Сәлеметсіздер ме, құрметті тыңдаушылар 1-дәрістің тақырыбы: Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде



бет2/7
Дата06.01.2022
өлшемі29,92 Kb.
#16724
1   2   3   4   5   6   7
Иоганн Генрих Песталоццидің педагогикалық жүйесінің негізгі мәселесі - балаларға элементарлық білім бepy теориясы. Бұл теория бойынша тәрбиелеу ең жай элементтерден басталып, бірте-бірте күрделене түсуі керек. Элементарлық білім бepy теориясына Песталоцции дене тәрбиесін, еңбекке тәрбиелеуді, моральдық, эстетикалық және ақыл-ой тәрбиесін бepyді жатқызады. Тәрбиенін бұл салалары өзара байланысты түрде берілуге тиіс, сонда ғана олар адамды жан-жақты тәрбиелейді деп есептеді. Песталоцци оқыту бақылауға, тәжірибеге негізделіп ұйымдастырылып, қорытынды жacaуға, жалпылауға қарай жүргізілуі керек деді. Бақылау арқылы балада көру, есту және т. б. түйсінулер пайда болады. Солардың негізінде ойлау және сөйлеу дамиды. Оқьггу балаларға біріншіден, білім беретін болса, екіншіден, олардың ойлау қабілетін дамытады. Оқытудың осындай екі жақты мәнін атап көрсету ол дәуірде өте құнды піқір еді. Бұл пікір өз мәнін әлі де жойған жоқ. И.Г.Песталоцци өзінің "Лингард пен Гертруда" шығармасында адамгершілік тәрбиесінің негізін салды. Бастауыш оқудың маңызы мен мәнін, оның бала тәрбиесіндегі басты рөлін тұңғыш дәлелдеген педагог болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет