  Мира  апай!  Мұғалімдер  мерекесінде  Сізге 

шығармашылық табыс тілейміз. Отбасыңыз аман болып, әкеңіздің көз қуанышы              

болып, жолдасыңыздың сүйікті жары, балаларыңыздың аяулы анасы болып, ұзақ 

өмір сүріңіз.

2 «ә» сыныбының ата-аналары атынан

                                                                                                       

Санжардың атасы Ақберді. 

Ұстаздарға алғысымыз шексіз

Қорқыт  ата  атындағы  Қызылорда  мемлекеттік  университетінің  филология  факультетін 

тәмамдадым. 2008 жылы Қазалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне әдіскер 

болып жұмысқа орналастым. 

Жыл  сайын  баспасөзге  жазылу  науқаны  басталғанда  қоғам  өмірін  кеңінен  қамтитын 

басылымдарға  жазылуды  басты  міндетім  деп  түсінемін.  Ал,  соның  ішінде  аудандық  «Қазалы» 

газетінің  алар  орны  айрықша.  Оның  себебі,  өзіміз  өмір  сүріп  отырған  өлкенің  тыныс­тіршілігін, 

рухани­мәдени өмірін қамтудағы газеттің аяқ алысы көңілімнен толық шығады. 

Басылым  жарық  көрген  күннен  бастап  бүгінге  дейін  байланысымды  үзбей  келе  жатырмын. 

Алдағы уақытта да осы бағытымыз жалғаса бермек. 

Ал, «Сыр медиа» құрамына қосылғалы «Қазалы» газетінің бет­бейнесі мен мазмұнының өзгеше сипат 

алуы оқырмандар қызығушылығын арттыра түскені де жасырын емес. Сапалы, уақытылы қолға тиетін ба­

сылым ұжымына алғыстан басқа айтарымыз жоқ.



Бекзат ӘЖІМҰРАТ,

Қазалы аудандық мәдениет және

 тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері.

Басылыммен әрқашан 

байланыстамыз

«Ұстаз болу – жүректің батырлығы» – 

дейді  дана  халқымыз.  Ел  тізгінін  ұстаған 

басшыдан,  қарапайым  қара  жұмысшыға 

дейін  бас  иетін  құдіретке  ие  ұстаздар 

қауымына қандай марапат, мақтау айтсақ та 

жарасымды. Күн, түн демей шәкірт санасы­

на білімнің дәнін сеуіп, үлкен өмірге қанат 

қақтыратын  ұстаздың  ұлылығын  ұмыту 

әсте  мүмкін  емес.  Осы  орайда  «Ұстаздық 

еткен  жалықпас,  үйретуден  балаға»  деген 

ұлы  Абайдың  ұлағатты  сөзі  еріксіз  еске 

оралады.

Шәкірті  үшін  өз  уақытын  аямайтын 

ұстаздың  бірі  –  Асылбек  Нұрсейітов.  Ол 

Ақтан  батыр  ауылының  тумасы.  Бүгінде 

өзі  білім  алған  №190  орта  мектепте  дене 

тәрбиесі пәнінің мұғалімі. 

Мектеп  қабырғасында  жүрген  кезден­

ақ түрлі спортқа бейімділігімен көзге түскен 

бозбала  Тараз  қаласындағы  М.Дулати 

атындағы  университеттен  «Дене  тәрбиесі 

және  спорт»  мамандығын  алды.  Алғашқы 

еңбек  жолын  Қазалы  аудандық  спорт 

мектебінің  жаттықтырушылығынан  бас­

тады.  Волейболдан  аудандық  құраманың 

белді  мүшесі.  Талай  рет  аудан  намысын 

қорғап,  «Үздік  ойыншы»  номинациясын 

бірнеше мәрте иеленді. 

Он  жылдан  бері  өмір  жолының  арна­

сы ұстаздық әлемімен астасып жатыр. Осы 

еңбек жолында Асылбек бойында жылт ет­

кен  таланттың  ұшқыны  бар,  талапты  жас­

тарды  бауырына  тартып,  айналасына  жи­

нады.  Нәтиже  де  жоқ  емес.  Шәкірттері 

облыстық,  аудандық  командалық  жарыс­

тарда бас жүлделерді қанжығаларына бай­

лады. 


Асылбектің  жары  Гүлжамал  да 

№190  мектепте  ұстаз.  Биология  пәні нен 

дайын ,даған  оқушылары  үлкен  жетістік­

терге  жетіп  жүр.  Назарбаев  Зияткерлік 

мектебінде деңгейлік оқу курсынан білімін 

жетілдірді. 

 – Әкем Орақ пен анам Гүлмаржанның 

өмір жолы мен үшін үлкен өнеге. Отбасын­

да алған тәрбием биіктерге жетелеп келеді. 

Анам  30  жылға  жуық  өмірін  ұстаздық  са­

ласына  арнаған  жан.  «Ұяда  не  көрсең, 

ұшқанда  соны  ілерсең»  демей  ме?  Ұстаз 

анадан тәлім алғандығымыз ба, әлде тағдыр 

жолымыз  солай  болды  ма  менің  әпкем 

Ғалия  да,  қарындастарым  Сәулеш  пен 

Зәуреш те осы ұлы мамандықты таңдады, – 

дейді Асылбек. 

Ұлболсын ЕРБОЛҚЫЗЫ.

ШӘКІРТ БАҚЫТЫН АЯЛАҒАН АСЫЛБЕК

Тәуелсіздігімізге  25  жыл  толған  мерейлі 

мерекені тойлауға Қазалы ауданы қызу дайындық 

үстінде.  Әйтеке  би  кентіндегі  кең  көшенің  бірі  – 

Қ.Пірімов  көшесінің  бойына  түрлі  ескерткіштер 

орнатып, тұрғындар мен қала қонақтарының дема­

лып, кешкілік серуен құруына арналған алаңқайлар 

құрылысы жүруде. 

Туған  өлкенің  көрікті  жерлерін  одан  әрі 

айшық тандыра  түсетін  көркем  туындылармен 

толық тыруда  мүсінші  Рүстем  Сағындықов  та  ая­

нып қалмады. 

Бала күнінен сурет салуға ерекше ынтық болып 

өскен  ол,  мектептен  соң  Қарағанды  қаласындағы 

арнаулы  оқу  орындарының  бірінен  дизайнер­

архитектор  мамандығын  алған.  Қолынан  шыққан 

мүсіндері талайды таңқалдырған Рүстемнің өнерін 

көруге  арнайы  үйіне  бардық.  Қақпа  алдындағы 

жолбарыс  бейнесінің  шынайылығы  сонша 

алғашында үрейім ұшқаны рас. Біз іздеген мүсінші 

ұзындығы  екі  метр  болатын  домбыра  бейнесін 

қалыптан  шығарып,  күн  сәулесіне  кептіргелі  жа­

тыр екен. 

–  Бұл  домбыра  қауызы  ашылып  тұрған 

қызғалдақ гүлінің ішіне орналастырылып, төбесіне 

шаңырақ  бекітіледі.  Біткен  соң,  Тәуелсіздіктің 

25  жылдығына  орай  аббаттандырылып  жатқан 

Қ.Пірімов  көшесінің  бойына  қойылады,  –  дейді 

мүсінші. 

Бірнеше  жылдан  бері  осы  жұмыспен  айналы­

сып келе жатқан Рүстемге тапсырыс берушілер аз 

емес. Әсіресе, аңдар мен жануарлардың мүсіндеріне 

қызығушылық  танытатындар  көп  екен.  Бетоннан 

қашалып немесе арнайы қалыпқа құйылып жасала­

тын өнімдер кем дегенде екі тәулік күн сәулесінде 

кептіріледі. Мүсіншінің айтуынша, мүсін жасауға 

қолайлы мезгіл жаз айлары. Қыстыгүні де жұмыс 

тоқтап  қалмайды,  дегенмен  кең  жердің  болмауы 

мен күннің суықтығы жұмысты қиындата түседі. 

Қиялына қанат бітіріп, көңілі соққан дүниенің 

мүсінін  мінсіз  етіп  жасайтын  Рүстемнің  шаш 

қиятын да өнері бар. Үйінің бір бөлмесінен шаш­

тараз  ашып  қойған.  Бір  бойына  бірнеше  өнер 

тоғысқан  жан  темірді  иіп,  ағашты  қашап,  түрлі 

гүлзарлар  мен  орындықтар,  тұрмысқа  қажетті 

бұйымдарды  өрнектеп,  әсем  етіп  жасайды.  Жеке 

кәсіпкер  ретінде  тіркеліп,  халық  қазынасы  салық 

төлеуді де ұмытқан емес. 

«Өнерліге өріс кең» дейді қазақта. Рүстем бо­

йында  бар  талантының  арқасында  туған  өлкенің 

көрікті  жерлерін  одан  әрі  айшықтандыра  түсетін 

көркем  туындылармен  толықтыруда.  Сонымен 

бірге, еңбегінің жемісін көріп, отбасын да асырап 

отыр. 


Сабырлық  пен  ыждаһаттылықты  аса  қатты 

қажет  ететін  мүсін  өнерін  меңгерген  Рүстем 

Аманкелдіұлы үйренемін деп тілек білдірген жас­

тар болса, бар білгенін үйретуден жалықпайтынын 

да айтты.

КЕНТТІ КӨРКЕЙТУГЕ 



БАР ӨНЕРІН САЛМАҚ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет