Секциясы: Медицина



бет2/5
Дата20.12.2023
өлшемі1,45 Mb.
#141696
1   2   3   4   5
Байланысты:
Аскөктің адам денсаулығына пайдасы жоба

Мазмұны
І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІ.1. Аскөк туралы жалпы мағлұмат
ІІ.2. Аскөктің құрамындағы заттар
Жұмыстың зерттеу бөлімі
ІІІ.1. Аскөктің өсіп жетілуі
ІІІ.2. Аскөктің адам ағзасына пайдасы.
ІІІ.3. Аскөкті қолдануы.
ІҮ. Қорытынды
Ү. Қолданған әдебиеттер тізімі

Тақырыбы: Аскөктің адам ағзасына пайдасы
Мақсаты: Аскөктің адам ағзасына пайдасын, үй жағдайында тұздық, дәмдеуіш ретінде қолдануы мен дәрілік қасиеті барын зерттеу.
Міндеті:
Аскөктің дәрілік қасиетін зерттеу;
Өсіп – жетілуін, құрамындағы заттарды анықтау;
Күнделікте тұрмыста емдік және тағамға дәмдеуіш, тұздық ретінде қолдану туралы мәліметтерді жинау арқылы, басқаларға дәріптеу
Жаңалығы: Аскөктің асты дәмдеуішінен басқа емдік қасиеттері көп, соны тәжірибеде қолданып, емдік қасиетін анықтадық.
Зерттеу әдістері:
-Аскөк туралы мәліметтер жинау, өңдеу;
-Ақпараттарды іздеу, кітапханамен жұмыс жасау;
- Ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;
- Талдау , зерттеу, қорытынды жасау;
- Сұрақ-жауап, сұхбат;
Зерттеу объектісі: Аскөктің пайдасы.
Болжам:
Егер, біз аскөктің емдік қасиеттерін зерттей отырып, күнделікті үй жағдайында пайдаланып денсаулықты сақтауға, отбасының қаражатын үнемдеуге, табиғат байлығын қорғауға, қарапайым халыққа саламатты өмір сүрудің кепілі екенін түсіндіретін боламыз;
Күтілетін нәтиже:
Аскөктің адам ағзасына пайдасын зерттей отырып, болашақта әрбір қазақ отбасының күнделікті үй жағдайында ас мәзіріне қолдануын дәріптеп, үй жағдайында өсіруге, күтуге, қамқорлыққа алуға, оның адам ағзасына пайдасын ұғындыру, түсіндірме жұмыстарын жүргізу, әрбір отбасы саламатты өмір салтын қалыптастырып, өз денсаулықтарын сақтауға үйренеді.
І.Кіріспе
Адамның денсаулығы бәрінен де маңызды. Сол себепті адам денсаулығын нығайту жолында күресу керек. Табиғат ананың сыйға тартқан дәрілік өсімдіктерін тану, оларды зерттей білу, қасиеттерін ашу. Аскөкті анам үнемі тағамға, салатқа дәмдеуіш ретінде қосатын. Емдік қасиеті көп деп айтып отыратын. Атам қартайған сайын асқазаны қорытпай ауыратын болды, сол себепті ауруына дәрі ретінде қолданып, аскөк тұқымын ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсарту үшін де тиімді пайдалана білген. Аскөктің бауырға, зәр шығаруға пайдасы барын анықтап, шөбін қайнатып, тұнбасын ішіп, денсаулыққа пайдасы барын анықтадым. Содан бастап, аскөктің қандай емдік қасиеті бар екенін зерттеп білгім келді. Мәліметтер жинақтап, жоба жазуды бастап кеттім. Жобаны жазуға түрткі болған менің анам мен атамның ойы еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет