Жапалақ
Дайындық. Ойнышылардың арасына бір-екі «Жапалақтар» сайлаймыз. Қалғандары «Көбелек» болып «ұшып» жүреді.
Ойны мазмұны. Жүгіріп жүрген балалар мынандай өлең айтады:
Қанат қағып ұшқанда,
Қиын оны ұстауға.
Бірақ оның өмірі,
Ұқсамайды құстарға.
Көктем қандай керемет,
Көз тартады таңертең.
Неше түрлі гүл өссе,
Сонша түрлі көбелек.
Мұғалім кенет «Түн болды» деп белгі береді. Сол сәтте «Жапалақтар» «ұшып» келіп, қозғалмай бір қалыпта тұрған балаларды аралап өтеді де, қозғалып қалғандарын өздерімен бірге ілестіріп, алып кетеді. Ойын осылайша бірнеше рет қайталанады.
Ережесі. А) «Жапалақтар» 15 секундтан артық ұшпауы керек.
Ә) Бала тұрысын әдейлеп біреу бұзса, ол ұсталады.
Методикалық нұсқау. Балалардың қимыс-қозғалыстарына шек қоюға болмайды. «Жапалақтардың» өзара әңгімелесіп жүргендері дұрыс. Ол ойынды қызықты етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |