ҚР Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығының талдауы бойынша қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін орыс тілі пәнінен 2014-2015 жылдардың ҰБТ статистикасы «Үштұғырлы тіл» жүйесі – бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сатысы Үштұғырлы тіл жай ғана әдемі тұжырымдама немесе тілдік саясаттың жаңа формасы ретінде пайда болған жоқ, ол – өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті идея.
Бүгінгі таңда ТМД мен Орталық Азияның көшбасшы мемлекетіне айналған Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудағы бірінші баспалдағы.
Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.
Қазақстандағы үштұғырлы тіл саясаты – бұл елімізді, оның әлеуетін одан әрі нығайтуға бағытталған тұтас тұжырымдама. Іс жүзінде тілдердің үштұғырлылығы идеясы бәсекеге қабілетті Қазақстанның ұлттық идеологиясының бір бөлшегі болып табылады.
“Үштұғырлы тіл” мәдени жобасының қоғамдағы оң бағалаулары: Қазақстанның рухани және экономикалық жағынан стратегиялық дамуы үшін маңызды;
Елдің адам капиталының дамуы мен сапасының артуы үшін маңызды;
“Үштұғырлы тіл” мәдени жобасының қоғамдағы теріс бағалаулары: Елдегі онсыз да осал позициядағы мемлекеттік тілді әлемдік және халықаралық беделді тілдермен бәсекеге бірдей ортаға салып жіберу оның жағдайын одан әрі әлсірете түседі;
Қазақ тілін үйренуге құлықсыздардың сылтауы бірінші кезекте ағылшын тілін үйрену болып, олардың мемлекеттік тілді үйрену уақыты алыс болашаққа шегеріле береді (қазақтілділердің пікірі бойынша);
«Қазақ тілі мен орыс тілі» сияқты қостілділіктің екінші компонентінің орнын ағылшын тілі басып, «қазақ тілі мен ағылшын тілі» қостілділігі орнығады да, орыс тілінің Қазақстандағы беделі мақсатты түрде осы жоба арқылы төмендетіліп, қолданыс аясы тарылып отыр (орыстілділердің пікірі бойынша).
Қазақ тілі Тілдердің қоғамның әлеуметтік топтары арасындағы қолданыс мәртебелері