ІІІ Қорытынды.................................................................................................. 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................. 29
Қазақ тілі Орыс тілі Ағылшын тілі ҮШТҰҒЫРЛЫ ТІЛ XII 2006 жылғы №19 саны 28.01.2011ж. ҚР Президентінің халыққа Жолдауы 14.12.2012 ж. ҚР Президентінің халыққа Жолдауы Назарбаев Зияткерлік Мектептері «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасының басты идеясы: Қазақстанды бүкіл әлем халықтарына үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде таныту керек.
Атап айтатын болсақ, олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – қарым - қатынас тілі және ағылшын тілі – дамыған мемлекеттермен терезе теңестіріп, солардың қатарына қосылу үшін қажет.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауындағы тілдердің үштұғырлығы жайлы сөзі:
Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады. Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз.
Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек.
Орыс тіліне және кириллицаға біз қазақ тіліне қандай қамқорлықпен қарасақ, сондай қамқорлықпен қарауымыз керек. Орыс тілін білу - біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршаға белгілі. Дәл осы орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымдары мен араласатын ортасын кеңейтіп келе жатқанын жоққа шығармауға тиіспіз.
Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады.