Секілді өмір қЫСҚА, жарты тұтам (Өлеңдер жинағы)



Pdf көрінісі
бет11/59
Дата20.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141221
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   59
Байланысты:
d3a9d0bbd0b5d2a3d0b4d0b5d180-d0b6d0b8d0bdd0b0d293d18b (1)

ОҚУДА МАҚСАТ НЕ?
Оқуда мақсат не: Медреседе жату ма,
Ескі нұсқа бақастарды татуға;
Қанша жыл Хашия мен Мантық

шайнап,
Керілдесіп шатуға.
Көп жатып, "хатымкер"" атын алып,
Елге апарып сатуға?
Ө! Бұлай болса керек енді:
Сəлде, шапан киюге;
Мүрит"* болып ишанға бас июге.
Жас басымнан таупықты* сопы болып,
Сол есіммен тоқты-торым жиюға.
Яки мақсат: молда атанып төрге отыру ма,
Ет, қымызға қарнын толтыруға;
Підие, зекет, пітірге қапшық болып,
Миллетке микробтігі тие отыруға?
Бұлардың бар тапқаны көзін сату;
Кім өліп, кім жіткенін аңдып жату,
Білмесе де алхамның ғибарасын,
Жемтік көрсе молдамын, - деп тістей қату.


Яки мақсат: тілмаш боп жем табу ма,
Жылтыратып сары түйме шен тағуға;
Кеміре-кеміре жыртылған жырық дорба,
Басқалардан қалғанын сен қағуға?
Яки мақсат: өнер, білім алуға,
Алға қарай баруға.
Намыстанып қорланып,
Хұқықтан махрұм

қалмауға.
Миллет көзін ашуға,
Терістіктен қашуға.
Заманаға көз салып,
Аяқты жөндеп басуға.
Жақсы тұқым шашуға,
Дария Нілдей тасуға.
Микроб болған наданның
Пітінелерін**

басуға.
Өнер тұқымын егуге,
Жарыққа қарай келуге,
Пайда, зиян айырсақ,
Жүре бермей жегуге.
Отанымызды сақтауға
Ақиқатты жақтауға.


Біз де басты көтерсек,
Қала бермей таптауда.
Рақат өмір жасауға,
Бəліш болмай асауға.
Кім дейсіз əр халықты тентіреткен:
Əуелгі үш түрлі оқу түпке жеткен.
Бұл үшеуі көзі батып көмілгенде,
Кейінгі жалғыз мақсат көкке жеткен.
Демейміз оқымады біздің халық.
Болса да оқу - анық, мақсат - танық,
Болса егер ойларыңда соңғы мақсат
Еш мұндай болмас еді артта қалып.
1912




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет