Бастауыш сынып оқушыларына арнап
«Қозғалмалы ойындар» жинағын құрастырған
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Сейтенова Гүлғаслайым Төлеуқызы
Түсінік хат
Белгілі бір нақты ережесі бар әр түрлі әрі көңілді қимыл-
әрекеттерді қозғалмалы ойындар деп атаймыз. Қимыл-қозғалыс ойындары арқылы оқушыларды шапшаңдыққа, икемділікке, төзімділікке , спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, спортқа баулу, шыңдау, қызықтыру болып табылады. Соның ішінде қимыл қозғалыс ойындарының орны ерекше. Оқушыларды мынадай ойын түрлерімен қызығушылықтарын арттыруға болады. Мыс: «Айгөлек», «Соқыртеке», «Ақсүйек», «Ақсерек, көксерек» «Қызыл ту» ойындарының барлығы төзімділікке, шапшаңдыққа, икемділікке үйретеді. Оқушылардың дене тәрбиесіне деген құштарлығын дамытады.
Қолға, аяққа және басқа дене мүшелеріне лайықтап алынған қимыл-қозғалыстағы ойындарды жүзеге асыру мақсатында жүгіріп, секіріп, лақтырып, өрмелеп ойнайтын ойындарды өткізу жоспары құрылды.
Қимыл-қозғалыс ойындары және спорт ойындары арқылы салауатты өмір салтын жақсы сақтауды басшылыққа алу.
Қимыл-қозғалыс ойындарының бала ағзасына келтіретін пайдасы өте көп екенін ұғындыру, мақсат, міндеттерін түсіндіру.
Ойын кезінде балалар тез достасып, ұйымшылдыққа, тез шешім қабылдауға, ептілікке, жауапкершілікке, намысқойлыққа, шыдамдылыққа, бірін-бірі кешіре білуге үйренеді. Өз бетіше қимыл әрекет жасауға үйренеді. Оқушылардың психологиялық дағдысы дұрыс қалыптасуына ықпалы зор. Жасқаншақ бала батыл, әлсіз бала күшті, тұйық бала ашылады. Қимыл – қозғалыс ойыны кезінде ойынның шартын дұрыс түсініп, шартты бұзбау. Бұл балалардың әдептілік, инабаттық, адамгершілік, сыпайылық, достық қарым-қатынас тәрбиесі артады. Тәртібі нашар бала жөнге салынады.
Қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіруде дене жаттығулары мен спорттың алатын орны ерекше.
Қорыта айтқанда оқушыны жан-жақты жетілдіре отырып келешегіміздің жеткішегін жігерлі де батыл, білімді де саналы, қайратты да төзімді етіп тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |