Орыстілділер (оның ішінде мемлекетқұрушы ұлт үшін): - ана тілін құндылық ретінде тану;
- мемлекеттік тілдің қоғамдағы беделін арттыру, ақпараттық кеңістігін кеңейту;
- шет тілін оқытуды бастаудың жасын лингвопсихологиялық негізде дәлелдеу және жаппай ұстану;
- өз тілінің құндылықтық жүйесімен салыстыра, салғастыра отырып, мемлекеттік тілдің құндылықтық жүйесін, мәдениетін кеңінен ғана емес, тереңінен де меңгеру деңгейінде оқыту;
2013 жылы 29 қарашада Астанада «Болашақ» халықаралық стипендиясының мерейтойлық форумында Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды толеранттылық пен үштұғырлы тіл саясатын дамытуға шақырған сөзі
«Өзге елдерді қор көре отырып өз елін артық санау мүмкін емес. Сол себепті мен үштұғырлы тіл туралы айтамын. Қазақстан мемлекеттік тілді игеруі керек.
Орыс тілі – көрші еліміздің ана тілі және БҰҰ-ның алты тілінің бірі. Осы тіл арқылы әлемдік мәдениет пен әдебиетке жеткенімізді мойындауымыз керек. Бұл тілді де ұмытуымызға болмайды. Әр тіл – адамзаттың байлығы.»
«Әлемде жарыққа шығатын 10 млн кітаптың 85%-ы ағылшын тілінде шығады. Ғылым, даму, ақпаратты технология – барлығы да ағылшын тілінде етек жаюда. Қазақстанда 3500 шет елдік компания жұмыс істейді. Олармен біз ағылшынша сөйлесеміз, осы тіл арқылы өндіріс күшімізді көтереміз.»
Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі үш тілде білім беру тәжірибесіне үңілетін болсақ, халықаралық зерттеулер бойынша үш тілде жүргізілетін оқу бағдарламалары бойынша білім алатын оқушылар:
жұмысқа ұқыпты, мотивациялары жоғары, бірнеше тіл білудің артықшылықтарын түсінеді;
бір тілде ғана білім алатын оқушыларға қарағанда, үш тілді қосқанда, барлық пәндерден үлгерімдері жақсы;
Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі үш тілде білім беру мақсаты:
қазақ тілін дамыту, орыс тіліне қолдау көрсету және ағылшын тілін енгізу.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасындағы тілдік пәндер:
оқушылардың бойында функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған;
оқушыларда коммуникативтік дағдыларды дамытады;
оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытады;
күнделікті өмірмен тығыз байланыстағы тақырыптарды қамтиды;
оқушыларды өмір бойы білім алуға үйретуге ықпал етеді;
мұғалімдерге әртүрлі оқыту ресурстарын қолдануға мүмкіндік береді.