ІІ.Негізгі бөлім: ІІ.1. Аскөк туралы жалпы мағлұмат Жалпы аскөк бір жылдық, көпжылдық шөптесін өсімдік. Ол шатыргүлдер тұқымдасына жатады. Аскөк Үндістан мен Сирия және Түркия мемлекеттерінен шыққан. Қазақстан жерінде иісті аскөк түрі өседі. Көбінесе аскөкті тағамға дәмдеуіш ретінде пайдаланамыз. Адамның тамаққа деген тәбетін ашады, тамақтың дәмін кіргізеді. Ол хош иісі немесе дәмі арқылы ерекшеленіп тұрады. Тамақтың ыстық немесе суық түріне аскөктің жапырақтарын басқа дәмдеуіштермен бірге қосуға болады. Аскөкті қырыққабат пен қияр, қызанақтарды тұздау үшін қолдануға болады. Адам организміне аскөктер өте пайдалы болып табылады.
ІІ.2. Аскөктің құрамындағы заттар Аскөктің сабағының биіктігі 40 – 120 см болады. Аскөк өткір хос иісті, бұтағы тік болып келеді. Жапырақтары жіңішке, түсі жасыл, көп тілімді, яғни шашақты. Гүлдері майда, ұсақ, қос жынысты, ашық сары түсті келеді.Аскөктің тұқымының құрамында эфир майы 3%- ға дейін болады. Одан су буымен айдау арқылы басқа май түрлерін өндіреді. Жасыл жапырақтарында каротин, хош иісті дәм беретін эфир майлары мен фенхан, флавоноитар мен анетал, аскорбин қышқылы, басқа да химиялық қосылғыштары бар. Аскөк құрамында темір, калий, кальций, фосфор болады. Аскөктер медицинада өте көп пайдаланылады. Тұқымдары сопақша, ұсақ, түсі қоңыр сұрғылт, тұқымының айналасы жұқа қатпарлы қабатпен көмкерілген. Аскөк құнарлы топырақта екі, үш жыл бойы өседі. Аскөк тұқымын күзде немесе ерте көктемде 10 -12 күн аралығында бірнеше қайталап себеді. Жапырақтарын 15см – ге жеткенде 25 – 30 күнннен кейін жинап алуға болады. 80 -120 күнннен кейін тұқымдарын жинап алуға болады.
ІІІ.Жұмыстың зерттеу бөлімі ІІІ.1. Аскөктің өсіп жетілуі Аскөк шілде, тамыз айларында гүлдеп, қыркүйек айында дәні піседі. Тамыз айларында толық өсіп жетіледі. Аскөк ұрықтары құрғақ, жылы, жарық жерлерде сақталады.
Аскөктер жер шарында жобамен айтқанда 40 % - жуық өседі екен. Олар табиғат талғамайды, кез – келген жерде, өзіне жағымды климатта мекендейді. Аскөктер сулы, таулы, құрғақты, аралас ну орманды және батпақты жерлерде өседі. Өсу ортасында күй талғамайды. Аскөктер медицинада, тағамтану ғылымында, жан жануарлар әлемінде де пайдасы зор. Өзінің мекен ету ортасына байланысты әртүрлі аттарға ие болады.