ОҚЫП ЖҮРГЕН ЖАСТАРҒА
Үмітпенен жоқ қуған
Талабы алда баламыз.
Басқалар жоғын тапқанда,
Біздер қайтып қаламыз.
Тəуекелге бел бусақ,
Көрдегіні аламыз.
Жеткізбей кетер жүйрік жоқ,
Қусақ бəрін шаламыз.
Іс істейік бір болып,
Ашылмасын саламыз.
Сұмдар салған жүректе,
Аз ба біздің жарамыз?
Тепкісінде басқаның,
Қор боп жүдеп барамыз.
Көріне көзге азапта
Мəңгі қайтып қаламыз?
Ойынды енді азат қыл,
Қалсын былай балалық.
1912
ТАЛИПТАРҒА2 (ШƏКІРТТЕРГЕ)
Миллеттің кел майданға, талиптары,
Дерті бар, дəрмені жоқ, ғарыптары!
Оқыған жастарының арқасында,
Көз ашты көрші жұрттың халықтары.
Көрдің бе миллетіңді ұйқы басқан?
Тебіренбей жер қозғалып, жарылса аспан.
Ойлайық бəріміз де миллет қамын,
Бірігіп, ынтымақтан еш қалмастан.
Миллетке бек зор үміт - шəкірт халқы,
Ат болса да, біздерде жоқ қой қалпы:
Жабыстық көрінгеннің етегіне,
Бір бақас жаттап алып шала-шарпы.
Кейіміз пəнді оқу - арам дедік,
"Хашия"*
3
жаттап, ұжмаққа барам дедік,
Бұрыңғы тақыр талас қалпымызда,
Атаның жолын қуып қалам дедік.
Кейіміз халық ұйқысын ашам дедік,
Ұмтылып ілгері аяқ басам дедік.
Ата тұрсын, бабаның жолы болсын,
Залалды жолдан безіп қашам дедік.
Дөңінен надандықтың асам дедік,
Миллетке раушан нұр шашам дедік.
Үйреніп əрбір түрлі өнер-ғылым,
Теңіздей дария болып тасам дедік.
Кейіміз сəлде, шапан кием дедік,
Сүзіліп басты төмен ием дедік.
Ақпейіл адалсынған сопы жан боп,
Сүйтіп-ақ підие*
4
, зекет" жиям дедік.
Кейіміз оны көріп, оған ердік,
Аздан соң оны тастап, бұған келдік.
Көңілді ешбіріне бой салғызбай,
Тоқтаусыз ортасында аттай желдік.
Кейіміз тиіп қашпа алаңғасар,
Қылдай сөзді таудай ғып жұртқа шашар.
Жанды қиған кісі боп жалтыраймыз,
Қиын-қыстау іс келсе, үркіп қашар.
Білеміз ынтымақсыз іс оңбайды,
Тартынып шу-шулеткен кісі оңбайды.
Бізде бар аққу, шортан, шаян қалпы,
Біздің іс бүйтуменен еш оңбайды.
Миллеттің кел де бірік, ал жастары,
Қызмет қыл, өткір қылыш алмастары!
Бəріміз қуат қосып бірге тартсақ,
Анық қой надандық
5
та қалмастары.
|