Сәлеметсіздер ме, құрметті тыңдаушылар 1-дәрістің тақырыбы: Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде



бет1/7
Дата06.01.2022
өлшемі29,92 Kb.
#16724
  1   2   3   4   5   6   7

Сәлеметсіздер ме, құрметті тыңдаушылар

1-дәрістің тақырыбы: Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде
Мақсаты: Педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы, педагогика пәнінің негізгі ұғымдары туралы мағлұмат беру, педагогиканың қазіргі кездегі міндеттерін түсіндіру.
Кез-келген ғылымды зерттеу, әдетте, осындай сұрақтарды түсінуден басталады: бұл ғылым қалай пайда болды және қалай дамыды және оның зерттеу пәні не? Сондықтан да педагогика курсын зерттеу, сол пәнді түсіну, оның пайда болуы мен дамуы туралы қысқаша тарихи шолудан басталуы керек.

Алайда, осы сұрақтарды қарастырғанда әрқашан екі маңызды нәрсені есте ұстаған жөн. Біріншіден, белгілі бір ғылымның дамуы, қоғамның қажеттіліктеріне және белгілі бір әлеуметтік функцияларды орындаумен байланысты. Екіншіден, кез-келген білім саласы, өзіндік зерттеу пәні айқын оқшауланған және нақтыланған кезде, сонда ғана ғылымға айналады. Осыған байланысты, әрбір жеке ғылым, философияда атап көрсетілгендей, жалпы білімдер жүйесінен өз орнын табуы тиіс.

Бұл тұрғыда педагогиканың жағдайы қандай? Оның ғылым ретінде пайда болуы мен дамуына не себеп болды? Ол білімдердің жалпы жүйесінде қандай орынды алады?

Педагогикалық білім жас ұрпақты өмірге немесе тәрбиеге дайындаумен байланысты адамның іс-әрекетінің белгілі бір саласына жатады, шын мәнінде, педагогика тәрбие ұғымымен, тұлғаны қалыптастырумен байланысты. Ал тәрбие өскелең ұрпақты өмірге дайындау құралы ретінде адамзат қоғамымен бірге пайда болды.

Тәрбие — адам қоғамында ғана болатын қоғамдық құбылыс, адамдардың саналы әрекеті. Ол алғашқы қоғамдағы еңбек пен материалдық өмір пpoцесінде пайда болды. Қоғам дамуының алғашқы басқышы — рулық қоғамға дейін адамдар табиғаттың дайын заттарымен қанағаттанды, аң аулаумен шұғылданды. Адам қоғамының, адамның өзінің дамуында еңбектің әсері өте зор болды. Еңбек пpoцесінде, ересектермен күнделікті қарым-қатынас жacaуда балалар өмірге қажетті дағдылар мен еңбек әрекеттерін меңгерді, халықтың әдет-ғұрыпымен танысты, алғашқы қоғамдағы адамдардың өміріндегі салт-сананы сақтауға үйренді.

Алғашқы қоғам тапсыз болды, соған сәйкес тәрбие де барлық адамдарға ортақ, бірдей болды. Алғашқы қоғамның дамуының белгілі сатысында тек ер бала мен қыз балаларға берілетін тәрбиеде ғана кейбір айырмашылықтар кездесті. Ер балалар ер азаматтармен бірге қару-жарақ жacaуға, аң, балық аулауға қатысты, ал қыз балалар әйелдермен бірге тамақ әзірлеуге, киім тігуге араласты.

Алғашқы қоғам дамуының белгілі сатысында мал бағу, егін салу, қолөнер кәсібі пайда болды. Өндіріс күштерінің да­муымен және адамдардың еңбек ету тәжірибесінің кеңеюімен қатар, тәрбие де күрделене түсті, ол жан-жақты және жоспарлы іске айналды.

Рулық қоғамда балалар мал бағуға, егін егуге, қолөнеріне үйретілді. Осыған сәйкес тәрбиені ұйымдастыру қажет болды. Балаларды тәрбиелеу ең тәжірибелі адамдарға жүктелді. Ертегі, ойын және өлең ол дәуірдегі мінез-құлық тәрбиесінің құралына айналды. Әскери тәрбиенің алғашқы элементтері, садақ ату, найзаласу, салт атқа міну т. б. шыға бастады.

Тәрбиені ең тәжірибелі адамдарға жүктеу, оның мазмұнының кеңеюі — рулық қоғамда тәрбиенің қоғамдық еңбектің бір саласына айнала басталғандығын көрсетеді.

Жеке меншіктің, құлдықтың және жеке отбасының шығуына байланысты алғашқы қоғам ыдырай бастады. Енді қоғамдық тәрбиемен қатар, жеке отбасы тәрбиесі шықты. Қоғамды билеуші топтар: жрецтер (дін басшылары), көсемдер, ақсақалдар пайда болып, олар еңбекке баулу тәрбиесінен білімге үйрету тәрбиесін бөле бастады. Жер өлшеу, өзендердің тасуын алдын ала болжау, адамдарды емдеу т. б. сол сияқты білімдерді олар өздері меңгеріп, өздерін ерекше адамдар етіп көрсетті. Бұл білімдерді үйрететін арнаулы мекемелер (мектептер) ашылды. Ол мекемелерде үстем таптың балалары тәрбиеленді. Ал еңбекшілердің балалары ата-аналарынан еңбекке баулу тәрбиесін алумен қанағаттанатын болды.

Адам қоғамы дамуының белгілі сатысында алғашқы қоғам орнына құлдық қоғам пайда болды. Солтүстік Африкада Египеттен бастап Оңтүстік Азияда Қытайға дейінгі ертедегі Шығыс жерінде бірнеше құл иеленуші мемлекеттер пайда болып, ертедегі мәдениет дамыды. Қытай, Индия, Египет, Кіші Азия жерінде алғашқы мектептер құрылып, онда үстем таптың балалары тәрбиеленді.

Қолдан суарып егін егумен шұғылданған жергілікті халық өзендердің суы таситын мезгілдерін дұрыс пайдалануға тырысты. Жыл мезгілдерді санау арқылы алдын ала болжау, су бөгеттерін салу әр түрлі ғылымдардың (астpoномия, геометрия, арифметика, медицина) дамуына себеп болды. Діни мектептермен қатар кітап көшірушілер даярлайтын мектептер де пайда бола бастады. Сол дәуірден сақталған кейбір қолжазбаларда тәрбиенің мақсаты, оған қойылатын талап туралы, балалардың мінез-құлқы жөнінде құнды пікірлер айтылған.

Ежелгі заманда көптеген қоғам қайраткерлері мен ойшылдары қоғамның дамуындағы тәрбиенің орасан зор рөлін жақсы түсінді және атап көрсетті. Ежелгі грек философы Платон: егер етікші жаман болса, азаматтардың аяқ киімдері әлдеқайда нашар болады, бірақ егер мұғалім өз міндеттерін нашар орындаса, елде надан және жаман адамдардың тұтас ұрпағы пайда болады деп жазды.

Сөйтіп, тәрбие дербес әлеуметтік функция ретінде ерекшелене бастағаннан, адамдар тәрбие іс-әрекетінің тәжірибесін қорыту туралы ойлана бастады. Тәрбие туралы білім кеңейіп, күрделене түскен сайын тәрбиелеу қызметтері туралы арнайы сала қарқынды дами бастады. Бұл білім саласы, өмірдің басқа білім салалары сияқты, алғашқыда философияның құрамында дамыды. Ежелгі грек философтарының еңбектерінде - Фалес (шамамен 625 - б. З. Д. 547 жж.), Гераклит (шамамен 530 -470 ж Б.з.д.), Демокрит (460 - б.з.д. IV ғ. Басы), Сократ (б.з.д. 469-399 жж.), Платон (Б.з.д. 427-347), Аристотель (б.з.д. 384-322), Эпикур (б.з.д. 341-270) және басқаларында тәрбие туралы көптеген терең ойлар болды.

Афиныда біздің жыл санауымызға дейінгі V—IV ғасырларда ғылым және мәдениет едәуір дамыды. Әсіресе, жаратылыс, математика, тарих, скульптура, құрылыс өнері өркендеді. Бұл Афинының ертедегі Шығыс елдерімен тығыз сауда жacaуына байланысты болды. Афиныда дене тәрбиесімен қатар басқа тәрбие түрлеріне де көп көңіл бөлінді. Құл иеленушілердің балаларына жан-жақты тәрбие (ақыл-ой, моральдық, эстетикалық және дене тәрбиесі) берілу керек деп есептелінді.

Құл иеленушілердің жеті жасқа толған ер балалары мектепке оқуға алынды. Қыз балалар семьяда ғана тәрбиеленіп, үй жұмыстарына үйретілді. Ер балалар 7-ден 13-14-жасқа дейін грамматист және кифарист мектептерінде оқыды. Бұл мектептерде ер балалар екеуін қатарынан немесе әуелі грамматист, кейін кифарист мектебінде оқыды.

Афиныда мектептерді жеке адамдар ашып, балаларды оқытқаны үшін ақы алатын болды. Грамматист мектебінде оқуға, жазуға және санауға үйретті. Кифарист мектебінде музыкаға, ән, тақпақ айтуға жаттықтырды. 13-14 жасында ер балалар палестра (күрес) мектебіне көшіріліп, онда 2-3 жыл дене шынықтыру жаттығуларының жүйесімен (жүгіру, секіру, күрес және найзаласу) таныстырылды, жүзуге үйретілді. Мектепте саяси және моральдық тақырыптарға әңгімелер өткізілді.

Ерекше бай семьялардың балалары әрі қарай гимназияда философия, саясат және әдебиетпен танысып, мемлекеттік басқару ісіне араласу үшін белгілі дайындық алды. 18 және 20 жастағы жастар әскери дайындық алумен қатар саяси білім­дерін дамытты. Олар бекіністер салу, қала гарнизонында әскери қызмет атқару, теңізде жүзу ісімен шұғылданды.

Құл иеленушілерден басқа жай халықтың (демостың) өз балаларын мектепке оқытуға көбінесе мүмкіндігі болмады. Олар балаларын қолөнерге үйретті, кейбіреулері cayaтын ашумен ғана қанағаттанды. Ал құлдар тек «сөйлейтін құрал» ретінде бағаланды.

Ежелгі Рим мемлекетінде құл иеленудің дамуы халықтың үстем тапқа және қаналушы тапқа бөлінуіне әкеп соқты. Осыған сәйкес мектептер, элементарлық және одан жоғарырақ грамматикалық болып екіге бөлінді. Элементарлық мектептерде құлдардан басқа еркін халықтың балалары да оқитын болды. Бұл мектептерде оқуға, жазуға және санауға үйретті. Үстем таптың өкілдері балаларына алғашқы білім бepyді үйде ұйымдастырып, бірден грамматикалық мектептерге берді. Бұл мектептер жеке адамдар ұйымдастырған, оқу ақысын төлеуді керек ететін мектептер болды.

Феодалдардың балаларына берілетін тәрбие басқаша болды, феодал тәжірибелі әскер болуы, шаруалар көтерілісін қатаң түрде басуы керек болды. Сондықтан олардың балаларын тәрбиелеуде әскери әрі дене тәрбиесіне көп көңіл бөлінді: оның пpoграммасы «жеті серілік өнерді» қамтыды (атқа салт міну, жүгіру, қылыштасу, найзаласу, аң аулау», шахмат ой-ау, өлең шығару). Оқуға және жазуға үйрету міндетті деп есептелмеді.

XII—XIII ғарырларда Батыс Евpoпадағы мемлекеттер арасында экономикалық байланыс кеңіді, қалалар пайда болды, қолөнер мен сауда дамыды. Экономикалық даму терең білімнің болуын қажет етті, осыған байланысты университеттер ашылды.

Қайта өрлеу дәуірінде сауданың, қаланың дамуымен бірге тоқыма өндірісі өркендеді, капиталистік өндіріс кәсібі дамыды, буржуазия табы туды. Бұл өзгерістер ғылымның дамуын талап етті. Қайта өрлеу дәуірінде математика, астpoномия, механика, география, жаратылыс ғылымдары дамыды. Ғылымның әр саласынан жаңалыктар ашылды. Евpoпада кітап басу пайда болды.

Уақыт өткен сайын бала тәрбиесі жайлы білімдер жинақталып, педагогика деген ғылымның негізін құрады. Сөйтіп педагогика баланы оқыту және тәрбиелеу жайлы ғылым болып қалыптасты.

Тәрбие теориясының қарқынды дамуына қарамастан, педагогика 17 ғасырдың басына дейін философияның бір бөлігі болып қала берді.

Арнайы ғылым ретінде педагогика философиялық жүйеден XVII ғасырдың басында ғана бөлініп шықты.

Педагогиканың философиядан бөлініп, өз алдына ғылыми жүйеге келуі ұлы чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) есімімен байланысты. Ол 1631 жылы «Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі» деген оқулығын жазып шығарды. Білім бepy тарихындағы тұңғыш оқулық жедел 15 елдің тіліне аударылып, мектептерге кенінен тарады.

1632 жылы Коменскийдің есімін дүние жүзіне танытқан «Ұлы дидактика» еңбегі жазылып бітті, 1654 жылы ол Амстердам қаласында басылып шықты.

«Ұлы дидактика» Коменскийдің педагогикалық жүйесін толық және дәлелді түрде баяндаған шығарма болды. Бұл еңбекте ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесінің мәселелері, сондай-ақ ұлы педагог ұсынған жаңа мектепті үйымдастыру мәселелері зерттелді.

"Ұлы дидактика" төмендегідей 4 дидактикалық сұраққа жауап берді:

1. Қалай жақсы оқытып, тәуір оқуга болады.

2. Оқыту мен оқудың жеңілдігі.

3. Оқыту мен оқудың негізділігі.

4. Тез оқытудың ережесі мен тәсілдері.

Ол адамның өсіп-жетілуіндегі жас ерекшеліктерін негізге ала отыра, бір-бірімен байланысты кұpылған оқудың 4 сатылы кезеңін, осыларға сай 4 түрлі мектеп оқуының жүйесін ұсынды.

1) Баланың туғанынан 6 жасқа дейінгі кезеңінде әр үйде - "Ана мектебі".

2) 6-дан 12 жасқа дейінгі балалар үшін әрбір қауымда "Ана тілі" мектебі.

3)12-ден 18 жастағы жастар үшін - әрбір қалада латын мектебі (гимназия)

4)18-ден 24 жастағы жастар үшін әрбір мемлекетте академия болу керек деді.

Коменский батыл түрде педагогикаға жаңа бағыт, жаңа жол сала білді, сондықтан да ол "тәрбиенің Галилейі" деген әділ атаққа ие болды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет