Секциясы: Медицина


Аскөктің пісіп жеткен уақыты мынадай күйде кездеседі



бет4/5
Дата20.12.2023
өлшемі1,45 Mb.
#141696
1   2   3   4   5
Аскөктің пісіп жеткен уақыты мынадай күйде кездеседі.

Аскөктің гүлденуі
Аскөктер ұрықты және көшетті болып бөлінеді және егіледі. Өте қарапайым, жеке өзі өсетін, биіктігі 40-120 см , ашық-жасыл түсті, жоғарғы жағы бұтақты түрлері кездеседі.
Жапырақты аскөктер жұмыртқа түстес, ұзындығы 1,5-2 см, жоғарғы бөлігі жапырақтардан құралған болады.
Қолшатырлы аскөктер диаметрі 15 см, немесе 20-25 см болады. Гүл тәріздес аскөктер диаметрі 2-9 см болады. Ұрықты немесе жұмыртқа тәріздес аскөктер эллипс тәрізді болады. Ұзындығы 3-5 мм, ал қалыңдығы 1,5-3,5 мм болады.
Аскөктің жемісі және гүлденуі мынадай болады. Бұл тұқымы.
Аскөкті мынандай тәсілмен өсірдім:

Аскөк тұқымы арқылы көбейеді. Аскөктің ұрығын бір стақан суға салып, жарты сағат сақтайды. Жарты сағаттан кейін тұқымының жартысы су түбіне түседі. Су түбінде қалғанын егуге болмайды. Бұлай істеуіміздің себебі: тұқым егілген кезде жылдам шығады. Аскөк егілгенде топырақ бетіне шашылады. Дереу үстінен су себіледі. Күн жақтауында көп тұруы керек. Тұқымды өте қалың емес жұқа яғни сирек себу керек. Сирек себілген тұқым тез әрі жылдам өседі. Себілген тұқым үш күн ішінде қылтиып шығады. Шыққан аскөк сегіз талшықтан тұрады. Бір жұмада аскөктің биіктігі төрт сантиметрге өсті.

ІІІ.2.Аскөктің емдік қасиеті.
Аскөктің тағамды дәмдендіргіштік қасиетімен қоса дәрілік қасиеті бар екенін біздің жыл санауымызға дейінгі адамдар жақсы білген. Оны көне Египетте бауыр сырқатын емдейтін дәрі деп қараған. Ол бүгінде әлем халықтарының барлығында қолдан өсіріліп, күнделікті қажеттіліктерін өтейді. Жағдай талғамай еккен жерінде жақсы жерсініп, бойлап өсе береді. Халық емшілері одан ежелден ұйқы келтіретін, өтті айдайтын, бауырды емдейтін, бала емізетін әйелдерге сүт шығаратын дәрі ретінде қолданып, бай тәжірибе жинақтаған.
Олардың жапырақтарының гипертониялық ауруларға пайдасы зор. Аскөк ұрықтары бронхит ауруларына, аллергиялық және тері ауруларына, гемморой ауруларына да пайдасы бар. Қолшатырлы аскөктер көбінесе аптекалық дәрі дәрімек ретінде қолданылады. Адам ағзасының әлсіреуіне, көз жанарының жақсы көруіне, уақытша арықтауына да пайдасы көп тиеді. Сонымен қатар порфимериялық косметикаларды дайындауға да аскөктің пайдасы бар. Аскөктерден тіс тазалағыштар, крем, иіссулар жасауға пайдаланады. Қан қысымын төмендететін, қантамырларын кеңейтетін, ішектердің жұмысын жақсартып реттейтін, зәрді жүргізіп, қақырық түсіретін дәрілер жасайды.
Ғылыми медицина жас балаларға арнап одан аскөк суын дайындайды. Ол үшін аскөк майының бір бөлігіне 1000 бөлік тазартылған су қосып дайындайды.
1.Аскөктің ұнтақталған дәнінен бір шай қасықты бір стақан қайнап тұрған суға салып, жабық ыдыста бір сағат бұқтырады. Іш жүрмей қатып қалған кезде осыдан әр жолы 2 ас қасықтан күніне 3-4 рет ішеді. Аталған ауруға арпа және аскөк тұқымынан алып, ұнтақтап, оған алоэнің кептірілген қабығынан қосып, соның бір шай қасығын бір стақан қайнап тұрған суға салып, жарты сағат жабық ыдыста бұқтырады. Осыны бір ас қасықтан ас алдында күніне 3 рет ішетін болса, ішек жұмысын реттейді.
2.Зәр жүрмей бегеліп қалса ұнтақталған аскөк тұқымынан 2 ас қасықты, ырғай тамырынан ұнтақталған 3 ас қасықты, жантақтың шөбінен бір ас қасықты, алоэнің құрғатылып, ұнтақталған жапырақ үгітіндісінен бір ас қасықты араластырып алады да осыдан бір ас қасықты 300 г қайнап тұрған суға салып, жабық ыдыста жарты сағат ұстайды. Дәрі дайын. Осыдан бір ас қасықты ас алдында, 3 күніне үш рет ішеді. Бір емделу барысы 15 күн.
3.Адамның ұйқысы қашып, көңіл-күйі бұзылған кезде бір стақан аскөк тұқымын ұнтақтап, оған екі ас қасық ұнтақталған шүйгін шөп тамырын қосады да, жарты литр таза кагор шарабына салып, 20 минут ақырын қайнатады. Осыны 2 сағат бұқтырып қойып, жатар алдында сүзіп, 50 грамнан ішеді. Бір емделу барысы 7 күн.
4.Өт пен бүйрекке тас байланған кезде 2 ас қасық аскөк шөбін тұқымы, шөбі, жапырақтарын ұнтақтап, 500 г кайнап тұрған су құйып, су моншасында тағы 20-30 минут ұстайды. Осыны бұқтырып, салқындаған соң жылыдай ас алдында 3-4-ке бөліп ішеді. Бір емделу барысы 21 күн.
5.Зәр жолдарының ауруына, зәр бөгеліп, жолдары ашып ауырған кезде бір ас қасық аскөк тұқымын бір стақан қайнап тұрған суға 20-30 минут жабық ыдыста бұқтырып, сүзіп, бір ас қасықтан күніне 5-6 рет ішеді.
6.Қан қысымының өзгеруіне бір ас қасық ұнтақталған шөбін 250 г қайнап тұрған суына салып, 30 минут бұқтырады. Осыны астан бұрын жарты стақаннан ішіп, 10 күнге жалғастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет