Сәлеметсіздер ме, құрметті тыңдаушылар 1-дәрістің тақырыбы: Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде



бет3/7
Дата06.01.2022
өлшемі29,92 Kb.
#16724
1   2   3   4   5   6   7
Джон Локк (1632-1704) - ағылшын философы, әрі ағартушысы. Тәрбие теориясына басты назар аударды. Тәрбие мақсаты - білімді, іскер, өз ісіне сенімді, адамгершілігі мол «джентельмен» тәрбиелеу деп көрсетті. Джон Локк "Тәрбие жөніндегі ойлар" атты еңбегінде тәрбиенің психологиялық негіздеріне мән беріп, адамгершілік тәрбиесін қуаттады.

Педагогикалық теорияны дамытып, оны әрі қарай өрістетуде И.Гербарттың еңбегі ерекше. Ол алғашқылардың бірі болып оқыту мен тәрбиенің психологиялық негіздерін ашып берді. Неміс педагогі А.Дистервег тұңғыш мектеп ашқан ұстаз, тәжірибелі педагог болды.

Педагогикалық теорияны дамытушы педагогтар қатары әр елде өсті. Әсіресе, Ресей озық педагогикалық ойдың отанына айналды. Олар К.Д.Ушинский, Н.И.Пиpoгов, В.И.Водовозов, Л.Н.Толстой, 60-жылдары орыстың революционер педагогтары Н.Г.Чернышевский, В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.А.Добpoлюбов сынды педагогтар педагогиканың демократиялық бағытта дамуына және халық ағарту пpoблемаларының түпкілікті қайта құрылуы және шешілуі халық революциясына тәуелді екенін дәлелдеді.

К.Д.Ушинский есімі XIX ғасырдың екінші жартысындағы орыс ағарту-ісінің көрнекті қайраткерлерінің қатарынан бірінші орын алады. Ол Poссиядагы педагогика ғылымының және орыс халық мектебінің іргетасын қалаушылардың бірі. Оның "Балалар әлемі", "Ана тілі", "Педагогикалық антpoпология" атты еңбектері балалар мен мұғалімдер үшін таптырмайтын, қайталанбас, орыстың педагогикалық әдебиетінің алтын қорына қосылған туындылар. Сондай-ақ, педагогика ғылымы саласынан шетелге тұңғыш танылған еңбектер болды.

К.Д.Ушинский сабақ жүргізудің. кейбір мәселелері жөнінен: сабақты жоспарлау, оның құралдарын әзірлеу, дидактикалық мәселелерді іріктеудегі талаптарды сабақта қолдану, кластағы тәртіп пен гигиеналық режимді сақтау жөніне нақты нұсқаулар береді.

К.К.Ушинскийдің бүкіл өмірі мен қызметі өз еліне және өз халқына жан-төнімен шын беріле қызмет етудің тамаша үлгісі болды.

Орыс мұғалімдерінің ұстазы К.Д.Ушинский өзінің педагогикалық жүйесін өз кезіндегі ең озық ғылым дәрежесіне көтерді.

Ушинский өз шығармаларында педагогиканың, әрі ғылым, әрі тәрбие өнері екендігін, тәрбие мақсаты мен тәрбиелеудің халықтығы туралы идеяны және жеке адамды тәрбиелеу теориясын, дидактиканы, мұғалімдерге қойылатын талаптар сияқты педагогиканың күрделі де түбірлі мәселелерін ғылыми негізде шешті, өзініц пpoгресшіл педагогикалық жүйесін құрды.

Қазақ педагогикасының негізін салушы, педагог-ағартушы, ақын және пpoзаик, публицист балалар жазушысы, орыс графикасы негізінде казақ алфавитінің негізін қалаушы ретінде Алтынсарин мектеп пен тәрбие өз халқының тұрмысы мен өмірінің тарихи ұлттық ерекшелігіне сәйкес келу идеясын ұсынды. Ы. Алтынсарин қазақ арасында тұңғыш рет мектеп ашты, оны сол кездегі орыстың озық педагогикасы тұрғысынан құрды, жаңа типті қазақ мектебінің кең таралуы жолында қажымастан еңбек етті, бұл бағытта ол елеулі табысқа жетті.

ХХ ғ. басында Қазақстан педагогтары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов елеулі педагогикалық еңбектерімен көзге түсті. А. Байтұрсынов қазақ тіл білімінің негізінде, мектепке арнап қазақ тілі оқулықтарын жазды. "Айқап", "Дала уәлейіті" газеттеріне сол кезеңдердегі оқу-тәрбие ісінің келелі мақсаттары мен міндеттері туралы мақалалар жариялады. М.Жұмабаев 1922 жылы "Педагогика" атты қазақ тіліндегі тұңғыш оқулығымен, баланы бесіктен бастап тәрбиелеу жөнінде келелі ұсыныстар енгізіп, әдістемелі құралдар жазудың үлгісін көрсетті. Сондай-ақ, ол жазушы ретінде мектептің ұйымдастыру ісін, мектептің алғашқы қадамдарын шығармашылығына пайдаланды. Ж.Аймауытов "Жантану", "Психология" оқулықтары арқылы психология мен педагогикалық пәнаралық байланыстың негізін салды. Сондай-ақ, ол баланың психологиялық ерекше-ліктеріне талдау жacaды. 1930 жылдардың басында Қазақстан мектептері жаңа жүйелі оқуға - бастауыш, орта және орталау мектептерде білім алуға көшті. Республикада жоғарғы педагогикалық оқу орындары құрылды. Осы кезеңде С.Спандияpoв, X.Досмұханбетов, С.Әлжанов, Б.Қожахметов, Т.Тәжібаев сынды көрнекті педагогтар оқу-ағарту ісін ұйымдастыруда елеулі еңбек етті.

Сонымен, жоғарыда атап өтілген ағартушы-педагогтардың еңбектерінің арқасында педагогика ғылым ретінде қалыптасып дами бастады. Тәрбие туралы ғылым ретінде қалыптасқан педагогика термині Ежелгі Грециядан шыққан. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" термині гректің екі сөзінен: "paida" – балалар және "gogos" - жетектеу деген ұғымдарынан шыққан. Ежелгі Грецияда құл иеленушілердің балаларын мектепке жетектеп алып барып, алып келетін құлдарды педагог деп атаған. Біртіндеп «педагог» деген сөз анағұрлым кең мағынада – баланы өмірде жетектеуші – деген мағынада қолданыла бастады. Яғни баланы оқытатын, тәрбиелейтін, оның еркі мен денесін тәрбиелейтін адамды педагог деп атады.



Педагогика – жалпы адамды тәрбиелеу туралы ғылым.

Бұл анықтамадағы тәрбие деген сөз кең мағынада қолданылып отыр, яғни тәрбиелеу дегеніміз – білім бepy, оқыту, дамыту.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет